ОЗ Биоэтика Баяндама
Биоэтика – дәстүрлі биомедициналық этиканың жаңа түрі. Оныңнегізінде адамның құқығы мен құндылықтарын сыйлау қағидасы жатыр.
Биоэтика философиялық ғылымның маңызды нүктесі, ол жаңа заман медицинасының технологиялық жабдықталуымен, генді инженерия ғылымының пайда болуы, трансплантологии, адам өмірін сақтауға арналған құралдардың болуына байланысты. Бүгінде аборт, бала көтеру, жасанды ұрықтандыру, клондау, сексология, эвтаназияға байланысты этикалық ахуалдар көп. Сенім орнату, дәрігердің науқасқа түсінікпен, жақсы, саналы қарау делінген. Деонтологиялық этикаға қарағанда биоэтикада құқықтар шағылысы аса маңызды, яғни ұрықтың өмір сүру құқығы, әйелдің түсікжасату құқығы – жүкті болу құқығы, эвтаназия құқығы –жақсы өлім. Мұндағы науқастың өлімге бет бұру деген құқықтық санасы дәрігердің профессионалды заңдылығы –зиян келтірмеу мен өлтірмеу деген қағидаларына қайшы келеді.
Әр елдің және Қазақстанның медбикесінің этикалық кодексін этикалық қағидалар анықтайды және медбикелердің өзін өзі ұстау стандарттарымен өзін өзі этикалық бақылау стандарттары болып табылады. Этикалық қағидалармен медициналық қызметкердің профессиональды деонтологиясы үздіксіз байланыста болады. Деонтология ғылым емес, қарым қатынас пен өзін өзі ұстау қасиеті, әрбір елдің мейірбикесі, соның ішінде Қазақстанда, мейірбикелердің тәртібі мен өзін өзі басқару құралы ретінде профессионалды мейірбике үшін үлгі болып табылады.
Жыныстық өзгерістерге қатысты этикалық мәселелерге келетін болсақ, бұл тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемдік дінге қатысты проблемалардың бірі. Медициналық тұрғыданқарайтын болсақ бұл этикалық мәселенің түбірінде адамның психикалық ауытқуы, өзін табиғаттың жаратылысымен қабылдай алмауы жатыр. Жыныс өзгертушілікке қатысты, қаншалықты оны әлеуметтік қабылдауы дұрыс болмаса да, медицина адамдар денсауылығын сақтау, қолдау нығайту болғандықтан трансексуалды хирургияның бар екенін айта кету керек. Алғышқы ота жыныс өзгертуге қатысты 1951 жылы Данияда жасалған болатын, Қазіргі таңда бұл белең алған ота түрі болып табылады. Заманауи медицинаның мүмкіндіктері мол, хирургия саласындағы серпіліс көптеген жаңа мүмкіндіктер ашты. Кардиохирургия, транспланталогия және онкологиялық оталар миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалды. Қазір біздің елімізде де кардиохирургия қарқынды түрде, трансплантология да бірте-бірте даму үстінде. Бұрын шетел асып жасайтын ота түрлерін бүгін өз елемізде жасауға болады. Тіпті жыныс ауыстыру отасын да жасатуға болады екен. 2009 жылдан заң жүзінде жыныс ауыстыру рұқсат етіліп, содан бері 25 қазақстандық «өзгеріпті». Жыныс ауыстыру мәселесіне келгенде қазақстандық қоғам бұған қарсы. Қазақтың менталитеті, діни ұғымына сай келмейтін үрдіс дейді. Жалпы алғанда жыныс ауыстыру бұл бір ғана ұлт, діни қауымдастық үшін сай келмейтін ұғым емес, бұл жалпы адамзат жаратылысына қарсы. Бұл туралы ҚМДБ мәлімдеді. Өзін өркениетті санайтын елдер адам құқығы, адам таңдауы, демократияны алға тартып, гомосексуалдар мен транссексуалдарды қорғайды. Халық көп айтады, бірін дұрыс айтса, бірін бұрыс айтады. Бірақ сол көп сөзден шындық анықталады. Бірақ біз біреудің айтқанына сүйенбей, нақты фактілерге негізделіп ақиқат іздейміз.
