Комплемент  жүйесі – қан сарысуының ферменттік жүйесіі. Оның негізгі қызметі – антигендерді ыдырату.Бұл негізінен қанда үнемі болатын күрделі аұуыздар кешенінен тұрады.Каскадтық жүйе түзуші протеолоитикалық ферменттер тобы ағзаны бөгде заттардан қорғауға арналған,иммундық жүйенің туа пайда болған маңызды бөлігі боып табылады.

Неміс бактериолог-гигиенистті Р. Пффейфер мен Р. Кох институтының ізденушісі, эпидемиолог және бактериолог В.И Исаевтың тәжірибелері комплементті зерттеудің негізін қалады. Ол тырысқақ вибрионымен in vi­tro тәжірибесінде, теңіз доңыздарының тырыскаққа қарсы табиғи  сарысуы болмасада да, бактериялардың лизиске ұшырайтынын далелдеген, яғни  бактериолиз құбылысын ашқан еді.

     Комплемент жүйесі ағзаның негізгі арнайы емес гуморалдық қорғаныс факторларының бірі болып саналады. Комплементтің компоненті мен оның рецепторлары, сонымен қатар активтену кезінде түзілетін фрагменттер мен кешендер көптеген үрдістерге қатысады және олар келесі әсерлерді шақырады :

– микроорганизмді тікелей лизиске ұшырату;

– фагоцитозды күшейту;

– лейкоциттерді белсендіру және оларды қабыну ошағына тарту  (хемотаксис);

– кейбір вирустарды бейтараптау;

– иммунды кешендерді шығару.

Сонымен қатар, комплемент жүйесінің белсенді нәрудары аллергиялық және аутоиммунды аурулар, трансплантация мен басқад да жағдайлар кездерінде қуатты қабыну медиаторы болады.

Ағзаны бөгде заттар мен антигендерден қорғауда каскадтық күрделі жүйе құратын,комплемент деп аталатын жүйе өзіне тән бірқатар нәруыздардан,реттегіштер мен тежегіш ферменттерден,рецепторлардан тұрады.Және сол әрбір комплемент компоненттерінің өзінің белгілі бір атауы мен белгіленуі бар. Мәселен, комплементтің компонентін С әріпімен (ағылшынның complement деген сөзінен) және араб сандарымен белгілейді. Комплементтің тоғыз негізгі компоненттер бар, олар   С1, С2, СЗ … С9.

Комплемент жуйесінің активтснуі геометриялық прогрессия заңы бойынша журеді, яғни активацияның әрбір кезеңінде көптеген жаңа молекулалар қосылып отырады. Сондыктан тек бір С1 молекуласының активтенуі мыңдаған мембрананны зақымдайтын белсенді С5-9 кешендерінің (лизистік кешендер) түзілуіне алып келеді. Лизистік кешендер нысана-жасушаның мембранасын закымдайды.

Аталған комплемент компоненттерінің өз қызметтерін жүзеге асыруда активтенуінің негізгі үш механизмі бар:

  • Классикалық;
  • Альтернативтік жол;
  • Лектинді жол;

Комплемент жүйесі – қан сарысуының ферменттік жүйесі. Оның негізгі қызметі – антигендерді ыдырату.

Комплемент жүйесіне кіретін нәруыздарды комплементтің компоненттері деп атайды. Бұл тектес нәруыздарға 20 компонент кіреді. Комплементтің компоненттері активтенуге дейін белсенсіз түрде болады. Активтену басталғаннан кейін олар бір-бірімен тізбектесе байланысады, нәтижесінде бірқатар биологиялық қызметтерді атқаратын молекулалар мен кешендерді өндіреді.

Неміс бактериолог-гигиенистті Р. Пффейфер мен Р. Кох институтының ізденушісі, эпидемиолог және бактериолог В.И Исаевтың тәжірибелері комплементті зерттеудің негізін қалады. Ол тырысқақ вибрионымен in vi­tro тәжірибесінде, теңіз доңыздарының тырыскаққа қарсы табиғи  сарысуы болмасада да, бактериялардың лизиске ұшырайтынын далелдеген, яғни  бактериолиз құбылысын ашқан еді. Сары суды 560С 30 минут қыздырғанда, ультракүлгін саулелерімен сәулелендіргенде және ортанын рН өзгерткен жағдайда оның лизистік белсенділігінің  жойылатыны анықталған. Ал теңіз доңыздарының жаңа сары суын қосқанда, сарысудың тырысқақ вибриондарын жою кабілеті қалпына келетіндігі белгілі болды. Сомымен, фагоцитоз бен бактериялардың лизисі кезінде антиденелердің әсерін толықтыратын «бір зат» бар деп болжамданды. Оны комплемент  деп атады (to complement -толыктыру).

Кейіннен бельгия бактериологы  Ж. Ворде комплементті алексин деп атады және оны

жоғары температураға төзімді фактор дсп сипаттама берді. 1901 жылы Ж. Борде мен О. Жанту комплементті байланыстыру серпілісін ашты. Бұл серпіліс тағын көлемдегі зерттеу орталарында, жоғары дәлділікпен антгендер мен антиденелерді анықтауға мумкіншілік береді. Бүгінгі күнге дейін аталған серпіліс кейбір зертханаларда қолданылады.

«Комплемент» терминін иммунологияның негізін калаушылардың бірі, Нобель сыйлығының лауреаты П. Эрлих біржола енгізді.

 Комплемент жүйесі – ағзаның негізгі арнайы емес гуморалдық қорғаныс факторларының бірі болып саналады. Комплементтің компоненті мен оның рецепторлары, сонымен қатар активтену кезінде түзілетін фрагменттер мен кешендер көптеген үрдістерге қатысады және олар келесі әсерлерді шақырады:

– микроорганизмді тікелей лизиске ұшырату;

– фагоцитозды күшейту;

– лейкоциттерді белсендіру және оларды қабыну ошағына тарту  (хемотаксис);

– кейбір вирустарды бейтараптау;

– иммунды кешендерді шығару.

Сонымен қатар, комплемент жүйесінің белсенді нәрудары аллергиялық және аутоиммунды аурулар, трансплантация мен басқад да жағдайлар кездерінде қуатты қабыну медиаторы болады.

Комплемент жүйесінің барлық  нәруыздарың, тежегіштерін, реттегіштерін және рецепторларын белгілейтін біртұтас жіктелу жүйесі енгізілген. Мәселен, комплементтің компонентін С әріпімен (ағылшынның complement деген сөзінен) және араб сандарымен белгілейді. Комплементтің тоғыз негізгі компоненттер бар, олар   С1, С2, СЗ … С9. Комплемент компоненттерінің сандық белгіленулері олардың ашылу хронологиясына сәйкес келгенімен активтенуге қатысу тәртібіне сәйкес келмейді. Ферменттік ыдырау нәтижесінде түзілген фрагменттерді «а» және «b» әріптерімен белгілейді. Мысалы, С2а, С2b және басқа. «b» әріпімен мөлшері бойынша  үлкен  фрагмснтін белгілейді және  ол  комплементтің келесі компонентінің ыдырауына қатысады. Ал «а» әріпімен белгілемген фрагмент, әдетте, ерігіш түрде кездеседі және оның хемотоксисті шақыры қабілеті бар. Біріккен фрагменттер ферменттік  белсенділігі бар кешендсрді түзеді, оларды белгілеген жағдайда, кейде жоғары жағынан сызықша қояды. Комплементтің компоненттеріне арналған рецепторларды CR1, CR2 және т.б. белгілейді

( ағылшынның  complement receptor деген сөзінен).

Комплементтің нәруыздарын  ағзаның көптеген жасушалары өндіреді: гепатоциттер, моноциттер, макрофагтар, ішектің эпителиі, бүйрек  түтікшелері,  эндотелий жасушалары, фибробласттар және т.б. Әртүрлі   жасушалар комплементтің бірі немесе бірнеше  компоненттерін өндіруі мүмкін.  Комплементтің 90% артық нәруыздары бауырда түзіледі. Бауыр сарысулық  С4 компонентінің негізгі көзі болып табылады, ал С1 компоненті басымырақ түрде аш ішектің эпителиінде түзіледі.

Комплемент  компонеттерінің түзілуінде басты рөлді  макрофагтар

атқарады, мысалы, макрофагтар  атқарады, мысалы, макрофагтар С1ρ, С4, С2, С3, С5 және С6 өндіреді. Осы  жағдай макрофагтар мен комплемент жүйесі тығыз байланыс бар  екендігін көрсетеді. Май тіндерінде пропердин жүйесінің D және В факторлары, сонымен қатар С3 компонеті түзіледі. Иммундық жауап кезінде С3 компонентінің лимфоидты тіндерімен жергілікті өндірілуі мүмкін.  Қабыну алды цитокиндері (Ил-1, 6 и IFN-‎ρ) жедел фазалық нәруыздар қызметін атқаратын комплементтің көптеген нәруыздардың түзілуін реттейді.

Комплемент нәруыздары тек қан сарысуында ғана емес, сонымен қатар биологиялық сөлдер мен тіндік сұйықтықтарда да кездеседі. Комплементтің компонеттері анадан балаға плацента арқылы  өтпейді. 3 айлық нәрестелерде  комплемент жүйесі нәруыздарының деңгейі ересек адамдардың деңгейінде сәйкес келеді.

Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар

Компонент фрагменттері мен кейбір бос компоненттер, сонымен қатар бактериялардың, вирустардың, саңырауқұлақтардың және жасушалардың бетінде фиксацияланған фрагменттер көптеген жасуша бетіндегі комплементке арналған мембранды рецепторлармен байланысады. Жасушалармен рецепцияға комплементтің табиғи компоненттері емес олардың әртүрлі функционалды қасисттері бар ыдыраған фрагменттері қатысады.

Комплемент компоненті ерінің фрагменттеріне арналған рецепторлар екі түрлі тұқымдастыққа жатады: комплементтің активтенуін реттегіштер тұқымдастығы (RCA – regulators of com­plement activation) және β2-интегриндер тұқымдастығы.

CR1 (CD35). Молекулалық салмағы 160-250 кД. Бұл рецептор СЗb, С4b, іС3b фрагменттерін байланыстырады жәнс жасушаларда кеңінен тараған. Олар: макрофагтар мен нейтрофилдер, В-лимфоциттер, фолликулярлы дендритті жасушалары және эритроицттер. Жұқпалардан кейін қанда еріпш иммундық кешендердің біраз мөлшері жинақталып қалады. Олардың қан айналымында болуы тамырлардың қабырғасы үшін қауіпті. Сондықтан комплементтің белсенді компоненттсрі – С4b мен СЗb ерігіш иммундық кешендермен ковалентті байланысады жәнс оларды CR1 арқылы эритроциттерге қосады, ал олар өз кезегінде иммундык кешендерді бауыр мсн көкбауырдағы макрофагтарға алып келеді. Макрофаг эритроцитті закымдамай, онын бетіндегі иммундық кешенді «шешіп» алады. Осылайша қаннын иммундық кешендерден тазаруы қамтамасыз етіледі.

СЗ b мен С4 b фрагменттерінің CR1 байланысуы нәтижесінде нейтрофилдермен және моноциттермен иммундық  кешендердің фагоцитозға ұшырауы ынталанады.

CR2 (CD21). Бұл рецептор көбіне В-лимфоциттер мен фолликулярлы дендритті жасушаларда кездеседі. В-лимфоциттерде CR2 рецепторы Эпштейн-Барр вирусы үшін лиганда қызметін атқарады.

CR3 және CR4. Екі рецептор да мононуклеарлы фагоциттертерде, фолликулярлы және басқа да дендритті жасушаларда, сонымен қатар NK-жасушаларында кездеседі. Эпителиалды жасушаларда CR3 экспрессиясы басымырақ. Екі рецептор де фагоцитозды ынталандырады, ал CR3 қосымша жасушалардың иммундық жабысуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, екі рецептор адгезия молекуласы қызметін атқарады және ІСАМ-1 мен ІСАМ-2 сәйкес лигандаларымен байланысады. Бұл жағдай фагоциттердің миграция мен адгезия үрдістерін камтамасыз ету үшін керек.

Сонымен, мембраналық рецепторлар комплемент жүйесінің иммундық үрдістерде көптеген зффекторлық қызметтерінің, жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Олар: фагоциттердің опсонизациясы, иммундық кешендердің шығуы, антигентаныстырушы жасушалармен иммундық кешен түріндегі антигендерді ұстау, В­ лимфоциттердің белсеінуі және апоптозға ұшырауан жасушалардың элиминациясы.

Сонымен катар, В-лимфоциттсрдің бірқатар қызметтері комплементтің рецепторлармен байланысты. Мәселен, құрамында СЗ компоненті бар иммундық кешендер В-лимфоциттерге CR3 рецепторы арқылы әсер етеді және олардың өсуі мен белсенуін ынталандырады. В-лимфоциттердегі комплементке арналған рецептор осы жасушалардың белсенуі, антигендерді ұстауы, лимфа түйіндерінде ұрықтық орталықтардың қалыптасуы, сонымен қатар В-зерде жасушаларының сақталуы үшін керек. Тимустәуелді антигендерге қарсы иммундық жауап үрдісі кезінде В-лимфоциттерде осы рецепторлардың болуы оларды апоптоздан қорғайды.

 

Бүгінгі  күнде комплемент жүйесі белсенуінің 3 механизмі белгілі:

  1. классикалық жол;
  2. альтернативтік жол;
  3. лектинді жол.

Комплемент жүйесінің белсендірілу механизмдері

Қалыпты жағдайда комлемент нәруыздары қан саруында белсенсіз ізашарлар түрінде болады. Олардың микробтармен немесе иммундық кешендермен байланысуы каскадты активтену серпілісіне және белсенді компоненттердің жинақталуына алып келеді. Нәтижесінде, ферментативті серпіліс әсерінен, белгілі бір тәртіппен, компоненттердің ыдырауы басталады. Бір серпілістің өнімі келесі кезең үшін фермент түзеді. Активацияның басталуына шағын стимул себепші болады және онын кейбір кезендері Са2+ және Mg2+ иондарына тәуелді.

Әрбір компонент активация кезінде 2 немесе одан көп фрагменттерге ыдырайды. Фрагменттердің біреуі жасуша мембранасындағы рецептормен немесе басқа құрылыммен байланысады, ал екіншісі – келесі компоненттің активтенуін шақырады.

Комплемент жуйесінің активтснуі геометриялық прогрессия заңы бойынша журеді, яғни активацияның әрбір кезеңінде көптеген жаңа молекулалар қосылып отырады. Сондыктан тек бір С1 молекуласының активтенуі мыңдаған мембрананны зақымдайтын белсенді С5-9 кешендерінің (лизистік кешендер) түзілуіне алып келеді. Лизистік кешендер нысана-жасушаның мембранасын закымдайды

Комплемент  жүйесінің классикалық жолмен белсендірілуі

Комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуі арнайы  болып келеді, себебі онын басталуы үшін антиденелер қ-тысуы керек.

Комплемент  классикалық жолмен активтенуі иммундық кешендердің түзілуінен басталады. Бірақ,  мұндағы маңызды жағдайдың бірі – иммундық кешендерінің  құрамына иммуноглобулиндердің белгілі бір кластары мен подкластарына кіретін антиденелер болуы тиіс. Адамдарда оларға  IgM, IgG1  және IgG3  жатады.

CI молекуласы мен антиген-ангидене кешенінің байланысуы классикалық жолдың негізі болып табылады. Нәтижесінде комплемент жүйесінің активтенуі басталады. С1 компоненті Clq, С1r және CIs деген 3 суббірліктен тұрады. Олар активтенуге дейін қан плазмасында байланыспаған түрде кездеседі. Активация басталу үшін аталған үш суббірлік біртұтас кешен түрінде «жинақталуы» тиіс, яғни ферментативтік белсенділігі бар С1 молекуласы қалыптасуы керек. Бірақ суббірліктер «жинақталу» үшін белгілі жағдайлар керек.

Біріншіден, комплемент жүйесі классикалық жолмен актив­тену механизмі басталу үшін антиген антиденемен байланысын иммундық кешен түзілу  керек.

Иммундық кешендер түзілген жағдайда, иммуноглобулиндердің Fc-фрагменттері ұзындығының кішіреюімен сипатталатын өзгерістер басталады. Бұл иммуноглобулин молекулаларының конформациялық қайта құрылуының нәтижесі болып табылады, нәтижесінде Clq байланысуы үшін белсенді орталық түзіледі. Аталған орталык, СН2 доменінде, иммуноглобулин молекуласының шиыршықты аймағына жақын қалыптасады.

Екіншіден, Clq эффективті байланысу үшін СН2 доменде бір орталықтың болуы жеткіліксіз. Кем дегенде осындай екі орталык және олар бір-бірінен белгілі бір ара қашықтықты болуы тиіс. Бұл ара қашыктық 1000А (1°А=І0 -8 см) артық болмауы керек және ол қашықтықты «ккритикалықк» деп атайды.

Байланысқан Clq молекуласына С1r  суббірлігі, одан кейін C1s қосылады. Нәтижесінде эстеразды белсенділігі бар белсенді С1 молекуласы түзіледі. Ол комплементтің активтенуінің келесі кезендерін іске қосады. Егер антигенмен байланысқан IgG моле-куласының Ғс-фрагменттері арасындағы ара қашықтық 1000А артық болса, Clq суббірлігінің эффективті байланысуы болмайды, осының салдарынан комплемент жүйесінің келесі кезеңдерінің активтенуін қамтамасыз ететін С1 молекуласының «жинақталуы» жүзеге аспайды. Бұл жағдай жиірек болуы мүмкін, сондықтан IgG комплемент жүйесінің салыстармалы түрде эффективтілігі төмен активатор.

Сарысулық IgM молекуласының пентамерлік стереохимиясы келесідей: оның көршілес мономерлік суббірліктері бір-бірінен «критикалық» ара қашықтықта орналасқан, яғни IgM молекуласының құрылылмның өзі Clq эффективті байланысуың қамтамасыз етеді. Сондықтан IgM барлық иммноглобулиндердің ішінде комплемент жүйесін классикалық жолмен активтейтін ең қуатты активатор болып табылады.

Активтенген С1 молекуласы жасуша мембранасындағы сәйкес орталықтармен байланысады және С4 пен С2 молекулаларының активтенуі мен ыдырауын шақыратын каталитикалық орталық қызметін атқарады. С4 компоненті 2 фрагментке ыдырайды: С4а және C4b. С2 компоненті де С2а және С2b фрагменттеріне ыдырайды .

С2 және С4 молекулаларының әрбір жұбы ыдырған жағдайда түзілген С4а мен 2 b сұйық фазаға өтеді, ал қалған С4 b мен С2а фрагменттері С4-2 кешенін түзеді. Ол кешен С1 молекуласынан босайды да жасуша мембранасымен байланысады. Ал босаған С1 келесі С4 пен С2 молекулаларын ыдыратады. Осылайша эффект үдей түседі.

С4-2 кешені өз кезегінде СЗ компонентің активтейтін және ыдырататын каталитикалық орталыққа айналады. СЗ екі фрагментке ыдырайды: СЗа – сұйық фазаға өтеді, ал СЗ b жасуша мембранасымен байланысады. СЗ b фрагменті С5 компонентін ыдырататын каталитикалық орталық қызметіы атқарады. Активте-ну нәтижесінде тузілген С5а сұйық фазага өтеді, ал С5 b жасуша мембранасымен байланысқан түрінде қалады.

С5 b өте лабилді жіне ол тек С6 жіне С7 компоненттерімен байланысқан кезде тұрақтанады. С5b67 кешені ерігіш немесе нысана-жасушаның мембранасымен байланысқан түрінде болуы мүмкін. Мембранамен байланысқан С5b67 өзіне С8 бен С9 қосады, нәтижесінде С5-9 макромолекуяалы кешендер түзіледі. Оларды мембрананы заңымдаушы кешендер немесе лизистік кешендер деп те атайды. С5-9 лизистік кешендері жасуша мембранасында ошақтық ультрақұрылымдық зақымдалуды шақыру салдарынан жасуша лизиске ұшырайды.

Комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуі кезінде компоненттердің үрдіске қатысу тәртібі 10-шы суретте берілген.

С9 молекуласы перфоринге ұқсас нәруыз. Перфорин сияқты С9 да мембрана фосфолипидтерімен байланысқан жағдайда полимеризацияға ұшырайды, нәтнжесінде цилиндрлік кешендер калыптасады. Цилиндрлер мембрананың бүтіндігін бұзатын саңлаулардың түзілуіне алып келеді. Олар арқылы Н+, Na++ және Н 20 кіруіне мүмкіншілік пайда болу салдарынан жасуша осмостық лизиске ұшырайды. С5-9 кешені сұйық фазада да болуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда оның белсенділігі өте төмен. Бұл жағдай оның кұрамында сарысулық S нәруызының болуымен түсіндіреді. Аталған нәруыз белсенді С5-9 кешенінің түзілуіне кедергі жасайды деген болжам бар. Төменгі тығыздықты липопротеидтердің де осындай белсенділігі бар. Кейбір тежегіш субстанциялар (протектив, гликоферин) мембрана кұрамында лизистік кешендермен байланысады және жасуша лизисінің жүзеге асуына кедергі жасайды, мәселен, жасушаны аутолизден қорғайды.

Комплемент жүйесінің биологиялық әсерлері:

– нысана-жасушаларға және жоғары молекулалық иммундық кешендерге лизистік әсер ету (С5-9 кешені);

– иммундық  жабысу (СЗ b фрагменті);

– хемотаксис – сұйық фазаға өткен комплемент фрагменттеріне (СЗа, С5а, С5 b 67) қарай лейкоциттердің жылжуы. Осының салдарынан иммунологиялық серпіліс дамыған ошақта макрофаттар мен нейтрофилдер жинақталады. Олар иммундық кешендер мен антиген гидролизі нәтижесінде түзілген өнімдерді фагоцитозға ұшыратады. С5 компонентінің жетіспеушілігі кезінде қабыну ошақтарында нейтрофилді инфильтрация болмайды.

– комплемент жүйесінің активтенуі СЗа және 5а анафилактоксиндерінің түзілуіне алып келеді, олардың физиологиялық ролі – мес жасушалары мен базофилдердің белсенуі мен дегрануляциясын шақыру. Натижесінде бөлінген биологиялық белсенді заттар (гистамин, серотонин, брадикинин және т.б.) қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылата отырып фагоциттердің серпіліс ошағына өтуін қамтамасыз етеді. Бірақ, СЗа мен С5а фрагменттерінің шамадан тыс түзілуі кезінде вазоактивті аминдер мен арахидон қышқылының метаболиттерінің көп мөлшерде бөлінуіне байланысты жүрек-тамвр коллапсы мен бронхоспазм дамуы мүмкін, яғни анафилаксияға ұқсас жағдай дамиды.

– кинин жүйесініц белсенуі (С2 b) де қан тамырлары өткізгіштігінің жоғарылауына алып келеді.

Комплемент жүйесінің активтенуі барысында, активацияның әрбір кезеңіне қатысатын молекулалар саны үнемі көбейіп отыратын болғандықтан, олардың реттелуін қамтамасыз ететін арнайы жүйе керек. Активацияның әрбір кезеңі сәйкес тежегішпен бакыланады. Ең маңыздысы – комплементінің  бірінші және үшінші кампоненттерінің тежегіштері Олар С1ИНА (С1-инактиватор) және СЗИНА (СЗ-инактиватор). Комплементтің активтену механизмдеріндс С1 және СЗ компоненттері шешуші орын алатын болғандықтан (классикалық жолмен активтену СІ-ден басталады, ал альтернативті жолмен активтену – СЗ), аталған тежегіштер негізгі болып саналады.

Адамның жасушалары комплементтің әсесрінен мембранды нәруыздар арқылы қорғанады. Комплементтің реттегішітері комплементтің меншікті жасушаларға қарсы лизистік потенциалын, сонымен қатар көптеген биохимиялық үрдістерге қарсы бақылаусыз әсерін тежейді.

Тежегіштер комплемент активтенуінің мөлшерін шектейді және оның әртүрлі циклдары арасындағы тепе-тендікті қадағалайды. Тұқым қуалайтын кейбір аурулар тежегіштер өнімінің жетіспеушілігімен байланысты. Мәселен, жиі кездесетін теріасты және шырышасты ісінулермен сипатталатын тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну С1ИНА жетіспеушілігі салдарынан дамиды.

Ісінулр бетт аяқ-қолдарда, жоғары тыныс жолдарының және ас-қорыту жолдарының шырыштарында пайда болады. Комекей шырышының ісінуі асфиксияға  алып келуі мүмкін. Мұндай ісінулер кезінде ауру сезім болмайды, қышымайды, есек жеммен сипатталмайды жәнее ұлақтығы 24-72 сағатқа созылады. Бұл көріністер бір немесе бірнеше ваюактивті пептидердің және кининдердің шамадан тыс өндірілуі әсерінен дамиды. Олар комплемент жүйесі активтенген жағдайда. С1ИНА жетіспеушілігі әсерінен бақылаусыз өндіріле бастайды.

СЗ компонентінің ыдырауын тежейтін СЗИНА жетіспеушілігі кезінде СЗа фрагменті өнімінің жоғарылауы байқалады. Мұндай науқастарда С3а әсерінен мес жасушаларының дегрануляциясы кезінде бөлшетін гистамин әсерінен айқын терілік қышыма болады.

Жоғарыда айтқандарды қорыта келе, комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуінің негізгі кезендерін кысқаша сипаттасак.

Бірінші кезең – антиген мен антидене байланысу нәтижесінде иммундык, кешеннің түзілуі. Антиген ерігіш болған жағдайда салыстырмалы түрде мөлшері кіші иммундық кешендер калыптасады. Корпускулярлы  антиген болуы мүмкін, әдетте ол микробты жасушалар мен вирустар, сондай-ақ бөгде жасушалар да антиген болуы мүмкін. Аталған барлық жағдайда комплемент жүйесінің активтенуімен байланысты дамитын оқиғалар әртүрлі дамуы мүмкін, бірақ принципиалды кестесі ортақ болады.

Екінші кезең иммуноглабулиндердің Ғс-фрагменттерінде Clq суббірлігі байланысатын белсенді орталықтың пайда болуымен сипатталады.. Белсенді СI молекуласы түзілгеннен кейін ғана комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтелуі басталады.

Үшінші кезең комплемент жүйесінің активтенуі нәтижесінде түзілген аралық және соңғы өнімдердің биологиялық  әсерлерімен байланысты. Сұйык фазаға өтетін С2b, СЗа, С5а және С5b67 фрагменттері мен комплементтің кешендері маңызды рөл атқарады. Олар анафилатоксикалық әсерді, фагоциттердің хемотаксисін  және қан тамырларының өткізгіштігін  жоғарыллатуды қамтамасыз етеді,  яғни экссудативті қабынуды сипаттайтын серпілістер кешені дамиды. Нәтижесінде серпіліс даму ошағы шектеледі жәнс фагоцитоз бен иммундық кешендердің шығуы ынталанады. Нысана-жасушалардың мембраналарымен байланысқан комплементтің компоненттері фагоцитозды едәуір жеңілдетеді (иммундық жабысу). Бұл кезде негізгі эффектор қызметін С5-9 лизистік кешені атқарады. Дәл осы аталған кешен антигеннің ыдырауын жүзеге асырады.

Қорыта келгенде, комплемент жүйесінің активтенуі антигендердің лизисімен қатар, осы лизис кезінде түзілген өнімдерді фагоцитозды ынталандыру және қан тамырларының өткізшіштігін  жоғарылату арқылы ағзадан шығуын қамтамасыз етеді Сондықтан комплемент жүйесін гуморалдық иммунды жауапты толықтыратын эффекторлық звено деп айтуға болады. Әрине, бұл жағдай жүйенің атынан да белгілі болса керек (comple­ment — толықтыру).

Мысал ретінде комплемент жүйесінің иммунды цитолизгс қатысу механизмін  қарастырайық ол антилимфоцитарлы сарысудың  (АЛС) әсері кезінде байқалады. АЛС – Т-лимфоцитермен иммунизацияға жауап ретінде үзілген  иммуноглобулиндердің қоспасы.   Клнникада АЛС лимфоидты тіндердің трансплантациясы кезінде дамитын «трансплантаттын иесінс қарсы серпілісін» алдын алу үшін қолданады. АЛС иммуноглобулиндерінің Ғс-фрагменттері Т-нысана-лимфоциттердің антигенді детерминанталарымен байланысады.   Нәтижесінде    иммуноглобулиндердің   Ғс–фрагменттерінде Clq байланысатын белсенді орталық түзіледі. Келесі кезеңдс белсенді С1 компонентінің «жинақталуы» және С4 пен С2 компоненттерінің серпіліске қосылуы  байқалады.   Нәтижесінде   СЗ   компонентің  активтейтін  және ыдырататын С4-2 кешені түзіледі. Содан кейін белгілі бір тәртіпнен С5, С6, С7, С8, С9 молекулалары серпіліске қосылады. Соңынан мембрананы зақымдайтын көптеген С5-9 лизистік кешендср түзіледі. Олар нысана-лимфоцитің мембранасын массивті түрде зақымдайды, нәтижесінде диаметрі 80-100А° ұсақ саңлаулар түзіледі де лимфоциттің цитоплазмасына су кіреді, ол ісінеді, жасушаішілік құрылымдары деградацияға ұшырайды  және меншікті лизосомды ферменттер белсенеді де жасуша жойылады.

Бұл оқиға тізбегі жасуша бетіндегі антигенді детерминанттармен байланысқан антиденелер комплеметтіен қосылған жағдайда үнемі дамиды. Шындығында, комплемент жүйесі осы көрініс арқылы ашылған еді. Бұл механизм негізінде комплементі байланыстыру серпілісі жатыр. Аталған серпіліс кезінде эритроциттердің гемолизі индикатор қызметін атқарады және ол антиген мен антидененің арнайы байланысуы әсерінен комплемент байланысқан жағ­дайда ғана дамиды (IgG эритроциттермен байланысады).

Сонымен қатар, классикалық жол арқылы комплемент-тәуелді бактериялардың лизисі жүзеге асады. Бактериялар антиденелермен кешенде болғандықтан фагоцитозға ұшырайды, ал ол жағдай антиденелердің белсенділігін опсонизациялаушы механизм болып табылады. Арнайы ангиденелер болған жагдайда фагоцитоздың күшейетіні белгілі.

Oл қалайша жүзеге асады? Нейтрофилдер мен макрофагтардың плазмаяық мембранасында иммуноглобулиндердің Ғс-фрагменттеріне және комплементтің СЗ компоненті үшін ргцепторлар кездеседі. Иммуноглобулин молекулаларының Ғс-фраг-менттері нейтрофилдер мен макрофагтардың Ғс-рецепторларымен байланысады, ал Ғаb-фрагменттері көмегімен антигеннің антигенді детерминантасымен байланысады. Иммуноглобулин молекуласының энергетикалық және конформациялық қайта құрылуы нәтижесінде, СН2 домені аймағында, комплементтің С1 компонентін байланыстыратын және оны активтейтін белсенді орталық түзіледі. Одан кейін комплемент жүйесінің келесі компоненттерінің активтенуі жоғарыда баяндалған механизм бойынша жүреді Активтену кезінде түзілген СЗb фрагмент макрофагтардың СЗ-рецепторларымен байланысады. Сонымен,  иммуноглобулин молекуласы антиген (бактериалды немесс дал осы ағза үшін бөгде жасуша) мен эффекторлы жасуша (макрофаг пен нейтрофил) арасындағы көпірше қызметін атқарады. Мембраны зақымдайтын С5-9 кешені бактериалды жасушаның мембранасын зақымдайды, ал макрофаг ыдырау нәтижесінде түзілген өнімдерді жұтады.

Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен белсенуі

Комплементтің алтернативті жолмен активтенуі антиденелердің қатысуынсыз жүреді, яғни арнайы емес жол. Ол ағзаның арнайы емес иммунитетінің ең маңызды компонентінің бірі. Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтеуінің классикалық жолдан айырмашылығы – активтену СЗ компонентінен басталады, осыған байланысты C1, С 4 және С2 компоненттері үрдіске қатыспайды. Бірақ альтернативті жолмен активтену міндетті түрде пропердин жүйесінің нәруыздарының қатысуымен жүреді.

СЗ компоненті активтену үшін құрылысы бойынша Т-тәуелсіз антигендерге жақын антигендер қатысуы керек. Көбіне альтернативті жолмен активтенуді табиғаты бойынша бактериалды заттар, ең біріншіден, бактериалды полисахаридтер мен липополисахаридтер, сондай-ақ бактериалды эндотоксиндер мен құрылымы бойынша полианионды басқа да жоғары молекулалы заттар шақырады.

Өте аз жағдайда альтернативті жолмен активтеілу иммуноглобулиндердің полимерлі агрегаттарының (IgA и IgG) және агрегацияланған иммундық кешендердің қатысуымен жүруі мүмкіи. Сонымен қатар, альтернативті жолмен активтену кейбір патологиялық үрдістер кезінде, әртүрлі ферменттердің әсерінен СЗ компонентінің активтенуі және ыдырауы мүмкін. Әсіресе, зақымдалған тіндердің протеазалары мен бактериалды протеазалар СЗ компонентінің ахтивтенуін шақыруы ықтимал.

Сонымен, алътернатшіті жолмен активтену кезінде СЗ компонентінің антигенмен тікелей байланысуы басты орын алады. СЗ компонентінің активтенуі магний мен кальций иондарының және пропердин жүйесінің В, D және Р факторларының қаты­суымен жүзеге асады.

Пропердин жүйесі – нәруыздар тобы, оларды әріптсермен белгілейді: D мен В – факторлар, ал Р – пропердин нәруызы. D факторы қан сарысуында белсенді фермент түрінде кездеседі, ал В факторы (ол құрылысы және қызметі бойынша С2 нәруызына ұқсас) субстрат болып табылады. D факторы табиғи В факторына протеолиздік әсер ете алмайды, оның әсері В факторы СЗb фрагментімен байланысқан жағдайда ғана жүзеге асады.

Комплемент жүйесінің барлық нәруыздары ішінде қан сарысуында концентрация жоғарысы – СЗ компоненті. Оның  қалыпты жагдайдағы концентрациясы 1,2 мг/мл құрайды.

Қан сарысуында аз мөлшерде СЗ компонентінің  спонтанды ыдырауы нәтижесінде түзілген СЗа мен СЗb фрагменттері үнемі болады.

СЗb бактерия қабырғаларының полисахаридтері және липополисахаридтерімен ковалентті түрде байланысады. Микроб жасушасымен байланысқан СЗb фрагменті В факторын қосып алады, нәтижесінде соңғысы D факторының әсерінен ыдырайды. Осының салдарынан СЗbВ кешені түзіледі, оны СЗ-проакпшватор деп атанды жэне ол біріншіден, сақиналы кері байланыс меха­низмі арқылы жаңа СЗ молекуласының активтейді. ал екіншіден, пропердинмек тұрақтанғаннан кейін СЗbВР кешенін түзеді. Ол кешен С5-конвертаза болып табылады, яғни ол С5 компонентінің активтенуі және ыдырауын шақырады, одан кейін серпіліске комплемент жүйесінің терминалды компоненттері косылады (классикалық жолға ұқсас).

Айтылған серпілістер, негізінен, СЗbИНА бакылауында болады. Аталған тежегіштің жетіспеушілігі кезінде серпілістің бакылаусыз ұлғаюы басталады, себебі СЗ компонентінің жаңа молекулалары СЗb фрагментіне дейін ыдырайды және ол пропердин жүйесімен байланысады. Түзілген СЗbВР кешендері С5 компонен­тінің ыдырауың ынталандырады. Ал оның салдарынан, жасуша мембранасын зақымдайтын С5-9 кешендерінің қалыптасуына ықпал ететін С5b фрагменттері, сонымен қатар анафилактикалық және хемотаксистік әсерлері бар С5а фрагменттер түізіледі.

11 -ші суретте комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтену тәртібі көрсетілген.

Сонымен, комплемент жүйесінің альтернативті жолмен актив­тенуі классикалық жолға ұқсас. Бірақ алътернативті жолдың қуаттылығы, ірі өнімділігі классикалық жолға қарағанда біршама төмен.

Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтенуі ағзаға енген микроорганизмдерден жедел қорғануды жүзеге асырады (антидене түзілу үрдісінен де бұрын). Сондықтан комплементтің альтернативті жолмен активтенуі – микробтардан арнайы емес қорғанудың ерекше маңызды механизмі.

СЗ компонентінің жетіспеушілігі және комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтенуіндегі басқа да бұзылыстар кейбір бактериалды жұқпаларға (пневмококкты, гонококкты) сезімталдықтың жоғарылуына және аталған аурулардың ауыр ағымда өтуіне себепші болады.

Протеолитикалық ферменттердің әсерінен, мысалы, тіндік протеазалардың әсерінен СЗ компонентінің спонтанды ыдырауы байқалуы мүмкін. Нәтижесінде альтернативті жолмен активтену басталады және зақымдалған тіндерде деструкция ошақтары пайда бола бастайды. Мұндай жағдай, көбіне, жарақаттар мен созылмалы қабыну үрдістері кезінде дамиды.

Комплемент жүйесінің лектинді жолмен белсенуі

Комплемент жүйесін антиденелердің қатысуынсыз кейбір линидтер мен көмірсулар шақыра алады. Мысалы, манноза. Комп­лемент жүйесінің лектинді жолмен активтелуі маннанбайланыстырушы лектиннің (MCL – mannose-binding lectin) микробты жасушаның беткей құрылымдық көмірсуларымен, соның ішінде, манноза қалдықтарымен байланысуынан басталады.

MCL коллектинлер тұкымдастығына жатады, олар коллаген тәріздес аймақтан және лектинді доменнен тұрады. Бұл нәруыз манноза қалдықтарын көптеген микробты жасуша бетінде байланыстырады. MCL моноциттердің фагоцитозы үшін микробты жасушаларды опсонизацияға ұшыратады. Моноциттердің жетілген макрофагтардан айырмашылығы – манноза үшін меншікті рецептордың болмауы.

MCL жаңа туған нәрестелердің қан сарысуында балалы және оның деңгейі өмірінің алғашқы апталарында ересек адамдардың денгейіне жетеді. Қан сарысуындағы MCL деңгейі шамамен 1500 мкг/мл. Аталған нәруыздың мөлшері қабыну үрдістері кезінде жоғарылайды, сондықтан оны жедел кезенлік нәруыз деп атайды. Маннанбайланыстырушы лектин ТНF-а, ИЛ-1 және ИЛ-6 цитокиндері беретін белгі бойынша бауырда өндіріледі.

Екіншілік құрылысы жәнс кызметтері бойынша MCL Clq суббірлігіне ұқсас. Микробты жасушамен байланысқан кейін MCL протеазаны белсендіретін қабілетке ие болады, яғни С4 және С2 компоненттерінің активтенуі мен ыдырауын шақырады, оның салдарынан комплемент жүйесінің активтену серпілістерінің келесі кезеңдері іске қосылады. Лектинді жолдың одан кейінгі кезеңдері толығымен комплементтің классикалық жолмен активтенуіне сәйкес келеді.

