Көзге көмек

Адам азғасына қоршаған ортаның әсері өте зор: бізге жарық пен дыбыс, ауа-райы мен ылғалдылық, пайдаланатын тамағымыз және т.б. барлығы әсер етеді. Әр дене мүшесінің атқаратын өз функциясы бар, және оған кері әсер етуші факторлар да жетерлік, мысалы, біздің көзімізге ең қауіпті фактор  –жарық. Күннің жарығы болсын, жасанды жарық болсын, зияны үлкен.

Кез келген жарық көзге зиян. Жарық сәулелері көздің тор қабығына түскен соң, оның фоторецепторларына (таяқшалар мен құтышалар; жарықты түрлендіріп жүйке импульстарына жеткізуші жасушалар)  әсер етіп, мидағы көру бейнесін бұзады. Туылғаннан адамның көзінде үлкен көлемде 7 миллион құтышалар мен 120 миллион таяқшалар болады. Олар күндіз де, түнде де анық көре алатын мүмкіндік береді. Алайда, жарықтың әсерінен олардың саны азая береді, уақыт өте келе көздің көру қабілеті нашарлап, тіпті кей жағдайларда соқырлыққа да алып келеді.

Жарықтың әсерінен көздің торында және жанарынла агрессиялы жасушалар түзіледі. Олар таяқшалар мен құтышаларды бұзатын еркін радикал жасушалар. Олар көздің майда қантамырларының өткізгіштігін бұзады, көз жанарының тұнықтығын төмендетеді және көз торының жасушаларын зақымдайды.  Жиналған сайын олар көздің көргіштігін төмендетеді және жас өте келе пайда болатын көз ауруларын (глаукома, катаракты, макула (сары дақ) дистрофиясын) туғызады.

Сіз әдемі табиғатқа қарап отырсаңыз да, қызықты кітап оқысаңыз да, немесе компьютерде жұмыс істеп отсаңыз да жарықтың әсерінен  көзде еркін радикалды жасушалар үздіксіз түзіліп отырады.

Дегенмен, көзді барлық жарық сәулелері зақымдай бермейді, тек жарықтан қорғағыш қабаттан өткен ғана сәулелер зақымдайды. Табиғи қорғағыш қабаттың арқасында жарықтың көк-күлгін бөлігі өтпей, түзілген еркін радикалды жасушалар жойылып отырады.

Көздің антиоксидант қызметін атқаратын пигменттер каротиноидтар(лютеин және зеаксантин) деп аталады. Олар көздің торында және жанарында табиғи қорғағыш қабат түзіп, ең зиянды -ультракүлгін сәулелерін жойып отырады.

Лютеин ағзаға тағам арқылы түседі және ол ағзада синтезделмейді, ал зеаксантин лютеиннен көз ұлпаларында түзіледі. Көз торын қанмен қамтамасын бұзатын көздің әртүрлі ауруларында лютеиннің түсуі төмендейді және оның көз ұлпаларындағы қоры азаяды. Бұл көздің көргіштігін емделмейтіндей дәрежеде төмендетеді, тіпті соқырлыққа да ұласуы мүмкін.

Алайда, дені сау адамдардың да дер кезінде лютеиндікеректі мөлшерде алып тұрмаса,  көз көргіштігі нашарлауы мүмкін. Каротиноидтар ертелі-кеш таусылады, сол кезде көздер қорғансыз қалады.

Ол үшін күнделікті ағзаға 5 мг лютеин мен 1 мг зеаксантин қажет. Ол көлемдегі лютеинды алу үшін көп сәбіз, тәтті бұрыш және шпинат пайдалану керек болады. Ал көз ауруларымен ауырсаңыз, тіпті көп мөлшерде пайдалануды  керек етеді.

Сонымен, көзге көмекті қалай беру керек:

Көзге көмек:

  • Құрамында лютеині, А, В, С дәрумендері бар, қаражидек қосылға дәрумендерді пайдалану;
  • Күнделікті көзге кем дегенде 3-4 рет жаттығу жасау; көзбен төртбұрыш сызу, шеңбер сызу, сегіз санын сызу, шексіздік белгісін сызу және т.б.
  • Дұрыс, пайдалы тамақтану;
  • Стресс, депрессиядан аулақ болу;
  • Зиянды әдеттерден аулақ болу;
  • Компьютер алдында ұзақ отырмау;
  • Жарықтан қорғағыш көзілдіріктер пайдалану;
  • Офтальмолог, окулист мамандарға міндетті түрде қаралып тұру. Берген ем-домын бұлжытпай қабылдау.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика