Соз
Создың (гонорея) қатері де мерезден олқы соқпайды. Оны туғызатын қоздырғыш микробты – «гонококк» – дейді. Создың да таралатын басты жолы – жыныстық қатынас. Оның жасырын, инкубациялық кезеңі көбіне 2-4 күнге ғана созылады. Кейбіреулер созды жеңіл-желпі сырқат көреді. Бұл мүлдем қате. Өйткені ол ерлердің үрпі безінің (предстательная железа), аталық, аналық бездердің қабынуына, несеп жолының тарылуына, бедеулікке соқтырады.
Белгілері
Түзге отырғанда несеп жолы қатты ауырады. Жыныс мүшесінен жасыл-сарғыш түсті ірің ағады. Созды да, мерезді де тек осы салаға маманданған дәрігер ғана (врач-дерматовенеролог) анықтап, дұрыс емдей алады. Өзіңізге-өзіңіз диагноз қойып, өз бетіңізбен емделуден аулақ болыңыз. Емделмеген немесе ем дұрыс қолданылмаған венералық сырқаттың опық жегізетінін есіңізден шығармаңыз!