Ұзақ тамақ ішуден немесе тым аз ішуден,немесе әртүрлі дерттердің әсерлерінен ішкен астың қорытылмауыннан ашығу дамиды.Ол бірнеше түрге бөлінеді.

Ашығу

Толық ашығу              Асқа жарымау                Сапасыз қоректену

Ашығудың ең ауыр түрі тамақпен бірге суды да ішпеумен байқалады.Оны сусыз толық ашығу дейді.Бұл ашығу кезінде дененің қатты құрғауынан және уыттануынан 4-7 күн ішінде адам көз жұмады.Ал,су ішіп,тек тамақ ішпеген адам 70 күннен астам уақытқа шыдайды.Бұндай ашығуды сумен толық ашығу дейді.

  Асқа жарымау (жартылай ашығу) ұзақ уақыт аз тамақ қабылдаудан дамиды және бұндай адамдарда дененің ісінуі,трофиканың (нәрленудің) бұзылыстары,қан қысымының көтерілуі,бүйректің т.б ішкі ағзалардың қызметтерінің өзгерістері байқалады.

Сонымен қатар,қуаттың мөлшері бойынша қабылданатын тамақ жеткілікті болғанына қарамастан,тағамның кейбір бөлшектері аздығынан дамитын ашығуды сапасыз қоректену дейді.Бұлкезде қабылданатын тағамда нәруыздар немес көмірсулары,майлар,витаминдер және микроэлементтер тым аз болуы мүмкін.

Толық ашығу

Толық ашығуға әкелетін себептік жағдайлар сыртқы (экзогендік) және ішкі (эндогендік) болып екіге бөлінеді.Сыртқы себептік жағдайға ішетін тамақтың болмауы немесе,бүгінгі күні кездесіп жүрген,ашығудың «наразылық» түрі жатады.Ашығу мен асқа жарымау,әсіресе балалар үшін,өте қауіпті.

Ашығуға әкелетін ішкі себепкер жағдайларға балаларда кездесетін ас қорыту жолдарының даму ақаулары,аурулары,жұқпалы аурулар,тәбеттің болмауы т.с.с. факторлар жатады.Сонымен бірге нейрогендік анорексия жиі эндогендік ашығудың себебі болады.Бұндай тәбеттің болмауы бойжеткен қыздар мен жас әйелдердің арасында кездесетін дерт.Оған полигендіктұқым қуалаушылыққа бейімділік байқалады.Бұл науқас әйелдердің көпшілігінің қанында май жасушаларымен және макрофагтармен өндірілетін цитокин кахехсиннің деңгейі аз болады.Жұлын-ми сұйығында тәбетті басатын холецистокининнің деңгейі көбейген.Емдеуге қарамай дерт өмір бойы жиі қайталанып,қатты азудан және жүрек аритмиясына әкелетін гипокалиемиядан науқас адам жан тапсыруы мүмкін.

Ашығудың дамуында көптеген сыртқы және ішкі жағдайлардың маңызы үлкен.Қол жұмысын атқарған адамдар,қоршаған ортада суық температурада болып,ауаның ылғалдылығы жоғары және желді болғанда ашығу тез жан тапсыруға әкеледі.Бұлар сыртқы ортаның жағдайларына жатады.Сонымен бірге ағзаның өзінің көптеген жағдайлары да ашығу кезінде адам өмірінің ұзақтығына біршама ықпал етеді.Оларға адам мен жануардың жынысы,жасы,ағзаның жалпы жағдайы,денедегі майдың жалпы қоры,зат алмасуларының жалпы қарқыны т.с.с. ішкі жағдайлар жатады.Жаңа туған нәрестелердің ашығудан тез шетінеуі оларда заттардың және жылу алмасуларының реттелу жолдарының әлі жақсы жетілмеуінен болады.Қарттар мен қартайған жануарлар ашығуға біршама көнбіс келеді.Өйткені оларда жас ұлғаюына байланысты негізгі зат алмасуларының қарқыны төмендеген.Дененің сыртқы беті мен оның массасының арақатынасы неғұрлым көп болса,солғұрлым жануарлар ашығудан тез өледі.Сондықтан кішкене жануарлар ірі жануарларға қарағанда ашығудна тез жан тапсырады.Бірақ бұл заңдылық бұл заңдылық әрдайым дұрыс бола бермейді.Ашығу кезіндегі жануар өмірінің ұзақтығы олардың сыртқы бетінің ерекшеліктерінен,түрлерінен:үй жануары ма,әлде жабайы дала жануары ма т.б. жағдайларға да байланысты болады.

Ашығу кезеңдері.

Толық ашығудың клиникалық көріністерінің 4 кезеңге ажыратады.

1.Селсоқтық кезең;

2.Қозу кезеңі;

3.Тежелу кезеңі;

4.Жануарлардың салдануы мен өлімі.

Бірінші кезеңде ашығуға жануар ешқандай мән бнрмейді,елемейді.Екінші кезеңінде орталық жүйке жүйесінің қозуы болады.Жануарлар тамақ іздеп аласұрады.Артынан бұлшықеттердің дірілі пайда болып,қимыл қозғалыстың үйлесімсіздігі байқалады.Ашығудың 3 кеззеңінде орталық жүйке жүйесінің қызметтері тежеледі,ашыққан адам мен жануарлар терең ұфқыға батады,қан қысымы төмендейді,тыныс алу сирейді.Содан біртіндеп ашығудың 4 салдану кезеңі дамиды.Ашыққан ағза терең комадан жан тапсырады.Бұл кезде тыныс алу орталығының салдануы болып,жүрек соғу мен тыныс алу тоқтайды.

Бұл көрсетілген жіктеуге қарағанда,ашығудың кезеңдерін ажырату үшін ол кездердегі заттар мен энергия алмасу ерекшеліктерінің жағдайларына қарай патофизиологиялық ажырату маңыздырақ болады.Осыған орай ашығудың үш екзеңін ажыратады.

1.Энергияны үнемсіз пайдалану кезеңі;

2.Энергияны үнемдеп пайдалануға жақсы икемделген кезең;

3.Тіндердің ыдырауы,жануарлардың уыттануы мен өлуіне әкелетін ақтық кезең.

Жануарлардың түрлеріне қарай әр кезеңнің ұзақтығы да әртүрлі болады.Адамда бірінші кезең 3-4 күнге,екінші кезең 40-50 күнге,үшінші кезең 3-5 күнге созылады.

Сонымен қатар ашығудың кезеңдеріне орыс ғалымдары Г.Ф.Ланг және А.Л.Мясников ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында ұстанған жіктеме назар аударарлықтай деуге болады.Бұл ғалымдар ашығудың кезеңдерін клиникалық көріністеріне қарай ажыратқан.Олар ашығудың өту ерекшеліктеріне байланысты үш кезеңді бөлген: 1-ші жеңіл немесе емханалық,2-ші орташа дәрежелі немесе ауруханалық (ауруханада жатып емделуді қажет ететін), 3-ші ауыр,қайтымсыз кезең.

Жеңіл немесе емханалық кезең кезінде организмге қажетті энергия көмірсулары мен майлардың тотығулары есебінен түзіледі.Бұл кезде организмнің жалпы және рухани әлсіздігі, қол және ой жұмыстарының әлсіреуі байқалады.Бірақ организмде витаминдердің жетіспеушілігі әлі байқалмайды.Адамның қарын ашу сезімі және тамақ ішіне деген талпынысы сақталады.Тамақ ішкеннен кейін ол жақсы қорытылады.

Орташа дәрежелі немесе ауруханалық кезеңі кезінде энергия түзу үшін қан мен бұлшықеттердің нәруыздары пайдалана бастайды.Дене салмағының кемуі 20-40 %-ға жетеді.Нәруыздық-энергиялық жеткіліксіздік квашиоркор түрінде болғанда дененің ісінуі болады.Қатты әлсіздік,мезгіл-мезгіл іш өту,көптеген витаминдердің жетіспеуі,адамның селсоқтығы байқалады.Қарын ашу сезімі бәсеңдейді.Өйткені денедегі майлардың азаюынан май жасушаларымен,қарын ашу сезімін туындататын,цитокин-кахехсин өндірілуі төмендейді.Бұл екзде ішкен тамақтың қорытылуы нашарлайды.Сондықтан ашыққан адамды қоректендірудің арнайы тәртібі қажет болады.

Ауыр,қайтымсыз кезеңі кезінде дене салмағы 40%-астам жоғалады,ауыр авитаминоздар дамиды,салдарлық жұқпалылардың қосылуы,дененің күп болып ісінуі,іш өтуі,ішкі ағзалардың дистрофиялық бүліністік өзгерістері байқалады.Бұл кезде ішкен тамақ мүлде қорытылмайды.

Ашығудың негізгі кезеңдері

Ашыққан ағзада мидағы тағамдық орталықтың қозуынан қатты қарын ашу сезімі ерте пайда болады.Артынан толық ашыққан организмде бірнеше күннен кейін бұл орталықтың тежелуінен аштық сезімі жоғалады.Асқа жарымаған организмдерде аштық сезімі жоғалмай,ұдай сақталып қалады.

Ашығудан дене массасы азаяды.Оның бірінші кезеңінде энергияны үнемсіз пайдаланудан дене салмағының азаюы тым қатты болады.Екіншікезеңінде дене салмағыныңазаю қарқыны біршама төмендейді және тәулігіне 0,5-1% ғана болады.Сондықтан дене салмағының алғашқы мөлшері белгілі болса,күнделікті оның азаю мөлшерін есептеп,ашығудың ұзақтығын шығаруға болады.Үшінші кезеңінде дене салмағының азаюы қайтадан артады.Май тінінің салмағы 97%-ға,көкбауыр-25,9%-ға,жүрек-3,6%-ға азаяды.

Ашығудың 6-8-ші күндері организм тіндерінің ыдырауынан олардың нәруыздары асқазан сөліне түседі.Олар асқорыту сөлдерімен амин қышқылдарына дейін ыдыратылып,қанға сіңіріледі және организмге қажетті нәруыздар түзуге қайталап пайдаланылады.ашығудың алғашқы күндері организмде гликолиздік және липолиздік ферметтердің,артынан трансаминдеу белсенділігі артады.

Толық ашығудан кейінгі тамақтандыру.

Ашығудың тіпті соңғы кезеңінің басында тамақтандыру организмнің барлық қызметтерін толық қалпына келтіреді.Сонымен толық ашығу организмде қайтымсыз өзгерістерге бірден әкелмейді.Бір ай ішінде ашығудан дене салмағының 40-50%-ға азаюя тамақтанудан кейін екі аптаның ішінде қалпына келеді.Бұл кезде адамның тәбеті ашылып,тотығулық үрдістер жақсарады,оң азоттың баланс дамиды.Бірақ ұзақ ашығудан ішек-қарынның сөл шығару қабілеті және қимылдық әрекеттері әлсірейтінін есте сақтау қажет.сондықтан ашығудан кейін адамды ақырындап,аз-аздап тамақтандыру керек.

Қайталап толық ашығулардан энергияны үнемдеп пайдалану жолдары жақсарады,ашығудың бірінші кезеңі қатты қысқарады.Бірақ көп рет қайталанған ашығулар организмнің икемделу-бейімделу мүмкіншіліктерін,иммунитетті әлсіретіп,өспе дамуына қолайлы жағдай туындатып,жануарлардың өліміне әкелуі мүмкін.Бұл кезде тамақтандыру нәтижелі болмауы да ықтимал.

Асқа жарымау

Асқа жарымау (жартылай ашығу) толық ашығуға қарағанда жиі кездеседі.

-тағамдық заттардың ыдыратылуы мен ішектерде сіңірілуінің бұзылыстары (мальабсорбция және мальдигеситялар);

-жиі қайталанатын созылмалы (жұқпалы аурулар,қызбалар,өспе өсуі,аутоиммунды аурулар);

-тәбеттің төмендеуі;

-маскүнемдік немесе дәрілермен улану;

-әлеуметтік апаттар-соғыс,жұмыссыздықта адамның асқа жарымауына әкеледі.

Асқа жарымау адамның тіршілігіне пайдаланылған энергиясының орны тамақпен толығатын энергиямен ұдайы толықтырылуымен дамиды.Мәселен,ол 2500-3500 ккал энергия шығындап,оның орнына асқа жарымаудан тамақпен 2000-1500 ккал-дан аз энергия қабылдайды.Бұндай ашығу,тіршілікті тез үзбейтін болғандықтан,ұзаққа созылады,оған организмнің бейімделу мүмкіншіліктері қосылады.Организм өзінде бар қуатты өте үнемдеп пайдаланады.Дене массасы біртіндеп азыяды және ол организмде судың артық жиналып қалуынан көпке дейін байқалмайды.Соған қарамай организм тіндерінде құрылымдық бүліністер дамиды.Бұл бүліністер ұзақ болатындықтан толық ашығу кезіндегіден де ауыр болады.Дене салмағының 40%-ға жуығы азайып,адам жарық дүниеден қайтады.Қан плазмасында нәруыздардың деңгейі азаюдан онда онкотикалық қысым төмендеуі дененің ісінуіне әкеледі.

Асқа жарымау кезінде тыныстық коэффициент мардымсыз төмендейді.Қан сұйылып,жиі анемия дамиды.Бұл кезде жүрек соғуы сиреп артериялық қан қысымы төмендейді,тыныс алу әлсірейді,адам мен жануарлардың жыныстық қабілеті азаяды.

Сапасыз қоректену

Сапасыз көректену кезінде организмге түсетін тамақтың қуаттық,калориялық мөлшері жеткілікті болуы мүмкін.Бірақ,бұл кезде ішетін тамақтың құрамында кейбір маңызды бөлшектері болмайды.Ішетін тамақта көмірсулардың аз болуынан бауырда гликогеннің қоры азаяды.Осыдан оның уытсыздандыру қабілеті төмендейді,майлардың бауырға тасымалдануы күшейіп,онда олардың толық  тотығуы болмауынан кетондық денелердің түзілуі артады.Бұндай жаңдай сирек кездеседі.

Тамақпен майлардың жеткіліксіз түсуінен организмде алмастырылмайтын май (арахидон,линол және линолен) қышқылдарының тапшылығы болады.Содан жасуша мембраналарының құрылымы бұзылады..Жасушалардың өсіп онуі,бөлінуі тежеледі.Сонымен бірге тамақта май болмаса,майда еритін витаминдердің ішектерде сіңірілуі болмайды,олардың организмдегі тапшылығы арта түседі.

Сапасыз қоректенудің ауыр түрінің біріне тамақта нәруыздардың тапшылығы жатады.Бұл кезде тамақпен организмге енетін нәруыздың мөлшері тым аз болуынан,ол организмнен шығарылатын азоттың орнын толтырмайды.Осыдан организмде теріс азоттық теңгерім дамиды.Организмде ағзалар мен тіндердің жасушалары өсіп өніп,жаңарып тұруы үшін нәруыздардың түзілуі ұдайы болып тұруы қажет.

Емдік ашығулар.

Бүгінгі күні кейбір ауруларды (аллергиялық,жүрек қан тамырларының,жолдарның,терінің ,буындардығң ауруларын,семіруді т.б.) емдеу үшін ашығу қолданылады.

Бір жеті күннен он бес отыз бес күнге дейін толығынан ашығу кезінде организмнің қорғану,бейімделу мүмкіншіліктері жұмылдырылып,әртүрлі ауру туындататын ықпалдарға оның икемделістік қабілеті артады,көптеген дерттерге төзімділігі артады.

Шамалы ашығудан организмде ыдырау үрдістері артып,зат алмасу өнімдерінің қалдықтары,майлар мен тұздар организмнен сыртқашығарылады.Организмге сырттан тамақ түспеуінен оның өзінің майлары,көмірсулары мен нәруыздары энергия түзу үшін пайдаланылады.Сонымен бірге организмде қалпына келу үрдісі артып,ондағы ағзалар мен тіндердің жаңаруы,организмнің жасаруы болады.

Емдік ашығудың нәтижесінде адамның көңіл күйі жақсарады,тәбеті ашылады,әлсіздік жоғалады.Бірақ бұл кезде витаминдердің жетіспеуінен сақтану керек.Жүкті әйелде,инсулинге тәуелді ұантты диабет кезінде,бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігінде,бауыр ауруларында,созылмалы жұқпалы аурулар кездерінде,қатерлі қспе өсуі кезінде,жүрек қызметі жеткіліксіздігінде т.с.с. көптеген аурулар кездерінде оны қолдануға болмайды.

Емдік ашығу он бес тәуліктен аз болуы қажет.Одан кейін қалыпты қоректенуге біртіндеп көшу керек.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика