Жарақаттық шок (Травматический шок) – жіті дамитын және өмipгe қaуiп төндіретін жағдай. Ол ауыр механикалық жарақаттың ағзаға әсер етуі нәтижесінен дамиды.
Жарақаттық шок- бұл ауыр түрдегі аурудың жіті кезеңінің бipiншi сатысы. Оның өзіндік жүйке рефлекторлы және тамырлық реакциясы ағзадағы қан, тыныс алу, зат алмасу және эндокриндік бездер функциясының (қызметінің) бұзылуына әкеледі. Жарақаттық шоктың тудырушы механизмдерін ауырсыну және афференттік импульсация, жедел массивті қан жоғалту, өмірге қажет ағзалардың жарақаттануы. психикалық стресстер. Шоктың пайда болуындағы нeгiзгi тітіркендіргіштеріне әртүрлі механикалық әсерлердің жүйке элементіне әсер eтуi, жүйкенің зақымдалуы, тіндердің бұзылуы және қан кету жатады.
Жіктелуі: Жарақаттық шок ағымына қарай:
* Бipiнiшiлiк – жарақат алған кезінде немесе жарақаттан кейін дамиды.
* Екіншілік – жиі жарақаттан бірнеше сағаттан кейін дамиды.
Жарақаттық шоктың сатылары:
1. Компенсацияланған -шоктың барлық белгілері болады, АҚҚ жеткілікті деңгейде, ағза күресуге қaбiлeттi.
2. Декомпенсацияланған – шоктың барлық белгілері болады және айқын гипотензия.
3. Рефрактерлі шок – барлық жүргізілген ем нәтижесіз.
Жарақаттық шоктың ауырлық дәрежелері:
• І дәрежелі шок – АҚҚ 100-90 мм c.б., пульс 90-100 толымы қанағаттанарлық
• II дэрежелі шок- АҚҚ 90-70 мм с.б., пульс-110-130, әлсіз толымды
• III дэрежелі шок -АҚҚ 70-60 мм с.б. пульс 120-160, өте әлсіз толымды (жіп тәрізді)
• IV дәрежелі шок -АҚҚ анықталмайды, пульс анықталмайды.
Жарақаттық шоктың пайда болуына әсер ететіндер:
• ауыру сезімдер және шамадан тыс импульсация.
• көп мелшерде жедел қан жоғалту.
• өмipгe маңызды мүшелердің жарақаттары
• психикалық жарақат
Шокқа әкелетін факторлар: жалпы қызыну және тоңу, ашығу, авитаминоз, алиментарлы, психикалық шаршау, эмоционалдық күйзеліс, жіті және созылмалы аурулар.
Диагностикалық критерийлері: механикалық жарақаттың болуы, қан жоғалтудығ клиникалық көріністері, артериялық қан қысымының төмендейуі, тахикардия.
Шокқа тән симптомдар:
– суық, ылғалды, бозғылт-цианозды немесе мраморлық тері.
– тырнақтарында қан айналымының бірден төмендеуі (ақырын айналуы) – бұлыңғыр ес (есеңгіреу)
– диспноэ
– олигурия
– тахикардия
– АҚҚ және пульстін төмендеуі.
Жаракаттық шоктың дамуында 2 фазаны ажыратады: Эректильді фазасы көбінесе жарақаттан кейін басталады және қанайналымның орталықтану фонында науқастың айқын психомоторлы қозуымен (тітіркенуден) сипатталады. Науқастың ic- қозғалысы түсініксіз болуы мүмкін, оның көзіне елестер көрініп, айқайлайды
– эйфориялы, peтciз әрекеттер жасап, өз-өзін ұстай алмайды, тексеруге және көмек керсетуге қарсы болады. Олармен қарым-қатынаста болу қиындықтар тудырады. Қан қысымы бұл кезде қалыпты болуы мүмкін немесе ақалыптыға жақын. Жарақат түpiнe байланысты, тыныс алудың әртүрлі бұзылыстары болуы мүмкін. Бұл фаза қысқа мерзімді және көмек керсету кезінде, торпидті тypiHe ауысады немесе тоқтайды. Торпидті фазасына тән бұлыңғыр ес, ступор және аорталы қан айналымның бұзылысынан ми гипоксиясынын соңғы дрежесі комалық (коматозды) жағдай дамиды, АҚҚ төмендейді, жұмсақ жиі пульс, терісі бозғылт. Бұл сатысында ауруханаға дейін жедел жәрдем дәрігері АҚҚ-ның деңгейіне сүйену және жоғалтқан қан көлемін анықтауға тырсуы керек.
Жоғалтқан қан көлемін пульстің жиілігі мен систолалық қан қысымының қатынасына негізделген. (П/СҚҚ).
– Шоктың І-шi дәрежесінде (қан жоғалту 15-25% ОҚК -1-1.2л) ШИ=1,0 (100/100).
– Шок 2-шi дәрежесінде (жоғалтқан қан 25-45% ОҚК-1,5-2л) ШИ=1,5 (120/80)
– Шок 3 -шi дәрежесінде (жоғалтқан қан 50% ОҚК -2,5л жоғары) ШИ=2( 140/70)
Жарақат сипатына қарап, жоғалтқан қанға байланысты, қанның көлемдік санын анықтауға болады. Ересек адамдарда тобық сынған кезде жоғалтқан қан 250мл-ден аспайды, иык сынғанда жоғалтқан қан 300-500 мл-ге дейін құрайды, сирақ -300-350мл, сан -500-1000мл, жамбас -250-3000мл, көптеген сынықтар немесе жарақаттар кезінде жоғалтқан қан көлемі 3000-4000мл. жетеді.