Жоспар

  • Ауру туралы жалпы түсінік
  • Этиологиясы, эпидемиологиясы
  • Клиникалық көріністері
  • Диагностика, емі, алдын алу шаралары

Мелоидоз – адам мен жануарлардың инфекциялық аурулары болып табылады, жедел және созылмалы формадағы септицемиямен,  септикопиемиямен көрінеді.

Этилогиясы: миелоидоз қоздырғышы – Pseu domonas pseudomallei. Олар грамм теріс, және анимен бояуларымен жақсы боялады. Қарапайым қоректік ортада жақсы өседі.  Мелоидоз қоздырғышы сыртқы ортаға тұрақты. Топырақта және фекалияларда 27 күн бойы сақталады. Өте жоғары және төменгі температураларға мелоидоз қоздырғышы төзімсіз: 560 С ішінде ол 10 минут ішінде, қайнатқанда бірнеше секунд ішінде жойылады. Дезинфекциялық ерітінділерге төзімсіз. Микроб жойылған кезде оларда термостабильді эндотоксин бөледі. Олар өлген ағзаларда 12 күнге дейін сақталады.

Эпидемиология: Қоздырғыш көзі болып кеміргіштер, және үй жануарлары болып табылады. Жұғу механизмі толық зерттелмеген. Жиірек, қоздырғыштың организмге енуі, жарақаттанған тері арқылы енеді. Мысалы, ашық жарақат, беткей күйіктер, микрожарақаттар.

Инфекцияның берілу жолдары: мелоидоз қоздырғышының тұқымы бар топырақ және су болып табылады.

Ауру кезеңі жаңбырлы кезеңде, және ауылшаруашылық аудандарда жиі кездеседі.

          Патогенез және патологиялық анатомия:

Кіру қақпасынан енген қоздырғыш бірінші лимфа жүйесіне еніп, одан қанға өтеді. Патогенездің негізгі этапы болып эндотоксинемия болып табылады. Ішкі органдарда спецификалық гранулемалар пайда болады. Мелоидоздың ауыр септикалық формасы негізінен, әлсіз, иммунитет төмен адамдарда дамиды. Сонымен қатар мелоидоз латентті инфекция түрінде де дамуы мүмкін. Соңына таман инфекцияның қатерсіз формасына әкелуі мүмкін.

 Клиникалық көрінісі: Инкубациялық кезеңі 2 – 14 күнді құрайды. Аурудың негізгі 3 формасын ажыратамыз. Сеитикалық формасы найзағай тәрізді, жедел басталады. Барлық симптомдар анық басталады, екінші күні инфекцио – токсикалық шоктан өлуі мүмкін. Ауыр және өршіген безгек нәтижесінде (яғни, ол 41 градустан жоғары ) көп мәрте құсық және жиі сұйық  нәжіс энтеритті мінездеме тән, және ол эксикозға алып келуі мүмкін. Сонымен қатар жүрек – қантамыр симптомдары дамиды. Ентігу, шырышты – іріңді жөтел, кей жағдайда қанды қақырық түсуі мүмкін. Көкбауыр мен бауыр ұлғайған, кей жағдайда сарғаю байқалады.

Мелидоздың жедел формасы, температураның жоғарылауымен, дірілмен сипатталады. Безгек алғашқы 4 – 6 күндері тұрақты, содан кейін ремиссиялы. Сонымен бірге бастың ауруы, артралгиялар, миалгиялар, құсу, лоқсу, естің бұзылуы қатар жүруі мүмкін. Аурудың 5 – 6 күндері теріге пустулезді бөртпелер шығады. Бөртпе элементтері мелидоз кезінде мөлшері көп болады. Жедел формасы 8 – 15 күнге созылады. Емделмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Латентті формасы айқын симптомдарсыз. Ретроспективті түрде дамиды. Оны біз эндемиялық аудандардан келген адамдарға немесе жергілікті тұрғындарға серологиялық зерттеулер жүргізу арқылы анықтай аламыз.

          Диагностика: Диагноз бактериологиялық әдіспен – қаннан, зәрден, құсық массасынан, қақырықтан қоздырғышты табу арқылы қойылады. Лабораторияда жануарларды зақымдайды. Серологиялық әдістен РНГА, РСК қолданылады. Салыстырмалы диагнозды обамен, тырысқақпен, үшіншілікті сифилиспен, микоздармен жүргіземіз.

Емі: ауру барлық формаларында кең спектрлі , белсенді антибиотикотерапия жүргіземіз. Негізгі нәтижені парентеральды левомицитинді 30 тәулік қолданғанда береді.

Белсенді дезинтоксикациялық, гемотрансфузиялық ем қолданамыз. Кортикостероидтар тиімді болып табылады. Ауыр формаларын емдегенде интенсивті шокқа қарсы терапия қолданамыз. Септикалық форманың жеделше және созылмалы ағымында пайда болған абсцеске хирургиялық ем жасаймыз.

Алдын алу шаралары: Эндемиялық аудандарда үй жануарларына ерекше көңіл бөледі. Өлген жануарларды сақтау, көму арнайы жерлерде жүргізіледі. Дератизация әдістерін жүргізіп отыру керек. Науқастарды жеке оқшаулайды, ем жүргізіледі. Дәрігерлер ұзақ уақыт бойы қарау, бақылауға алады. Себебі, кеш рецидивтің көрініс беруі мүмкін. Әсері бар вакцинация әлі күнге дейін жоқ.

Share This Class:

Яндекс.Метрика