Мотивация адам өмірінің бұрынғы ғылымында орын ала бастаған. Жүз жылдықтың бірінші жарты жылында әр елдерде мотивация туралы ұғымдарды жан-жақты әр түрлі қарастыра бастаған. Мысалы, өздерінің түрткі және мотивация туралы зерттеулерін Фрейд Австралияда, Левин Германияда жүргізе бастаған және мотивация туралы пікірлер әр түрлі жағдайларда көп қарастырылған. «Түрткі» өзіне нақты жағдайда жүре бастаған талап етуді, қозуды, тырысуды тағы басқа қасиеттерді қосып алады. Осы терминдер динамикалық жағдайда бағытталып, іс-әрекеттің нақты бағалық жағдайын, субъективті тырысуын бағыттайды. Осы қасиеттердің барлығын қорытындылай келе және мотивацияның психологиялық зерттеулерін жүргізе отырып «түрткі» және «мотивация» деген ұғымдар туады. Түрткі бұл барлық қарым-қатынастағы «индивид-орта». Егерде түркіні бір шеңбердің ішіндегі қарым-қатынастың «индывид-ортасы» деп түсінсек, онда бұдан шыққан мотивацияның психологиялық мәселелерінің негізгі сегіз түрін атап өтуге болады:

1) «Индивид-орта» қарым-қатынастың эквиваленттілігі.

2) Жеке даралы өсу кезінде және нақты бағалы диспозиция қалыптасқанда түрткі қалыптасады.

3) Адамдардың жеке тұлғалық қасиеттері мен бірге түрткілері де өзгеріп отырады.

4) Адамның мінезі нақты бір жағдайда әр түрлі түрткіні иерархияға бағытталып, түрткілері әр түрлі жағдайға тап болып келеді.

5) Мотивация мінез-құлықтан қалыптасқандықтан түрткісі қалады.

6) Қозудың іс-әрекеттегі байланысын мотивация ретінде түрткі анықтайды.

7) Мотивация жеке процес емес, бұл мінез-құлықты басынан аяғына дейін анықтайды.

8) Мотивтендірілген іс-әрекетті мотивациямен салыстыруға болмайды. Іс-әрекет әр түрлі функционалды компоненттерден тұрады және мотивациядан осы қабілеттерде ары қарай бағытталып, қолдануын қажет етеді. Көп жағдайда біз мәселелердің қорытысында көрсетілген мотивациямен кездесеміз. Буржуазиялық психолгтер мотивация жайлы былай деген: «Сотивация өзіне нақты механизмдердің бөлінуін, мазмұнды жақтарын қоспайтын қандай да белсенді таза энергетикалық жинақ». Фриердан ойынша түрткі бұл энергиялық аспект реакциясының тәжірибесі. Броун және Фарбер анықтамасы бойынша «Мотивация» оқудың энергетикалық, динамикалық функциясынан өзгеше ассоциативті, айнымалы функциясы». Рубинштейн С.Л. ойынша «Мотивация бұл психика арқылы детерминнің құралуы». «Мотивация — өмірдегі адамның субъективті мінезінің детерминантта көрінетін саналы, санасыз процес». Войтонис бойынша: «біз түрткіні организмнің тепе-теңдігіне қатысты басқа жүйе реакцияларын жүзеге асыруға көмектесетін, бірінші организммен байланысты жүйе реакциясы ретінде анықтаймыз. Селиванов В.Н. «түрткіні негізгі жағымды мазмұнды бекітілген ерікті сапаның үзіндісімен қарастырған». Кеңес психологтерінің ерекшелігі түрткі мен мотивацияның ерекше жақтарын қарастырған. Бұларда барлық ғалымдар «түрткі» және «мотивация» жайлы ұғымдарға әр түрлі анықтамалар берген. Ғылыми жұмыспен іс-әрекет жасай бастаған іс-әрекеттің түрткісіне бағытталып айналысқан. Өйткені іс-әрекет мотивтендірілген болып келеді. Мінездің актілеріне қолданылатын, бір мақсатқа бағытталған мұндай іс-әрекет ғана түрткі емес, мотивация болып қарастырылады. Нақты бағытталған мотивация мұны түсіндіре алмағандықтан, мотивация мәселе болып қала береді. Түрткі арқылы адамның мінезін бақылауға алғанда оның мотивациясын өзгертуге болмайды. Мотивацияның кіріcпесін және түрткінің анықтамасын бірге қолдану керексіз болады. Егерде қолдансақ екеуінің айналысында қате көп болады. Мотивацияның принципі өзін-өзі бағалау. Кэнфера, Бандура, мінез-құлық принципі өзін-өзі бағалауды екі түрлі мәселе жүйесінде шешті.

