Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы жалпы түсініктеме. Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі -сілекей ) немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі – тер дененің сыртына шығады). Сондықтан оларды сыртқы секрециялық бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал і ш к і секрециялық немесе бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің бүкіл тірлігіне өз ықпалын тигізеді. Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі. Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, ұйқы (қарын асты) безінің Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Ұйқы безі мен жыныс бездері аралас бездерге жатады, себебі олар әрі сыртқы, әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады. Баланың эмбриондық дамуы кезінде кейбір ішкі секрециялық бездер қызмет атқара бастайды да жатырдағы баланың дамып, жетілуіне әсер етеді. Бала туғаннан кейін ол бездердің қызметінің басталуы әр безде әртүрлі болады. Түрлі эндокриндік бездердің қызмет дәрежесі баланың өсуі мен дамуы барысында оның жасына, жынысына, ауа райының жағдайына және басқа мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызмет қабілетіне байланысты болады. Ішкі секреция бездерінің қызметін өз тарапында орталық жүйке жүйесі реттеп отырады.

Ішкі секрециялық бездердің гормондары, олардың қызметі.

Ішкі секрециялық бездердің өнімі гормон – өте белсенді химиялық зат. Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер жүйесіне, тіпті бүкіл организмге әсер етеді. Осыған байланысты ішкі секрециялық бездер қан тамырларына бай келеді.

Гормондардың қасиеттері: а) олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады; ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды; б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық түрып, алыстан әсер етеді.

Химиялық құрамына қарай олар белок, полипептид, липидтер немесе стероидтарға жатады. Гормондар ішкі секрециялық бездерде, ас қорыту жолының мүшелерінде, бүйректе, бауырда да түзіледі. Барлық гормондар денедегі зат алмасуына әсер етеді. Олар алдымен қанға сіңгенімен, тек қана клетканың мембранасымен қабысқанда ғана белсенді болады.

Гормондардың биосинтезі адамның тұқым қуалайтын аппараттарында жобаланған, сондықтан әрбір ішкі секрециялық бездер тек қана нақтылы гормондарды өндіреді.

Адам организміндегі гормондардың ішінде гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері гормондарының маңызы өте зор. Олар өздері жеке жүйе ретінде қарастырылады. Бұл жүйе организмнің біртұтастығын сақтауға қатысатын физиологиялық қызметтердің негізгі, әрі маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда мидың гипоталамус бөлігі жоғары дәрежедегі қыртыс асты ішкі секрецияның реттеушісі болып есептеледі. Оның бұл қызметі гипофиз безінің жұмысына дем беруші химиялық өнімдер -нейросекреттерді (грек. нейрон – нерв клеткасы + секрет) өндіру және шығару арқылы орындалады. Гипоталамуста пайда болған нейросекрет гипофизге құйылып, оның басқа бездерге әсерін тудырады. Аралық мида орналасқап гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі секрециялық бездердің қызметін реттейді. Сондықтан ол мидың барлық бөлімдерімен және гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысып жатыр.

Мида көптеген гормондар бар екені табылды. Олар жүйке импульстерін синапстар арқылы өткізуді өзгертеді.

Гормондар ұлпаларға немесе мүшелерге тікелей әсер етіп, олардың қызметін күшейтеді немесе тежейді, я болмаса жүйке жүйесі арқылы жанама әсер етеді. Кейбір гормондар (бүйрек үсті бездерінің стероидты гормондары, қалқанша безінің гормондары) клеткалық мембранадан өтеді де, клетка ішіндегі ферменттер жүйелерімен өрекеттесіп, ондағы зат алмасуына ықпалын тигізеді. Ірі молекулалы пептидтік гормондар клеткалық мембранадан өте алмайды да, клеткадағы зат алмасуына клеткалық мембрананың сыртында орналасатын арнайы рецепторлар арқылы әсер етеді. Мұндай гормондық-рецепторлық тізбектер клеткадағы аденозинмонофосфорлық қышқылды белсендіреді, ал ол, өз кезегінде, клеткалық ферменттерге әсер етіп, ондағы зат пен энергияның алмасуын өзгертеді. Бір сәтте клеткаларға көптеген гормондар әсер етеді, бірақ клеткадағы заттар мен энергияның алмасуына ең нәтижелісінің әсері ғана қабылданады. Олардың қайсысы нәтижелірек екені арнайы заттар — простогландиндердің қатысуымен анықталады. Былайша айтқанда, простогландиндер нақтылы сәтте гормондардың қажетсіздерін тежейтін реттеуші қызметін атқарады.

Гормондардың жанама әсерін тұжырымдай келгенде, ол да клеткадағы зат пен энергияның алмасуына әсер ететіні белгілі болды. Бірақ бұл әсер жүйке жүйесінің қатысуымен орындалады. Соңғы жылдары гормондардың клетканың ішіндегі РНК мен белоктың синтезделуіне қатысатыны анықталып отыр.

Ішкі секрециялық бездердің қызметі өзара тығыз байланысты. Олар бір-бірінің қызметіне белсенді түрде тікелей де, жүйке жүйесі арқылы жанама да әсер етеді. Мұндай озара байланыстың нәтижесінде олардың қызметі жүйке жүйссі арқылы к е р і байланыс жолымен реттеліп отырады да, денедегі гормондардың мөлшері тұрақты мөлшер қалпында сақталады. Егер Бұл байланыс бұзылса, организмде түрлі зат алмасуға байланысты аурулар пайда болады. Жүйке жүйесінің ішкі секрециялық қызметті реттеуі өткен ғасырдың 50-ші жылдары анықталды. Қазіргі түсініктеме бойынша, нейрондар оздерінің негізгі қызметіне қоса, физиологиялық белсенді заттар – нейросекреттерді түзейді. Нейросекреттердің түзілуінде гипоталамустың нейрондары маңызды орын алады, ол құрылысы бойынша гипофиз безімен тікелей байланысты. Оның нейросекреттері гипофиз безінің, ал ол арқылы басқа да ішкі секрециялық бездердің қызметін өзгертеді. Гипоталамустың нейросекреттерін рилизинг-гормондар деп атайды. Оларға либериндер мен статиндер жатады. Либериндер гипофиздің троптық гормондарының өндірілуін, ал статиндер – тежелуін реттейді. Осылай гипоталамус бұрын айтылып кеткен қызметтерінен басқа, ішкі секрециялық бездердің де қызметін реттейді .

Ішкі секрециялық бездердің қызметі соншама жақсы реттелгенімен олардың қалпына және қызметіне түрлі аурулар әсер етеді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция ( грек. Гипо – аз, төмен) және күшейгенде гиперсекреция (грек. гипер – артық, жоғары, шегінен тыс) байқалады. Демек, ішкі секрециялық бездердің қызметінің бұзылуы организмнің тіршілігіне әсер етіп, қауіп төндіреді.

Негізгі бөлім

Гипофиз және оның гормондарының бала организміне әсері. Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің «түрік ері» деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол ортаңғы мимен көрші орналасады және онымен екі жақты көптеген байланысы бар. Соңғы жылдардағы мәлімет бойынша гипофиз бен аралық мидың гипоталамус бөлігінің арасында 100 мыңға дейін байланыс жүйке талшықтары бар. Жаңа туған нәрестенің гипофизінің салмағы 10-15 мг, бірақ 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі де, жас өспірімдерде ересек адамның мөлшеріндей болады. Ол ересек адамда 50-65 мг, пішіні сопақшалау болады. Гипофиздің көлемі баланың жасына лайық ұлғаяды, әрі «түрік ері» сүйегінің өсуіне байланысты өзгереді. Жаңа туған сәбидің бұл сүйегі 2,5 х 3 мм, 1 жасқа жеткенде 4×5 мм, ал 16-18 жасқа дейін 9 х 11 мм болады. 18 жастан кейін әр адамның организмінің ерекшеліктеріне сай өзгереді. Емханада гипофиздің мөлшерін «түрік ерінің» мөлшеріне қарап анықтайды. Құрылысы жагынан гипофиз 3 бөліктен тұрады : алдыңгы, ортаңгы және артқы бөліктер. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Гипофиздің бар салмағының 75% алдыңғы, 1-2 % ортаңғы, 18-23 % артқы бөлікке жатады. Гипофиздің мөлшері жүкті әйелде біраз ұлғаяды, ал босанғаннан кейін бұрынғы қалпына келеді. Гистологиялық құрылысы күрделі алдыңғы бөлімі негізінен хромофобты без клеткаларынан, ортаңғы бөлімі — базофильді клеткалардан, артқы бөлімі питуицидтер мен жүйке талшықтарынан тұрады . Жалпы алғанда гипофиздің ортаңғы бөлімі адамда нашар дамыған және оның қызметі әлі күнге дейін толық айқындалған жоқ деуге болады.

Аденогипофизде 22 гормон түзіліп қанға құйылады. Бұлар химиялық құрылысы бойынша троптық гормондар, аса маңыздылары: соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ), тиреотропин (ТТГ), адренокортикотропин (АКТГ) және үш түрлі гонадотропиндер (ТТГ) – лютеиндеуші (ЛТГ), лютеотроптық (ЛСГ), фолликулстимулдеуші (ФСГ) және ортаңғы бөлімінде түзілетін меланотропин (МТГ).

СТГ, яғни өсу гормоны, белоктың алмасуын және ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Өсу гормоны балалардың бойының өсуіне әсер етіп, ересек адамдарда майдың алмасуына ықпал ету арқылы энергияның пайда болуына мүмкіндік тудырады. Соңғы зерттеулерге қарағанда СТГ денедегі майды ыдыратып, организм оны энергия ретінде пайдаланады да, глюкөза қантын жүйке жүйесінің қорегі ретінде сақтайды. Соматотропин гормоны әйелдің сүт безінде сүттің түзілуіне де әсер етеді деген мәліметтер бар. Өсу гормоны ұлпаларға тікелей әсер етпей, делдал (келістіруші) заттар арқылы немесе медиаторлар арқылы әсер етеді. Бұл гормондардың медиаторының қызметін соматомединдер – бауырда түзілетін полипептидтер атқарады. Өсу гормонының мөлшері жаңа туған сәбиде өте көп (60 ммкг/ мл), 3 айда біраз төмендеп (16 ммкг/мл), ересек балаларда 10,8 ммкг/мл болады да, ержеткенде не бары 0,55 ммкг/мл ғана болады. Бұл гормонды 1945 ж Еванс пен Ли және Симпсон тек қана малдың безінен тапқан, ал 1948 ж жануарлардың 1956-1968 жылдары адамның безінен кристалл түрінде бөліп алынды. Қазіргі кезде ол организмдегі маңызы жақсы зерттелген гормондардың біріне жатады. СТГ-ның гиперсекрециясы адамның бойын тез өсіріп жібереді, алыптық пайда болады. Бойы 2 метрден асқан адамды а л ы п деп атайды. Бойы нашар өскен балаларды бұл гормонмен емдесе, олардың бойы 6 айдың ішінде 5-6 см өседі. Организмде байқалатын СТГ-ның гипосекрециясында баланың бойы өспей е р г е ж е й л і болып қалады. Бұл гормон шеміршек клеткаларын өсіріп, сүйектің өсуіне әсер етеді, жаңа қан капиллярларының пайда болуына ықпалын тигізеді.

АКТГ бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гормондары глюкокортикоидтар мен андрогендердің өнуіне әсер етеді және көмірсутегінің алмасуын реттейді. Жалпы алғанда АТКГ-ның бүйрек үсті бездеріне әсері жан-жақты. Мұның гиперсекрециясы бүйрекүсті бездерінің қызметін күшейтіп, заттың алмасуын бұзады, қанда қанттың мөлшерін көбейтеді, қанның қысымын арттырады, сүйектің құрамын өзгертіп, борпылдақтандырады, сүйек тез сынғыш болады, Иценко-Кушинг ауруы пайда болады, адамның денесі толады, беті дөңгелектеніп, шабының, қолтығының терілері жарылады.

ТТГ қалқанша безінің қызметіне әсер етеді: иод элементінің без клеткасында жиналуына, тотығуына әсер етіп, қалқанша безінің гормондарының түзілуін реттейді. Ол қалқанша безінің клеткаларының өсуіне, қызмет атқаруына ықпалын тигізеді. Бұған қоса, қалқансерік бездеріне де сондай әсер етіп, қанда кальций тұзын көбейтеді.

Гонадотроптық гормондар (ЛТГ, ЛСГ, ФСГ) балалық кезде өте аз мөлшерде түзіледі, сондықтан физиологиялық мәні онша бола қоймайды. Тек жыныстық жетілу басталған мерзімнен кейін оның организм үшін маңызы арта бастайды. Жалпы алғанда, бұл гормондар ерлерде сперматогенезді күшейтеді, әйелдің етеккірін мезгілінде келтіріп, жыныс гормондарының түзілуін, бала емізетін әйелдің сүтінің пайда болуын реттейді, жыныс бездерінде гормондардың пайда болып, организмге әсер етуін бақылайды. МСГ адам терісінің түсін жөнге келтіреді. Оның мөлшері көбейсе, дене терісінде сүттей ақ, ал азайса -қоңыр дақтар пайда болады. Егер ол мүлде түзілмесе, адамның барлық денесінің терісі сүттей аппақ болып, күн шалмайды (күнге күймейді). Бұған қоса, меланотропиндер көздің жарық қабылдағыш аппараттарының қызметін күшейтіп, қараңғылыққа бейімделуге және естің қалыптасуына қатысады.

Нейрогипофизде вазопрессин мен окситоцин деп аталатын нейросекреттер белсенді қалыпқа келтіріледі. Химиялық құрамы жағынан Бұл ар нанопептидтер, яғни аминқышқылдарының 9 қалдығынан құрылған. Бұл ар супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларда түзіледі де, аксондар арқылы нейрогипофизге келеді. Нейрогипофиз бұл гормондарды қор етіп етіп сақтайтын орын. Бұл жерде олар белсенді қалыпқа келіп, қанға құйылады және қан арқылы бүкіл денеге тасылады. Вазопрессинді антидиурездік гормон (АДГ) деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді. Нейрогипофиздегі Бұл гормонның гиперсекрециясында қантсыз диабет ауруы пайда болып, тәулігіне бірнеше литр несеп бөлінеді. Оның ықпалынан тегіс мускулатураның және ішектің артерияларының қызметі күшейеді, қанның артериялық қысымы артады. Окситоцин жатырдың жиырылуын қамтамасыз етіп, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына көмектеседі. Сонымен қатар, окситоцин сүт бездерінің альвеолаларының эпителий клеткаларын жиырып, сүттің сүт жолына, одан баланы емізгенде емшектен сүттің шығуын реттейді. Окситоциннің қанға шығуына бала сорғанда емшектің ұшын тітіркендіруі арнайы қоздырушы рөлін атқарады.

Гипофиз безінің аурулары басқа аурулармен салыстырғанда мектеп жасына дейінгі балалар өмірінде онша маңызды орын ала қоймайды. Дегенмен, келесі ауруларды мысал ретінде келтіруге болады. Айталық, кішкентай балаларда кездесетін жартылай (парциалды) гигантизм немесе жартылай алыптық. Бұл ауруды көп емдеген В. И. Молчанов оны туа пайда болған кемшілікке жатқызады. Жартылай алыптың бүкіл денесі емес, тек қана кейбір мүшелері (саусақтары, бір аяғы, бір қолы) тез өсіп, басқа денесінен ерекшеленеді. Қантсыз диабет ауруында бала шөлдей береді, суды өте көп 10-15 литрге дейін ішеді, жиі дәретке отырады, жүдейді. Бастауыш сынып оқушыларында гипофиз безінің қызметі ересек адамның безінің қызметіне жуық деуге болады.

Эпифиз безінің жас ерекшелігі мен гормондары. Эпифиз немесе домалақ бездің пішіні домалақ, бірақ жалпайған. Ол ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Жаңа туған нәрестеде оның ұзындығы 3 мм, ені 2,5 мм, қалындығы 2 мм. 4 жасқа дейін эпифиз өсіп, оның көлемі артады. 4 жаста ұзындығы 9 мм, ені 6 мм, қалыңдығы 3 мм болады. Ересек адамда осы көрсеткіштер онша өзгере қоймайды, бірақ салмағы аздап қосылады. Эпифиз 4 жасқа дейін ғана дамығанымен, одан әрі қарай оның клеткалары кішірейіп, қарапайымдалады, ал одан әрі қарай дәнекер ткандері көбейеді. 8 жастан кейін без тығыздалады. Дегенмен, жас өспірімдер мен жігіттерде/бойжеткендерде без клеткаларының қызметінің белсенділігінің барлық белгілері орын алып, протоплазмасындағы түйіршіктер дамиды және ядролары бөлінеді. Ересек адамдарда бұл бездің клеткаларының тіршілігі тұрақталады, цитоплазмадағы түйіршіктерінің саны аздап кемиді. Кейбір ғалым-мамандар мұны без ұлпаларының белсенді секреторлық қызмет атқаруының белгісі санайды. Эпифиздің ішкі қабаты жалпақ эпителий клеткаларымен көмкерілген. Соңғы жылдардығы ғылыми мәліметтер бойынша эпифизде 3 гормон — меланин, гломерулокортикотропин және контргипоталамус-гипофизарлық гормондар өндіріледі. Гипофиздің меланоцитотропин гормоны терінің пигменттік қасиетін реттесе, меланин теріні түссіздендіреді, демек екеуінің арасында қарама-қайшылық бар. Контргипоталамус-гипофиз гормоны гипофиздің қызметін тежейді, сөйтіп гипофиздегі гонадоптропин гормонының өндірілуін азайтады. Эпифиздің ертінді тұнбасын денеге еккенде бүйрекүсті безінің аумағы кішірейіп, ондағы аскорбин қышқылы (витамин С) және майлы заттардың мөлшері азаяды, өйткені гломерулокортикотропин гормоны бүйрекүсті безінің қызметін тежейді. Ал бүйрекүсті безінің қызметі күшейгенде эпифиздің қызметі, керісінше, төмендейді. Олай болса, осы екі бездің арасында кері қарым-қатынас бар.

Қалқанша безі мен оның гормондарының бала организміне әсері. Адамның қалқанша безі сыңар мүше. Оның аты 1956 жылдан бастап әйгілі болғанымен, организмдегі ішкі секрециялық қызметі жайлы алғашқы болжамдар 1838 ж тәжірибелер негізінде көрсетілген. Бұл без көмейдің алдында орналасқан екі бөліктен және оларды қосып тұрған без сабынан тұрады . Безді қоршаған дәнекер ұлпасы ішіне қарай өтіп, оны бірнеше бөлшекке бөледі. Бөлшектер адамның жасы ұлғайған сайын өсіп, көбейеді. Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1 г, 6 айда 2 г. Алғашқы жылғы баланың өмірінде без ұлпасы айтарлықтай өсе қоймайды да, салмағы 1 жаста 3 г ғана болады. 3-4 жаста 7 г, 5-6 жаста 10 г болып, 12-15 жаста без клеткалары жылдам өсіп жетіліп, 16-20 жаста 25 г болады. Ал ересек адамда бездің салмағы 35-37 г. Жыныстық жетілу кезінде, негізінен, бойжеткендердің қалқанша безінің уақытша болады көлемі ұлғаяды, себебі қыздардың жыныс гормондары іске қосылады және аналық бездердің гормондарының циклды өзгерістері туады. Без клеткаларының қанға толуына байланысты мөлшері өзгермелі келеді. Бұл без пішіні мен көлемі жағынан әртүрлі түйық көпіршіктерден, яғни фолликулдан тұрады . Фолликулдар дөңгелек, сопақша немесе көп қырлы болуы мүмкін. Фолликулдар бір-бірінен дәнекер ұлпаларымен болінген, олар қан тамырлары мен нервтерге бай келеді. Бездің қызметі баланың ұрық кезінде басталады. Қалқанша безінде 3 гормон түзіледі: тироксин, трийодтиронин және кальцитонин. Бұл гормондар зат алмасуын үдетіп, биохимиялық реакцияларды тездетеді. Олар барлық мүшелерге, әсіресе орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Тироксин жүйке жүйесінің қалпын сақтауға күшті әсер еткендіктен оның қандағы мөлшері өзгергенде ең алдымен жүйке жүйесінің қызметі нашарлайды. Жекелеп алғанда тироксин судың алмасуын реттейді, бүйректе судың қанға қайта сіңуіне ықпалын тигізеді, белоктың, майдың, көмірсутегінің алмасуына, организмдегі негізгі зат алмасуына, қан клеткаларының пайда болуына әсер етеді. Тіпті жүректің қызметіне де күшті өсері бар. Бұл гормонның ұрықтың дамуында маңызы тіпті зор. Оның ұлпаларының өсуі мен қызмет атқаруға бейімделуін күшейтеді. Қалқанша бездің гормондары организмдегі иммундық қасиеттерге әсер етіп, аллергиялық жағдайдың және инфекцияның дамуына ықпалын тигізеді.

Қалқанша безінің тиреоидты гормондары ұрықтың өсіп дамуына күшті әсер етеді. Әсіресе оның маңызы ұрықтың жүйке жүйесінің дамуына әсері аса маңызды. Бұл гормондардың жеткіліксіз болуы кретинизмге ұшыратады. Жаңа туған сәбидің тироксиндік белсенділігі күшті болады, яғни физиологиялық гипертиреоз байқалады. Мұндай қалып 2 аптаға дейін сақталып, содан соң біртіндеп азая бастайды да, 6 жастан соң ересек адамның қалқанша безінің белсенділігіндей болады. Бұл организмнің қажеттілігін және күшті өсуін қамтамасыз етеді. Алғашқы жылдардағы стероидтық гормондардың секрециясы жоғары болғандықтан, балалардың қалқанша безінің мөлшері де үлкен болады. Қалқанша безінің гормондарының құрамында йод бар. Мысалы, тироксиннің 65% йод. Сондықтан организмге йод жетіспегенде бездің гипосекрециясы байқалады. Ал пайда болған ауруды эндемиялы зоб деп атайды (грек. эндемос – жергілікті). Эндемия деп атау себебі ауру белгілі бір жердің маңайында, топырағында йод жеткіліксіз жерлерде пайда болады. Мұндай жердегі түрғындардың қалқанша безі үлкейіп, оның қызметі төмендейді. Қазақстан топырағының кей жерлерінде йод жеткіліксіз. Сондықтан біздің ел де сол елдердің қатарына қосылады. Бұл ауру топырақта йодтың жетіспеуіне байланысты болғанымен, оның пайда болуында басқа да себептер бар. Қуатты тағамдармен тамақтанатын балаларда бұл ауру кездеспейді. Йодтың жеткілікті болуына астың құрамындағы витаминдердің, түрмыс жағдайларының, тазалықтың маңызы зор. Бұған қоса, сыртқы ортадағы фтор, кобальт микроэлементтерінің маңызы да бар екені анықталды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша эндемиялық зоб ауруының алғашқы жеңіл түрлерінің өзінде бұл науқасқа байланысты жүрек-қан тамырлар кемшілігі, жүйке жүйесінің кемшілігі және зат алмасуының өзгеретіні анықталды. Бұл ауруды емдеуде маңызды орынды профилактикаға, яғни аурудың алдын алу жұмыс тарына көп көңіл бөлінеді. Жалпылай профилактика арқылы балалардың зоб ауруын 20-30 есе азайтуға болады. Эндемиялық зобтың пайда болуына жүқпалы аурулар жиі себеп болады. Инфекция өзінің тікелей әсеріне қоса, қалқанша безіне орталық жүйке жүйесі арқылы әсер етеді. Себебі барлық инфекция ең алдымен орталық жүйке жүйесін уландырады, оның қызметін өзгертеді, ал жүйке жүйесінің өзгерісі тікелей қалқанша безінің ауруын тудырады. Сондықтан мектепке дейінгі балалармен, бастауыш сынып оқушыларымен тәрбие жұмыс тарында оларды жүқпалы аурудан сақтауға кобірек көңіл аудару керек.