Комплемент жүйесінің жеткіліксіздігі

Комплемент жүйесінің жеткіліксіздігі 1919 жылы ашылды.Бұл плазматикалық нәруыздардың алғашқы аутосомды-тұқымқуалаушық бұзылысы болды.Алайда комплемент жүйесінің тұқым қуалаушылық патологияларын түбегейлі зерттеу 20-ғасырдың екінші жартысында қолға алынды.Бұл өз кезегінде қазіргі уақытта адамның ең кең таралған тұқым қуалаушы нәруыздық бұзылыстары болып табылатын аталған жүйенің тұқым қуалаушылық бұзылыстарының жиілігіне деген көзқарасты өзгертті.
Комплементтің барлық бұзылыстарын негізгі 3 типке бөледі:

 

  • С-активті реакцияның жүйені пайдалана отырып тоздыруы,мысалы иммундық комплекстер -жүйелік қызыл жегілер,ревматойдтық артрит т.б.;
  • Жеке компоненттердің функциональдық жеткіліксіздігі;
  • Жеке компоненттер синтезінің тұқымқуалаушы бұзылыстары;

Комплемент жүйесінің құрамына 20-шақты нәруыз кіретіндіктен оның тұқым қуалаушылық бұзылыстары да сан алуан болып келеді.Мәселен,Классикалық,альтернативтік немесе лектинді активтену механизмдерінің бір немесе бірнее нәруыздарының түсіп қалуы не синтезделмеуі және т.б.Аталған дефекттер нәруыздық молекуларлар синтезінің болмауы немесе олардың құрылымының мутация салдарынан өзгеруі(белсенділік көрсете алмауы) болып табылады.Көп жағдайда классикалық жол компоненттерінің синтезінің бұзылыстары кодоминанттық жолмен тұқым қуалайды.С1-эстераза ингибиторының жеткіліксіздігі доминанттық жолмен,ал пропердиннің жеткіліксіздігі жыныспен байланысында жүруімен ерекшеленеді.

Бүгінгі күнге дейін комплемент жүйсінің жеткіліксіздігі өте сирек кездеседі деп есептеліп келді,алайда олардың адмда кездесетін нәруыздық бұзылыстардың ең кең таралған түрі екендігі жайлы деректер шыға бастады.Жеткіліксіздік гені С2-С2QO тұрғындардың 1% кезесіп,гомозиталық жағдайда 1:10 000-қатынасы түрінде кездеседі.

       Комплемент жүйесі бұзылыстары(КЖБ)

 Орфандық(сирек кездесетін) аурулар

Жалпы сипаттамасы

Комплемент жүйесі бұзылыстары(КЖБ) 1%-ке жуық кездесетін адамның біріншілікті иммунтапшылық жағдайына жатады.Негізінен комплемент жүйесі бөгде патогенді вирусты-бактериялдық инфекцияларға жауап беруде аса маңызды рөл ойнайтын 9 компоненттен тұрады.КЖБ адамның ауруларға төтеп беру қабілетін төмендетеді.көп жағдайда: C1, С2, С4, С6 және С10 компоненттеоінің бұзылыстары жиірек байқалады.Әрбір компонент бұзылысының өзіне тән ерекше көріністері болады.Аталған бұзылыстар генетиаклық тұқым қуалаушылыққа ие деп есептеледі.Тұқым қуалаушылық аутосомды-рецессивті жолмен жүзеге асады:гетерозиготалы тасымалдаушыларда бұзылған комплемент ақуызы 50%-ға дейін төмен,және бұл лабораториялық жағдайда диагностикалауға мүмкіндік береді.Комплемент жүйесінің бұзылыстары сепсистік көріністе болады,ал С3 компонентінің жеткіліксіздігі летальді аяқталуы мүмкін.Ауру болжамы негізінен жағымысыз болып келеді,біріақ қазіргі заманауи диагностиак арқылы анықтап тоқтаусыз ем жасау нәтижесінде науқастың өмірін біршама пролонгациялауға(ұзартуға) мүмкіндік бар.

Комплемент жүйесі бұзылыстарының симптомдары

Аурулар әр компоненттің өзіне сай көріністерімен сипатталады:

С1 компонентінің жетіспеушілігі:жүйелік васкулиттер,пневмония,остеомиелит,менингит,сепсис,тұқым қуалаушы ангионевроздыұ ісіктер,люпус-нефрит.

С2 компонентінің жетіспеушілігі: ксеродерма, капилляротоксикоз, герпетиформнды дерматит, ходжкинс лимфомасы, созылмалы лимфолейкоз.

С3 компонентінің жетіспеушілігі: пневмония, менингиты, флегмона, перитониты, СКВ, реактивті артриттер, дерматит, гломерулонефрит, Шегрен синдромы.

С4 компонентінің жетіспеушілігі:инфекциялар байқалмайды,Шегрен синдромы,алақан гигеркератозы,инсулинтәуелді қантты диабет.

Терминальді компоненттер жетіспеушіліг(С5-С9): N. meningitidіs және  N. Gonorrhoeae-пен пайда болған  ауыр инфекциялар дамуы, , пневмония, , менингококкцемия, менингококкты менингит.Бұл жағдайларда гонорея ауыр және антибиотиктерге резистетті жағдайда өтеді.

            Клинико-функционалдық көріністеріне сай комплемент жүйесінің тұқым қуалаушылық бұзылыстарын 5 санатқа бөлеміз:

  • Классикалық жолдың бастапқы кезеңдерінің белсенуінің бұзылыстары;
  • С3- және С3b-ингибиторларының бжұзылыстары;
  • Терминальді компоненттердің бұзылыстары;
  • Альтернативті жол компоненттерінің бұзылыстары;
  • Лектинді жол бұзылыстары;

Комплемент жүйесі компоненттерінің жетіспеушілігінің сипаттамасы

  • С1 жеткіліксіздігі;
  • С1 ингибиторының жеткіліксіздігі;
  • С2 жеткіліксіздігі;
  • С3 ингибиторының жеткіліксіздігі;
  • С3 жеткіліксіздігі; 

Комплемент жүйесінің жеткіліксіздігі

Комплемент жүйесі  Бұзылыстың көріністері
С1 Сарысу бактерицидтілігінен айырылады.Қайталама инфекция,отит,буындар ақаулығы т.б
С2 Сарысу бактерицидтілігі,вирустық инфекциялар,дәненекер тіннің диффузды аурулары,гломерулонефрит пен тромбоцитке бейімділікке себепші болуы мүмкін.
С3 Бұл компонент комплементтің ферменттік реттеуші қасиетінің қалыптасуында маңызды рөл ойнайды.С3-тің жетіспеушілігінде өлім қауіпі жоғары.
С5 Ауыр ішек инфекциясы(грамтеріс қоздырушылар себебінен),тері зақымданулары.
С6 Буын аурулары-спецификалық артрит,қанның ұйығыштығы бұзылады.
С7 Дәнекер тіннің диффузды аурулары.
С5-8 Гонококты  және  менингококты инфекцияларға бейімділік.

 

С1 жеткіліксіздігі

С1 компонентінің жеткіліксіздігі – комплемент жүйесінің алғашқы компонентінің патологиясы болып табылады.Бұл компонент Clg,Cls,C1г деп аталатын, кальци ионы қатысуымен С1-ді қалыптастыратын құрам бөлшектерден(суббірліктерден) тұрады.Аталған суббірліктердің бірінің жетіспеуі С1 компонентінің қалыптасуы мен классикалық активтенуін бұзады. Clg-нің өте төмен мөлшері гипогаммаглобулинемия,біріктірілген иммунологиялық жеткіліксіздіктер сүйек кемігін ауыстырған соң пайда болады. Clg компоненті көп жағдайда бүйрек васкулитінде белгілі иммундық кешендер құрамында табылады. Cls мен C1г жеткіліксіздіктері жекелеген жағдайларда СКВ-мен байланысты. Гипогаммаглобулинемияның екіншілік көріністері компоненттердің иммундық кешендер құрамнындағы тым артуынан да дамиды.

С1 ингибиторының жеткіліксіздігі

С1 ингибиторының жеткіліксіздігі – ангионевроздық және идиопатиялық клиникалық көріністермен сипатталатын тұқым қуалайтын патоогия.