1) Басты стандартты орындалу өзіндік бекітуде қандай жолмен анықталатындығы.

2) Өзіндік бекіту іс-әрекетке әсер ете ме екендігі жөнінде. Бірінші, мәселені Бандура ғылымның көмегімен және үлгі салу арқылы, стандартты өзіндік бекіту арқылы шешті. Екінші, мәселеде, түрткінің психологиялық мәселесі қарастырылды. Бондураның мотивациялық-психологиялық концепциясы Аткинсонның үлгісіне ұқсас болып келеді. Аткинсонның үлгісінде мотивация – іс-әрекетпен орындарын ауыстырп, өзгертіліп қарастырылып отырады. Бірақ, Аткинсонда екі өзгешілік бар.

1) Үлгіде стандарт тәуелді емес.

2) Мотивацияның жеке даралық өзгешелігі болады [1, б. 56-58].

Мотивацияның ол – қандайда бір әрекетке, мінез-құлыққа жалпы бағыттылық пен энергетикалық импульс беретін психикалық процестердің жиынтығы болып табылады. Мотивацияның теориялыры бихевиористтік және когнетивті бағыттардың негізінде дамиды. Олар қандай да бір негіз-тұрғыларға сүйене отырып жүзеге асқандықтан олар эксперименталды болады. Психоаналитикалық және гуманистік концепциялардың көбі тәжірибеде экспериментсіз қолданылады.

Мотивация мәселесін когнетивті бағытта шешуге болады. Психологтер адамдардың дүние мен іс-әрекет туралы елестетулерінің толық белгілері келеді. Бірақ психологтер көбіне адамдардың басында не болып жатқандығының белгілері келеді. Ал жүректе не болып жатқандығын қарастырмайды. Мотивацияның когнетивті теориясы адамның іс-әрекеті жеке тұлғасымен жағдайға байланысты дұрыс интерпритацияланады. Когнетивті теорияның зерттеушілері адам әрекетіне әсер ететін сыртқы әсерлердің мүмкіншіліктері жайлы бихевиористік тезис қарастырады. Олар тек адам әрекетін ғана емес, сонымен қатар психикасын да біле бастады.

Сонымен қатар бихевиоризмге сәйкес эксперименттің қатаңдығын жүзеге асырған [2, б.

2.1. Адам мотивациялық сферасының құрылымы, қызмет етуі және дамуы

Мотивация ұғымы – адамның нақты бір мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесімен түсіндіріледі. Мотивациялық жүріс – тұрыс «Адам нені қалайды? Ол неге ұмтылады?» сұрақтарына жауап береді. Адамның талабы әрқашан басым қажеттіліктердің жүзеге асуымен байланысты болады. Адамдар жүріс – тұрысының негізінде белгілі бір қажеттіліктер болады. Қажеттілік бұл адам бастан кешіретін мұқтаждық қанағаттануы, адам тіршілігі, оның жеке адамдық тұтастығын сақтау үшін өмірлік маңызы болып табылады. Адам өзінің тіршілік етуі , дамуы және жетілдіруі үшін өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін құралдар мен белсенділіктерді қажет етеді. Адам қажеттіліктері әртүрлі болады.

Қазіргі кезде қажеттіліктің материалдық (тамақ, киім, тұрғын үй, жылылық т.б.)  және рухани ( қоғамдық өмірге, еңбекке, қарым – қатынасқа, білім алуға, творчество т.б.)  түрлерін бөліп шығарады. Мұндағы қажеттіліктердің кез келген жіктелуі де шартты болады. Қажеттіліктер – адамның барлық психологиялық іс – әрекеті, оның ақыл – ойы, сезімі, еркі құрылатын ең басты негіз болып табылады.

Адам қажеттіліктерінің негізі оның күші, пайда болу кезеңдері мен қанағаттандырылу тәсілдерімен сипатталады.

Қажеттілік мотивация құрылымында ерекше орын алады. Қажеттілік кез келген іс – әрекет белсенділігінің бастау көзі болып табылады. Іс – әрекет сәйкес қажеттілікті қанағаттандыру құралы болып табылады. Осылайша, қажеттілік іс – әрекет субъектісінің белсенділігінің жалпы бағыттылығын көрсетеді.

Қажеттіліктің заттану процесі дегеніміздің өзі оның мотивке көшуі трансформациясы. Субъект белсенділігінің бағыттылығы нәтижеге жетуі және жекелеген әрекеттің қасиеті, оның алдында тұрған мақсатқа қалай тәуелдігіне байланысты, мотив іс- әрекетті толық себептендіреді.

Іс – әрекет субъектісінің осындай тәуелсіздігі, іс – әрекеттің сыртқы себептері субъектіге ылғи әрқашан ішкі шарттар арқылы әсер етуінен көрінеді. ( Рубинштейн С.Л.)

Мотивтер қажеттіліктермен затталына отырып, бұл қажеттіліктер мотивтің бағыттылығын анықтайды. Бір адамның бойында сансыз көп қажеттіліктердің болуы мүмкін емес, бірақ мотивациялық сфераның байлығы олардың әртүрлілігі және өзара толықтырулардан байқалып отырады. Мотив сферасындағы қажеттіліктердің өзара әрекеттесуі бір – бірін күшейтеді немесе әлсіретеді, ал олардың өзара қарама – қайшылыққа түсуінің нәтижесі – аморальдық жүріс – тұрысқа әкеп соғуы мүмкін.

Жеке адамның мотивациясын анықтайтын шешуші фактор – ол өмірлік мақсатқа, мағынасына байланысты танымдық белсенділігі. Мақсат саналы түрде анықталады, яғни, болашақ нәтижені сөз арқылы алдын – ала мақтау, әрекеттің бейнеленуі, оның мүмкін болар салдарының, жалғасуының бейнесі, аралық және соңғы нәтижелер бейнесі. Мақсат мотивацияның детерминалы ретінде шығады, адамның тікелей сыртқы әсерден қатысты түрде тәуелсіз бола алу қабілеттілігін көрсетеді.

Мотив – бұл адамның белгілі бір әрекет үшін саналы меңгерілген талаптануы. Ол адамның өзінің қоршаған жағдайын және алдына қойған мақсатын бағалау, ақылға салу, есептеу деңгейіне байланысты мазмұны анықталып қалыптасады.

Мотивация механизмінің дамуын талдағанда адам мотивациясының ерекшеліктерін алдын – ала анықтау мәселесінің маңызы зор.  Адам мотивациясының төмендегідей бірнеше ерекшеліктері бар:

  • Адам мотивациясының шығу тегі әлеуметтік сипатта болады. Оның қажеттіліктерінің заттылығы қоғамдық өндірістің нәтижесі болып табылады. (А.Н.Леонтьев, Мильман);
  • Адам мотивациясының биологиялық мотивациядан айырмашылығы – қоғам қажетіне жауап береді;
  • Адам мотивациясына онтогенез барысында арнаулы бағытталған негізгі мазмұнын тәрбие процесі белгілейтін қалыптастырушы ықпалдың әсері зор. (Иванчук, Симонов);
  • Адам мотивациясы – интеллект, сөйлеу, санамен тікелей байланысты. (Ковалев, Хекхаузен);
  • Адам мотивациясы ерік процестері көмегімен жүзеге асырылады.
  • Адам мотивациясының тұрақтылығы, ситуациялылығы, функционалдық дербестігі организм қалпына байланысты болады.
  • Адам мотивациясының өмірлік алыс мақсаттарға бағытталуы. (Баранидзе, Обуховский);
  • Іс – әрекеттің полимотивациялық сипаты мотивтердің қажеттіліктерге поливелентті қатынасы. ( Додонов, Имедадзе);
  • Икемділігі, өзара ауыспалылығы. ( Дилитекский)

Осы айтылған негізгі белгілердің арасында маңызды сипатқа ие жеке адамның мотивациялық сферасында маңызды орын алатын, оның жүріс – тұрысының полимотивациялық феноменділігі болып есептеледі.

