Қанды иммунологиялық зерттеу

Иммундық деңгейдің негізгі көрсеткіші

Моноклонды антиденелерді қолдану арқылы қандағы лимфоцит субпопуляциясының мөлшерін анықтау

Радиальді иммунодиффузия әдісімен иммуноглобулиндердің негізгі класстарының концентрациясын анықтау

Хемилюминесценция көмегімен қандағы лейкоциттердің активтілігін функциональды бағалау әдісі

Интерферонды деңгейді анықтау

Қан сарысуындағы цитокиндер концентрациясын иммуноферментті әдіспен анықтау

Кардиолипинге,  В2гликопротеинге, аннексинге,  протромбинге антифосфолипидті антиденелердің иммуноферментті анализ үшін санын анықтау

Антивариальды антиденелердің санын анықтаудың иммуноферментті анализі

Урогенитальды инфекциялардың қоздырғыштарына қарсы антиденелерді анықтаудың иммуноферментті әдісі

2 және 9 матриксті металлопротеиназалардың қан сарысуындағы активтілігін анықтайтын әдіс

Қанды иммунологиялық зерттеу.

Күйзеліс пен қоса жүретін экологиялық және әлеуметтік жағдайлардың нашарлауы, төмендеуі адам организмінің иммунореактивтілігінің төмендеуіне алып келеді.Организмнің резистенттілігінің төмендеуі, иммунодепрессивті әсері бар препараттарды қабылдау, созылмалы вирусты инфекциялар әйелдердің жыныс мүшесінде дистрофиялық және әлсіз қабынулық процесстердің дамуының бірден бір себебі болып табылады. Иммундық жүйенің бұзылысы эндометриоз патогенезінің , сонымен қатар әйелдерде өспелер пайда болуының және пролиферациясының негізі.

Иммунитеттің жергілікті және жүйелі өзгерісін қанды негізгі дәстүрлі және жаңа иммунологиялық әдістерді қолдана отырып зерттеуге болады. Иммунологиялық әдістер жаңа диагностикалық және емдік технологияларды әрбір науқастың иммундық жүйесінің ерекшелігін ескере отырып , индивидуальды иммунотерапияга негіздеп, дамыту, қалыптастыру үшін қажет. Иммунологиялық бұзылысты уақытылы дұрыс диагностикалау ақауларды коррекциялауга, антибиотиктердің ұзақ қабылданбауына және аллергиялық реакцияның алдын алуга зор септігін тигізеді.

Иммунды деңгейдің негізгі параметрлері (6,3. 6,4кестелері) циркуляциядағы лимфоциттердің активтілігі мен саны, фагоцитарлы жасушалар мен шыныйы киллер, сарысулы иммуноглобулиндердің концентрациясы, спецификалық антиденелердің құрамы. Иммунологиялық әдістер көптеген гинекологиялық және акушерлік аурулардын фондық көрінісін суреттеуге және иммуномодуляторлы препараттармен емнің эффективтілігін бақылауға көмектеседі.

6,3 кестесі, Иммундық деңгейдің негізгі көрсеткіші.

көрсеткіш Қатынастық құрамы,% Литрдегі құрамы,109кл/л
лейкоциттер 100 4,5-9,5
лимфоциттер 18-39 1,6-2,4
СD3+(Т лимфоциттер) 56-75 1,0-1,6
CD4+(Т хелперлер) 34-48 0,6-1,2
CD8+(цитотоксикалық Т лимфоциттер) 19-30 0,3-0,7
CD4+/CD8+ 1,5-2,6
CD16+(NK-жасушалар) 8-19 0,2-0,4
CD56+(NK-жасушалар) 5-18
CD3-CD56,16+ 4-16
CD3+CD56,16+ 1-16
CD19+(B-лимфоциттер) 5-10
CD5+CD19+(B1-лимфоциттер) 1-2,0
CD95+ 27-55
CD4+CD25+(активтелген T-лимфоциттер) 1,8-7,5

 

6,4 кестесі,.Иммундық деңгейдің негізгі көрсеткіші.

иммуноглобулиндер интерферонды деңгей
көрсеткіш Литрдегі құрамы,г/л көрсеткіш Ед/мл
IgM 0,5-2,0 сарысулы интерферон(ИФН) <4
IgG 8,0-16,0 ИФН- а 32-256
IgA 0,7-3,0 ИФН- у 16-64

 

Моноклонды антиденелерді қолдану арқылы қандағы лимфоцит субпопуляциясының мөлшерін анықтау.

Синонимдер

Қандағы лимфоциттердің субпопуляциялық анализі, лимфоциттердің фенотиптік сипаты.

Мазмұны.

Деңгейді фенотиптік анықтау деп аталатын адам лимфоцитерінің Т және В лимфоциттер мен табиғи киллерге жіктелуі олардың биологиялық қызметіне және  АГ  беткейлік жасушаларының экспрессиясына негізделген. Әдіс негізінде флюоресцентті белгіленген моноклонды АД беткейлік АГ лимфоциттерімен байланыстыру және нәтижені лазерлі цитометр немесе люминесцентті микроскоп көмегімен тіркеу.

Мақсаты.

Белгілі бір популяциядағы немесе АГ спекторлы жасушалардың берілген жасушалардағы экспрессиясын санау.

Қолданылуы.

Әдісті шеткері қандағы қабынуға байланысты туындаған иммунодепрессивті жағдайға немесе әйелдің репродуктивті жүйесіндегі гиперпластикалық процесстерге  күдіктенгенде лимфоциттердің субпопуляциялық құрамын , сапасын, мөлшерін анықтауға қолданады.

Дайындық

Науқастың венасынан гепарині бар (20Eд/мл) пробиркаға қан аламыз.

Әдістеме

Қан эритроциттерін бұзу үшін лизистенуші ерітіндімен өңдейді немесе градинтті центрифугалау көмегімен мононуклеарлы жасушалардың фракциясын анықтайды. Жасуша суспензиясын 15-30 мин қараңғыда сәйкес келетін флюоресцентті белгіленген моноклонды антиденелермен инкубациялау арқылы анықтайды. Нәтижені люминесцентті микроскоп көмегімен 6 сағат аралығында цитометрге тіркейді. 1% параформальдегидпен фиксацияланған лимфоциттерди 2-8C° 24 сағат аралығында сақтауға болады.

Интерпретация.

Анализ- субпопуляциядағы лимфоциттердің санын бағалауға мүмкіндік береді. Нәтижені нормативті көрсеткішпен салыстырып, Т хелпер мен Т цитотоксикалық лимфоциттердің қатынасын және активті Т лимфоцит құрамын есептейміз. Т және В лимфоциттердің, NK жасушалардың проценттік қатынасын анықтау, иммунодефицитті және аутоиммунды хальді, ісік және вирусты ауруларды сипаттауда қолданады. Лимфоциттерді фенотиптеу , диагнозды нақтылау үшін және емдеу барысында   науқастың иммундық жүйесінің жағдайын мониторингтеу үшін қажет. Әдістің сезімталдылығы мен спецификалығы қолданып жатқан реагент сапасына байланысты.

Нәтижеге әсер ететін факторлар.

Нәтиже қанды алғаннан кейінгі өткен уақытқа байланысты. Гепарин мен қанды зерттеуді 6 сағат аралығында, жасушалардың 24 сағат бойы фиксацияланған болса ғана жүргізу керек.

Альтернативті әдіс.

Ертеркте эритроциттермен розеткатүзу әдісін қолдану заманға сай деп саналмайды.

Радиальді иммунодиффузия әдісімен иммуноглобулиндердің негізгі класстарының концентрациясын анықтау.

Синонимдер.

Манчини бойынша (IgG, IgA, IgM) иммуноглобулиндерінің құрамын анықтау.

Мазмұны.

Гуморальды иммунитетті бағалаудағы негізгі тесттердің бірі- сарысулы иммуноглобулиндердің мөлшерін анықтау. Сарысулы иммуноглобулиндердің концентрациясы жасушасыртылық иммунитеттің функциональді жағдайын көрсетеді.

Мақсаты.

Қан сарысуындағы (IgG, IgA, IgM) негізгі иммуноглобулин класстарының құрамын бағалау.

Қолданылуы.

Әдісті гуморальды иммунитетті бағалауда зор мән беретін, аурудың ауырлық жағдайын болжау және диагностикалау үшін қолданады.

Дайындық.

Сарысу алу үшін венозды қан алу.

Әдістеме.

Зерттелетін пробирканы құрамында белгілі концентрациялы негізгі иммуноглобулиндердің біріне антиденесі бар агарлы гельдің лункасына орналастырамыз.Антиденелермен әрекетке түскен иммуноглобулиндер преципитация сақинасын түзіп, лункалардан агаға қарай диффундирфтенеді.

Интерпретация.

Үлгідегі қан сарысуындағы иммуноглобулиндердің негізгі класстарының құрамын нормативті көрсеткіштермен салыстырады. . Әдістің сезімталдылығы мен спецификалығы қолданып жатқан реагент сапасына байланысты.

Нәтижеге әсер ететін факторлар.

  • Зерттелетін үлгілердің қайталама қатырылуы мен еруі.
  • Бактериалды ластану.
  • Үлгілерді сақтау ережелерінің бұзылысы (температура)

Альтернативті әдістер.

Иммуноферментті анализ, турбодиметриялық зерттеу.

Хемилюминесценция көмегімен қандағы лейкоциттердің активтілігін функциональды бағалау әдісі.

Синонимдер.

Қанның фагоциттеуші жасушаларымен оттегінің активті формасының өнімділігін бағалау.

Мазмұны.

Перифериялық қандағы фагоциттеуші жасушалардың антимикробты активтілігінде негізгі орын алатын оттекті, респираторлы жарылыс салдарынан НАДФНоксидаза жүйесінде оттектің активті формасының генерализациялануы.

Мақсаты.

Қан лейкоциттерімен оттектің активті формасының спонтанды және индуцивті өнімділігін бағалау.

Қолданылуы.

Әдіс перифериялық қандағы фагоциттердің функциональды жағдайын бағалау үшін тиімді. Сонымен қатар қабыну процесстеріндегі терапияның тиімділігін болжау үшін қолданады.

Дайындық.

Гепарині бар пробиркаға тамырдан алынған қанды кальцисіз  Хенкс ерітіндісімен алмастырып, бір сағат аралығында сақтайды.

Әдістеме.

Оттегінің активті формасының өнімділігін хемилюминометр көмегімен бағалайды.Алмастырылған қанды өлшеу үшін Хенкс ортасы бар ұяшықтарға бір мМ кальции және люминол ерітіндісін қоса отырып құяды.Спонтанды хемилюминесценция мен хемилюминисценция өлшеуін жүргізеді. Нәтижені кинетикалық қисық түрінде тіркейді.

Интерпретация.

Анализ нәтижесінде спонтанды және индуцивті хемилюминисценцияның көрсеткіштерін алады.Активация индексін есептейді нормативті көрсеткіштермен салыстырады. Әдістің сезімталдылығы мен спецификалығы қолданып жатқан реагент сапасына байланысты

Нәтижеге әсер ететін факторлар

Қанды алғаннан кейінгі өткен уақыт интервалы ұзақтығы. Зерттеуді, қанды алғаннан кейінгі 4 сағаттан кейін жүргізеді.

 

Альтернативті әдістер.

Тетразол нитрокөгін қалыпқа келтіруші тест қолдану.

Цитометрия әдісімен оттегінің активті формаларын анықтау.

Интерферонды деңгейді анықтау.

Мазмұны.

Интерферон- бөгде антигенді заттарға клетканың қорғаныс механизмі ретінде синтезделетін биологиялық активті ақуыздар немесе гликопротеидтер болып табылады. Интерферон вирустарға қарсы біріншілікті қорғаныс, фагоцитозды стимулдейді, цитотоксикалық активтілікті күшейтеді,қалыпты және ісік жасушаларына антипролиферативті әсер етеді. Интерферонды деңгейді анықтау организмнің иммунореактивтілігін бағалау тесттерінін бірі.

Мақсаты.

Интерферон сарысуының жалпы фракциясының құрамын анықтау. Спонтанды және индуцирфті өнімділік деңгейін анықтау.

Қолданылуы.

Әдісті перифериялық қандағы лейкоциттердің функционалдық жағдайын бағалау үшін қолданады. Сонымен қатар ауру ауырлығын, жедел және созылмалы вирусты инфекциялардағы терапияның эффективтілігін бақылау үшін, аллергиялық және аутоиммунды ауруларды интерферон және оның индукторлары препараттарымен емдеудің индивидуальді схемасын өңдеуде қолданады.

Дайындық.

Гепарині(2Ед/мл) бар стерильді пробиркаға 2 мл көлемді стерильді шприцпен венозды қанды алу.

Әдістеме.

Тестті 96 стерильді планшетте 3рет қайталап жүргізеді. Жасушаларды 37° С индукторларсыз инкубациялайды. Ньюкасл ауруында Р фитогемагглютининмен ИФНₐ индукциясы ИФНᵧ индукциясы үшін. Қалған қанды центрифугалайды және сарысулы интерферонды анықтау үшін қолданады.ИФН титрлеу адам фибробласттарының диплоидты культурасымен 96 планшетте жүргізеді. Тетравирус ретінде бұлшықетті энцефаломиокардит вирусын қолданады.

Интерпретация.

Сарысулық интерферон титрінің жоғарылауы аурудың жедел түрін көрсетеді. Аурудың ауырлығы мен ИФНₐ және ИФНᵧ аралығында тікелей байланыс бар жәнеде сарысулы интерферон көлемімен қайтымды байланыс бар. ИФНₐ және ИФНᵧ өнімділігінің төмендеуі ИФН жүйесінің дефектісін көрсетеді.

Нәтижеге әсер ететін факторлар

Қанды алғаннан кейінгі өткен уақыт интервалы ұзақтығы.(4сағаттан көп емес). Залалсыздандырудың бұзылысы.

Альтернативті әдістер.

Иммуноферментті әдіс.

Стимулденген жасушаларда цитокиндердің жасушаішілік боялуы.Нәтижені цитофлюориметрия көмегімен тіркеу.

Қан сарысуындағы цитокиндер концентрациясын иммуноферментті әдіспен анықтау. 

Синонимдер.

Қандағы цитокиндер құрамын анықтау,цитокинді деңгей.

Мазмұны.

Цитокиндер – иммунокомпетентті жасушалардың медиаторларының өзара қатынасуы. Олардың пролиферациясы мен дифференцировка прцесстерін реттейді және иммундық жүйенің қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Цитокиндер иммунды жүйенің жасушаларымен синтезделеді , яғни бөгде заттармен немесе өзінің модифицирвтенген антигендерімен активтенгеннен кейін.Кейбір қабынуға қарсы цитокиндер қабыну ошағының түзілуін қамтамасыз етеді және олардың қан сарысуындағы концентрациясы қабынулық процесс дәрежесін көрсетеді. Қабынуға қарсы цитокиндер Т лимфоцит, моноцит, макрофаг активтілігін блоктайды және бұл жасушалардың қабынуға қарсы цитокиндер синтездеуін басады. Цитокиндер кейбір аурулардың патогенезіне қатысады. Цитокинді профильді анықтау диагнозды немесе ауру деңгейін нақтылауға септігін тигізеді.

Мақсаты.

Қан  сарысуындағы цитокиндер белгілі бір құрамын диагнозды немесе ауру деңгейін нақтылау үшін өлшеу.

Қолданылуы.

Әйел репродуктивті жүйесінің ісіктік, гиперпластикалық, жедел және созылмалы қабынулық процесстерінде.

Дайындық.

Тамақтнуға дейін қан алу.

Әдістеме.

Әртүрлі детекция жүйесін қолданумен қан сарысуында АГ анықтаудың иммуноферментті әдісі.

Интерпретация.

Дені сау әйелдердің қан сарысуындағы цитокиндердің көрсеткіші  қалыпты жағдайда 50 пг/мл көп болмау керек. Зерттеу нәтижесі диагностикада және бедеулікті емдеуде , эндометриозда қосымша көрсеткіш көзі. Әдістің сезімталдылығы мен спецификалылығы қолданылатын реагент сапасына байланысты

Нәтижеге әсер ететін факторлар.

Зерттелетін сарысудағы эритроциттер лизисінің өнімі.

Сақтау мерзімі.Сарысуды 4°С да 6 сағат аралығында, ал мұздатуда 40° С да 6 айға дейін сақтайды.

Альтернативті әдістер.

Цитокиндердің биологиялық активтілігін тестілеу.

Стимулденген жасушаларда цитокиндердің жасушаішілік боялуы.Нәтижені цитофлюориметрия көмегімен тіркеу.

Кардиолипинге,фосфатидилсеринге,В2гликопротеинге,аннексинге,протромбинге антифосфолипидті антиденелердің иммуноферментті анализ үшін санын анықтау.

Синонимдер

Антифосфолипидті антиденелерді анықтау үшін иммуноферментті анализ.

Мазмұны.

Фосфолипидтер мен фосфолипид байланыстырушы белоктарға қарсы бағытталған антиденелер эндометриозбен, генезі белгісіз бедеулікпен ассоциациялануы мүмкін.

Мақсаты.

Тест қан сарысуындағы фосфолипидтермен , фосфолипидбайланыстырушы ақуыздадың санын анықтау үшін арналған.

Қолданылуы.

Генезі белгісіз бедеулікте,эндометриозда және т.б

Дайындық.

Барлық реагенттер мен зерттелетін материалдар қолдану алдында бөлме температурасында араластырылады.

Әдістеме.

Сандық тікелей емес қаттыфазалы иммуноферментті анализ. Зерттелетін материал антиденелері фосфолипидтермен фосфолипидбайланыстырушы белоктармен иммобилизденген  планшет бетінде байланысады.

Интерпретация.

Нормадағы диапазон концентрациялары.

АД кардиолипинге 0-I0 Ед/мл;

АД фосфатидилсеринге 0-I0 Ед/мл;

АД ᵦ2гликопротеинге 0-5 Ед/мл;

АД аннексинге 0-5 Ед/мл;

АД протромбинге 0-I0 Ед/мл;

Нәтижеге әсер ететін факторлар.

Гемолиз.

Гиперлипидемия.

Бактериалды ластану.

Зерттелетін материалдың концентрациясының өзгерісі.

Сарысуды сақтау ережесінің бұзылысы.

Антивариальды антиденелердің санын анықтаудың иммуноферментті анализі.

Синонимдер.

Антивариальды антиденелерді анықтау үшін иммуноферментті анализ.

Мазмұны.

Жұмыртқа антигендеріне қарсы бағытталған антиденелер.

(әйелдерде бедеулік шақыруы мүмкін)

Мақсаты.

Тест қан сарысуындағы,цервикальды шырыштағы, жатыр секретіндегі, фолликула сұйықтығындағы адам жұмыртқа тініне қарсы бағытталған антиденелерді анықтау үшін арналған.

Қолданылуы.

Әйелдеде генезі белгісіз бедеулікті және біріншілікті жұмыртқа жеткіліксіздігін тексеру үшін бағытталған.

Дайындық.

Барлық реагенттер мен зерттелетін материал қолданар алдында бөлме температурасында араластырылады.

Әдістеме.

Тест  сандық қаттыфазалы иммуноферментті анализді көрсетеді.

Интерпретация

Нормадағы диапазон концентрациясы: 0-I0 Ед/мл;

Нәтижеге әсер ететін факторлар.

Гемолиз.

Зерттелетін материалдың концентрациясының өзгерісі.

Сарысуды сақтау ережесінің бұзылысы.

Урогенитальды инфекциялардың қоздырғыштарына қарсы антиденелерді анықтаудың иммуноферментті әдісі. 

Синонимдер.

Тест АД к Аг ЦМФ,ВИЧ,ВПГ; хламидиялар мен микоплазмаларды анықтау үшін.

Қолданылуы.

Урогенитальды аурулардың көбі  созылмалы ағымды болып келеді.Сондықтанда диагностикада титрн, классын анықтау үшін қажет.

Мақсат.  Тест АД к Аг ЦМФ,ВИЧ,ВПГ; хламидиялар мен микоплазмалардың санын анықтау үшін.

Қолданылуы.

Урогенитальды ауруларды тексеру жоспарына кіргізу үшін және әйелдерді жүктілікке дайындау үшін.

Дайындық.

Тамырдан қан алу және сарысу алу.

Әдістеме.                                                                                                                 Тест  сандық қаттыфазалы иммуноферментті анализді көрсетеді.

Альтернативті әдіс.Радиоиммунды әдіс

2 және 9 матриксті металлопротеиназалардың қан сарысуындағы активтілігін анықтайтын әдіс. 

Синонимдер.

Вертикальді субстратты электрофорез әдісі.

Мазмұны.

ММП2 мен ММП9 экспрессиясы тіндердің қалыпты және патологиялық жағдайдағы ремоделирфтену процессін көрсетеді. ММП2 мен ММП9 қанға тіндердегі экспрессияға пропорционалды концентрацияда өтеді.Оларды қан сарысуындағы концентрациясын өлшеу тіндік реконструкция жағдайы туралы информация және патологиялық процесс көрінісінің динамикасын көсетеді.

Мақсаты.

Әйел репродуктивті жүйесіндегі қабынулық және гиперпластикалық процесстерді диагностикалауда қолданады.

Қолданылуы.

Әйел репродуктивті жүйесіндегі қабынулық және гиперпластикалық процесстер. Соның ішінде созылмалы эндометрит, эндометриоз.

Дайындық.

Науқас қан тамырынан сарысуды бөліп  алып, оны зерттеуге  немесе сақтауға алады.

Әдістеме.

Сарысу үлгілерін ММП2 мен ММП9 субстраты бар полиакромиальды гелге жағамыз.Сарысу ақуыздарын электрлік ток арқылы айырады.Гельді инкубациялайды, ал ішіндегі ММП2 мен ММП9 протеолитикалық субстрат бұзады.

Интерпретация.

Нәтижені сау субъектілер үлгілерімен интерпретациялайды.Бақылау сызықтарының баллды немесе процентті боялу интенсивтілігіне байланысты.

с.

Қан сарысуындағы интерферон деңгейі анықталады және лейкоциттердің  альфа мен гамма интерферондарын өндіру қабілеттілігі.

Интерферон деңгейінің интерферонді параметрлерін анықтау бойынша науқастың дәрілік препаратқа сезімталдылығы анықталады.

Интерферон деңгейін анықтау арқылы науқастың жағдайы туралы бірнеше тұжырмдар келтіруге болады. Интерферон көрсеткіштері жалпы адам организмінің реактивтілігі жайлы ақпарат береді.Стресстер ,жедел вирустық инфекциялық,аллергиялық жағдайлар альфа және гамма интерферондарының индукция деңгейінің төмендеуіне сонымен қатар сарысулық интерферон деңгейінің  жоғарылауына алып келеді. Созылмалы вирустық инфекциялар барлық интерферон деңгейі көрсеткіштерін басады.Аутоиммунды аурулар альфа интерферон өндірілуінің индукцясының тежелуімен сипатталады.Ал жедел лимфолейкоз,қатерлі өспелер,проказа гамма интерферон өндірілуінің индукциясының тежелуімен сипатталады.Интерферон көрсеткіштерінің қалыпқа келуі сауығу процесстеріне байланысты.

Share This Class:

Яндекс.Метрика