Қалқанша безінің кальцитонин гормоны қанның құрамындағы кальцийдің мөлшерін азайтады. Оның бұл әсері сүйектің минерал заттары — оксиапатитті сүйек ұлпасына жинауына байланысты. Соңғы кездерде кальцитонин көптеген ас қорыту бездері мен ішкі секрециялық бездердің өндіру қызметін тежейтіні анықталып отыр.

Қалқанша безінің гиперсекрециясында Базед немесе тиреотоксикөз ауруы байқалады. Науқастың көзі шарасынан шыға үлкейіп, бадырақ көз болады, қалқанша безі өседі, зат алмасуы күшейіп тез жүдейді, иульсы шапшаңдайды, тез шаршайды, Ұйқысы бұзыл ады, бала жылауық, ашуланшақ болады.

Қалқанша безінің гипосекрециясында микседема, яғни шырышты ісік пайда болады. Науқас баланың асқа тәбеті болмай, температурасы төмендеп, немқүрайлы, сылбыр болады, психикасы бұзыл ады, еске сақтау қабілеті төмендеп, ақылы кем болады. Егер бала ауруға кішкентай кезінде ұшыраса кретинизмге айналады: жыныс мүшелері жетілмейді, ақылы кем болып, дене пропорциясы бұзылады, жүрегінің қызметі күрт өзгереді (жүрек тахикардиясы). Гипосекреция жағдайында байқалатын қалқанша безінің кемшіліктері — гипотиреоз екі түрлі болады: а) туа болган, яғни қалқанша безі болмай, не нашар дамыған балалар; ә) жүре болган, яғни гипофиз безінің тиреотропин гормонының түзілуі тоқтағандықтан өсе келе пайда болған. Қазіргі кезде жүре болған түрін ертерек емдей бастаса, ауруды асқындырмауға болады.

Қалқан серік бездері қалқанша безінің артқы қабырғасында орналасқан кішкентай түйме тәрізді 4 (2 жоғарғы және 2 төменгі), кей адамда 6 без болады. Жалпы салмағы 0,1-0,3 г, ұзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм, қалындығы 1,5-2 мм. Жасөспірім балалардың қалқансерік безі сәл қызғылттау болады, кейіннен сарғыш тартады да, қартая келе қоңыр түсті болады. Олардың сыртын қоршаған жақсы капсуласы бар және қалқанша безінен сол қапшығымен бөлектенеді. Бездің пішіні, саны мен қалқанша безінің үстінде орналасуы түрақсыз, әртүрлі болады. Олардың пішіні дөңгелекше, сопақша, үзынша, бүршақ іспеттес болады. Без ұлпалары әртүрлі клеткалардан тұрады : гликогені бар негізгі клеткалар мен эозинофилдері бар оксифильді клеткалар. Балалардың қалқансерік бездері негізгі клеткалардан тұрады . Жасы ұлғая келе оксифильді клеткалар көбейіп, жыныстық жетілу кезінде олардың мөлшері негізгі клеткалардан басым болады. Қалқансерік безінде паратгормон немесе паратиреокрин деп аталатын гормон өнеді. Оның маңызы 1925 ж Коллиптің зерттеулері арқылы анықталған. Паратиреокрин калыдийдің алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшері н рсттейді. Кальцийдің негізгі қоры сүйек болғандықтап Бұл гормон организмдегі фосфордың алмасуына да әсерін тигізеді. Мұны қанның құрамындағы кальцийдің мөлшері көбейгенде фосфордың мөлшерінің азаюы арқылы байқайды. Паратгормон сүйек ұлпасының ыдырап, кальцийдің қанға шығуына мүмкіндік жасайды. Бұл гормонның жеткіліксіз болуы қандағы кальцийдің мөлшері кемігендіктен, сіңірдің тартылуын тудырады. Қалқанша безінің кальцитонин гормонымен және Д витаминімен бірге бала организмдегі кальцийдің алмасуының дұрыстығын қадағалайды. Паратиреоидтік гормонның гиперсекрециясында сүйектің құрамындағы фосфаттар несеп арқылы сыртқа шығып, босаған кальций қанда көптеп жиналады да, гиперкальциемия байқалады. Паратиреокриннің гипосекрециясы көбінесе қалқанша безіне операция жасағанда, оған қоса қалқансерік бездерін байқамай алып тастағанда, кей кезде инфекцияға байланысты пайда болады. Балаларда туа пайда болған гипофункция без ұлпаларының болмауынан немесе еркін дамығандықтан кездеседі. Кейбір жаңа туған сәбиде ұрықтық мезгілінде анасының паратгормонының гиперсекрециясына байланысты қалқансерік бездерінің қызметі нашарлайды. Мұндай гипосекреция туғаннан кейін де сақталады. Қандай болмасын гапопаратиреоз жағдайында баланың қанындағы кальцийдің мөлшері азайып, организмдегі калий-натрий тепе-теңдігі бұзыл ады да, гипопаратиреоздың белгісі — бұлшық еттердің тетанусы (лат. тетанус- сіреспе) пайда болады, кейін тісі бүлінеді, шаштары мен тырнақтарында кемшіліктер пайда болады.

Қалқансерік бездерінің дамуы ұрық та басталады. Оның осу барысында без клеткалары дамып, паратгормон түзіліп, канға құйыла бастайды. Бұл Ұрықтың қаңқасындағы кальций тұздарының жиналуымен қатар жүреді. Бала туғаннан кейін өсіп, жетіліп, кальцийдің алмасуына қатысады. Баланың сүйектерінің қатуы көбінесе осы бездердің қызметіне байланысты.

Бүйрек үсті бездері және оның гормондары. Бүйрекүсті бездері – қос мүше. Олар оң және сол жақ бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан, салмақтары 6-12 г., әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұратын қос бездер. Қыртысты қабатының салмағы 4,5-10 г, милы қабаты 1,2-2,4 г шамасында болады (5-кесте), яғни қыртыс қабаты 2/3 бөлікке тең.

Бүйрек үсті бездерінің салмағының жасқа байланысты өзгеруі

Жасы Бүйрек үсті бездерінің жалпы салмағы, г
1 айға дейін 6,22
2-12 ай 3,35
1-5 жас 4,60
6-10 6,60
11-15 8,63
16-20 12,95
21-50 13,71-13,84
51- 70 13,36 -13.20

 

Бұл – салмағы аз болғанымен ішкі секрециялық бездердің ішіндегі тіршілік үшін маңызы өте зор бездердің бірі. Егер жануарлардың екі безін де сылып алып тастаса, ол бір аптаның ішінде өліп қалады: жануар тез әлсіреп, астан қалады, арықтап, салмағы азаяды, кейіннен сіңірі тартып, ішкен тамағын қүсып, жүрек-қан тамырлар жүйесінің, тыныс мүшелерінің, ас қорыту мүшелерінің, бүйректің несеп шығару қызметтері нашарлайды, қан тамырларының қабырғасының өткізгіштігі күшейеді, қаны қоюланады және басқа өзгерістер пайда болады.

