БУЫН АУРУЛАРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ

Жалпы, буын ауруларының екі негізгі тобы бар, олар: артрит және артроз. Артрит – көп жағдайда мүгедектікке әкеліп соғатын, әртүрлі ревматикалық аурулармен анықталатын созылмалы қабыну, ал артроз – алмасу-дистрофиялық процестері. Бұл аурулар жеңіл жарақат алғаннан, ашық буын зақымдануы мен физикалық жүктеме көп түскеннен және суық тигеннен пайда болады. Артроз асқынғанда буындардың қозғалмай қалуы мүмкін. Онымен адамдардың […]

БЕЛСІЗДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ

Ерлер бедеулігі әдетте белсіздік деп аталады, бедеулік әйелдердің бала көтеру кабілетінің жоқтығы. Белсіздік — түсінікті тілмен айтқанда ұрықтың болмауы. Белсіздіктің кесірі бедеуліктен кем емес. Еркек белсіздігі – еркек шәуһетінің әйелді ұрықтандыруға қабілетсіздігі. Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де араларында бала болуын қалағанымен бір жыл ішінде әйел жүкті болмаса неке сәбисіз деп саналады. Көптеген медициналық зерттеулер көрсеткеніндей, бала […]

ЕРЛЕР НЕГЕ ӨЗ ЕРКІМЕН УРОЛОГ-ДӘРІГЕРЛЕРГЕ БАРМАЙДЫ?

ҚР бас урологы, Б.Жарбосынов атындағы ғылыми урологиялық орталығының бас директоры Мырзакәрім Алшынбаев өткен жылдың күзінде «Ер адамдардың тек 10 пайызы ғана өз еркімен уролог-дәрігерлерге көрінеді» деп мәлімдеген еді. Бас урологтың айтуынша, «Ер адамдардың денсаулығы күндері» жобасының аясында 16 қалада 4 мың ер азамат тексерілген. Олардың 83,3 пайызынан уроандрологиялық патология белгілері анықталыпты. Бұдан бұрын «Қазақстандағы ерлердің […]

Инфаркт дертінің алдын алу жолы

Шамамен сағат 6-7-нің кезінде жұмыстан үйге қайтып келе жатырсыз делік. Жұмыс күні өте ауыр өтті. Кенеттен өз-өзіңізді біртүрлі жайсыз сезінесіз. Алайда жақын арада емхана да, дәріхана да жоқ. Адамдардың көбісі инфарктқа жалғыз қалғанда, жанында ешкім болмағанда ұшырайды. Есінен айырылып қалуға 10 секунд қана уақыты қалады. Не істеу керек? Жауабы: Байбалам салмай, жылдам әрі қатты жөтеле бастаңыз. Әр жөтеліңіздің […]

Сымбат пен денсаулыққа байланысты 12 тағам

Әрдайым сымбатты көрініп, денсаулығым мықты болсын десеңіз, ас мәзіріңізге пайдалы 12 тағамды енгізіңіз. 1. Сүт Адамзат баласы дүниеге келген кезде әуелі ана сүтін қорек етеді. Ана сүті өмірге келген жас сәбидің дамып, өсуіне ықпал етеді. Себебі, оның құрамында балаға қажетті элементтер бар. Жас сәбиге сүт қаншалықты қажет болса, үлкен адамдарға да соншалықты қажет. Сүт құрамындағы […]

Көз тазалығы

Көру мүшесі – біздің көзіміз. Сондықтан көз адамның ең маңызды дене мүшесі саналады. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу керек. Сондықтан төмендегі талаптарды біле жүргенің жөн. 1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу керек. 2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру; ол тым шаңқиған жарық немесе тым көмескі, әлсіз болмауы керек. 3. Үстелге қоятын шамның жарығын сол жақтан түсіру. […]

Жазда қалай жаттығу керек?

Жаз мезгілі жаттығу үшін аса қолайлы емес. Ауа температурасының жоғарылауы, күннің аптап ыстық болуы адамды жылдам шөлдеуге және шаршауға алып келуі мүмкін. Осындай ауа райында қалай шыныққан дұрыс? Жазғы жаттығу барысында төмендегі қағидаларды есте сақтаңыз. Жаттығу уақытын дұрыс таңдай біліңіз Жаз айының басқа мезгілдерден ерекшелігі жаттығу жұмыстарын тек спортзалда ғана емес, табиғат аясында да жүргізуге […]

Ауыз қуысындағы жағымсыз иіс

Ауыз қуысының жағымсыз иісі оның иегері жайлы әсерді әп-сәтте бұзуы мүмкін. Жағымсыз иістің пайда болу себебіне байланысты одан бірнеше минутта, ал кейде – бірнеше маманның емін қабылдаудан кейін ғана арылуға болады. Жағымсыз иіс шығудың себептері Ауыз қуысының жағымсыз иісіне көбіне темекі шегу, ішімдік ішу және басқа да өнімдерді жиі тұтыну себеп болып жатады. Алайда жағымсыз […]

Балаңыз күнге күйгенде не істеуге болады?

Күнге күю тәртібін дұрыс сақтамаудан дененің күнге күйіп кетуі, ағзаның шектен тыс қызуы және оған күн өтуі мүмкін. Ондай жағдайда не істеуге болады? Тері күюінің белгілері: — алғашқыда күн түскен жерлер қызарып, ісінеді, кейде қалтыратып тоңдырады; — дене ыстығы көтеріледі; — бас ауырады; — жүрек айниды. Алдымен баланы тыныштандырыңыз, содан соң салқын компресс жасап ауырсынуын […]

Жұқпалы ауру балаларға аса қауіпті

Әлемде жұқпалы ауруға шалдыққандардың саны көп. Ресми санақ мәліметтері бойынша олардың көбі – балалар. Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры, Алматы қалалық балалар клиникалық емханасының кеңесшісі, жиырма бес жылдық еңбек өтілі бар, тәжірибелі дәрігер Әділ Қатарбаевтан балалар жиі шалдығатын жұқпалы аурулар жөнінде сұрадық. — Жұқпалы аурулардың ішіндегі ең жиі кездесетіндері қандай? — Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының […]