Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізе алу дәрежесі дәрігердің науқаспен, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас құра алуына оң әсерін тигізері сөзсіз. Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік аламыз.
2.Науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуын күмән тумайды. Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелігіне науқас күмәнданып, басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Науқас дәрігерге сенім білдірсе, қарапайым емге де күмәнсіз қарайды. Сондықтан, әр дәрігер және де басқада медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде олардың сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек. Аурухана не емханада әңгімелесіп отырған науқастар пікірлесе отырып өздерінің сенімін ақтамаған дәрігер туралы негативті мәліметті таратып жібере алады. Бұл дәрігердің, бөлімшенің, медициналық мекеме мен ондағы дәрігерлер ұжымының беделін жоққа шығаруы мүмкін.
3.Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен.Дәрігер мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.
Медициналық қызметкер үшін пациенттің туыстарымен жұмысты дұрыс ұйымдастыру ептілігі зор мән иеленеді. Ең бастысы – науқастың өзіне туыстарынан берілетін байбайламды, аласұруды жою. Медициналық ұжымда өзара қарым-қатынас болады. Өзар қатынас – бұл бір тұлғаны басқасына өзара позициясы, тұлғалық қауымдастық бойынша позициясы. Өзарақатынаста әрқашан «кері байланыс” орын алады. Өзар қатынас қарым-қатынас арқылы жүзеге асады.
Сол немесе басқа қызметті иеленген тұлға белгілі бір жұмысты орындауы тиіс. Іскерлік тәуелділіктің бірнеше түрі болады.
1) іскерлік теңбе-тең қатынас. Бұл жағдайда ұжымның екі немесе бірнеше мүшесі, бірдей құқық пен міндет иеленіп, бірдей қызметтерді атқарады
2) іскерлік бағыныштылық қатынас. Медицинада: субординация принципі — өзара түсіністікке, өзара құрметтеуге,көмекке, жәрдемге, психологиялық түсіністікке негізделген төменнің жоғарырақ тұлғаға қызметтік бағыныштылығы . Бұл медициналық ұжымдағы жұмыстың өзегі болып табылады.
Емдеу мекемесінде даулар кездесіп тұрады. Олардың объективті және субъективті болуы мүмкін. жанжал науқастардың немесе олардың туыстарының «дауға жақын тұлғалар” деп аталатын-истериялық қасиеттері, асоциалды агрессивті мінез-құлқы бар адамдармен қатынаста орын алады. Даулар топ мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қатынаста туындауы мүмкін шешімі қиын жағдай.
Әдетте бұған мынадай себептер жетелейді:
- топ мүшелерінің қызығушылықтары, мақсаттары, түрткілері, рөлдері арасындағы қарама-қайшылықтардың болуы;
- әр түрлі адамдар арасында қарсы күрестің орын алуы
- топ мүшелері арасындағы өзараәрекеттің және қарым-қатынастың фондық сипаттамалары ретінде теріс эмоциялар мен сезімдердің пайда болуы және тұрақты басымдығы.
Даулы жағдайда: серіктесті сынап бағалауға; оған жаман ниеттерді жабыстыруға; өзіңнің басымдық белгілеріңді көрсетуге; дауға жауапкершілікке тек серіктесті кінәлауға; оның қызығушылықтарын елемеуге; бәрін тек өз позицияңнан көруге; ызаландыруға, айқайлауға, шабуыл жасауға; серіктестің «жаралы” тұстарын тырнауға болмайды. Дауды шешу үшін ең алдымен оның себебі мен зардаптарын зерделеу, өзіңе өзіңді басқарып, реттеп және кемшіліктерді жоя алатыныңды сендіру қажет. Дәйекті сөз бен байыпты үн – кез келген дауды шешуге қажетті басты элементтер.
5.Қорытынды.Қорытындылай келе,науқасқа дәрі-дәрмектен гөрі дәрігердің сезімталдығы,моральдық қолдауы және жанкүйерлігі қажет.Емделушіге тек қана дірігер ретінде ғана емес,оған дос бола білу керек.Оның отбасымен тіл табыса білу керек.Әр түрлі психикалық әрекеттерден науқасты емдеу барысында қиындықтар туындауы мүмкін.Сондықтан,науқасқа толық сезімталдықпен қарап,оның жағдайын түсінген кезде,онымен сіздің араңызда нағыз қарым- қатынас болуы мүмкін,бұл емдік нәтижеге өте қажет.