Бездің милы қабатын қалдырып, қыртыс қабатын сылып алып тастаса, жануар тез өліп қалады. Милы қабатын алып тастап, қыртыс қабатын қалдырса, айтарлықтай өзгеріссіз ұзақ уақыт өмір сүре алады. Мұның себебі милы қабатты құрайтын хромаффин клеткалар бүйрекүсті безінен басқа кейбір ірі қан тамырларының бойында, шеткі ганглияларда кездеседі. Оған қоса, нервтердің ұштары норадреналин медиаторын бөліп шығарады. Ол милы қабаттың гормондары тәрізді әсер етеді.

Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабаты 10 астам кортикостероидтар тобына жататын гормондарды түзеді. Химиялық түрғыдан олардың бәрі холестериннің туындысына жатады. Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: а) глюкокортикоидтар; ә) минералкортикоидтар; б) адренокортикоидтар.

Глюкокортикоидтар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шашақты зонасында түзіледі. Бұл топқа өте белсенді гормон — кортизол, гормондық белсенділіктері төмендеу кортизон мен кортикостерон жатады. Кортизол мен кортизон молекуласының С17 бөлігінде окси тобы болғандықтан, оларды 17-оксикортикостероидтар дейді. Глюкокортикоидтар зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді. Тері, бауыр, ет, май, дәнекер және лимфа ұлпаларында бұл гормонның әсерінен бірқатар ферменттердің, яғни трансаминаза, оксидаза, гидролаза т. б. ферменттердің белсенділігі күшейеді. Глюкокортикоидтардың ықпалынан барлық ұлпаларда, әсіресе ет ұлпасында, белоктың ыдырауы күшейеді. Қандағы амин қышқылдарының және несептегі азоттың мөлшері көбейеді, бауырдың мочевина бөлу қызметі артады. аталған әсерлерге байланысты бала организмінің салмағы ұлғайып, өсуі нашарлайды. Глюкокортикостероидтардың майдың алмасуына әсерінен ұлпадағы май ыдырап, май қышқылдары бауырға огеді. Бұл гормондар көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Олар бауырдағы гликонеогенезді (грек. гликос – тәтті + нео жаңа + генезис – тек, болмыс, пайда болу) күшейтеді. Гондықтан гипергликемия, тіпті глюкөзурия (несепте канттың болуы) пайда болуы мүмкін. Бұл топтағы гормондардың әсерінен бауырдан басқа барлық мүшелердегі клеткалық мембраналардың глюкөзаны өткізу кабілеті төмендейді. Ал бауырда, керісінше, глюкөза мен амин қышқылдарын өткізу аздап артады. Глюкокортикоидтардың қабынуға, аллергияға қарсы тұру қабілеттерін арттыруға, иммунодепрессивтік (лат. иммунотатис – бірдеңеден босау, қүтылу + депрессия – басу, тежеу) әсерлерінің маңызы мүлде ерекше. Олардың мұндай қабілеттері клеткалық мембрананың өткізгіштігі төмендеуіне, клеткалардан және басқа құрылымдардан гистаминнің босауын азайтуға, антителолардың түзілуін төмендетуге, антиген мен антителоның реакциясын тежеуіне, дәнекер ұлпадағы коллаген мен мукөполисахаридтердің түзілуін нашарлатуына байланысты. Глюкокортикоидтардың әсерінен белоктың ыдырауынан пайда болған заттардан көмірсутекті заттар түзіледі, бұл әсіресе лимфа ұлпаларында күшті болады. Аз мөлшерде глюкокортикоидтар басқа гормондардың әсерін күшейтеді. Глюкокортикоидтардың синтезі мен секрециясы гипофиздің кортикотропин гормонымен реттеледі.

Канадалық зерттеуші ғалым Г. Селье алғаш рет бүйрек үсті бездерінің гормондары организмге түрлі қауырт жағдайларда өте қажет екенін көрсетті. Адамның қатты күйзелісі кезіндегі тітіркендіргіштерді ол стрессор (ағыл. стресс – қатты күйзелу, абыржу, қауырт жағдай) деп атады. Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гормондары айтарлықтай азайса, стресс жағдайында организм өліп кетуі мүмкін.

Минералкортикоидтар бүйрек үсті безінің түйнекті зонасында пайда болады. Бұл топқа альдостерон мен одан белсенділігі 20-30 есе төмен 11-ші дезоксикор-тикостерон жатады. Минералкортикоидтар бүйрек ұлпасында, тер және сілекей бездерінде, ас қорыту жолының шырышты қабатындағы клеткаларға әсер ету арқылы су мен түздардың алмасуын реттейді. Бұл топтың басты гормоны альдостеронның әсерінен натрийдің алғашқы несептен бүйректің нефрондарына қайта сіңуін күшейтеді және калийдің қайта сіңуін азайтады. Натрийден кейін іле-шала су бүйрек каналшаларына қайта сіңеді, яғни альдостерон гормоны натрийдің қайта сіңуін күшейту арқылы судың алмасуына да әсерін тигізеді. Альдостерон жеткіліксіз болған жағдайда бүйрек арқылы организмнен натрий көптеп шайылады және дене сусызданады. Ал оның көбеюі денедегі қабынуларды күшейтеді.

Адренокортикоидтар – андростерон, эстрол және прогестерон гормондары бүйрек үсті бездерінің ретикулярлы (торлы) зонасының клеткаларында түзіледі. Жыныс бездерінің гормондарына қарағанда Бұл ар анағұрлым әлсіздеу келеді. Дегенмен Бұл ардың әсері жыныс бездерінің гормондары тәрізді. Олар жас өспірімдерде қосымша жыныс белгілерінің қалыптасуына көмектеседі. Олардың маңызы, әсіресе балалық және қартайған шақта күшті болады. Адам қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрек үсті бездері негізгі жыныс гормондарын түзуші қүрылым болып қалады.

Бүйрек үсті бездерінің м и л ы қабатының гормондары негізінен екеу: адреналин және норадреналин. Адреналин бүйрек үсті бездерінде ғана, ал норадреналин басқа мүшелерде де пайда болады. Бұл ар дофамин гормонымен бірге биогендік катехоламиндерге жатады. Үшеуі де тирозиннің туындысы болып есептеледі де, тирозиназа ферментінің әсерінен ыдырайды. Катехоламиндер организмдегі барлық ұлпалар мен клеткаларға әсер етіп, оларда күрделі биохимиялық әрекеттерді тудырады және көптеген физиологиялық қызметтердің ерекшеліктерін айқындайды. Катехоламиндердің әсер етуі түрлі биохимиялық реакциялармен байланысты. Бұл ар химиялық ұқсастығына қарамастан организмге әртүрлі әсер етеді. Физиологиялық осерлері олардың таңдамалылығына, цитоплазмалық мембраналардың адренорецепторларымен қарым-қатынасына, түрлі мүшелердің құрылысы на байланысты келеді. Катехоламиндер адренорецепторларға қысқа мерзім әсер етеді және ол пайда болған өзгерісті қалпына келтіруге рефлекторлық және гуморальдық (лат. гумор – мүйық) механизмдер арқылы қатысады. Катехоламиндердің организмге әсері өте көп және жан-жақты.

Адреналинның жүрек-қан тамырлар жүйесіне ықпалы зор. Ол жүректің жұмыс ын күшейтіп, соғу ырғағын гездетеді, қозғыштығын үлғайтып, импульстердің өткізгіш жүйесіарқылы қозғалысын жақсартады. Қантамырларын тарылтып, ондағы қысымды өсіреді. Адреналиннің қан қысымына әсері көбінесе қысқа мерзімде басылады. Дененің әр жеріндегі қан тамырларының адреналинге сезімталдығы әртүрлі. Мысалы, ішкі мүшелерді қанмен қамтамасыз ететін артериола тамырларының қабырғасын босатады, ал оған байланысты қаңқа еттеріне келетін қанның мөлшерін молайтады. Жүректің қан тамырлары адреналиннің әсерінен кеңейеді де жүрек еттерін қанмен қамтамасыздандыру жақсарады. Адреналин ішек еттерінің тонусын төмендетіп, қозғалысын басады, бронх еттерін босатады, көздің қарашығын кеңейтеді, жүкті әйелдердің жатыр еттерін жиырады, тері түктерінің қапшықтарының етін жиырады, сондықтан күшті эмоция кезінде адамның төбе шашы «тік» тұрады , көмірсутегінің алмасуына әсер етеді, бауыр еттеріндегі гликогенолизді күшейтіп, гипергликемия мен глюкөзурияны тудырады. Майдың алмасуына әсер етеді, оның тотығуын күшейтеді. Мұның бәрі күшті тітіркендіргіштің әсері кезінде организмнің энергиялық мүмкіндіктерін толық пайдалануға бағытталған. Әсіресе қауырт қиын жағдайларда Бұлшық еттердің жұмысын күшейтіп, рецепторлардың сезімталдығын, әсіресе көру, есту, вестибулярлық сезімдерді күшейтеді. Бұл өзгерістер қиын жағдайда организмнің қызметін сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына бейімделуге бағытталған. Сондықтан бүйрек үсті бездерінің милы және қыртысты қабаттарының гормондарын бейімдеуші гормондар дейді.

Бүйрек үсті бездерінің гормондарының мөлшері гипофиздің АКТГ гормоны арқылы реттеледі. Оның үстіне қанның мөлшері азайғанда ондағы натрийдің мөлшері кеміп, калий көбейгенде қыртысты қабаттың гормон-дарының түзілуі артады. Милы қабаттың гормондарының мөлшерін жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі реттейді. Бұл бездердің қызметін жоғары дәрежеде гипоталамус, торлы қүрылым жөн е ми қыртысындағы нерв орталықтары реттейді. Бүйрек үсті бездерінің жас ерекшеліктері. Бүйрек үсті бездерінің ұлпалары интерренал жүйесіне жататын, ал милы қабаты адреналдар жүйесіне жататын клеткалардан тұрады . Интерренал клеткалары адренал клеткаларынан бұрын дами бастайды. Ұрық кезінде бұл бездерде аздап гормондар түзіле бастайтыны анықталған. Ұрық бездерінде түзілетін гормондар ересек адамдардың гормондары іспетті, бірақ жаңа туған сәбилер және 3 жасқа дейінгі балалар мен ересектердің безінің айырмашылығы көп болады. Жаңа туған сәбидің без клеткаларында ұрықтық кезден қалған клеткалары 50-54%. Бала туғаннан кейін жаңа клеткалар пайда болады да, Бұл клеткалар ығыстырылып, алғашқы 1 жасқа дейін жалпы салмағы төмендейді, бірақ көп үзамай бездің жаңа клеткалары өскендіктен салмағы қайтадан арта бастайды. Без клеткалары күшті өсіп, жетіліп жас өспірімдік мерзімде ересектің безінің салмағына жақындайды (5-кесте). Жалпы алғанда бүйрек үсті бездерінің салмағы, қызметі және қызмет белсенділігі түрақсыз, тез озгеріп тұратын бездер. Сонымен қатар Бұл бездердің қызметі сыртқы ортаның әсеріне (температура, ауа райы), баланың жейтін тамағының құрамына тікелей байланысты. Дене еңбегінің, қара жұмыс тың әсерінен без ұлпалары ұлғаяды да, оның қызметі артады. Мұны зерттеушілер бұлшық еттердегі зат алмасуынан деп санайды. Ұзақ мерзім тұрақты спортпен шүғылдан у гипофиз-гипоталамус-бүйрек үсті безінің жүйесіне жағымды әсер етеді деген мәліметтер баршылық. Жаңа туған нәрестенің қыртысты қабаты милы қабатынан көбірек болады. 1 жастағы баланың безінің қыртысты қабаты милы қабатынан 2 есе қалың. Тек 10 жасқа жақындағанда милы қабаттың без ұлпасы тез өсе бастайды да, қыртысты қабаттан асып түседі. Бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатының өсуі 11-12 жасқа дейін аяқталады, ал милы қабатының өсуі 6-20 жасқа дейін созылады. Жалпы алғанда бала туғаннан кейін опың безінің қыртысты қабатының ұрықтық кезде пайда болған ұлпаларының орнына жаңа клеткалар өніп, ескілері солып, жойылады. Бездің салмағы 2-3 аптаның ішінде 2 ссе азаяды. Милы қабаттың безі Бұл кезде жетілмеген, дифференцияланбаған жеке-жеке клеткалар тобынан тұрады . 6 айға толғанда ұрықтық қыртысты заттар 3 есе кеміп, жаңа клеткалары көбейеді де, 7 жасқа дейін жетіледі. Милы қабаттың хромаффиндік клеткалары 3-4 жаста дифференциацияланады да тез өсе бастайды. Осы мерзімнің ішінде милы қабаттың жалпы салмағының 28-29% қалыптасады. Содан соң 8 жасқа дейін өспейді де қалған мөлшері 8-10 жас арасында тез өсіп, одан әрі ақырындап, жалпы өсуі 16-20 жасқа дейін созылады.

Бір жастағы балалардың хромаффин ұлпалары адреналинді жақсы өндіреді. 6-7 жаста норадреналин мен дофаминнің қанға шығуы күшейеді. Ал қыз балаларда 9 жаста, ер балаларда 10-11 жаста адреналиннің мөлшері екінші рет үстем болады. Қыртысты қабаттың без клеткалары 9-11 жаста қайтадан күшті өсе бастайды да, 11-12 жаста толық өсіп жетіледі.

Бүйрек үсті бездерінің қызметінен туындайтын аурулар, олардың қыртысты және милы қабаттарының гормондарына байланысты. Милы қабаттың гормондары жетіспегенде, көбінесе 10 жасқа дейін кішкентай балалардың миындағы жүйке клеткаларына қанттың жетіспеуінен талма ауруы байқалады. Сабақты көп оқығанда, ұзақ уақыт жүгіріп, көп ойнағанда бала есінен танып қалады. Мұндай жағдайда балаға жиі-жиі, әсіресе сабақ оқыр, ойнар алдында тәтті тағамдарды молырақ немесе суға еріткен бал, қант беру керек. Ауру 10 жастан кейін өзінен-өзі басылып кетеді. Қыртысты қабаттың гипосекрециясында ұзақ уақыт гормондар жетіспегенде Аддисон ауруы дамиды. Бұл ауру ересек адамдарда көбірек, ал балаларда өте сирек кездеседі. Ауру баланың денесінде қоңыр дақтар пайда болып (ең алдымен көп үйкелетін жерлерде: шынтақ, сан, мойын, бел), тез шаршайды, қимылдары азаяды, немқұрайлық байқалады, жүдейді, қаны қоюланып, оның қысымы азаяды. Аурудың денесінен натрий мен хлор шайылып, калий жиналғандықтан жүрек әлсіздігі пайда болады. Көмір сутегінің алмасуы бұзыл ады. Баланың асқа зауқы төмендейді, оның бұлшық еттерінде сіреспе пайда болып, кей кезде тыныс еттерінің сіресуінен шетінеп те кетуі мүмкін. Кейбір балаларда туа пайда болған қыртыс қабатының гипертрофиясы байқалады. Бұл кемшілік тұқым қуалайды деген бірен-саран мәліметтер де бар. Аурудың белгілері ерте 2-3 жаста байқалуы мүмкін. Алғаш кезде жылдам өсе бастағанымен, кейіннен баланың өсу қарқыны баяулап, бойы аласа болып қалады, 2-3 жастан бастап ауру қыздардың қолтығында, шабында түктер өседі, бірақ емшектері өспейді, етек кірі келмейді. Ауру ер баланың сыртқы жыныс мүшесі тез өседі, эрекция пайда болады, сақал-мұрты, кеудесінде, қолтығында, шабында түктері қалың болып, ересек ер адамдарға ұқсай бастайды. Бұл ауру көбінесе бүйрек-үсті бездерінің ұрықтық мезгілдегі кемшілігіне байланысты.

Бүйрек үсті безінің милы қабатының гипертрофиясы ісікке байланысты байқалады. Қазіргі кезде оның ісіктері балаларда жиірек кездесетін боп жүр. Мұндай науқас бала тершең, көзі бақырайған, беті шырайсыз келеді., тіпті кішкентай 2-3 жастағы баланың өзінде қанның қысымы жоғарылайды. Мұндай балалар жиі-жиі басының ауыратынын, жүрегінің айныйтынын, қағатынын айтады. Ісікті алып тастағаннан кейін аурудың белгілері жойылып, бала жазылып кетеді. Бүйрек үсті безін операция жасап сылып алып тастаса, жануарлар өліп қалады. Ондай жануардың (мысалы, иттің, қойдың) температурасы тез төмендеп, арықтап, қимыл-қозғалысы азаяды, қанның қысымы төмендейді, қаны қойылады, жүрегінің қызметі нашарлайды. Мұндай белгілер адамның бүйрек үсті безінің гормондарының гипосекрециясында да байқалады.

Қос секрециялы бездердің қызметі мен жас ерекшеліктері

Тимус (айырлы без). Тимус немесе айырлы безді кейде айырша без деп те атайды. Ол 2 бөліктен тұратын (оң және сол жақ бөліктер) бірі-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы байланысқан кеуде қуысында орналасқан без. Жаңа туған баланың бездерінің салмағы 23 г, 15 жаста 37 г болады. Одан әрі қарай без клеткалары солып азаяды: 45 жаста 35-16 г, 50-55 жаста 12-13 г, қартайғанда не бары 6 г болып қалады. Бала туғанда айырлы без жақсы жетіліп тұрады. Оның ұлпасы дифференцияланып, әр бөлігіндегі милы және қыртысты қабаттары айқын көрінеді. Бала туғанда бездердің 62-63% қыртыс қабатында, 37-38% милы қабатында орналасады. Айырлы без екі қызмет атқарады: ішкі секрециялық без ретінде тимоидин (тимсекрецин) гормонын өндіреді және организмнің иммунитетіне маңызы күшті Т-лимфоциттер дамып жетіледі. Жаңа туған баланың тимусындағы лимфоциттердің мөлшері қыртысты қабатта 62,6 %, милы қабаттта 42,4 %. Бала туғаннан кейін оның мөлшері азайып, 3 жаста қайта көбейеді де 3 жасқа толғанда 43,4 % болады. Тимустағы эндокриндік без клеткаларының мөлшері 36-37% шамасында болады. 4 жастан бастап без клеткаларының арасында май клеткалары пайда бола бастайды. 20 жастан әрі қарай бездің орнын май және дәнекер ұлпалары басады. 12 жастағы баланың тимусының 35,4% ғана без болып, жас өспірімдік мерзімнен бастап біртіндеп азаяды. Тимус безінің организмдегі маңызы әлі де болса толық зерттелмеген. Дегенмен соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша оның гормоны денедегі кальций түздарын сүйектің құрамында сақтап, оның өсуіне әсерін тигізу арқылы баланың бойының өсуін реттейді және ерте жыныстық жетілуді тежейді. Бұған қоса, бүйрек үсті бездерімен бірге С витаминінің қоры ретінде де қызмет атқарады. Бұл витаминнің мөлшері бойынша айырлы без екінші орында, бірінші орында — бүйрек үсті бездері. Мұнда В2 жөн е Д витаминдері өте көп және біраз мөлшерде цинк болады. Тимус нуклеин қышқылдарының алмасуына қатысады деген болжамдар да аз емес. Тимустың қызметіне байланысты бездің гипертрофиясы кезінде байқалатын тимус-лимфатикалық статус деп аталатын ауру бар. Тимус безінің ісініп өскендігінен нәрестенің өлгендігі туралы ақпаратты XIX ғасырға дейін ең алғаш Пиит есімді дәрігер ғана жазған. Ал 1830 ж Корр айырлы бездің гипертрофиясына байланысты балалардың өлімі, оның себептері, белгілері туралы толық жазған. Тимус туралы нақтылы еңбектер соңғы жылдары пайда бола бастады. Дәрігерлердің бақылауына қарағанда тимустың аурулары организмде қан айналысы бұзылғанда қабынудың ауыр асқынған түрлеріне, туа пайда болған даму кемшіліктеріне, ісіктерге байланысты пайда болады. Кей кезде Бұл бездің ауруы басқа ішкі секрециялық бездердің ауруына (Аддисон, эндемиялық зоб) байланысты байқалып жүр. Тимус-лимфатикалық статус ретінде бала организмінің туа болған ерекшелігі. Ондай баланың тимусы мен лимфа ұлпалары ұлғайып, жүрегі жетілмеген кішкентай, беті ісік, терісі жұқа, шашы өте жұмсақ болады. Мұндай баланың туғаннан кейінгі тыныс алысы ауыр болады, кейде дем ала алмай шетінеп кетуі де мүмкін. Егер без онша үлкен болмаса, біраз өмір сүруі мүмкін. Ауру баланың бұлшық еттері нашар, бостау, кеуде қуысының үстіңгі жағы жіңішке болады, реакциясы баяу, сіңір рефлекстері нашар, тез шаршайды. Ондай балада тыныс мүшелерінің ауруы жиі байқалады, қанында лимфоциттері көбейіп, нейтрофилдері азаяды, жиі ентігіп қалады, кей баланың сыртқы жыныс мүшелері нашар дамиды.

Жалпы алғанда тимустың аурулары өте аз кездеседі. Бұл бездің ауруларының негізгі белгілері: шектен тыс семіздік, әлсіздік, ауруға төзімсіздік, без ұлпасының үлғаюы, сүйектің жүқаруы, сүйек сынығының нашар бітуі.

Ұйқы (қарын асты) безінің гормондарының бала организміне әсері. Ұйқы (қарын асты) безі немесе Лангерганс аралшалары көмірсутегінің алмасуын реттейтін гормондарды өндіреді. Аралшаларда төрт түрлі клеткалар болады: альфа, бета, гамма және дельта. Соңғы жылдары мұнда Е және X деп белгілеген клеткалар табылды. Бұл ардың соңғы төртеуі (гамма, дельта, Е, X) альфа және бета клеткаларының дамуындағы түрлі кезеңдерде пайда болатын клеткалар деген Сюлжамдар бар. Альфа және бета клеткалары и н с у л и н және глюкагон гормондарын өндіреді. Қарын асты безі өзінің атына сәйкес қарынның астыңғы жағында шарпы майымен аралас төселіп жатыр. Аралшалардың пішіні көбінесе дөңгелектеу болады, саны мен мөлшері адамның жасына қарай және физиологиялық жағдайына қарай өзгеріп тұрады. Альфа клеткалары дөңгелектеу немесе бұрышты болып келеді де, бета клеткалары дөңгелек призма тәрізді болады. Альфа клеткалардың саны бета клеткалардан гөрі 4 еседей артық. Тек жаңа туған сәбилерде 2 есе аз. Олардың альфа клеткаларының саны ересек адамдардікіне қарағанда 4 есе көп болады да, алғашқы 1 жылдың ішінде тез азаяды. 4-5 жаста азаюы бәсендегенмен жалпы саны әлі де болса ересек адамдікінен көбірек болып, 12 жаста теңеседі. 25 жастан әрі қарай аралшалардың саны біртіндеп кеми береді. Альфа клеткаларда глюкагон гормоны, бета клеткаларда инсулин гормоны өнеді. И н с у л и н организм үшін аса маңызды гормондардың бірі. Онсыз тіршілік болмайды. Себебі инсулин жануарлар крахмалы гликогеннің синтезіне және гликолизге жағдай тудырып, көмірсутегінің алмасуына қатысады. Энергиясы көп фосфаттардың пайда болуына әсер етеді, олардың ыдырауына және кетондардың (улы заттар) пайда болуына кедергі жасайды. Бұл гормон майдың алмасуына қатысады, амин қышқылдарының, белоктардың пайда болуына ықпалын тигізіп, май, көмірсутегі, белоктың алмасуына қатысады – олардың бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Инсулин фосфордың алмасуын күшейтіп, калийдің клеткаға ауысуына, сөйтіп оның сарысудағы мөлшерін азайтып, организмдегі суды бір қалыпта үстайды. Глюкагон гормонын гипергликемиялық фактор деп те атайды. Ол қандағы қанттың мөлшерін көбейту үшін бауырдағы гликогенолизге қатысады. Сөйтіп организмді тамақ арасында клеткаларға қажетті қантпен қамтамасыз етеді. Мұның қызметінің маңызы әсіресе орталық жүйке жүйесінің қызметі үшін күшті: нейрондарға қажетті глюкөзамен қамтамасыз етеді. Инсулин мен глюкагон бір-бірімен байланысты қызмет атқарады: ас ішкеннен кейін организмдегі, әсіресе қандағы қанттың мөлшері көбейіп кетеді. Бұл кезде инсулин артық қантты гликогенге айналдырады, ал ас арасында қандағы қанттың мөлшері азайғанда бауырдағы гликогенді глюкагон гормоны ыдыратып глюкөзаға айналдырады. Пайда болған глюкоза ет пен нерв клеткаларының қызметіне қажетті энергия қоры ретінде пайдаланылады.

Ұрық пен жаңа туған баланың ұйқы безіндегі гормон өндіруші клеткалар жақсы дамыған. Жаңа туған нәрестенің ұйқы безінің әрбір грамынан 10 Е (халықаралық өлшем белгісі), ересек адамнан 2 Е инсулин бөліп алуға болады. 1 жастағы нәрестенің безінде 36 Е, 20 жаста 180 Е инсулин болады. Ұрық пен емшектегі сәбидің аралшаларының жайылған бөліктері қайтадан қалпына келеді, яғни регенерациялық қабілеті байқалады. 4 жастан әрі қарай бұл қасиет жойылады. Лангерганс аралшаларының қызмет кемшілігіне байланысты жиі кездесетін ауру – қантты диабет. Бұл аурумен ауырған науқастың шөлі қанбайды, несебінің құрамында қант пайда болады, ал ауырмаған қалыпты жағдайда несептің құрамында қант болмайды. Науқастың қанындағы қанттың мөлшері 200-500 мг/% дейін көбейіп, тоулігіне несеп арқылы 100-150 г глюкөза денеден шайылады. Мұны мен қатар майдың алмасуы бұзыл ып, қанның құрамында холестерин мен кетондар көбейеді. Көп науқастардың шығарған демінде ацетоннның иісі сезіледі. Қан айналысының бұзылуына байланысты мұндай науқастарда тері аурулары, қызыл иек ауруы жиі кездеседі, гангрена оңай дамиды. Баладағы қантты диабет ауруының пайда болғанын ең алғаш 1696 жылы Мортон жариялаған. Жер жүзінде бұл аурумен ауыратын науқастардың саны өте көп, жылдан жылға ұлғайып келе жатыр. Бұған тәтті тағамдарды көп пайдаланудың әсері бар деген мәліметтер кездеседі. Бұл аурудан өлгендердің саны да көп. Көпшілік зерттеулердің нәтижесіне қарағанда қантты диабет ауруы 6-8 жас және 11 -13 жас арасында көбірек. Дегенмен бұл ауру жас молінерімен тұрақты шектелмейді. 1 жасар балалардың арасында да кездесетіні мәлім. Қазіргі кезде барлық аурудың 5%-дан артығы 10 жасқа дейінгі балалар. Оның 10-47 % тұқым қуалайды. Дәрігерлік бақылауларға қарағанда қантты диабет ауруымен ауырған әйелдер дені сау бала туады. Тіпті 5-6 айлық жүкті кезінде денсаулығы жөнделіп кеткені де мәлім. Мұндай анадан туған баланың инсулярлық аппараты ерте тозып, кейіннен қантты диабет ауруына шалдығады. Балаларда бұл ауру жедел басталып, тез асқынады. Ал ерерсек адамда біртіндеп дамиды. Ауырған балалардың гигиеналық тәртіпті сақтауының маңызы үлкен. Мұндай балалар дені сау балалармен бірдей еңбек еткені жөн. Оларға дене еңбегі тіпті қажет, сондықтан спортпен айналысу пайдалы. Шамасына қарай спортпен шұғылданатын науқастың дәрілерін азайтуға мүмкіндік пайда болып, қатты асқынудан сақтайды. Тек қана есінен танатын жағдайда ғана төсек тартып жатуына болады. Қазіргі кезде қант диабеті ауруының өзінен де, оның себебінен дамыған басқа мүшелердің ауруын емдеу қиынырақ болып отыр. Әсіресе жүрек, бүйрек, көз ауруларының көбеюі айтарлықтай орын алып, науқастың мезгілінен бұрын өлуіне себеп болып отыр. Дегенмен қантты диабет ауруымен ауырған адамдар ұзақ өмір сүре алады. Ол үшін ас ішерде инсулин гормонын немесе аурудың жеңіл жаңа басталған түрінде сол іспетті қызмет атқаратын дәрі-дәрмектерді қабылдау қажет. Қантты диабетпен ауырған баланың өсуі көбінесе нашар болады. Глюкагон гормонының жетіспеуіне байланысты 10 жасқа дейінгі балаларда талма ауруы байқалады. 10 жастан аса ауру өзінен өзі жоғалады, себебі глюкагонның орнын бүйрек үсті безінің милы қабатындағы адреналин гормоны басады.

Қорытынды

Қорытындылай келе біз балаларда эндокринді бұзылыстардың пайда болуының себептерін білуіміз керек. Оларға жатады: генетикалық деңгейдегі аномалиялар, ісіктер, әр түрлі қабынулық процесстері,иммунитетің төмендеуі, қанайналымының бұзылыстары, жүйке жүйесінің қандай да бір бөлігінің зақымдалуы, тіндердің гормондарға сезімталдығының бұзылуы. Эндокринді жүйесінің қызметінің бұзылыстарын әдетте УДЗ, түрлі лабораториялық зерттеулер(қанның жалпы анализі, биохимиялық анализ, несеп анализі). Емінде негізі орынбасушы терапия қолданылады, оған қосымша емдік физкультура, массаж тағайындайды.эндокринді аурулары пайда болмас үшін балалар салауатты қмір салтын ұстап, дұрыс тамақтануы керек тамақ рационында жеткілікті түрде витаминдер болуы қажет, қосымша дәріханадан витаминдер алып ішу керек(йодомарин, витамин С және т.б.), белсенді жаттығулар жасау керек.

Share This Class:

Яндекс.Метрика