Есте сақтау
Үлкен материал қорын қалай есте сақтау керек
Материалды сұрақтар бойынша қайтала.Алдымен еске түсір және міндетті түрде білетініңнің барлығын қысқаша жаз,сосын даталар мен фактілердің дұрыстығын тексер.Кітапты оқу кезінде жауаптың тірек пунктері мен негізгі ойларды сыз.Кішкене қағаздарға әрбір сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құруды үйрен.Емтиханнан бір күн бұрын жауаптардың қысқаша жоспарын қарап шық.
Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары
Есте сақтаудың қиындығы оның көлеміне пропорционалды өседі.Үлкен үзіндіні оқыту қысқаға қарағанда тиімдірек.
Біркелкі жұмыста есіңде сақтағаның көп болса,онда түсіну де жоғары.
Бөліп оқыған,бірден оқығаннан жақсы.Бірден оқымай үзілістермен,аз-аздап оқыған жөн.
Жай ғана бірнеше рет оқығаннан гөрі,есіңде қалғанын қайталауға көп уақыт бөлген тиімдірек.
Егер көп және аз екі материалмен жұмыс істесең,көбінен бастағаның жөн.
Түсінде адам есте сақтамайды және де оны ұмытпайды.
Жұмыс қабілетін қолдану шарты
Ақыл-ой мен дене еңбегін кезектестіру
Гимнастикалық жаттығуларды,яғни денені айналдыру,баспен тұру жаттығуларын жасаған дұрыс,өйткені ми жасушаларына қан жақсы жүреді.
Көзді сақтау үшін, әрбір жиырма-отыз минутта үзіліс жасау( кітаптан көзіңді алып, ұзаққа көз тігу) Теледидардан хабарларды аз көру.
Кинезиологиялық жаттығулар
Мақсаты: танымдық қабілеттерді ынталандыру.
Нұсқау: Бас бармақпен және сұқ саусақпен барлық саусақтарды алдымен артын,сосын алдын басу қажет.Сосын келесі қолды жасаған дұрыс.
Мақсаты: қимыл координациясын дамыту.
Нұсқау: Қолды алға қойып,алақаныңызды ашып ұстаңыз.Кішкентай бөбек саусағыңызды бүгіп,қалғанын тік қойыңыз.
Қолды оңнан солға,ал аяқты солдан оңға қарай айналдырыңыз.Сосын келесі аяқ пен қолға өтіңіз.
Қолыңызды тізеңізге айқастырып қойыңыз. Бұйрық бергенде шапалақтап қолды ауыстырыңыз.
Бір уақытта бір қолыңызбен ант бересіз,екінші қолымен бас бармақты көтеріп қолды: «Міне»,- деген сөзді айтып созамыз.
Бірнеше пайдалы кеңестер:
Арқаларыңды түзеп, ыңғайлы отырыңдар. Өздеріңді бәрінен жоғары, ақылды, ойшылмын деп ойлаңдар, бәрі сендердің қолдарыңнан келеді. «Мен сабырлымын, өте сабырлымын»-деген сөздерді бірнеше рет ішіңнен қайталап айт. Соңында жұдырығыңды қыс.
Тест тапсырмаларын алғаннан кейін, тапсырмаларды оқып, сұрақтарымен танысып алғаннан соң өзіңе жеңіл деген тапсырманы орындаудан баста.
Таза ақ қағазға қарындашпен дұрыс жауаптарын белгіле. Өзің таңдаған жауаптың дұрыстығын дәлелдейтін, барлық фактілерді, мысалдарды есіңе түсір. Егер осынын бәрі дұрыс болса, өзіңізді жеңіл сезінесіз. Басыңыз дұрыс жұмыс істеп, жүйкеңіз тынышталады, барлық күш-жігеріңізді тест жұмысын орындауға жұмсайсыз, бағыттайсыз.
Тест тапсырмалары бір-бірімен байланысты емес,
сондықтан өткен тест тапсырмаларын ұмыт, жаңа тапсырмаларды орындауға кіріс.
Шығарып тастау әдісін қолдан!
Дұрыс жауапқа сай келмейтін жауаптарды алып таста.
Егер жауаптың дұрыстығына күмәндансаңыз, таңдау қиынға соғады.
Өзіңнің сезіміңе сен!
Шимай қағазға жазғаннан соң, жан-жағыңыздағы жолдастарыңыз тестерін жазып жанына қойды. Сіз олай етпеңіз. Уақытыңызды үнемдеп, таза бетке жазуды бастаңыз. Сіз жазып болғанға дейін көптеген ойлар басыңызға келеді, осындай жағдайда қателеріңізді түзеуге мүмкіндік болады.
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік- экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты жағдаяттар білім беру ұйымдарының түлектеріне елеулі жоғары талаптарды жүктейді. Бұл жағдайда жалпы білім беру мақсаты көп міндетті құзырлармен, шығармашылық іс- әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларда бағдарлана алуға дайын адамды дамыту болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін- өзі іске асыруға, өзін- өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып Қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып, ұлттық рухта болашақ ұрпаққа бейімдік оқыту мен тәрбие беру қажет деп санаймын.