Күздің басы жаңа пайдалы әдеттерді иелену үшін жақсы кезең. Сіз үшін солардың бірі таңғы жүгіру жаттығулары болсын.

Жұмыс күнінің алдында таза ауада серуендеп, жүгіріп шығу сізге күні бойына сергектік сезімін сыйлайды. Сондай-ақ мұндай физикалық жаттығулардың денсаулыққа пайдасы зор екені белгілі.

Заманауи адамның қателіктерінің бірі – бір орында отырып, қажетті шамада қимылдамау. Қазірде техниканың жетістігі бізге үй шаруасында, жұмыста, сабақта көмектесіп, адамды қимылсыз, бір орыннан тұрмайтын жанға айналдырды. Соңғы кезде көптеген аурулар осы қимылсыздық әсерінен пайда бола бастады.

Бұл мәселенің ең дұрыс шешімі таңғы жүгіру жаттығулары. Таңмен жүгіру – спорт түрлерінің арасындағы ең қолжетімді, оңай түрі. Бастысы ниеттеніп, жүгіруге қалауыңыз болуы керек.  Күзде таза ауада жүгіру адам ағзасының иммунитетін берік, дене бұлшық еттерін шымыр қылады. Аяқ, пресс, қол мен мойын, тіпті арқа жаттығып, ауырмайтын болады.  Кардио жаттығу болып табылатын жүгіру арықтауға көмектесіп, жалпы ағзаның төзімділігін арттырады. Мамандардың айтуынша, жүгіру сонымен қатар стрестен арылтады.

Beautiful girl training. Sports girl in a sportswear. Brunette in a black sweater

Егер сіз жүгірудің пайдалы қасиеттеріне сеніп, жүгіруге ниеттенсеңіз, бұл жаттығуларды әлі жылы болып тұрған күндері бастаған жөн. Жылы күндері жүгіруді оңай бастап, бұл әдет көңіліңізден шығады. Ал кейін ауа-райы бұзылған кезде жүгіру сіз үшін күнделікті әдетке айналып, оны тастай алмай қаласыз.

Күзде саябақтарда жүгірген дұрыс. Ондағы көрініс, күзгі табиғат жаныңызға рахат сыйлайды. Бірақ мүмкіндік болмаса, үйдің маңындағы стадион не аулада жүгіруге болады.

Ең бңрңншіден арнайы күздік экипировка алған дұрыс. Әриіне өзіңіздің жазғы кроссовкаларыңызбен жүгіре беруге болады. Бірақ жайлы, әдемі киім мен аяқ киімде жүгіру әсіресе қыздарға екі есе қуаныш сыйлайды. Жарқын түсті спорттық костюмнің өзі-ақ таңмен ерте оянып, жүгіруге шығудың себебі болуы мүмкін.

Аяққа киетін кроссовкаларға ерекше көңіл бөліңіз. Бұл бұйымға бір рет шығынданып, оны арнайы спорттық дүкеннен алған дұрыс. Сапалы, арнайы жүгіруге арналған аяқ киім нәтижелі жаттығулардың кепілі болмақ.

Күз жаңбырлы кезең, сол себепті жаңбырлы күндері де ерінбей жүгіруге шығамын деп алдын ала ниеттеніңіз. Ал бұндай күндері сізге су өтпейтін спорттық күртеше мен ұзындау спорттық шалбар қажет болады.

Жүгіруді жаттығулардан бастау – міндетті шарт. Суық күндерді бұл жаттығуларды үйде жасап шығуға болады. Мұндай жаттығулар дене бұлшық еттерін қыздырып, жүгіруге дайындайды. Жүгіруге бар күшіңізбен кіріспеңіз. Ақырын бастап, қарқынды бірте үлкейткен дұрыс. Алдыңызға қолжетімді мақсаттар қойыңыз. Жүгіруден рекорд орнатуға емес, жақсы көңіл күй мен денсаулық аламын деп ниеттеніңіз. Күннен күнге көбірек, тезірек жүгірсеңіз де денеңіздің күшін есепке алып отырыңыз.

Жалпы жүгіру кезіндегі жылдамдық қандай болу керек? Спорттық жарыстағы атлеттер сияқты емес, жай қарқынмен, бірақ ұзақ жүгіріңіз. Жүгірудің денсаулығыңыз бен артық салмақтан арылту қасиеті тез жүгіргенге емес, қаншалықты ұзақ жүгіргеніңізге байланысты. Бірінші жаттығулар 10-15 минуттан аспауы керек, кейін таңғы жүгіру жаттығуларының уақытын 30 минутқа үұзартыңыз. Күнделікті жүгіру ағза үшін тым ауыр болады, сол себепті бұлшық еттерге демалыс беріп, аптасына 2-3 рет қана таңмен жүгірсеңіз болады. Жүгіру жаттығуларының соңында қарқынды азайтып, жүруге өтіңіз. Артынан да жеңіл жаттығулар комплексін орындап, дем алуды қалпына келтіріңіз.

Таңғы жүгіру жаттығуларын аш қарынға не жеңіл тіскебасардан кейін жасау керек. Ал жүгіріп келгеннен кейін тәбетіңіз ашылып тұрса да бірден тамаққа бас салуға болмайды.

Спортқа бейімделуге әлі де батылыңыз бармаса, өзіңізге серіктес тапқаныңыз дұрыс. Таңғы жүгіруге құрбыңызбен не сүйіктіңізбен шығып жүрсеңіз, жаттығуларды тастамай, шынымен жаттыға алатындығыңызға сенімді боласыз.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика