СӨЖ
Тақырыбы: Өкпенің жоғарылаған ауалығы синдромының патофизиологиясы.(тест)
Өкпенің жоғарылаған ауалығы синдромының патофизиологиясы тақырыбына тест тапсырмалары.
- Өкпе эмфиземасына тән:
- Альвеола қабырғаларының ыдырауы және бірнеше альвеолалардың бірігуінен беткейлік тыныстың азаюы
- Вентиляция кезінде ауа ағымына қарсыласуы артуынан бронх арқылы ауа өтуі ққиындауы
- Табиғаты қабынулық н/е қабынулық емес факторлар әсерінен өкпеде ауасыз бөліктердің п.б
- Плевра қуысына ауа жиналуы
- Өкпеде қуыс пайда болып қабыну инфильтраттары жиналуы
- Везикулалы өкпе эмфиземасы кезінде экзогенді факторлар:
- Темекі тарту
- Генетикалық ықпалдар
- Гормондар бұзылысы
- Ферменттер жеткіліксіздігі
- Туа біткен ақаулар
- Диффузиялы өкпе эмфиземасы кезінде өкпенің жалпы көлемі:
- Өзгермейді
- Төмендейді
- Жоғарылайды
- Қалыпты
- Алғашында жоғарылап, кейін төмендейді
- Өкпе эмфиземасының ағымы бойынша жіктелуі:
- Біріншілікті, екіншілікті
- Жіті, созылмалы
- Диффузиялы, ошақты
- Проксимальді, дистальді, панацинарлы
- Везикулалы, диффузиялы
- Панацинарлы эмфиземаға тән:
- Респираторлы бронхиоллалар өзгермеген, булалар мен көпіршіктер п.б
- Шаң жүктелген макрофагтардың жиналуы
- Ацинустардың орталық бөлімі кеңею
- Булалар қалыптасуы
- Ацинустың жайылымды кеңеюі
- Дистальді ацинарлық эмфиземаға тән:
- Респираторлы бронхиоллалар өзгермеген, булалар мен көпіршіктер п.б
- Шаң жүктелген макрофагтардың жиналуы
- Ацинустардың орталық бөлімі кеңею
- Булалар қалыптасуы
- Ацинустың жайылымды кеңеюі
- Мак-лауд синдромы:
- Бір жақты бронхиолит және бронх өткізгіштігінің қақпақшалық өзгерістері
- Өкпе жарақаттарынан өкпеішілік қысымның өзгеруі
- Өкпе тыртықтануынан өкпенің кейбір бөлімдерінің созылуы немесе азаюы
- Өкпе тінінің эластикалық жоғалуына әкелетін инволюциялық өзгерістер
- Өкпе тінінің дамуының ақаулықтары
- Қораптық дыбыс дәлелдейді:
- Плевритті
- Пневмония
- Эмфиземаны
- Гидроторакс
- Бронхоспазмды
- Өкпе эмфиземасының қабынулық емес неше гипотезасы бар:
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- Созылмалы бронхиттің асқынуы:
- Өкпе абсцессі
- Плеврит
- Туберкулез
- Өкпе эмфиземасы
- Пневмония
Дұрыс жауаптары.
- А . себебі өкпе эмфиземасының анықтамасына сай.
- А. Себебі экзогендік ықпалдарға темекі түтінің әсері, ауаның өндіріс қалдықтарымен ластануы жатады.
- С. Диффузиялы өкпе эмфиземасы кезінде өкпенің жалпы көлемі – жоғарылайды
- В. Өкпе эмфиземасының ағымы бойынша жіті және созымалы түрлері болады.
- Е. Панацинарлы эмфизема – ацинустың жайылымды кеңеюімен сипатталады.
- А. Дистальді ацинарлы эмфизема – респираторлық бронхиоллалар өзгеріссіз қалады, альвеолла перделері ыдырап, булалар, көпіршіктер қалыптасуымен сипатталады.
- А. Мак-лауд синдромы – ерте балалық шақта, бір жақты бронхиолит және бронх өткізгіштігінің бұзылысымен байланысты ауру.
- С. Эмфизема кезінде кеуде қуысы бөшке тәрізді және қорапты перкуторлы дыбыс тән.
- С. Олар: 1.глюкокортикостероидтар көп мөлшерін енгізгенде дамитын эмфизема. 2.сенильді эмфизема. 3.ашыққандар эмфиземасы.
- Д