Полимотивация феномені. Бұл ұғым негізінде адам жүріс – тұрысындағы бірнеше қажеттіліктерді анықтау тенденциясы жатыр. Л.И.Божович пікірінше, түрлі объектіге бір ғана қажеттілік емес, сол объектіге әртүрлі өзара әрекеттесуші, шиеленісуші көп жағдайда бір – біріне қарама – қарсы қажеттіліктерді; мұғалімнің қостауына, өзіндік бағалауының жоғарылауына, жолдастарының назарына ілігу, болашақ жұмысында творчестволық жоғары жетістікке жету нақтылы іске асырылады.

Сонымен, мотивация – бұл іс – әрекеттің бірнеше түрлерінде жүзеге асатын, адамның қажеттіліктерін анықтайтын мотивтердің жиынтығы ретінде қарастырылатын күрделі психологиялық құбылыс. Адамның іс – әрекетінің әрбір түрі көп мағыналы мотивтерден тұрады. Мотивтердің пайда болуы, өзара қатынасқа түсуі, құрылымдық деңгейі нақты адамның тұлғалық ерекшеліктеріне және іс – әрекеттің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

Жеке адамның мотивациялық сферасын оның дамушылық табиғаты тұрғысынан бірқатар өлшемдермен бағалауға болады.

Жеке адам мотивациялық сферасының кеңдігі. Бұл мотивациялық факторлардың қажеттілік, мақсат, мотив әртүрлі сапалылығы, яғни адам да  әртүрлі қажеттілік, мақсат, мотивтер неғұрлым көп болса, оның мотивациялық сферасы соғұрлым кең болады.

Жеке адам мотивациялық сферасының икемділігі. Бұл қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыру барысында түрлі мотивациялық талпыныстарды пайдалана алумен сипатталады.

Жеке адам мотивациялық сферасының иерархиялылығы. Бұл жеке адам бойында болатын қажеттілік, мақсат, мотивтердің  әрқайсысы өз алдына мотивациялық диспозия ретінде өмір сүрмейтінін, керісінше олардың бір – біріне бағыныштылығы немесе басымдылық белсенділігімен сипатталынады.

 2.2. Мотивация теориясының когнетивті құрылымы және процестері

Бұның қалыптасуы екі түрлі мағынаны керек етеді. Екіншіден, мотивация шындық, ойлы пәде олар жайт болып табылады. Мотивация шешімді түсінетін, ойлау құрылымына көмектесетін немесе эмперикалық тілде, жалпы гипотикалық конструктура құрады.

Мотивацияның когнетивті теориясы жоғары орын алады. Мысалы, Уотсон мен Скиннердің ғылыми теориясын қарастырғанда әр түрлі қатардағы когнетивті процестердің теоретикалық жақтары үлкен немесе кіші стимул реакциясымен бөлшектенеді. Проекция, ретроспекция немесе алдын-ала бағытталған «с-әрекет оқиғаның антиципациясы және олардың нәтижесінің, өзекті жағдайдың бағасы.

Сонымен қатар когнетивті процес қарапайым эпифенелон ретінде қарастырылмайды, ал фактор мінездің соңғы және түрткінің шешімді көрсеткішіне әсер ететін оқиғаның базисі ретінде қарастырылады. Мотивация мәселелері жағынан көбінде ең бірінші әдістемеде қарым-қатынастағы когнетивті теория елестер басшылық көрсететін осы жағдайлар теоретиканы қиындатады.

Ақпарат актуалды ситуация және зерттеу жиынтығын ұсынады. Бихевиористтік теорияда жағдай тәуелсіз термин «стимул» ретінде бірге қолданылады және экспериментте қолданылып төрт мәселені анықтайды.

1) Өзінің өзекті айналысының қай бөлімінде болмасын тірі ағзалармен тіркеу жасайды. Бірінші кезекте санадағы кенет, жаңа, тұйық елестету жағдайындағы қорытынды ақпаратты көрсетеді. Олар тәуелді субъектте қолданылатын ерекше бір іс-әрекет.

2) Жай сигналдық елестеуінен жалпы конфигурацияның толық елестеуіне дейінгі ұзақ диапозонда ақпарат қаншалықты қарапайым және қаншалықты артығырақ көрінеді.

3) Ақпаратпен мотивациялық ерекше жағдайын қалай бөлуге болады.

Бұлар үш принцип бойынша бөлінеді.

1) Физикалық констатация.

2) Ерекше субъективті және интерсубъективті мәлімет.

3) Нақты индивидте жағдайдың сәйкестігі.

Психологияда мотивация тіршіліктің субъективті жағынан қарастырылады. Жағдайдық бағасын талап етумен және сонымен байланысты негізгі қиыншылықтың психологиялық зерттеудегі мотивациясы методологиялық мәселеде жеке басының сәйкестілігін өзімен қосып қарастырады [3, б. 56-58].

4) Индивид және оны қоршаған айналысы арасындағы шекара.

Мотивация теориясының жетістігі және сәтсіз жағдайлардан қашу іс-әрекеттің түрі. Мотивацияның және іс-әрекеттің жетістігі арасындағы байланыстар анық көрінеді сызықты мінез көрсетілмейді. Мотивациялық көрініс бірнеше рет қайталанып, уақыт өте тұлғаның ерекшелігі болып қалады. Мұндай ерекшеліктерге түрткі жетістігі және сәтсіздіктерден қашу түрткі нақты бақылау, өзін-өзі бағалау, тартылу сатылары жатады. Түрткі жетістігі дегеніміз қарым-қатынаста және әр түрлі іс-әрекетте адамның табысқа жетуге тырысушылығы.

Билік түрткісінен құралған қарым-қатынаста ояну, агрессивтілік және адамдардың өмірінен құралған түрткі (альтруизм).

Бұл түрткілер көп әлеуметтік көрсеткіштерге ие. Адамдармен қарым-қатынаста эмоционалды жақтарды қалыптастырады. Когнетивті теория авторлардың негізгі тезисі индивидтің жүріс-тұрысын, тәртібін, білімін түсінігін бағыттайды. Білім ақпараттың қарапайым түрі, жиыны ғана емес. Адамның дүние туралы түсінігі, оның болашақ тәртібін, жүріс-тұрысын бағдарлайды. Адамның не істей алатыны белгіленген қажеттіліктеріне, терең ұмтылыстарына ғана емес, шындық туралы өзгермелі түсінігіне тәуелді.

Олардың біреуі адамның қандай да бір нәрсеге болсын бағалық қатынаста қарсы тәртіп болғанда пайда болады. Егер адам өзінің түсінігіне, пікіріне сай емес бір нәрсені істеуге келіссе, болашақта оның пікірі, түсінігі өзгеруі мүмкін [4, б. 56-58].

Мотивация жайлы жеке теоретикалық мәселелер және ассоциативті бағыттарға тоқталатын болсақ.

З.Фрейдтің негізгі теориясы бойынша адам неврозбен ауырғанда психоанлиздік әдісте клиникалық бақылау терапевтік қарау деп аталады. Емдеу әдістері Фрейдтің теоретикалық көзқарасымен қазіргі психоаналитикалық терапия жайлы көзқарасқа сәйкес келмейді. Фрейд психоанализді жеке өзгерістің конструктураның жетістігі және тұрақтанбаған зат алмасу деген. Терапевтік жағдайда ойланған еркін ассоция шешімі дұрыс деп қарастырылған. Еркін ассоциацияда терең санасыз орналасқан ассоцияларды бірінен кейін бірін кіргізіп отыратын, практикалық психоаналитиктер қамтылады.

Когнетивті және аффективті ассоциациялары бар мінездің басқа формалары да Роберт пікірі бойынша санасыз процеске бағытталады. Роберт санасыз мотивацияның негізгі бөлімдерін қарайды.оның ашқан еркін ассоциация адамның сезімінің оянуына себеп болады.

Адлердің бағыты адамның мақсатындағы түрткі процестерін оқу, ата-аналардың баламен қарым-қатынастағы анализіне жол іздеу.

Э.Эриксон өз көзқарасы бойынша адамның өміріне сегіз психо-әлеуметтік стадияны енгізді. Стадиялар басты психологиялық қарама-қайшылық терминдері бойынша өрнектелген:

1) Базалды сенім – базалды сенімсіздік;

2) Автономды күдіктену және ұялу;

3) Инициативтілік кінә;

4) Еңбекқорлық – жеткіліксіздік;

5) Эго – идентивтілік – рольдік орналасу;

6) Жақындау – изоляция;

7) Өнімділік инерттілік;

8) Эго – интеграция қайғыру.

Осы қарама-қайшылықтың өзінен жеке адамның индивидуыалды талап етіледі. Фромм жеке адамның әлеуметтік және мәдени факторынан Фрейдтік тенденциясымен персоналдылықты бөліп қарастырды. Э.Фромм экзистенциялық қажеттіліктің қанағаттануынан, әлеуметтік, экономикалық және саяси шешімдердің құрылымынан мінездің негізгі бағдары көрінетіндігін айтты [5, б. 56-58].

К.Хорни теориясы он невротикалық қажеттілікті бөліп қарастырады. Невротикалық әр түрлі жағдайға тітіркену бір ғана қажеттілікке тірелетінін сау адамдардың өзгешелігі.

Хорни бойынша базалды қорқу – негізгі невроздық ауру болып табылады. К.Хорни психоанализ теориясында осы мәселелермен жұмыс жасайды.

Гуманисттік психологияның негізі – экзистенциализм болып табылады. Экзестенциализм қоршаған ортаның әсерлерін индивид қалай бар солай қабылдау керек деген.

Г.Олпорт тұлғаны зерттеуде қалыпты адам дене қажеттіліктерінен тәуелсіз, жоғары түрде саналы деген.

К.Роджерс бойынша тұлға басқарылып отыру керек. Адам өзінің сезімдеріне сену керек. Адамның әрекетіндегі негізгі мотивациялық күш индивидтің өзінің қабілеттерімен потенциаларын реализациялай білу болып табылады. Адамда өзіндік ұйымдастыруға ұмтылу негізгі мәселе. Адамдар «идеалды-мен», «шындық мен»ге жақындатуға тырысады.

2.3. А.Маслоу бойынша психологиядағы гуманистік теориядағы қажеттіліктер иерархиясы

Жеке тұлғаны зерттеудің тағы бір бағыты – өркендеу теориясы деп аталады. Бұл теорияны гуманистік психология өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс және К.Голдштейн ұсынды. Өркендеу теориясы адамның жетілуге талпынуын, өз мүмкіндігін жүзеге   асырылуын белгіледі.

А.Маслоудың мотивацияның тұлғалық теориясы негізінде өз – өзін актуализациялау концепциясы жасалған.Ол осы уақытқа дейін адамның психикасының дамуын зерттеуге жануарларға тәжірибе жасау арқылы қол жеткізуге толықтай қарсы шықты.

Маслоу концепциясы бойынша, әрбір адамда өмірге келген сәттен бастап, белгілі бір қажеттіліктер жүйесі бірге дамып отырады. Олар өзара иерархиялық деңгейлерге бөлініп орналасқан. Қажеттіліктердің деңгейі неғұрлым төмендеген сайын оның адам өмір сүруі үшін маңызы күрделілініп, адам жүріс – тұрысының қозғаушы күші ретіндегі маңызы артады. Осы төменгі деңгейдегі қажеттіліктер өтелген кезде ғана одан жоғары орналасқан қажеттіліктері бой көрсете бастайды.

Психологиядағы гуманистік теориядағы қажеттіліктер иерархиясы жайлы Маслоу адам әрекеттерінің 5 негізгі мотивтер тобын көрсетеді:

  1. Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек. Бұған тамақ, су, баспана, демалу және жыныстық қатынас қажеттіліктер жатады.
  2. Қауіпсіздік, қорғану, және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне қоршаған орта тарапынан  болатын физикалық және психологиялық қауіп қатерден қорғану қажеттілігі, болашақта физиологиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуы мүмкін.
  3. Әлеуметтік қажеттілік– бұл бір нәрсеге немесе біреулерге қатыстылық сезімі, өзіңді біреулерден құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, құштарлық және сүйемелдеушілік сезімі.
  4. Құрметтеу қажеттілігінеөзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқа біреулердің оны құрметтеуі, мақұлдауы жатады.
  5. Өзін-өзі көрсету қажеттілігі – өзінің потенциалды мүмкіндігін жеке ьасының өсіп жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі.

Бұл теория бойынша ең маңыздысы – өз – өзін актуализациялауға деген қажеттілік. Қажеттіліктердің иерархиялық жүйесі бастапқы мотивацияның өзін – өзі актуализациялауды жүзеге асыруға бағытталған. Өзін – өзі актуализациялау арқылы адамның даралылығының қалыптасуы үшін бастапқы мотивациялық негіз ретінде анықталады. Сонымен бірге, адамда белгілі бір жеке адамдық қасиеттердің жиынтығын дамытуға мүмкіндік беретін мотивацияның ереше типі қалыптасады. Жүріс – тұрыс қажеттіліктер мен қабілеттерге тәуелді және ішкі, сыртқы мотивтер арқылы анықталады. Маслоу эксперименталды теориясын дамытуға белгілі шығармашылық табыстарымен ерекшеленетін тұлғалардың биографиясын оқып, үйреніп, оларға «самоактуализаторлар» деген атау берді. Оларға Спиноза, Линкольн, Эйнштейн, Рузвельт студенттерін бақылап, арасына «өзін-өзі актуалдандыратындарды » жіктеді [5, б. 56-58].

Маслоу мотивтерді қажеттілік және бой түрткілері деп бөледі. Екілері иерархияда жоғарғы жағдайларды негізгі айырмашылық қажеттілік мотивтері мотивациясының төмендеуіне әкеледі, ал бой мотивтері қанағаттануы мотивацияның жоғарылауына әкеледі.

А.Маслоу көзқарасы «қажеттілік иерархиясы» әдістемесі деп аталады. Ол қажеттіліктің қатаң иерархиялық құрылымды орналастыруға болады деп есептеді.

А.Маслоу пирамидасының жалпы құрылымына сыншылар тарапынан түрлі пікірлер айтылады. Оның теориясында қате жақтары болуы, ұсыныстарының бәрі бірдей жүзеге аса бермеуі мүмкін, алайда көптеген ой-пікірлердің айрықша маңызы бар екендігі сөзсіз.

ІІІ.Қорытынды 

Қажеттіліктерді иерархиялық құру теориясы әрбір қажеттіліктердің табиғаты қандай деген сұраққа жауап бермейді. Бұл теорияның негізгі міндеті адамды ынталандыруға қажеттіліктің әсер етуінің белгілі динамикасын біле отырып адамға әсер ету оған белгілі дәрежеде өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беруін көрсетуге ұмтылу болып табылады. Бұл теория қазіргі басқару теориясы мен тәжірибесінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Бірақ өмір осал жерлері бар екенін де көрсетті.

Біріншіден,қажеттіліктер көптеген жағдайлы факторларға байланысты түрліше көрінуі мүмкін (жұмыстың мазмұны,ұйымдағы жағдай,жас  және т.б.).

Екіншіден,бір топ қажеттіліктің басқа қажеттіліктің артынан Маслоу «пирамидасы» көрсеткендей,жүруі міндетті емес.

Үшіншіден,жоғары деңгейдегі қажеттіліктердің қанағаттануы олардың ынталандыруға әсер етуді әлсіздендіруге әкелуі міндетті емес. Осы ережеден басқа оның қанағаттану дәрежесіне қарай ынталандыруға өзінің әсерін әлсіздете және тіпті күшейте алатын өзін көрсету қажеттілігі болып табылады. Өзін таныту және өзін көрсету қажеттілігі осы қажеттілікті қанағаттандыру процесіндегі ынталандыруға күшті әсерін тигізе алатынын тәжірибе көрсетті.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика