Адам организмі айналадағы ортаның табиғи тірі өкілдерімне үздіксіз қарым-қатынаста болуымен бірге биологиялық белсенді әсері бар көптеген макромолекулалармен кездесіп отырады. Ол макромолекулалар жануарлар мен өсімдік өкілдерінің тіршілік ету кезінде пайда болып, ақуыздардан, полисахаридтерден, нуклеин қышқылдарынан және де оның қосындыларынан тұрады. Сонымен қатар, адам тіршілігіне қажетті заттар жасанды түрде алынуы мүмкін (дәрі-дәрмек, тағамдық ақуыздар, ферменттер)

Биологиялық белсенді макромолекулалар адам ағзасына енген кезде биологиялық процестердің жүруіне кедергі жасауы мүмкін. Ондай затта адам организміне бөгде болғандықтан олардың барлық түрі бір топқа жатқызылып. Антигендер деп аталған. Эволюциялық даму барысында организмді бөгде заттардан қорғау үшін жылықандыларда арнайы жүйе құрылған. Ол жүйе иммунитет жүйесі деп, ал оның атқаратын қорғаушылық қызметі – иммунитет деп аталды.

Я, иммунитет жүйесі туралы толығырақ айта берсем өте кең көлемді, жан жақты зерттелген тақырып, тіптен арнайы бір ғылым саласы – «иммунология»  болып бөлініп те шықты. Турасын айтқанда иммунологияның даму тарихы, діктелуі, жетістіктері, имуниттеттің мәнісі және рөлі, түрлері, иммундық жүйенің іс атқаруының негізгі принциптерітмен механизмдері секілді. Алайда мен бұл өзіндік жұмысымда тақырыбыма сай тек қана осы иммуниттеттің орналасқан жеріне және түрлі жағдайларға байланысты ерекшеліктеріне тоқталып өтпекпін.

«Иммунитет » (immunitas) латын тілінен аударғанда – дербес құқықтық, зат әсерінен, не әр түрлі себептен босатылған, не арылған деген мағына береді . бұл түсінік адам қоғамында ерте заманна бері әйгілі, мысалы, шаруаларды салықтан босату, ал кейінірек уақытта дербестік үшін қолданылды. Ол сөздің биологиялық маңызы организмді антигендерден қорғап және арыту жолында жүретін биологиялық процестер түсінігіне сәйкес келеді.

Назар аударатын жағдай кез келген зат антиген болу үшін белгілі қасиеттерге ие болу керек, соның ішінде негізгілері: генетикалық бөгделік, белгілі химиялық құрылымы, организмнің ішкі тұрақтылығын бұзу мүмкіншілігі  т.б.

Антиген әлемі түрлі және көп санды болып келеді. Олар организмге әр түрлі жолдар арқылы енуі мүмкін:

  • Тыныс алу органдары
  • Ас қорыту жүйесі
  • Тері
  • Шырышты қабық

Организмге сырттан енетін антигендерді экзогендік антиген деп атайды. Сонымен қатар, кейбір кезде ағзаның меншікті тіні мутация, не басқа бір факторлар әсерлерінен өзгергендіктен антигендер іштен пайда болуы мүмкін, олар эндогендік антигендер деп аталады.

Иммунитет жүйесінің атқаратын басты-басты жұмыстары төмендегідей:

  1. Антигенді ажыратып тану, яғни оның генетикалық бөгделігін және оның ағзаның антигендерінен өзгешелігін дәлелдеу.
  2. Иммунитет жүйесіне тән реакциялар мен механизмдер кешені арқылы ағзаның құрылыстық, функционалдық қалыптылығын сақтау үшін ағзада жүретін биологиялық процестерге антигеннің әсерін тигізбеуден сақтау.
  3. Ағзада сол антиген туралы өзіндік мәліметті өмір бойына есте сақтап қалу.

Сонымен қатар, иммунитет жүйесі организмнің жеке бастық биполимерлерінің өзіндігін қолдап, оның сақталуына себепкер болады. Өйткені, планетадағы әр адам (бірұрықты егізден

басқалары), генетикалық тәсілмен құралған тек қана өзіне тән биополимерлердің антигендік ерекшелігіне ие. Егерде организмде антигендердің бөгде түрі пайда болса ( мутация не басқа паталогиялық процестерге байланысты) иммунитет жүйесі оны ажыратып – бейтараптайды.

1919 жылы А.М.Безредка иммунитет жүйесінің құрылысына сәйкес жергілікті иммунитет түрін бөліп шығарып, оның концепциясын ұсынған. Қазіргі кезде әдебиеттерде «жергілікті  иммунитет» деген термин жоқ. Жеке зерттеушілер үшін бұл түсініктің тарихи маңызы ғана бар,олар мұны А. Безредко мен оның ізбасарларымен байланыстырады.

  • Вирусты және бактериальды инфекцияға жергілікті тұрақтылық концепциясы

Трансмиссивті  инфекция кезінде  ағзаның тұрақтылығы үшін жергілікті қорғаныстың маңызы жоқ.Бірақ бөгде био агентпен бірінші кезекте әсерлесу сыртқы ортамен тікелей жанасатын беткейлерде ;теріде , көздің,тыныс алу, асқорту ,несеп жыныс жүйесінің  шырышты қабатында жүреді.Бұл осы және т.б  мүшелер мен жүйелердің анатомо-физиологиялық ерекшелігін құрайды. Иммунитеттің жалпы түрімен салыстырғанда жергілікті иммунитеттің экзогендік антигендермен кездесуге мол мүмкіндігі бар, қоршаған орта факторларымен тікелей түйісетін тері мен шырышты қабықтың аймағында құрылады. Жергілікті иммунитеттің негізгі атқаратын рөлі – тін аймағында жергілікті,  ықшамды иммунитетті қамтамасыз ету.  Сонымен қатар,  жергілікті иммунитеттің факторлары шырышты қабықтың кілегейімен ағзадан тыс терінің бетіне жайылып өзінің пайдалы әсерін тигізеді.

Анатомиялық – морфологиялық тұрғыдан жергілікті иммунитет жүйесінің өзалдына ерекшелігі жоқ. Жалпы және  жергілікті иммунитет түрлерінің арасында тығыз байланыс бар:

  • Біріншіден, жалпы иммунитет жүйесі қорғаныстың қор көзі болады. Микроциркуляция зақымдалған кезде ықшамды қабыну процесі жылдам созылмалы септикалық түрге айналады.
  • Екіншіден, инфекциялық процес дамыған кезде жергілікті иммунитет пен жалпы иммунитеттің бірінен біріне ауысып отыратындығы айқын байқалады.
  • Үшіншіден, екі жүйенің арасында олардың факторлары үнемі алмасып отырады ( антиденелер, антигенреактивті лимфоциттердің клоны т.б.).

Бұл процес иммунологиялық есте қалудың бүкіл организмге жайылуында өте маңызды. Бірақ, сонымен қатар, ол процес инфекцияның асқынған түріне көшуіне себепкер болады. Соған қарамастан жергілікті иммунитет өздігінше іс атқара алады және біраз ерекшеліктерге ие.

 

Терінің иммунитеті

Тері (cutis) – ағзаны сыртынан жауып жатқан жабынды. Ересек адамда көлемі 1,5-2м². Тері эпидермис пен (эпителий тіні) дермадан (дәнекер тіні) тұрады. Бұлардың астында терінің май қабаты тері астындағы клетчатка немесе гиподермасы бар. Адам денесінің әр бөліктерінде терінің қалыңдығы әр түрлі, сондықтан терінің қалыңдығы шамамен 0,5 тен 5 мм-ге дейін болып келеді. Тері шекаралық іс атқарады, яғни, ағзадағы мүшелерді зақымданудан сақтайды. Механикалық қорғаныс факторы ретінде ол макроорганизмді сыртқы әсерлерден қорғап, зақымдалған кезінде оны өздігінен жойып, алғашқы қалпына келтіріп отырады.  Теріде физикалық – химиялық қорғаныс факторлары да болады, мысалы, бактериоцидтік қасиеті бар тері және май бездері. Тері су мен тұздың алмасуына қатысып, дене жылуын сақтайды. Адам терісінен тәулігіне 500 мл-дей су бөлінеді. Ол болса ағзадағы судың 1%-ін құрайды. Теріден тер мен бірге хлоридтер мен сүт қышқылы және азотты алмасудан пайда болған көптеген зиянды заттар да бөлініп шығып отырады. Күннің күлгін көк сәулесінің әсерінен теріде «Д» витамині синтезделеді. Бұл витаминнің жетіспеушілігінен әсіресе балаларда рахит ауруы пайда болады. Терінің торлы қабатында көптеген артериола-венулярлы ағзадағы қанның депосы болып та саналады. Ересек адамдардың терісінің осы қабатында 1л-дей қан сақталады.  Терінің иммундық қасиеті тағы бар, осыған байланысты теріде антигенді тану, оның элиминациясы да өтеді. Сонымен қатар, теріде жергілікті жауаптың жемісті жүйесі шоғырланған.

Терінің әр қабатында иммунитетке қатынасы бар жасушалардың ( дентритті – Лангерганс және Гренстейн  жасушалары, лимфоциттер, тінді базофилдер, Т2-хелперлер, Т-киллерлер) түрлері орналасқан. Аталған жасушалар түрлері өздеріне тән іс әрекетті кезектесіп немее бірлесіп атқарады. Біреуіне зақым тиген кезде оның ісін екіншісі атқаруы мүмкін.

Теріде көбінесе жасушалық иммунды жауап дамиды. Терінің жергілікті иммунитетінің кернеуін бүкіл иммунитет жүйесінің дәрежесін анықтағанға ұқсас, тері сынамалары арқылы анықтайды. 

Шырышты қабықтың иммунитеті

Ас қорыту, тыныс алу жүйесінің шырышты қабығының жергілікті иммунитеті олардың иммундық қорғанысын қамтамасыз етеді. Өйткені шырышты қабықта дамыған лимфоидтық тін және көптеген иммундыкомпетентті жасушалар болады.

Лимфойдтық тіннің қалыптасу уақытына сәйкес ерте(         реликтовтый- ерте кезгі) және кеш ( осы кезгі) пайда болған құрылымдары болып бөлінеді. Ерте пайда болған құрылымға гамма, дельта Т- және В1 лимфциттер жатады. Олар иммундық қорғаныстың бірінші шебінде іс атқарады. Кеш пайда болған құрылымдар иммундық жүйенің орталық органдарының бақылауымен дамиды. Альфа, бетта Т- және СД5 В – лимфоциттер олардың қатарына жатып, иммундық қорғаныстың екінші шебін қамтамасыз етеді.Көрнекті мысал ретінде, ас қорыту жолдарыныі лимфойдтық жүйесін келтіруге болады. жергілікті иммундық қорғауға рет-ретімен Т-, В- лимфоциттер, макрофагтар, дендритті жасушалар қатынасып сапалы және жоғарғы деңгейлі жергілікті иммундық қорғаныс жүйесін қалыптастырады.

Организмге экзогендік бактериялар да (тағаммен, су, ауамен) түседі. Оған  организімінің шырышты қабықтары тосқауыл болады. Олар: көздің дәнекер қабығы, мұрын қуысының, тыныс алу жолының, асқорыту және зәр – жыныстық жолдарының сілемейлі қабығы.                                                             Бірталай механикалық факторлар микроорганизмдерді шырышты (сілемейлі) қабыққа кіргізбей, шығарып жіберіп отырады. Олар – түкірік, асқазан қышқылы, өт, шырыш, ішектің перистальтикасы.

Шырышты қабықтардың ең басты арнайы қорғанысы  –IgA-ның секреторлық өнімі. Бұл антиденелер негізінен шырышты қабықтардың үстінде ғана орналасады. Олардың қан сарысуында болуы жоққа тән. Секреторлық IgA-ның өнімін белсендіру үшін өзіне тән, басқа жолмен иммунизация (басқа дозамен) жүргізу керек. Қалыпты жағдайда парентеральды жолмен антиген кіргізгенде, қан сарысуында IgG және IgМ көбейеді, ал секреторлық IgA – көбеймейді.

IgA – комплемент жүйесін белсендірмейді, сондықтан шырышты қабықтың қорғанысы қабынусыз немесе шамалы қабынумен жүреді. Шырышты қабықтардың жалпы көлемі 400 кв.м-ден көп, ал тері – 1,8 кв.м. Шырышты қабықтың иммундық жүйесін шартты көмектесуші және әсерленгіш деп екіге бөлуге болады. Көмектесуші (индукциялық) участкеде антигенді танып, ұсыну жүреді және лимфоидты жасушалардың популяциясы шамалы дамиды. Әсерленуші (эффекторлы) участкеде секреторлық IgA (SIgA) көбейеді, әсерленуші Т – лимфоциттер шоғырланып шырышты қабықты жасушалық жолмен қорғайды.

Антигендер денеге тыныс алу және асқорыту жолымен еніп, лимфоидты ұлпамен бірінші жанасу болады. Антигендік белсену қайда болса да (ішекте немесе бронхта) антигенспецификалық Т – және В- лимфоциттердің диссеминациясы шырышты қабықтардың барлық участкелерінде (ішекте, асқазанда, тыныс алу, зәр-жыныс жолы, секреторлық бездерде) жүреді. Пероральдық иммунизация ғана секреторлық IgA өнімін береді. Антигенді тері ішіне беріп иммунотерапия өткізгенде секреторлық иммуноглобулиннің  шығуы да белсенеді.

Ащы ішекте лимфатикалық фолликулалар жиынтығы (пейер табақшасы) бар. Ондағы лимфоциттердің көбі В-лимфоциттер, ал Т-хелперлер мен Т-супрессорлар шамалы. Арнайы эпителиалды жасушалар антигенді ішек ішінен ұстап, жұтып фолликула ішіне әкеледі. Иммундық жауап жүргенде үстінде IgМ – бар В лимфоциттер IgA-ны синтездеуге көшеді.

Аппендикс те, бадамша бездеріндегі фолликулалардағы В-лимфоциттер де IgA–ны шығарады. Тонзиллоэктомиядан кейін секреторлық IgA–ның  деңгейі төмендейді. Ішек ішінде ұсталған антигендерді танығаннан кейін  иммундық реакция мезентериалық лимфа түйіндерінде жүреді.

Шырышты қабықтың лимфоциттері эпителий қабатындағы эпителий жасушаларының арасында орналасқан. «Эпителийаралық Т-лимфоциттердің» шеткі қандағы Т-лимфоциттерден айырмашылығы бар. Олардың үстінде адам шырышты қабық лимфоциттерінің 1 антигені бар. Шеткі қан  Т-лимфоциттерінде бұл антиген жоқ. Т – лимфоциттердің көбі СД8, ол 75%, тек 6% ғана СД4 белгісіне ие. Эпителийаралық Т – лимфоциттерінің біразы гамма-, дельта Т- лимфоциттерге жатады. (СД4 – СД8 – Т-лимфоциттер).

Шеткі қанда гамма-, дельта Т-лимфоциттерінің саны 10%. Эпителийаралық Т-лимфоциттерінің жай уақытта ешқандай маркері болмайды. Белсенген уақытта немесе Т-хелперге немесе Т-киллерге айналады да, цитокиндерді шығарады. Оның ішінде гамма-ИНФ және альфа-ОНФ болады. Олар антиген тану үшін гистосәйкестіктің антигендерінің орнына жылу шоғының белоктарын пайдаланады. Эпителийаралық гамма-, дельта Т-лимфоциттері эпителий жасушаларын қорғайтын «күзетші» жасушалар. Микробтардағы және өзгерген эпителиальдық жасушаларды танып, жасуша ішіндегілерді тез ыдыратып, жойып отырады. Гамма-, дельта-Т-лимфоциттері эпителий жасушаларын өсіретін цитокиндер шығарып, бұзылған эпителий жасушалардың орнын жауып, жамайды. Гамма-, дельта-Т-лимфоциттері антиген түскенде бірінші болып реакция жүргізеді. Содан кейін шеткі қаннан альфа- бета-Т-лимфоциттері, ал цитокиндердің өнімінен гранулоциттермен, моноциттер де қорғанысқа келеді.

Гамма- дельта-Т-лимфоциттері шырышты қабықтың жедел қабынуында көбейеді, ал созылмалы қабынуда – азаяды.

Шырыш асты қабатында плазмалық жасушалар, Т-лимфоциттері, ЕК – жасушалары, ұлпа базофильдері, макрофагтар бар. Эпителий жасушаларының арасында, антиген ұсынатын (М) эпителиальды жасушалардың жанында В-лимфоциттері орналасқан. Барлық иммунды қабілетті жасушалар өзіне тән қорғаныс жауабына қатысады. Шырышты қабықтың макрофагтары, шеткі қандағы моноциттерге қарағанда, қалыпты жағдайда да белсенді. Табиғи киллерлер (ЕК) вирусқа қарсы қорғанысты жүргізеді.

Секреторлық IgA (SIgA) сарысу IgA-мен салыстырғанда вирустарды, бактериальдық токсиндерді, ферменттерді, бактериялар агглютинациясын өте нәтижелі бейтараптайды.

SІgA протеолиздік ферменттер бар ортада да белсенділік білдіреді.

SіgA – антиденелер шырышты қабықтағы микробтардың (вирус, бактериялар) адгезиясына кедергі жасайды. Бұл қорғаныс арнайы емес.

Сөйтіп, секреторлық IgA ішек ішіндегі антигендерді байланыстырып, эпителиальдық тосқаумен оларды  организмге өткізбейді.

Жергілікті иммунитет тері,кілегейлі қабық, мүшелерді вирустар,бактериялар , токсиндер,аллергендер мен паразиттер қарапайымдылардың зақымдаушы әсерінен қорғайды. Туа пайда болған жергілікті иммунитет қабық,тері жабындылардың барьерлік құрамынан,антимикробты заттардың өнімдерінен, мүшелер мен тіндердің қалыпты микрофлорасынан, зақымдаушы агентті механикалық жою мен ферментативті ыдыратудан,фагоцитарлы реакциядан тұрады. Негізгі бөлімде тоқталып өткенімдей жергілікті иммунитет концепциясына: көру жүйесінң қосымша аппараттары , нағыз ауалық сүзгі болып келетін  мұрын құрылысының ерекшелігі, шырышты және қасаң  қабаттың тосқауыл  қызметі,тыныс жолдарының кірпікшелі эпителиінің қозғалу қабылеті, асқорту жолдарының бокаль тәрізді жасушаларынан және бездерден  бөлінетін шырыш,ферменттер әсері , перистальтика және т.б жатады. Олар спецификалық емес қорғаныс факторы.  Олардың жиынтығы жергілікті спецификалық емес  иммунды субстратымен қамтамасыз етілген.Олар жасушалық және секреторлы болып екіге бөлінеді.Біріншісіне  тынысалу , асқорту ,зәр шығару жүйесінде көптеп орналасқан макро- және  микрофагтардың жұту қызметі жатса, екіншісіне сыртқы бөліністердің антибактериальды және антивирусты заттар-лактоферрин мен ингибиторлары, лизоцим мен  интерферон жатады.

More To Explore

Share This Class:

Яндекс.Метрика