Бірінші факт –шариғат бойынша харам
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы ресми сайтында Шариғат және пәтуа бөлімі «Шариғат бойынша ер кісінің жыныс мүшесін әйелдің жыныс мүшесіне ауыстыруы немесе әйелдің жыныстық мүшесін ер кісінің жыныстық мүшесіне ауыстыруы – харам» деген үкімі жарияланды.
Қазіргі заманауи медицинада адамның жыныстық ағзаларын ауыстыру өзекті мәселелердің біріне айналды. Шариғи тұрғыдан жыныстық мүшені ауыстыруға тыйым салынады. Оған төмендегі мына аят-хадистер айғақ ретінде жариялаған.
1) Жыныстық мүшені ауыстыру – Жаратушының жаратылысын өзгерткенмен тең. Алла Тағала мұндай өзгертулерді харам еткен. Себебі, мұндай сорақы іс-әрекет Ібіліс шайтанның діттеген мақсатына кіреді. Алла Тағала Құранда Ібіліс шайтанның былай деп ант ішкендігін ескертеді: «Мен, оларға (адамзатқа) Алланың жаратылысын өзгертсін деп, сөзсіз, әмір етемін».
2) Шариғатта ер кісінің әйелге, әйелдің ер кісіге ұқсауына қатаң тыйым салынған. Абдулла ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелге ұқсағысы келген еркектерге және еркектерге ұқсағысы келген әйелдерге лағынет айтты», – деген.
3) Мұндай жыныстық өзгертулер ер мен ердің, әйел мен әйелдің үйленуіне жол ашады. Ал шариғатымыз мұндай сорақы істі харам еткен. Ер мен ердің немесе әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа баруы – Лұт пайғамбардың дәуірінде жасалған азғындықтың жалғасы.
Дүниежүзілік мұсылман Лигасына қарасты Ислами Фиқһ Академиясы өзінің он бірінші отырысында осы мәселе жөнінде: «Аталық жыныс мүшелері толық жетілген ер кісінің немесе аналық жыныс мүшелері толық жетілген әйелдің жыныс мүшесін қарсы тараптың жыныс мүшесіне ауыстыруы – харам іс. Бұл үлкен күнәлардың қатарына жатады. Мұндай сорақы іске қадам басқан адам жазаға лайық болады. Өйткені бұл іс Алланың жаратқан жаратылысын өзгерткенмен тең», – деген шешім шығарған.
Екінші факт – заңнамада былай
Қазақстан Республикасы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңның 88-бабында «Психикасының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдардан басқа жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамның жынысын ауыстыруға құқығы бар» делінген. Сонымен қатар заңда «жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларын уәкілетті орган белгілейтіндігі» көрсетілген. Демек, психиологиялық ауытқуы жоқ , бірақ жынысытық сәйкестендіруінде ауытқуы бар адам жынысын ауытыра алады екен. Әйел бола тұра өзін еркек сезінетін, еркек бола тұра өзін әйел сезінетіндер кейін жыныс ауыстыру отасына бел буады. Заңнамалық тұрғыда Қзақстанда жынысын ауыстыруға 2009 жылдан рұқсат етілген. 2010 жылдан бастап осындай ота жасатуға 3 адам ұсыныс берген. Содан бері 25 қазақстандық жынысын ауыстырыпты. Елімізде бұндай отаға бел бағандар көп емес, бірақ аз да болса бар. Бірақ, жыныс ауыстыру – кесетінді кесіп, тігетінді тігумен ғана шектелмейді. Бұл аса ауыр хирургиялық отаның алдында құжат жинау қиындықтары тағы бар. Жынысын өзгерткісі келген адам арнайы коммисияға арыз жазып, тиісті анализдерді тапсырады. Белгілі анализден өтсе, төлқұжатын ауыстырады. Төлқұжат ауыстырудың өзі қаншалықты уақыт қажет ететіні белгілі. Ары-бері жүгіріспен-ақ шаршайды. Оның үстіне тағы түрлі қиындықтар туындайды екен. Қысқасы Қазақстанда жыныс ауыстыру барлық қырынан оңай шаруа емес. Сондықтан транссексуалдарың көпшілігі шетелде «өзгеріп» келгенді жөн санайды екен. Жыныс ауыстырудан көш бастайтын Тайланд болып тұр. Бүгін бұл елдің пластикалық-хиругтары көмегіне әлемнің түпкірінен келген транссексуалдар жүгінеді екен. Оның үстіне Тайланда бұл хирургиялық ота басқа елдермен салыстырғанда 3-4 есе арзан екен. Нарықтық тілмен айтқанда сұраныс бар жерде ұсыныс та бар.
Үшінші факт –«екіжыныстықтан» емделу
Тай қоғамында жыныс ауыстыру бұл қалыпты жағдай. Оған ешкім таңғалмайды да. Бірақ жыныс ауыстыру туралы деректер жинай отырып, бұндай жағдай Иранда жиі кездесетіне таңғалмасқа амал болмады. Иран жыныс ауыстыру бойынша Тайландтан кейінгі екінші орында екен. Ғаламторды шарлай, Daily Mail ирандық ақпарат құралдарына негізделе Иранның футболдан әйелдер ұлттық құрамасының сегіз ойыншысы ер адамдар болып шыққан туралы мәлімет жариялаған. Олар жынысын ауыстыруға операцияны күтіп жүрген. Ер адамдар әйелдер құрамасы атынан Иран чемпионатына қатысып үлгерген. Бұл шындық спортшылар гендерлік тесттен өтпей қалғаннан кейін әшкере болды. Осы дауға байланысты Иранның футбол саласындағы шенеуніктері елдегі барлық ұлттық команда ойыншылары мен Иран чемпионатының үздік футболшыларының жынысын тексеруді міндеттеді. 1979 жылы Ирандағы революциядан кейін биілікке келген Аятоллы Хомейни ирандықтарға жыныс ауыстыру отасын жасатуға 1983 жылы рұқсат берген. Теократиялық Иранда бұндай жағдай қалай орын алғанын қалай түсіндіруге болады? Жынысы нақты белгісіз, яғни гермафродит тұлғаға екі жыныстықтан құтылу үшін деп түсіндіріледі. Екі жыныстың да белгілері бар адамды –гермафродит деп атайды. Екі жыныстықты ауру ретінде қарап, сол ауруды емдеу мақсатында жыныс ауыстыру оталары рұқсат етілген. Жыл сайын Иранда шамамен 450 жыныс ауыстыру отасы жасалады екен. Бірақ оның барлығы гермафродит немесе трансексуал деп нақты деректер келтірілмейді.
Төртінші факт –деректер жиынтығы
- Алғашқы рет жынысты коррекциялау отасы 1931 жылы Эйнару Вегенер есімді даниялық суретшіге жасалды. Әйел кейпіндегі есімі Лили Эльба болған. Ол уақытта жыныс ауыстыру отасы эксперимент ретінде қаралған. Суретшіге екі жы ішінде 4 ота жасалады. 1931 жылы маусым айында Вегенерге соңғы ота жасалып, ол 3 айдан соң көз жұмады.
- Тим Петрас 16 жасында жынысын ауыстырған ең жас адам. Ол 12- жасынан бастап гормондық терапиядан өтіп, 16 жасында отаның көмегімен Ким есімді қызға айналды.
- Джеймс Роуз жынысын ауыстырған ең егде ағылшын атанды. Ол 81 жасында хирургиялық операция жасатады. Үш баланың әкесі, төрт немеренің атасы енді Рут есімді «әже» болды.
- Толықтай әйелге айналу үшін ер адам 6 ота жасату керек. Әйел еркекке айналу үшін де 6 ота жасатады. Қосымша өмір бойы гормондық терапиядан өтуге мәжбүр.
- Жыныс ауыстыру операциясынан өткен адамның өмір сүру ұзақтығы қысқарады. Бұған жасалған оталар саны, және гормондық терапияның кері әсері себеп.
- Тарихта адамдардың жынысын ауыстыру отасын мәжбүрлеп жасаған жағдайлар да бар. Нацисттік Германияның дәрігері Йозеф Менгеле осындай қорқынышты тәжірибелерді Освенцим лагерінің тұтқындарына жасаған.
Жыныс өзгертушілікке қатысты, олардың түрлерін ажыратып білген жөн:
Бисексуалдар- жынысын өзгерпей-ақ, психикалық тұрғыда екі жынысты қабылдай алушылығы.
Гермофродизм- анатомо-физиологиялық жағынан екі жыныспен туылған адамдар.
Трансексуалдар- өздерінің биологиялық жыныстарын мойындамайтын, психико- эмоционалды адамдар.
Гомосексуалдар- бір жынысты адамдардың жыныстық қатынасты ұстануы.