С2 жеткіліксіздігі

С2 жеткіліксіздігі – бұл комплементтің екінші компонентінің жетіспеушілігімен пайда болған тұқым қуалаушы патология.Аутосомды-рецессивті тұқым қуатын,10 000-нан бір адамда кездеседі.Сау гетерозиготалы тасымалдаушыларда С2 компонентінің активтілігі қалыпты жағдайда 50% құрайды.Сау адамдар С2-нің жетіспеушілігі болуы да мүмкін.С2 жетіспеушілігі көбіне:СКВ,дискоидтық қызылжегі,гломерулонефриттермен сипатталады.СКВ кезінде С2 компонентінің белсенділігі 6%-ға дейін төмендейді.С2-ні кодтаушы локус алтыншы хромосомада орналасқан және гистосәйкестік антигенімен байланыста.Осыған байланысты С2 бұзылысы механизмінің бірнеше гипотезалары бар:вирустарды нейтралдау қасиетінің өзгеруі,олардың ұзақ мерзімді персистенциясына ікеледі; сарысулық факторлар арқылы иммундық кешендер солюбилизациясының бұзылыстары,ал ол тамырлар қабырғасына жиналуға әкеледі;иммундық жауап қызметінің бұзылуы;Науқастарда сарысудың гемолитикалық белсенділігі,бактерицидтік белсенділігі,иммундық жабысу қасиеті төмендеген.

С3 ингибиторының жетіспеушілігі

С3 ингибиторының жетіспеушілігі – Жиі кездесетін,комплемент жүйесінің үшінші компонентінің патологиясы болып табылады.Жетіспеушілігі белсендіруші факторлар әсерін күшейтіп,С3-тің гиперкатаболизмін туғыза отырып оның сарысудағы жұмсалып,азаюын тездетеді.Бұл патология кезінде С3-тің плазмадағы концентрациясы 520%-ды құрайды.Катаболизм 5 есе күшейген, сарысу гемолитикалық активтілігі мен бактериялық опсонизация әлсіреген.Алкогольдік циррозбен ауыратын науқастрда С3-тің  салқын инактивациясына алып келеді.

С3 Жетіспеушілігі

С3 Жетіспеушілігі – бұл комплемент жүйесінің бесінші компонентінің тұқым қуалаушылық патологиясы.Ауру аутосомды-доминантты тұқым қуалаушы сипатта болады,емізулі балаларда,бастың шашты бөлігінде эритематозды дерматоз түрінде,диарея,лимфоаденопатиялармен көрініс береді.Алдын ала болжау көбіне жағымды сипатқа ұласды,бірнеше апта ішінде жазылады.Лейкоциттер хемотаксисінің бұзылуы байқалады.

Комплемент жүйесінің бұзылыстарынан дамитын аурулар сипаттамалары

Комплемент жүйесі аурулары– комплемент жүйесінің құрамына кіретін әртүрлі компоненттерінің,олардың ингибиторларының жеткіліксіздігі мен бұзылыстарынан болатын патологиялық процестер.Бұл аурулар кезінте комплемент жүйесінің активтенуінің классикалық және альтернативті синтезінің бұзылыстарымен жүреді.Комплемент жүйесі ауруларының негізгі белгілеріне мыналар жатады:Жүйелік қызылжегі мен дискодтық түрі;сарысу құрамындағы иммуноглобулиндер қалыпты жағдайда болып,гипогаммаглобулинемиямен жүретін қайталама вирустық және бактериальдық инфекция;нейссириялық генеральдық инфекциялар(менингококкты сепсис);

Бүгінгі күні комплемеінтің кейбір факторларының генетикалық тапшылығы сипатталған және олардың бактериалды жұқпаларға, қабыну үрдістеріне және иммундық кешенді ауруларға сезімталдықтың жоғарылуымен байланыс бар екендігі анықталған.

Комплементтің жетіспеушілігі кезінде пиогенді микроорганизмдердің белсенділігі жоғарылайды. Олар, негізінен, фагациттерде жасушаішілік киллинг нәтижесінде деструкцияга ұшырайды. Бұл үрдіс антидене түзілуі мен комплемент жүйесінің жетіспеушілігі жәнс фагоциттердің дисфункциясы кезінде бұзылады. Әсіресс, комплементтің классикалық жолмен активтенуін шақыратын алғашқы- компоненттерінің жетіспеушілігінің маңызы өте зор, себебі иммундық жабысу (СЗb) қызметі бұзылады және фагоциттердің хемотаксисі төмендейді.

Нейссерияларға сезімталдық (N. meningitidis, N. gonorrhoeae) мембранды зақымдаушы кешендерді түзетін компоненттердің, сонымен қатар альтернативті қаскадтың компоненттері жетіспеушілігі кезінде күрт жоғарылайды.

Иммундық кешенді патологиялардың алдын алу – комплемент жүйесінің ең негізгі қызметтерінің бірі. Комплемент жүйесі мен иммундық кешендер арасында ерекше жағдай бар. Бір жагынан, комплемент иммундық кешенді қабынудың дамуына қатысса, екінші жағынан классикалық жолдың алғашқы компоненттерінің генетикалық жетіспеушілігі бар науқастарда аутоиммундық иммундық кешенді патология дамиды. Себебі иммундық жабысуды (СЗ b) және фагоциттердің хемотаксисін (СЗа) қамтамасыз ететін фрагменттердің жетіспеушілігіне байланысты иммундық кешендердің фагоцитозы төмендейді.

Иммундық кешендердің жинақталуы кезінде дамитыт компле­мент жүйесінің шамадан тыс активтенуі тіндердің зақымдалуына алып келуі мүмкін. СЗа мен С5а нәруыздары хемотаксисті ынталандыру арқылы қабыну ошағында нейтрофилдердің жиналуына ықпал етеді. Сонымен қатар, СЗа ме С5а фрагменттерінің анафилактикалық белсенділігі әсерінен гистаминнің бөлінуі қабыну үрдісін күшейтеді және қан тамырларының өткізгішгігің жоғарылатады.

Грамтеріс бактериялармен шақырылатын сепсис кезінде комплементтің жедел активтенуі байқалады. Бұл кезде науқастардың қанында айналымдағы иммундық кешендердің концентрациясы тез жоғарылайды. Ал ағзадан шығарылуы күрделі (созылмалы жұқпалар) персистентті антигендерге қарсы бағытталған иммундық жауап кезінде және аутоиммундық немесе аллергиялық генездегі иммундық патологиялар кезінде комплемент жүйесінің созылмалы түрде активтенуі байқалуы мүмкін. Қан айналымы бұзылған жағдайларда (ишемия, инфаркт) мембранды зақымдаушы кешендердің түзілуі жоғарылауы салдарынан тіндердің зақымдалу үрдісі күшейеді.

Қан плазмасындағы комплементтің нәруыздарынан шектелген орталық жүйке жүйесінде қабыну алды цитокиндері әсерінен наруыздардың түзілуі ынталануы мүмкін. Ол комплемет жүйесінің толық қызмет етуіне алып келеді. Тіндік макрофагтарға жататын астроциттерде комплемент компоненттерін және олардың рецепторларын өндіру қабілеті бар. Комплемент нәруыздарының жергілікті активтенуі ОЖЖ қабыну және дегенеративті аурулары кезінде (Альцгеймер ауруы, мидың ишемиясы мен жарақаттары) байқалады. Шашыранды склероз кезінде комплементтің активтенуі олигодендроциттердің бетінде тікелей жүреді, ал Альц­геймер ауруы кезінде β-амилоидтар комплементтің жергілікті ак-тивтенуін шақыру арқылы нейрондардың  зақымдануына әкеледі. Комплементтің фрагменттері арқылы миға кейбір вирустардың жұтуы мүмкін. Олардың қатарына адамның иммундық тапшылық вирусы, Эпштейн-Барр вирусы, қызылша вирусы және басқалары жатады. Қазіргі кезде комплемент жүйесінің жүйке ауруларының дамуындағы рөлі зерттелуде.

Комплемент жүйесі бұзылыстарының диагностикасы

Келесі лабораториялық әдістермен анықтауға болады:

  • Қанның жалпы анализі(ҚЖА): анемия, лейкопения, тромбоцитопения, эозинофилия;
  • Сарысудағы:IgJ, IgМ және IgA санын анықтау және IgE жалпы мөлшерін анықтау;
  • Фагоциттерді зерттеу;
  • Сарысудағы IgM мөлшерін білу үшін изогеммаглютининдерді анықтау;
  • Тердегі хлор мөлшері мен ұйқы безінің экзокринді қызметін анықтау;Теріге аллергиялық сынамаларды қою;
  • Комплементтік белсенділік титрін анықтау:титрдің жеткіліксіздігі немесе оның анықталмайтын мөлшерде болуы тұқым қуалайтын комплементтік бұзылыстың барын дәлелдейді;
  • Т- В- лимфоциттер санын,субпопуляциясын анықтау;
  • лимфа түйіндері,ішек пен тимус биопсиясы;

Көптеген аурулар кезінде комплемент жүйесіне баға беру әдістері толық ақпарат бермейді, бірақ бұл жүйені одан ары қарай зерттеулер аурудың әртүрлі кезендерінде көмпонементтің нэруыздары мен немесе оларға арналған рецепторларының концентрациясы бойынша индивидуалды өзгерістер динамикасына қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Анамнезінде генетикалық аномалиялармен байланысы бар жиі бактериалды жұқпалар болған жағдайда комплемент жүйесін міндетті түрде зертптеу керек. Жүйелі қызыл жегі ауруы да комплемент жүйесінің туа біткен жетіспеушілігімен жиі ассоциацияланған.

Көптеген аурулар кезінде қан сарысуында комплемент компонентерінің денгейі төмендейді. Комплементтің жетіспеушілігі оның пайдалануының. ыдырауының және тежегіштер өндірілуінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін, сондай-ақ компоненттердің өндірілуінің генетикалық тұрғыда төмендеуі, аутоантиденелердің әсері және басқа да факторлар әсерінен болуы мүмкін. Клиникада комплемент компоненттерінің концентрациясының төмендеуі туралы мәліметтер жоғарылауына Карағанда маңызды. Себебі, комплементтің компоненттері жедел кезендік нәруыздар қызметін атқаратын болғандықтан, олардың деңгейінің жоғарылуы тек өндірілудің жоғарылауын ғана емес, сонымен қатар қабыну үрдісі мен тежегіштердің жетіспеушілігін және т.б. жағдайларды сипаттауы мүмкін.

Комплемент жүйесінің проблемалары иммунологтардың үнемі назарында. Әрине, алғашында комплемент тек жұқпалардан қоргану механизмі ретінде ғана қарастырылған. Комплементтің нәруыздарына арналған рецепторлардың ашылуы және басқа да реттегіш факторлардың анықталуы комплемент жүйесіне басқа көзқараспен қарауға мүмкіншілік берді. Комплемент жүиесінің активтенуінің жетіспеушілігі бірқатар аурулардың патогенезінде маңызды рөл атқаратыны белгілі болды. Комплемснттің иммундық жүйесінің қызмет атқаруындағы шынайы орны мен көптсген ауруларының патогенезіндегі маңызын әлі де анықтау керек.

Комплемент жүйесі бұзылыстарын емдеу жолдары

Ең алдымен диеталық шектеулер қоюдан(көмірсулар мен өсімдік майына тыйым салынады),гигиеналық және асептикалық шаралардан басталады:бірінші кезекте инфекциялық аурулардың алдын алу қажет.Қажет болған жағдайда антибиотиктер қолданылады.Бірақ тірі вакциналар мен гематранфузиялар салуға тыйым салынады.Негізінен КЖБ-ғы емдеуде барлық этиопатогенетикалық және алмастырушы терапия қолданылуы мүмкін емес.Сондықтан да жетіспейтін ферментті енгізумен сипатталатын симптоматикалық,жас қатырылған плазма құю,адрогендік препараттар(Даназол,Станозолол) қолдану арқылы емдеу жүргізіледі.

Негізгі емдік препараттар

Қарсы көрсетілімдері де болуы мүмкін.Маман кеңесіне жүгіну міндетті түрде қажет.Даназол(антигонодотропты дәрі).Дозалау уақыты:ангионероздық ісіктердің алдын алу үшін алдымен ішке бастапқы 200мг доза,кейін 1-3 ай ішінде ақырындап азайтылады.Станозолол(Винстрол)-анаболитикалық стероид.Доалау уақыты:ересектерге тамақтан алдын не кейін 2мг/күніне;балаларға 2- 6 жас аралығында-1мг/күніне;6-12 жас аралығындағыларға-2мг/күніне тағайындалады.

Кеңесуге ұсынылады:

  • Гематологпен кеңесу;
  • Иммунологпен кеңесу;
  • Аллергологпен кеңесу;

Қорытынды

Жалпы,адам ағзасында бөтен патологиялық əсер етуші факторларға қарсы тұракты иммундық жүйесі болады.Оны:туа біткен жəне жүре пайда болған деп бөлеміз.Ал біздің бүгінгі қарастырып отырған негізгі мəселеміз- гуморальдық иммунитеттің бір бөлшегі болып табылатын комплемент жүйесінің бұзылыстары болмақ.

Ал осы тақырыпта баяндалғалы отырған иммундық жүйенің ең тамаша қаруларының бірі ол – комплемент жүйесі.Комплемент жүйесі деп иммундық бірқатар реакцияларды жүзеге асырушы қан сарысуында топтасқан,каскадтық механизм түзетін ақуыздар кешені.Аталған нəруыздар кешені протеолитикалық белсенділік көрсетуі арқылы ағзаға түскен бөгде заттарды:түрлі вирустар,бактериялар,саңырауқұлақ,қарапайымдар тағы да басқа түрлі антигенді-патогендік факторларды лизиске ұшыратып ағзадан шығарылуына жағдай жасайды.

Комплемент жүйесінің бұзылысы иммундық жүйе мен ағза үшін орны толмас летальді-сублетальді жағдай болып табылады.Көп уақытқа дейін комплемент жүйесінің бұзылыстарын аса сирек кездесетін ауру деп,оған көп мəн берілмей зерттеу нысанына айнала алмады.Тек 1919 жылға қарай комплемент жүйесінің бұзылыстары ең жиі кездесетін жəне ағзада маңызды рөл ойнайтыны анықталды.Негізінен комплемен жүйесі 20-ға тарта нəруыздан тұрып,каскадтық механизммен,яғни бірін бірі тізбектеле реттеу арқылы белсенетін күрделі иммундық жүйе.Ал осы жүйенің бұзылыстарының негізгі себебі комплемент компоненттерінің синтезінің,белсенділігінің,өзара əсерлестігінің ақаулықтары болып табылады.Осы компоненттер жетіспеушілігі ағзада түрлі өзіне тəн симптомдармен байқалып,түрлі емшараларлың нəтижесінде емделеді немесе науқастың қалыпты жағдайын созуға мүмкіндік туады.Мысалыға алатын болсақ С1 компонентінің жетіспеушілігі:пневмония,остеомиелит,менингит,сепсис тағы да басқа бірқатар симптомдармен сипатталады.

Дегенмен комплемент жүйесінің бұзылыстарын дер кезінде диагностикалап,алдын алу шаралары мен емдеу курстарын жүргізіледі.Қазір заманауи технологиялық тəсілдермен ауруды дер кезінде анықтап қана қоймай,сонымен қатар алдын алуға да мүмкіншіліктер жоқ емес.Оларды атайтын болсақ:Т жəне В лимфоциттер субпопуляциясын анықтау;сарысудағы LgM мөлшерін анықтау үшін изогемаглютининдерді анықтау,қанның жалпы анализін жасау тағысын тағылар.

Емдеу үшін де бірқатар дəрілер пайдаланылады.Атап айтқанда: Станозолол,Даназол.Бұл жəне басқа да дəрілермен ауру сипатына қарай этиологиялық не симптоматикалық емдеу курстарын жүргізіп емдейді.

Сөз соңында қорыта айтар болсақ,комплемент жүйесінің бұзылыстары аса кең таралған нəруызды-иммундық реакциялардың бұзылысы ауруы.Жəне оны емдеу мүмкін болмай отыр,бірақ ауруға дер кезінде емдеу жүргізілсе науқас өмірін ұзартуға мүкіндіктер көп.Сау,аман-есен жүріңіздер!

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика