Әрқандай іс – әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындау қажет және сол істін тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден – әркімде өз алдына қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады. Адам болғаннын барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардын бірі де шын қабілет тобына кірмейді. Себебі бірінші психикалық құбылыс  емес, екіншісі – баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердін табысты іс әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге  негіз боларлық дара – өзгермелі адам қасиеттерінін шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам іс – әрекетті тезірек меңгереді, қажетті мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әр түрлі психофизикалық қыметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғанын барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға күрделі тәуелді бірігім. Адамнын сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен, қабілет табиғаты іс әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып үйренбей – ақ күрделі қызметтерді арқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.

2.1 Қабілет түсінігі

Нақты көрiнетiн бiлiм, ептiлiк жəне дағдылар қатарында қабiлет адамның жүзеге асуы мүмкiн қасиеттерiнiң бiрi ретiнде бағаланғаны жөн, яғни қабiлет жерге тастаған дəнмен бiрдей: қолайлы жағдай болса өнедi, керi жағдайда көрiнбей-ақ жойылады. Осыдан, қабiлет – бiлiм, ептiлiк жəне дағдыларды игерудiң мүмкiндiк көзi, ал оның iске асу, аспауы көп жəйттерге тəуелдi. Мысалы, балада керемет математика-лық қабiлет болуы  ықтимал, бiрақ ол сол баланың ғұлама-математик боларының кепiлi емес. Арнайы шарттар (бағдарлы оқу, шығармашыл педагог, отбасы мүмкiндiктерi т.б.) орындалмаса, қабiлет дамымай жатып, өшедi. Қоғам қолда-мауынан қаншама даналардың болмай жатып, құрдымға кеткенiн кiм санапты? Ал мектепте «үштiк» бағаға ептеп iлесiп жүрген Альберт Эйнштейн əлемге əйгiлi ғалым-физик болыпты.  Бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардың игерiлуiмен олардың қабiлетпен тiкелей байланысы көрiне бастайды, яғни iс-əре-кеттi игеру барысында қатыса отырып, қабiлет одан əрi дами-ды, iс-əрекетке жаңа мазмұн мен сипат бередi. Математиканы оқымаған адамның математикалық қабiлетi ешқашан да жарыққа шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп құрап, мəселе шешу барысында ғана қалыптастыру мүмкiн. Сонымен, қабiлет бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардың өздерiнде көрiнбей, танып үйренуге орай нақты əрекеттi игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-қиын) байқалады. Iс- əрекеттiң нəтижесi, орындалу деңгейi мен тəсiлдерiнiң тиiм-дiлiгi қабiлетке тəуелдi.

Қорытындылай келе, «қабiлет» түсiнiгiнiң бүгiнгi ғылым қабылдап отырған үш негiзгi көрсеткiшiн (Б. М. Теплов) атайық:

  1. Қабiлет – бiр адамды екiншiсiнен ажырататын дара психологиялық ерекшелiк. Баршаға бiрдей тəн қасиеттерi қабiлет бола алмайды.
  2. Қабiлет – барша тұлғаға тəн болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бiр не бiрнеше iс-əрекеттi табысты орындауға жарайтын өзара ептiлiк.
  3. Қабiлет – нақты адамда топталған бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардан оқшау, қажет əрекеттi игеру желiсiнде ғана көрiнедi.

Қабiлет пен iс-əрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам iс-əрекетке байланысты талаптарды орын-дай алмаса, оның қабiлетiнiң жетiмсiздiгiн атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажеттi бiлiм қорын жинақтап, ептiлiктер мен дағдылардықалыптастыруы үшiн талай күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиiс, ал тəрбиешi-педагогтар оны оқытып, үйрету үшiн үлкен шеберлiк пайдалануы лазым. Əйгiлi режисер В. Немирович-Данченко «Кiм болса, сол режисер бола алады ма?» деген сұраққа «Əлбетте,  əркiмде болады, бiрақ бiреуге ол үшiн 3 жыл оқып, тəрбиеленуi қажет, ал екiншiге – 30  жыл, үшiншiге – 300 жыл да аз» – деп жауап берiптi. Сонымен бiрге, адам қабiлетi уақытөтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай қалыптасуы мүмкiн. Көрiнген iс-əрекет жеке адам қабiлетiн дамыта алмай-ды. Адам тiршiлiгiнiң жалпықұрылымына назар аудара отырып, қабiлет дамуына ықпалсыз, керiсiнше, көрiнген қабiлет нышандарын тежеп, олардың жойылуына себепшi iс-əрекеттер барын байқау қиын емес. Мысалы, егер əн-күй не шығармашылық қабiлетi бар адам ауыр, қарапайымдене жұмыстарымен шұғылдануына тура келсе, əрине, кейiнгi iс ондағы табиғи қаланған қабiлеттердiң дамуына оң əсер етуi екiталай.

Жеке тұлғаға байланысты дамытушы iс-əрекет жайында əңгiме қозғалғанда, алдымен маңызды болуынан төңiрегiне адамның барша мүмкiндiктерiн жинақтай алатын iс-əрекет ескерiлуi қажет. Сондықтан, нақты əрекеттiң дамытушылық қасиетiн тану үшiн, оны жеке адаммен байланыстыра сипат-тау керек. Бұл жағынан бүкiл адам өмiрiменқабысқан кəсiби қызметтiң өзi де иесi үшiн аса мəндi де маңызды болмауы мүмкiн.  Өндiрiстiк тапсырыстар мен қызметтiк мiндеттер адам-ның шығармашылық мүмкiндiктерi мен тұрмыстық бай тəжiри-бесiн толық жəне жан-жақты ашып бере алмайды.  Iс-əрекет адам қабiлетiн ұдайы дамыта бермейдi, оның себебi – қабiлет пен iс- əрекет арасында белгiлi сəйкестiктiң болмауы. Бұл сəйкессiздiктiң мəнi: əрқандай қабiлетөзiнде қалаған iс-əрекет мүмкiндiктерiн қамтуынан қай бiр жағынан нақты орындалып жатқан iске қарағанда ауқымда да кең мағыналы. Екiншi жағынан, нақты iс-əрекет өзiнеқатысты қабiлеттен кеңiрек болып, басқа да қабiлеттердi қажетсiнуi мүмкiн. «Қалыптыадам өзiнiң дене жəне ақыл қабiлеттерiнiң он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған жəнеонда пайда-ланбай қалған мүмкiндiктер айырмашылығы – адамның кiм болып танылғаны мен əлi де кiм болатынының көрсеткiшi» (Коупленд П.)  Осыған орай қабiлеттер нақты жəне мүмкiн болып екiге бөлiнедi.  Мүмкiн болар қабiлеттер нақты iс-əрекеттiң қандай да түрiнде көрiне бермейдi,  алайда белгiлi əлеуметтiк жағдай-лардың өзгеруiмен қызмет желiсiне қосылуы мүмкiн.  Нақты қабiлеттер қатарына жалпы қызмет бабында iске асатыны ғана емес, сонымен бiрге дəл бiр уақытта жəне нақты шақтағы əрекетке қажет болғандары да кiредi. Мүмкiн болған жəне нақты қабiлеттердi тұлға қабiлетiнiң дамуына ықпал етушi əлеуметтiк жағдайлардың жанама көрсеткiшi ретiнде тануға болады. Себебi қоғамның əр тарихидаму кезеңiнде қалыптасқан əлеуметтiк жағдайлардан мүмкiн болар қабiлет-тер өрiстей түседi не кедергiлерден сөнiп кетедi, нақты iс жүзiнде көрiнiп не пайдалану сəтi болмай қалады.

                                   2.2 Қабiлет теориялары

Қабілеттердің бірнеше концепциялары бар.

  1. Тұқымқуалаушылық теориясында қабілетті дамуы мен көрінуі тұтастай және толығымен тұқымқуалаушылық қорына тәуелді биологиялық детерминді құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ұстанымды белгілі адамның генеологиясы және энциклопедиялық сөздіктерге сүйене таланттың тұқымқуалаушылығын зерттеген Ф. Гальтон ұстанған.
  2. Жүре пайда болған қабілеттер теориясы. 18 ғасырдағы Гельвецийдің тұжырымдауынша, тәрбие арқылы данышпандылықтың кез-келген деңгейін қалыптастыруға болады. Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті, қабілет бұл тума бағдарламалар және жұмысқа деген қабілеттілік арқылы қалыптасады.
  3. Негізінен Кеңестік психологияда дамыған қабілеттегі тума және жүре пайда болған диалектиканы  нақтылаған үшінші концепция болды. Анатомо – физиологиялық ерекшеліктер ғана тума бола алады, ал қабілеттің өзі – қалыптасу нәтижесі. Қабілеттер іс-әрекетте қалыптасатындықтан оның мазмұнына және балаға іс-әрекеттер мен жетістіктер этолонын беретін ересектермен қарым – қатынасқа тәуелді. Осыны негізге ала отырып, П.Я. Гальперин қабілет интериоризация нәтижесі болып табылатындығын анықтаған.  Қабілет мәселесі туралы С.Л.Рубинштейн және Б.М.Тепловтың еңбектерінде іс-әрекеттің нәтижелігі бойынша  «қабілеттілік», «дарындылық» және «талант» ұғымдарын жіктеуге тырысқан. Қабілет іс-әрекеттің нәтижелі болу үшін мүмкіншілігіне байланысты бір адамды екінші адамнан өзгешелейтін жеке-даралық психологиялық ерекшелік ретінде қарастырылады. Ал «дарындылық» – іс-әрекеттегі нәтижелі болу мүмкіншілігіне байланысты  қабілеттердің сапалы өзіндік үйлесімділігі (жеке-даралық психологиялық ерекшеліктер) ретінде қарастырылады

Б.М. Теплов музыкалық қабілеттілікті өте жоғары деңгейде тәрбиелеуге болады деген, бірақ, қабілеттілікті бүтіндей алғанда әлеуметтік, ал нышандар тұқымқуалаушылық арқылы ғана берілетіндіктен индивидтік сипаттамалар болады деген өз қарсыластарымен де келісті.

Қабілеттілік – бұл динамикалық құбылыс, олардың қатынасы туралы қабілеттер көрініс бергенге дейін айтуға болмайды және оларды толығымен дамыды деп санауға болмайды. Олар тарихи және мәдени тәжірибе сұранысына жауап береді: баланың абсолютті естуі оған биіктік бойынша дыбыстарды тану тапсырмасы қойылғанға дейін білінбейді. Кәсіби іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің көрінуі, қабілеттіліктің экономикалық, бағдарламалау және т.б сияқты жаңа түрлерін табады.

Қабілеттіліктің психофизиологиялық негізін ескере отырып, нышандар негізінен жүйке жүйесінің қасиеттеріне ие болады. А.Г. Ковалев және В.Н. Мясищев жүйке жүйесінің күші, салмақтылығы, қозғалымпаздығы коммуникативті және ерікті қасиеттерді демеп отырып, бұл қасиеттер қажет іс-әрекетті жақсартады. Ал әлсіз (сезімтал ) жүйке жүйесі өнермен айналысуға қолайлы болады. Нышандар қабілеттер мен темпераменттің арасындағы байланысты жүзеге асыра отырып, нақты бір іс-әрекет түріне және барлығына деген жоғары білімпаздыққа бейімділікте көрінеді.

Адам қабiлеттерiнiң табиғаты осы күнге дейiн ғалымдар арасында қызған ой-пiкiр таласын тудыруда. Солардың iшiнде өз басымдылығын танытқан, тарихы Платоннан бермен қарай жалғасып келе жатқан қабiлеттердiң биологиялық негiздi екендiгi жəне олардың нəсiлдiкке тəуелдiлiгiн дəрiптейтiн көзқарас. Бұл бойынша, оқу мен тəрбие қабiлеттердiң пайда болу қарқынын өзгертуi ғана мүмкiн, ал олар-дың көрiнiс беруi бiрыңғай емес. Мысалы, Моцарттың музы-калық дарыны 3 жаста белгiлi болған, Гайдн – 4, Дина Нүрпейiсованың күйшiлiк өнерi 8 жасында байқалған. Сурет жəне сəулет өнерi  қабiлеттерi кейiндеу бiлiнедi: Рафаэл – 8 жаста, Ван-Дейк – 10 жаста, Дюрер – 15 жаста өнермен айналыса бастаған.  Қабiлеттердiң нəсiлдiкке тəуелдiлiгi туралы ғылыми зерттеулер əр адамның қабiлетiн оның миының көлемi жəне салмағымен байланыстыра түсiндiредi. Белгiлi  болғандай, ересек адамның ми салмағы орташа 1400 г. Ұлы тұлғалардың, мысалы, И. С.  Тургеневтiң миi – 2012 г., Д. Байрон – 1800 г., аталған көрсеткiштен бiршама жоғары болған. Мұндай дəлелдер бiршама баршылық. Бiрақ қабiлет пен ми байланы-сына орай басқаша, керi дəлелдердi де келтiруге болады: Ю. Либихтiң миi – 1362 г., А.  Франстың – 1017 г. Ал ең ғажайыбы, өте ауыр ми 3000 г. артық ақыл-есi кем адамдабайқалған. Солайда болса, кең қауым арасында «миы көп – ақылды» деген ұғым көбiрек жайылған, осыдан маңдайы биiк, жазық маңдай адамды сыртынан данаға баламалап,  одан келелi ой-пiкiр күтемiз, ал екi елi, тар маңдайлы адамның қабiлетiн күнiлгерi жоққа шығарып, одан ешбiр негiзсiз үмiтiмiздi үземiз.  Қабiлетiне байланысты нəсiлдiк идея Франц Галль-дың «Френология» (phrenos – ақыл, logos – бiлiм) деп аталған психологиялық тағылымында дəрiптеледi. Френологтар адам-ның психикалық ерекшелiктерiн оның бас сүйегiнiң сыртқа формасымен ұштастыруға талпынды. Мұндағы тұжырым мəнi: бас миының қабығы белгiлi қабiлеттерге мекен болған (локализация) бiрқанша орталықтардан құралады. Осыдан, мидың тиiстi  бөлiгiнiң ауқым-көлемiнен онда мекен алған қабiлеттiң даму деңгейi анықталатын көрiнедi.  Арнаулы зерттеулер негiзiнде əрқайсысы белгiлi дара қабiлетке сай келетiн бас сүйегiнiң 27 учаскесi анықталып, картаға түсiрiлген. Осы картадан музыка, поэзия, сурет өнерiне сай «қабiлет iсiктерiн», менмендiк, сараңдық, батырлық «қабiлет дөңестерiн» т.б. айыруға болады екен. Дегенмен, кейiнгi дəуiрде əдейi медициналық ашып көрумен тексергенде,  бас сүйегi ми қабығының формасын тiптi де қайталамайтын болып шықты. Сондықтан адамның ақыл жəне адамгершiлiк қабiлеттерiн бас сүйегiнiң «дөңестiгi» не «сайларымен»  анықтау ғылым тұрғысынан ерсi əрi негiзсiз.   Солай да болса Ф. Галль ұсынған мидың мекендiк қызметi жөнiндегi жорамалы ғылым үшiн өте маңызды болды. Бұл идея кейiн Фрич жəне Гитциг еңбектерiнде өз дəлелiн тауып, дами түстi. Аталған бағытты зерттегендер арасында Ч. Ф. Дарвиннiң эволюциялық теориясына негiздеп, қабiлеттiң тұқым қуалаушылыққа байланысты екенiн тұжырымдаған Ф. Гальтон есiмi өз алдына. Əлемге əйгiлi тұлғалар өмiрнамаларын талдай отырып, Гальтон адам табиғатын жетiлдiруде аса дарындылардың нəсiлдiк заңдылықтарын ашу жəне пайдалану қажет деген қорытындыға келдi. Осы идеяны жалғастыра отырып, ХХ ғ. Котс жоғары қабiлеттiлiгi бiрнеше əулетте байқалған 400 адам тiзiмiн түздi.  Бұл қатарда аса белгiлi болған немiс музыканттарының тобын ұлғайтқан Бах отбасынан шыққандар. Бах жанұясындағы-лардың алғашқы əн-күй қабiлетi 1550 жылы көрiнiс берген.  Əулет атасы В. Бах қарапайым наубайшы күй тартып, əн салғанды сүйген. Оның екi  баласынан өрбiген Германияны екi ғасыр бойы дүркiреткен музыканттар легi үздiксiзжалғасып барған. Бах жанұясынан 60 музыкант шыққан, солардың 20-сы аса көрнектiлерi, ал осы əулеттi əлемдiк өшпес даңққа бөлеген əйгiлi композитор Иоганн Себастьян Бах.  Осындай ғажайып қабiлет кұбылысын қазақ əн-күй өнерiн дамытуда көзге түскен жерлесiмiз Төлеген Момбеков шықкан əулет тарихынан да байкауға болады (Р. Бердiбай) Əлбетте, мұндай əулеттiк жоғары қабiлеттiң нəсiлдiкпен байланыстылығын ешкiмде жоққа шығара алмас, дегенмен бұл арада қабiлет негiзi ретiнде əлеуметтiк тəрбиенiң өте маңызды екенiн мойындамауға болмайды. Бесiгiнен əн-күй теңiзiнде шарықтап, шалқып өсуiне қолайлы жағдай қалыптаспағанда, сол бағытта ана сүтiме қосып үлкендердiң музыкалық тəрбиесiн алмағанда, ол баланың кiм болары бiр Аллаға аян.   Жоғарыда аталған тұқым қуалаушылық идеяларына тiкелей қарсы шыққан ғалымдар тобы оқу мен тəрбие маңызын бiрбеткей əсiрелеумен болды. ХҮIII ғасырдың өзiнде-ақ К. А. Гельвеций адамды тəрбие арқылы дарынды-лыққа жеткiзуге болатындығы туралы ғылыми еңбектерiн жариялады. Бұл бағыт тарапындағылар дамуы өте кешеуiл- деген тайпа балалары оқу, тəрбие нəтижесiнде Европа зиялы-ларының деңгейiне көтерiлгенiн дəлелдейтiн кейбiр деректердi тiлге тиек етiп, өз идеяларының дұрыстығын негiздеп бақты. Сонымен бiрге, бұл еңбектер əлеуметтiк тəрбие аймағынан мүлде тыс қалған жағдайда жастардың орны толмас зиянға ұшырап, қоғамдық қасиеттерден жұрдай «маугли», «тарзан» болатынын бетке ұстады. Белгiлi мəдениет аймағында ерекше арнайы қабiлеттердiң орнығатыны да осы зерттеулерге негiздеме ретiнде келтiрiлдi. (А. А.  Леонтьев, О. Н. Овчинникова, Ю. Б. Гиппенрейтер). Мұндай тұжырымдардың iзiмен əрқандай адамда оқу мен тəрбиенiң негiзiнде қалаған қабiлеттi дамытуға болатыны жөнiнде қорытынды жасалды. Осы көзқарасты қолдаумен американ ғалымы У. Ушби қабiлет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана əрекеттер бағдарламасына байланысты екенiн дəлелдеп көрсетедi. Қазiргi күнде бұл идеяны ұстанғандар АҚШ-та өз дарынды балаларын «өсiретiн» арнайы орталықтар ұйымдастырып жатыр (Филадельфияинституты), Қазақстанда арнайы «Дарын» орталығы iске қосылды.

                          2.3.Қабілет түрлері

Қабілеттер сондай-ақ төменде берілген түрлерге де бөлінеді:

1)    реподуктивті қабілеттер – білімді меңгеру және іс-әрекетке икемділікті жоғары деңгейде епті болуын қамтамасыз етеді.

2)    творчестволық қабілет – айрықша және нәрсені құруды қамтамасыз етеді.

Табиғи қабілеттер адамға қарапайым есте сақтау, ойлау, экспрессивті коммуникацияны қасиеттерді қамтамыз етеді. Бұл қабілеттердін негізі туа біткен қасиеттер болып табылады. Табиғи адамдармен қатар жануарларда да кездеседі. Табиғи қабілеттер дамуы импринтинг жолымен  шартты рефлекстер негізінде дамиды. Сонымен қатар адамда арнайы қабілеттер болады. Олар  адамға  қоғамдық – мәдениеттік кеңестікте өмір сүруіне мүмкіндік береді. Олар жалпы және арнайы жоғары интеллектуальды қабілеттер деп бөлінеді.

Жалпы қабілеттер- адамнын ақпаратты интеллектуальді өндеу  және арқылы әр түрлі сфераларда табысқа жетуін  анықтайды.

Қабілет негізінен екіге бөлінеді.Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерінкөрсететін кез келген адамнан табылатын кабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті, арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының ақын-жазушының т.б. қабілеттерін жатқызуға боладыАдам қабілеттінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.Мәселен капитализм қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазия қоғамы кең өріс беріп отырды. Өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызды

   2.4. Нышан жəне қабiлет

Өмiр бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабiлеттiң табиғи берiлетiнiн қалтқысыз дəлелдеп отыр. Қабiлеттердiң тума берiлмейтiнiн мойындаумен бiрге психология белгiлi  iс-əрекеттi табысты орындаудың шарты болатын ми құрылымы-ның тума ерекшелiктерiне шек келтiрмейдi. Қабiлеттер дамуының табиғи негiзi болған мидiң құрылымы, сезiм мүшелерi мен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық нəсiлдiк ерекшелiктерi нышан деп аталады. Шын мəнiнде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабiлеттерде емес, дəл осы нышандар көрiнiсiнде. Нышандар қабiлет дамуының бастауы болғандықтан, адам-ның барынша жетiлiп, кемелдену жолу осы екi  құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуiнен болады. Нышанның арқасында дамығанымен, қабiлет сол нышанның өзiндiк қызметiнен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесiнiң нəтиже жемiсi. Мысалы, ақыл-ес қабiлеттерi ең алдымен ми қызметiнен – қарқынды не бəсеңқозулардан, жүйке процестерiнiң қозғалмалылығынан, уақытша байланыстар түзiлiмiнiң шапшаң не баяулығынан т.б. яғни И. П. Павлов генотип (жүйке жүйесiнiң тума ерекшелiктерi) деп атаған құбылыстан көрiнедi. Мидың қанмен қамтамасыз етiлуi де ақыл- сана қабiлетiне ықпал жасайды. Толық қан айналымы – ми қызметiнiң ақыл-ой, зейiн шоғырландыру, жақсы есте қалдыру, жүйке байланыстарының тез жүруiнiң, сана жұмысымен шаршамай, мүлтiксiз жоғары тиiмдiлiкпен орындалуының кепiлi Мидың тума қасиеттерi адамның типологиялық ерекше-лiктерiнде екi түрде көрiнедi (И. П. Павлов):

  1. Жоғары жүйке жүйесiне тəуелдi;
  2. Бiрiншi жəне екiншi сигналдық жүйелердiң арақатынасына байланысты. Адам қабiлеттерiнiң дамуында жоғары жүйке жүйесi қызметiнiң типi (күшi, тепе-теңдiгi, қозғалмалылығы т.б.) үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке процестерiнiң күшi, тепе-теңдiгi жəне қозғалмалылығымен (белсендi тип) байланыса отырып, адамның ұйымдастырушылық қабiлеттерiнiң қалыптасуына қажет көптеген ерiктiк жəне тiлдестiк қасиеттердiң түзiлiп, орнығуына жəрдемiн тигiзедi.

Өздерiне тəн бейнелеу мүмкiндiктерiне орай бiрiншi не екiншi сигнал жүйелерiнi аз немесе көп əрекетке қатысуынан қабiлеттердiң 3 типi (И. П. Павлов) ажыратылады: көркемөнерлiк (көбiне бiрiншi сигналдық жүйеге негiзделген); ой-саналық (көбiне екiншi сигналдық жүйеге негiзделген); аралас (екi жүйе де бiрдей қатысқан). Осыдан, «суреткерлер» – объектi тұтас бейнелеуге бейiм, «ойшылдар» – талдаумен, элементтерге ажырата тануға шебер, ал «аралас» қабiлеттер қалыпты дамыған адамдардың бəрiне тəн құбылыс.  Нышандардың əртүрлi қабiлеттерге байланысты маңызы бiрдей емес. Көбiне нышандық қасиеттер музыкалық жəне суреткерлiк өнерде қажет. Тума берiлген нəзiк есiту қасиетi – музыкант болудың, ал түр-түс айыра бiлу – болашақ суреткер болудың алғы шарты. Нышандар дамуы əлеуметтiк процестерге тiкелей тəуелдi. Егер қоғамда белгiлi бiр кəсiпке қажеттiк туып, қандай да адамның сол кəсiпке сай нышандық белгiсi болса (музыкантқа қажет нəзiк есту қасиетi), онда оның нақты еңбекке араласуға болған қабiлетi  тез əрi жоғары деңгейде қалыптасып, дамиды.   Нышан iс-əрекеттiң нақты формасына байланыссыз көп мағыналы келедi;  сондықтан, белгiлi бiр нышан негiзiнде iс-əрекет талабына орай əртүрлi қабiлеттер қалануы мүмкiн. Осыдан, жақсы есту əрi əуен ырғағын сезiнуден адам күй орындаушы,  дирижер, бишi, əншi, музыка сыншысы, педагог, композитор т.б. болары ықтимал.  Сонымен бiрге, болашақ қабiлеттер мен iс-əрекеттердiң саналуан болуынан нышан жеке адамның дара таңдамалық қасиетiне негiз бередi.

2.5.Қабілеттілікті зерттеу мәселесі

Қазіргі кезде қабілетті балалар мәселесін  зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық мәліметтер және ғылыми зерттеулер жылдан жылға  көбеюде. Алайда, қабілет мәселесі әлі  де ғалымдардың күнделікті тақырыптарынан түспейтін, зерттеулерді-ізденісті  қажет ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің  түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны  да белгілі.

Адамдардың  қабілетінің табиғаты осы күнге  дейін ғалымдар арасында қызған ой-пікір  таласын тудыруда. Ғылыми зерттеулер әр адамның қабілетін оның миының көлемі және салмағымен байланысты деп  түсіндірді. Кейінірек зерттеулерде ең ауыр ми ақыл-ойы кеміс адамның  миы болып шыққаннан кейін, бұл  болжамды теріске шығарды. Өмір бақылаулары  мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтықсыз дәлелдеп отыр. Көптеген ғалымдар Платонның пікіріне сүйенді. Яғни, қабілеттіліктің пайда болуы тұқым-қуалаушылықтан болады. Ал оқыту және тәрбиелеу олардың ары қарай даму үрдісін жылдамдатады. Оған дәлел ретінде, ұлы танымал адамдарды мысал етті (Моцарт, Рафаель т.б.).

Платонның айтуынша, адамдар өздерінің қабілеттіліктеріне қарай әртүрлі болады, біреулері  басқару үшін, біреулері бағыну үшін дүниеге келеді деген. Дегенмен, бұл  ойларды теріске шығаруға әрекет жасағандар да болды.

Қабілеттілік  туралы ой–пікірлерді дамытудың  маңызды кезеңі бұл испан дәрігері Хуан Уарте есімімен байланысты. Ватиканның қарсылығына қарамастан «Исследование способностей к наукам» (1575 ж.) кітабы жарық көріп, барлық Европалық тілдерге аударылды. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады.

Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон табиғи дарындылықты мойындап, қабілеттілікті дамытуда тәрбиенің маңызды рөл атқаратынын айтқан. Ал Томас Гоббс қабілеттіліктердің түрлерін бөліп көрсетіп, қабілеттіліктерге қатынасында табиғат адамдарда тең жаратты деген.

19 ғасырдың  екінші жартысында қабілеттілікті  зерттеудің жаңа кезеңі басталды, психологиялық тестілеу, онымен  бірге ғылымның жаңа бағыты  ретінде даралық ерекшеліктердің  психологиясы (дифференциалды психология) пайда болды.

Қабілет мәселесі арнайы психологиялық зерттеудің пәні ретінде – ағылшын ғалымы Ф. Гальтон ұсынған адамдағы ерекшеліктердің эксперименттік және статистикалық зерттеулерінің негізінен болып табылады. Ф. Гальтон адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселесін зерттеп, 1869 жылдан бастап ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Сонымен бірге ұлы да қабілетті адамдардың өмірлерін бақылай келе кез келген деңгейдегі қабілеттілікте тұқым-қуалаушылық негізгі шарт деген қорытындыға келді.

20 ғасырда  неміс психолгі У. Штерн жеке дара ерекшеліктерді зерттеп, жеке даралық психологияның негізін қалады. Сонымен бірге ол адамның ақыл ойын анықтауға арналған «қабілеттілік коэффициентін» ұсынды, әрі ақыл-ой қабілеттілігіне мынандай анықтама берді: «Ақыл-ой қабілеттілігі – өз ойын саналы түрде жаңа талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір жағдайына бейімдейтін жалпы ақыл –ой қабілеттілігі».

Қабілет мәселесіне терең талдау жасаған Б.М. Тепловтың пікірінше, қабілетті дамытпау, көрсете білмеу, біртіндеп айырылу дегенді көрсетеді. Оның дәлелдеуінше, белгілі бір күрделі іс әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады.

Бір адамның  бойында бірнеше әртүрлі қабілет  болуы мүмкін, бірақ олардың бірі басқаларға қарағанда мәндірек болады. Екінші жағынан бірнеше әртүрлі  адамдарда бір ғана қабілет байқалуы мүмкін, бірақ даму деңгейлері бойынша өзара өзгешеленеді.

Б.М. Тепловтың  ғылыми зерттеулерін одан ары қарастырған В.Д. Небылицин қабілеттерде және дарындылықта ең алдымен жеке даралық айырмашылықтарға назар аудару керек деді.

Адам  қабілетінің әртүрлі болуын ұлы  физиолог И.П. Павлов сигнал жүйелерінің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді. Мұны бала қандай да бір іс әрекетпен айналысқанда көріп байқауға болады. Сигнал жүйелерінің арақатынасының ерекшеліктеріне орай И.П. Павлов адамының жоғары жүйке жүйесінің үш түрін келтіреді. Олар көркем, ойлағыштық және орта түр болып бөлінеді. Бірінші түріне жататындар әсершіл, қызу қанды, ашық, ақжарқын, болып келсе, екінішілері көргені мен естігенін әуелі ой елегінен өткізіп, талдағанды, саралағанды жақсы көреді, ал үшіншілері аса талантты, дарынды жандарды қамтиды. Адамның қай түріне жататындығына қарай оның қабілетін де анықтауға болады. Қандайда болмасын бір нәрсеге қабілеті болмайтын адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін.

Б.Г. Ананьев еңбектерінде қабілет және дарындылық жеке адамның мінезімен, темпераментімен, өмірлік бағыт-тылығымен және жеке даралық психикалық дамуымен байланысты жеке адамның жалпы құрЫлымының қандай да бір бөлігі ретінде қарастырылды.

Белгілі психолог С.Л. Рубинштейн қабілеттіліктің шығу тегі психикалық үрдістерден пайда болады деген-ді. Ол қабілеттің құрамының, құрлымының анықтамасын жасайды: қандай да бір іс-әрекетті орындауға адамды жарамды ететін әрбір қабілеттің құрамына, үнемі әрекеттің бірқатар операциялары немесе тәсілдері енеді, кейін солар арқылы іс әрекет жүзеге асады.

Н.С. Лейтес дарынды балаларды зерттей келе, олар еңбекке тартым-дылығымен өзгешеленетін және «еңбектен қанағаттануды» сезінетін нағыз кішкентай еңбекқорлар болып табылады, деп көрсетеді. Бұл тұжырым маңызды ереже жасауға итермелейді. Еңбекке бейімділік дарындылықтың көрінуі ретінде болады.

 

                            2.6. Қабiлет жəне тұлға даралығы

Адам қабiлетiндегi айырмашылық iс-əрекеттiң нəти-жесiнен, яғни оның сəттi не сəтсiздiгiнен байқалады. Қызығу-шылық адамда объектi жан-жақты танып бiлугеұмтылудан туындайды. Ал бейiмдiлiк нақты iс-əрекеттi орындауға талпыну. Қызығушылықпен бейiмдiлiк сапаларының үнемi өзара үйлесiм тауып, бiр бағытта тоғысып отыруы мүмкiн емес. Оған түрлi жағдайлар себепшi, мысалы, адам көркем-өнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бiрақ ол осы саладағы өнер түрлерiмен шұғылдануға бейiмсiз болуы мүмкiн. Дегенмен, белгiлi бiр iс-əрекет түрiне қабiлетi бар адамдардың қызығушылығы мен бейiмдiлiгi бiр-бiрiмен үйлесiм таба алады.   Iс-əрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуi үшiн қабiлет, қызығушылық,  бейiмдiлiктен тыс оның мiнез-құлқында келесi сапалық көрiнiстер болуы қажет: ең алдымен – еңбексүйгiштiк, табандылық, батылдық. Бiрақ, осындай ерекше қабiлетi бар адамның өзi де айтарлықтай өнiмге қол жеткiзе бермейдi. Негiзi, адам өзiнiң iс-əрекетiне, жеке басына сын көзiмен қарап, мiнезiнiң ұнамды, ұнамсыз сапа-ларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.

Адам қабiлетiнiң даралық ерекшелiктерiне дарынды-лық, шеберлiк, талант, данышпандық, шабыт кiредi Əртүрлi iс-əрекеттер аймағына қажет бiлiм, ептiлiк-дағдылар бiрлiгiн жеңiл əрi  нəтижелi игерудi қамтамасыз етушi жалпы қабiлеттер ерекшелiгiн дарындылық деп атайды. Дарындылық əрбiр адамның ақыл-сана, оқу, шығармашы-лық, көркемөнер,  адамаралық қатынастар түзу жəне психо-моторлық қызметтерiнде көрiнiс бередi.  Дарынды адамдарға тəн қасиеттер: зейiндiлiк, жинақылық, тұрақтылық, əрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бiрге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды бiлмейдi, басқалармен салыстырғанда интеллекттiк деңгейi анағұрлым жоғары  Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады.  Бұл қасиеттiң адамдағы көрiнiсi – 2-3 жасар баланың бiр iспен үзбей шұғылдана алу уақыты. Басқа қатарларымен салыстырғанда дарынды бала өзiн қызықтырған iспен бiрнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бiрнеше күндер бойы қайта оралып,  көздегенiне жет-пейiнше, əрекетiн тоқтатпайды.  Дарындылық дəрежесiнiң артуы қажеттi бiлiмдер мен ептiлiк, дағдыларды игерiп əрi жетiлдiрiп баруға тiкелей тəуелдi.   Дарындылықтың өзiндiк ерекшелiгi ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, бiреу матема-тикаға құмар, екiншi тарихқа, жəне бiреулер қоғамдық жұмыстарға бас (лидер) болуда өз дарындылығын iске қосып, оны нақты iс-əрекетте кейiн дамыта түседi. Мысалы, мұғалiм дарындылығының көрсеткiштерi келесiдей: 1) оқу материалын шəкiрттерге түсiнiктi күйге келтiру;

2) оқушы көңiл-күйiн қалтқысыз тану;

3) жұмыста шығармашыл болу;

4) балаларды өз еркiне көндiре алу;

5) балалар ұжымын бiрiктiруге қабiлеттiлiк;

6) сөз мəнерлiгi мен мазмұндылығы;

7) сөйлеу көркемдiлiгi мен нанымдылығы;

8) педагогикалық əдептiлiк;

9) оқу материалын тұрмыспен байланыстыра алу;

10) шəкiрт-терге қаратылған байқағыштық;

11) педагогикалық талапшаңдық (Ф. Н. Гоноболин).

Қабiлеттер өз деңгейлерi мен ауқымы жағынан ажыра-тылады. Нақты iс-əрекет аймағында өте жоғары деңгейге көтерiлген қабiлет – шеберлiк деп аталады. Шеберлiк,  яғни бiр iс-əрекет аймағында жоғары жетiлгендiк үлкен де қажырлы еңбек негiзiнде пайда болады. Шеберлiк көбiне өндiрiстiк қайта жасау қызметтерiмен байланысты келедi.  Алайда, бұл шеберлiктiң дайын ептiлiктер мен дағдылар бiрлiгiнен туындайтынын бiлiдi  Əрқандай кəсiптегi (мұғалiм, дəрiгер, ұшқыш, спортшы т.б.) шеберлiк кез келген жаңа мəселелердi шешуге қажет болған психологиялық дайындықты қажет етедi. Шебер маман үшiн шығармашылық мiндеттi түсiну мен оны орындау жолдарын табу, екеуi өзара байланыста қабылданады, iске асады, яғни «не iстеу» жəне «қалай iстеу» арасында жiк болмайды.  Шеберлiк деңгейi – өзгермелi, дамудағы құрылым. Iс-əрекет барысында адамның қабiлет түзiлiмi, тұлғалық мəнi қалыптасып, бiр деңгейден екiншiсiне көтерiлумен ұдайы ауысып барады. Өте дарынды адамдар да қарапайым елiктеуден бастап, кейiн бiрте-бiрте тəжiрибе жинақтаудан жасампаздық дəрежесiне көтерiледi.   Адам қабiлетiнiң ерекше даралық сипатын көрсететiн психологиялық құбылыс – талант. «Талант» сөзiнiң төркiн мəнi: ежелгi грек қауымында бай-манап өзi жоқта жұмыстанқашқақтамасын деп ерiншек құлына беретiн күмiс ақша бiрлiгi – талант аталады екен,  ақылдан жұта құл оны алудан, пайдалы айналымға жiберудiң орнына, топыраққа көмiп,  жасыратын болған. Осыдан халықта «таланты құм болды», «таланты көмiлдi» деген ұғымдар сақталып қалған. Қазiргi күнде талант арнайы қабiлеттердiң (музыкалық,  суреткерлiк, əдеби шығармашылық т.б.) жоғары деңгейлi дамуын бiлдiредi. Қабiлеттер сияқты талант та iс-əрекетте көрiнiп, өрiстейдi. Талантты адамның қызметi өзiнi жаңашылдығымен, қайта-ланбас мəнерiмен ажыралады. Таланттың оянуы тiкелей қоғамдық болмысқа тəу-елдi. Қай бағыттағы дарындылықтың жол алуы дəуiр қа-жеттiгi мен əлеумет алдында тұрған нақты мiндеттерге байланысты. Мемлекеттiң дамуы инженерлiк жəне кон-структорлық таланттардың жетiлуiнен, мемлекеттiң көркейген кезеңiнде əн-күй, əдебиет таланттары шығады, ал соғыс уақытында – талантты əскери қолбасшы дүниеге келедi. Осыдан, қазақ арасынан шыққан Қ. Сатпаев, М. Əуезов, Б. Момышұлы, Қажымұқан, Р. Рымбаева – əрбiрi өз дəуiрiнiң саңлақтары.

Талант – көптеген қабiлеттердiң байланысы, бiртұтастығы. Өте жоғары дамыған, бiрақ оқшауланған бiр қабiлет талант дəрежесiне көтерiле алмайды. Мысалы, кейбiреулер10 қаналы не оданда көп санды лезде көбейтедi не бөледi, бiрақ математик емес, бола алмайды да.  Қабiлеттердiң даму барысындағы ең жоғары, шыңдалу деңгейi – данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметi қоғам өмiрiнiң бiр дəуiрiнде, адамзат мəдениетiнiңтарихында белгiлi iз қалдырған адам ғана данышпан бола алады. Өркениеттiң 5000 жылдық тарихында мұндай шыңға 400 кемеңгер көтерiлiптi (Котс). XX ғасыр саңлақтары атанған, арамызда жүрген замандастарымыз ақын Олжас Сүлейменов, сынаушы-ұшқыш,  ғарышкер Тоқтар Əубакiров қазақ данышпан-дарының бiрiншi ондығынан.  Адамның шығармашылық iс-əрекетiнiң аса табысты болуына себепшi рухи көтерiңкiлiк пен ерекше күш-қуат туындайтын кезеңдер болады. Бұл жағдайдағы адамды жаңа идеяларға жетектеп, оларды iске асыруға ынталандыратын психологиялық қалып – шабыт деп аталады. Шабыт шығарма-шыл тұлғаның жоғары белсендiлiгiнен, оның iс- əрекетiнiң жемiстiлiгiнен, жасампаздық ептiлiгiнен, жаңалық ойлап табу қызметiне толық берiлуiнен көрiнедi. Өмiрнамашыларының айтуынша, И. С. Тургенев шығармаларын жазуды өзiн-өзi зорлап, көндiруден емес, iшкi ниет қалауымен қалай бастағанын бiлмей қалады екен.  Шабыт пен еңбек – екеуi егiз, бiр-бiрiнсiз асамайды. Осыдан, шабыт – қажырлы еңбек пен орасан бай бiлiм қоры негiзiнде туындайтын мүмкiндiк. «Шабыт – ерiншектерден қашатын, шақырғанға баратын қонақ» (П. И. Чайковский). Сана айқындығы, ой мен бейнелер кернеуi; ес, зейiн өткiрлiгi, мақсатқа бағыттайтын арнасына симаған ерiк күшi – шабыттанудың алғы шарттары.

Қорытынды

Қабілеттілік – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілеттің дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың жинағы – дарындылық.     Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды. Сонымен талантты адам дегеніміз – жоғары білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі.

Қабілет – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да,туған-туыс,қоғамына да тигізетін пайдасы зор. Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұрлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұмсағаннан артық бақыт жоқ.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика