Омыртқа сынығы

Омыртқа сынығында жұлынның шайқалуы мен және оның қатты қабық аралық қуысына қан құйылуы мүмкін.
Белгілері:
1) жарақат орнының ауруы,
2) омыртқа қозғалысының шектелуі,
3) қан құйылуы және ісінуі.

Омыртқаның созылуы

Омыртқанын шектен тыс қыймылында, байланыстырғыш элементтерінің үзілуі.
Асқынулар – жұлынның шайқалуы немесе оған қанның құйылуы.
Teкcepуi – екі жағына қаратып рентгенография жасау.

Омыртқаның шығуы

Көбінде – мойын бөлімінде кездеседі. Бұл кезде жоғарғы омыртқаның буын өсіндісі, төмен жатқан омыртқаға қарай ауысады.
Белгілері:
1) зақымдалу дәрежесінде, буын мен қылқанды өсінділердің жағдайына байланысты,
2) негізгі шешім, тек рентген мен тексеру кезінде анықталады.
Алғашқы көмек пен емі:
* аурсынуды басу,
* мұзды мұйық қойу,
* тасымалдау,
* сынған жерді жансыздандыру,
* түзетуді (орнына салу) ерте жасау керек.

Қылқанды өсінділер сынығы

Бұл сынық – арттан урған кезде, қатты шектен тыс артқа қарай котегенде немесе арқасындағы ұзын бұлшық еттің шектен тыс жиырылуынан болады.
Белгілері:
1) iciнуi,
2) қылқанды өсіндісін басқан кезде ауруы,
1) өскіннің орын ауыстыруы,
2) сықырлауы.
Диагнозды рентген анықтайды. Ерекше ем керек емес. Кейде – ауру сезім тудыратын өскін сынықтарын алып тастау керек.

Алғашқы көмек пен емі:
* аурсынуды басу,
* мұзды мұйық қойу,
* тасымалдау,
* сынған жерді жансыздандыру,
* 4 апта арқасынан төсекте жату,
* емдік денешынықтыру,
* физиотерапия,
* уалау.

Омыртқа доғаларының сынығы

Егер сынык жұлын каналына жетсе, жұлынды қысады. Жұлынды одан босату үшін операция жасалады. Орнын ауыстырмаған сынықта 3-4 аптаға «Глиссон ілмегімен» қалыпқа келтіретін созу қолданылады.

Көлденең өскіндердің жеке сынықтары

Олар бел бөлімінде жиі кездеседі.
Белгілері:
1. Белдің зақымданған жағындағы ауру сезімі аяққа не ішке беріледі.
Алғашқы көмек пен емі:
* аурсынуды басу,
* мұзды мұйық қойу,
* тасымалдау,
* сынған жерді жансыздандыру – 1% новокаин ерітіндісімен зақымданған өскінге блокада жасау,
* тегістақта салынған төсекте 2 апта бойы жату,
* емдік денешынықтыру,
* физиотерапия,
* уалау.

Омыртқа денесінің сынықтары

Сынықтың ең көп болатын жері 12- кеуде мен 1- бел және мойын омыртқаларында кездеседі.
Сынықтың жіктелуй
• қысылудан, компрессиондық – омыртқа денесінің жеке сынығы,
• орнын ауыстыратын сынықтар – тұтас омыртқаның орнын ауыстыруы, оны – люксациондық сынықтар деп те аталады.
Компрессиондық сынықта – омыртқа денесі жаншылып, қысылады да омыртқа сүйірленеді (8- сурет).
Омыртқаның орнын ауыстырып сынуы (люксациондық сынықта)- омыртқа денесі толық көлденең не көлбеу сынады, байланыстырғыш аппарат үзіліп, аралық буындар шығады және созылады, кейде қылқанды өскін мен доға сынады.
Белгілері:
1) ауру сезімі,
2) омыртқаның ақаулануы,
3) жұлын зақымданғанда қызметтік бұзылыстардың болуы,
4) компрессиондық сынықта – омыртқаның құныс боп қисайуы,
5) орны ауысқан сынықта – ұзын арқа бұлшық еттің рефлекторлы контрактурасы дамиды, сондықтан сынық аймағында омыртқа әртүрлі формадағы ақау кездеседі,
6) омыртқа қозғалысы шектеледі,
7) күдік туған жағдайда -рентгенография жасау керек,
8) мұндай науқастың көбі – жарақатты есеңгіреуденн өледі.
Алғашқы көмек пен емі:
• аурсынуды басу,
• мұзды мұйық қойу,
• тасымалдау,
• жарақаттанған науқасты тегіс тақтаға салып тасу керек, ал санитарлық транспорт болмаған жағдайда – жүк таситын автокөліктің еденіне көпшік (матрац) салу керек,
• қалай болса солай отырғызып тасу, сынықтардың екінші рет орын ауыстыруына әкеледі, сөйтіп жағдайын одан әрі нашарлатады,
• науқас ауруханаға түскен кезде омыртқаны ерте және толығымен босатып, оның одан арғы қысылуын болдырмау керек,
• қалпына келу ушін қолайлы жағдай туғызу керек,
• сынған жерге Шнек әдісімен жансыздандыру жасалады- 150-200мл 1% новакаин ертіндісі мен,
• науқасты қатты көлбеу төсекте ( тегіс тақтасы бар) жатқызады және жарақат деңгейіне қарай Глиссон имегі мен созу тәсілінің бірін қолданады (9-сурет),
• мамандандырылған ауруханада операция жасалады.

Share This Class:

Яндекс.Метрика