Тест: Бүйрек амилоидозы
- Бүйрек амилоидозы дамуының жасушалық локальды генезіне сәйкес бүйректегі процесстер:
а) альбумин мөлшерінің жоғарылауы
ә) екінші фазасында у-глобулиндердің көбеюі
б) бірінші фазасында у-глобулиндердің көбеюі
в) екінші фазасында а-, b-глобулиндердің азаюы
г) аутоиммунды реакциялармен байланысқан амилоидты заттың пайда болуы
Жауабы: дұрысы б) бірінші фазасында у-глобулиндердің көбеюі
— өйткені бірінші белсенді, немесе преамилоидты фазасында ретикулоэндотелиальды жүйенің элементтері пролиферациясынан пиронинофильды жасушалармен қоса қан плазмасында у-глобулиндер деңгейі көтеріледі.
Дұрыс емесі:
а) альбумин мөлшерінің жоғарылауы – нефротикалық сатысында ақуыздардың көп мөлшерде несеппен шығып кетуінен қан құрамында альбумин мөлшері төмендейді
ә) екінші фазасында у-глобулиндердің көбеюі — бірінші белсенді, немесе преамилоидты фазасында ретикулоэндотелиальды жүйенің элементтері пролиферациясынан пиронинофильды жасушалармен қоса қан плазмасында у-глобулиндер деңгейі көтеріледі
в) екінші фазасында а-, b-глобулиндердің азаюы – екінші немесе амилоидты фазасында ретикулоэндотелиальды жүйенің элементтері пролиферациясының басылуынан пиронинофильды жасушалар азайып, қан плазмасында у-глобулиндер деңгейі төмендеп, а-, b-глобулиндер мөлшері жоғарылайды
г) аутоиммунды реакциялармен байланысқан амилоидты заттың пайда болуы – бүйрек амилоидозы патогенезінің иммунологиялық теориясы
- Клиникаға дейінгі немесе латентті стадияға не тән?
а) нефротикалық синдромның айқындығы
ә) амилоидты заттың шумақша капиллярларының базальды мембранасында аз мөлшерде орналасуы
б) бүйрек жасушараның жоғары молекулалы заттарға өткізгіштігі жоғарылауы
в) қан құрамында ақуыз мөлшерінің қатты төмендеуі
г) бүйрек жеткеліксіздігі
Жауабы: дұрысы ә) амилоидты заттың шумақша капиллярларының базальды мембранасында аз мөлшерде орналасуы – латентті стадиясында бүйрек функциясы айқын түрде бұзылмайды
Дұрыс емесі:
а) нефротикалық синдромның айқындығы – нефротикалық стадияға тән, қан құрамында ақуыз мөлшері төмендейді, холестерин деңгейі жоғарылайды, ісінулер дамиды, несеп құрамында ақуыздардан басқа лейкоциттер, цилиндерлер, эритроциттер болады
б) бүйрек жасушаларының жоғары молекулалы заттарға өткізгіштігі жоғарылауы – протеинуриялық стадия, амилоид бүйрек жасушаларында ауқымды мөлшерде орналасады
в) қан құрамында ақуыз мөлшерінің қатты төмендеуі – нефротикалық стадия, ақуыздар массивті түрде несеппен шығады, амилоид капиллярлық шумақшалардан басқа артериола қабырғаларында, түтікшелерде орналасады, яғни диффузды түрде орналасады
г) бүйрек жеткеліксіздігі – уремиялық стадия, бүйрек жеткілікті түрде өз функциясын орындай алмайды, нефрондар атрофия мен өлімге ұшырап, дәнекерленеді
- Протеинуриялық стадияға не тән?
а) нефротикалық синдромның айқындығы
ә) амилоидты заттың шумақша капиллярларының базальды мембранасында аз мөлшерде орналасуы
б) бүйрек жасушараның жоғары молекулалы заттарға өткізгіштігі жоғарылауы
в) қан құрамында ақуыз мөлшерінің қатты төмендеуі
г) бүйрек жеткеліксіздігі
Жауабы: дұрысы б) бүйрек жасушараның жоғары молекулалы заттарға өткізгіштігі жоғарылауы – амилоид бүйрек жасушаларында ауқымды мөлшерде орналасып, бүйрек жасушараның жоғары молекулалы заттарға өткізгіштігі жоғарылайды, несепте ақуыздар анықталады
Дұрыс емесі:
а) нефротикалық синдромның айқындығы – нефротикалық стадияға тән, қан құрамында ақуыз мөлшері төмендейді, холестерин деңгейі жоғарылайды, ісінулер дамиды, несеп құрамында ақуыздардан басқа лейкоциттер, цилиндерлер, эритроциттер болады
ә) амилоидты заттың шумақша капиллярларының базальды мембранасында аз мөлшерде орналасуы – латентті стадия, бүйрек функциясы айқын түрде бұзылмайды
в) қан құрамында ақуыз мөлшерінің қатты төмендеуі – нефротикалық стадия, ақуыздар массивті түрде несеппен шығады, амилоид капиллярлық шумақшалардан басқа артериола қабырғаларында, түтікшелерде орналасады, яғни диффузды түрде орналасады
г) бүйрек жеткеліксіздігі – уремиялық стадия, бүйрек жеткілікті түрде өз функциясын орындай алмайды, нефрондар атрофия мен өлімге ұшырап, дәнекерленеді
- Нефротикалық стадияның клиникалық көрінісі:
а) үнемі протеинурия, несепте ақуыз мөлшері 0,1-ден 3,0 г/л, микрогематурия, цилиндрурия, кейде лейкоцитурия
ә) айқын диспротеинемия, гипоальбуминемия 36,0% — ға дейін, гиперглобулинемия: а1 9,0%-ға дейін, а2 15,0-16,0%-ға дейін, у-глобулин 23,0-25,0%-ға дейін
б) айқын емес микрогематурия, сирек минимальды лейкоцитурия
в) массивті протеинурия, айқын гипо- 5,0-3,0 г/л-ге дейін. және диспротеинемия, гипоальбуминемия 20-30%-ға дейін және төмен
г) азотемиялық уремия
Жауабы: дұрысы в) массивті протеинурия, айқын гипо- 5,0-3,0 г/л-ге дейін. және диспротеинемия, гипоальбуминемия 20-30%-ға дейін және төмен – нефротикалық синдром дамуы
Дұрыс емесі:
а) үнемі протеинурия, несепте ақуыз мөлшері 0,1-ден 3,0 г/л, микрогематурия, цилиндрурия, кейде лейкоцитурия – протеинуриялық стадия
ә) айқын диспротеинемия, гипоальбуминемия 36,0% — ға дейін, гиперглобулинемия: а1 9,0%-ға дейін, а2 15,0-16,0%-ға дейін, у-глобулин 23,0-25,0%-ға дейін – протеинуриялық стадия
б) айқын емес микрогематурия, сирек минимальды лейкоцитурия – латентті стадия
г) азотемиялық уремия – азотемиялық стадия
- Бүйрек амилоидозының клинико-биохмиялық классификациясына жатады:
а) біріншіліті немесе идиопатиялық
ә) екіншілікті
б) тұқым қуалайтын
в) кәрілік
г) AL – амилоидоз
Жауабы: дұрысы г) AL – амилоидоз – біріншілікті, миеломды аурумен байланысты
Дұрыс емесі:
а) біріншіліті немесе идиопатиялық – этиологиясы бойынша жіктемесі, себептері белгісіз
ә) екіншілікті – этиологиясы бойынша жіктемесі, өкпе туберкілезінде, өкпенің созылмалы ауруларында, остеомиелитте, т.б.
б) тұқым қуалайтын – этиологиясы бойынша жіктемесі, периодты ауру, амилоидоздың португальді нұсқасы, т.б.
в) кәрілік – этиологиясы бойынша жіктемесі, амилоид көбіне бас миында, аортада, миокардта, ұйқыбезде орналасады
- « Мутация әсерінен жасушалардың жеке клоны – амилоидобласттар пайда болады, олар амилоидты продуцирлейді » — қай патогенез теориясы?
а) мутациялы теория
ә) жасушалық-локальды генез теориясы
б) диспротеиноз теориясы
в) иммунды теория
г) амилоид пайда болу теориясы
Жауабы: дұрысы а) мутациялы теория — мутация әсерінен жасушалардың жеке клоны – амилоидобласттар пайда болады, олар амилоидты продуцирлейді
Дұрыс емесі:
ә) жасушалық-локальды генез теориясы — ретикулоэндотелиальды жүйенің ақуызды-синтетикалық бұзылысынан амилоид пайда болады
б) диспротеиноз теориясы – диспротеинемия салдарынан плазмада ірі дисперсті ақуыздық фракциялар мен аномальды ақуыздар пайда болады, олар тінге кіріп амилоидты субстанцияны құрады
в) иммунды теория – созылмалы қабынулық ауруларда АГ мен АД байланысуынан амилоид түзіледі
г) амилоид пайда болу теориясы – ондай теория жоқ
- Бүйрек амилоидозына қай процесс тән?
а) ЭТЖ төмендеуі
ә) өмір сүру ұзақтығы 5-6 жыл
б) біріншілікті амилоидоз нәтижесі екіншіліктіге қарағанда жағымды
в) науқас өлімі жиі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен дамиды
г) жүрек жеткіліксіздігі дамығаннан кейін өмір сүру ұзақтығы шамамен 6 ай
Жауабы: дұрысы в) науқас өлімі жиі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен дамиды – ол дамығаннан науқастың өмір сүру ұзақтығы – 1 жылдан кем
Дұрыс емесі:
а) ЭТЖ төмендеуі – ЭТЖ жоғарылайды
ә) өмір сүру ұзақтығы 5-6 жыл – өмір сүру ұзақтығы 1-3 жыл
б) біріншілікті амилоидоз нәтижесі екіншіліктіге қарағанда жағымды – біріншілікті амилоидоз нәтижесі екіншіліктіге қарағанда жағымсыз
г) жүрек жеткіліксіздігі дамығаннан кейін өмір сүру ұзақтығы шамамен 6 ай – жүрек жеткіліксіздігі дамығаннан кейін өмір сүру ұзақтығы шамамен 4 ай
- Бүйрек амилоидозын емдеудің принциптері:
а) амилоид ізашарының синтезін жоғарылату
ә) тіндік амилоидты құрылымдардың лизисі
б) тіндерде амилоид синтезін ынталандыру
в) фондық ауруларға назар аудармау
г) БСЖ мен ЖЖ симпотоматикалық емін ескермеу
Жауабы: дұрысы ә) тіндік амилоидты құрылымдардың лизисі
Дұрыс емесі:
а) амилоид ізашарының синтезін жоғарылату — амилод ізашарының синтезін шектеу
б) тіндерде амилоид синтезін ынталандыру — амилоид синтезін ингибирлеу
в) фондық ауруларға назар аудармау — фондық ауруларды емдеу
г) БСЖ мен ЖЖ симпотоматикалық емін ескермеу — БСЖ мен ЖЖ симпотоматикалық емінің болуы
- Бүйрек амилоидозының симптомы:
а) іш қату
ә) артериалды қысымның төмендеуі
б) ісіну
в) бауыр мен көкбауыр кішірейеді
г) тыныс алудың қалыпты болуы
Жауабы: дұрысы б) ісіну
Дұрыс емесі:
а) іш қату – диарея
ә) артериалды қысымның төмендеуі – артериалды гипертензия
в) бауыр мен көкбауыр кішірейеді — бауыр мен көкбауыр ұлғаяды
г) тыныс алудың қалыпты болуы – ентікпе дамиды
- Бүйрек амилоидозына қай процесс тән?
а) сарысуда креатинин мөлшері жоғарылаған
ә) IgG деңгейі жоғарылаған
б) қанда тромбоциттер мөлшері төмендеуі
в) қанда холестерин мен тығыздығы төмен липопротеид деңгейінің төмендеуі
г) жүрек ритмінің қалыпты болуы
Жауабы: дұрысы а) сарысуда креатинин мөлшері жоғарылаған
Дұрыс емесі:
ә) IgG деңгейі жоғарылаған — IgG деңгейі төмендеген
б) қанда тромбоциттер мөлшері төмендеуі — қанда тромбоциттер мөлшері жоғарылауы (көкбауыр зақымдалуы)
в) қанда холестерин мен тығыздығы төмен липопротеид деңгейінің төмендеуі — қанда холестерин мен тығыздығы төмен липопротеид деңгейінің жоғарылауы
г) жүрек ритмінің қалыпты болуы — жүрек ритмінің бұзылысы