Қан және лимфа
Қанға жалпы сипаттама, қан плазмасы, эритроциттердің құрылысы
Қан жүйесіне кіреді:
Қан және лимфа
Қан түзуші ағзалар-қызыл сүйек кемігі, тимус, көкбауыр, лимфа түйіндері
Қан түзбейтін ағзалардың лимфоидты тіндері.
Қан жүйесінің элементтерінің жалпы құрылсы мен қызметтік ерекшеліктері
бар, барлығы мезенхимада өтеді, барлық жақтарынан өзара әсерлесумен біріккен, жалпы заңға нейрогуморалдық реттелуге бағынады. Перифериялық қанның тұрақты құрамы қанның қайта жаңаруымен және қан жасушаларының жойылуымен өзгеріп отырады.
Қан және лимфа дәнекер тінмен бірге ағзаның ішкі ортасын құрайды. Олар плазмадан (клеткааралық сұйық зат) және әртүрлі формалық элементтерден тұрады. Бұл тіндер өзара бір-бірімен байланысқан, онда формалық элементтердің тұрақты алмасуы жүреді, сондай-ақ плазмадағы заттар да алмасып отырады. Лимфоцитттер қаннан лимфаға, лимфадан қанға реттеліп отырады. Барлық қан жасушалары эмбриогенез және туғаннан кейінде көп бағаналы жасушалардан түзіледі.
Қан
Қан- қантамырлар арқылы таралатын сұйықтық болып табылады, екі негізгі заттан -плазма және формалық элементтерден тұрады. Қан адам ағзасын, орташа есеппен, шамамен 5 литрді құрайды. Қанды қан тамырларда айналатын сұйықтық және бауырдағы, сарыуыздағы, терідегі деполанған қан деп ажыратады.
Плазма қан көлемінің 55-60%, ал формалық элементтер 40-45% құрайды.
Формалық элементтердің қандағы көлемі гематокриттік сан немесе гематокриттік көрсеткіштер деп аталады. Қалыпты жағдайда 0,40-0,45.
Гематокрит терминін гематокриттік көрметкіштерді өлшейтін приборға байланысты қолданады.
Қанның негізгі қызметтері:
Тыныстық қызмет (өкпеден оттегіні барлық тіндерге және көмірқышқыл газын тіндерден өкпеге тасымалдайды)
Трофикалық қызмет (мүшелерге қоректендіретін зат жеткізеді)
Қорғаныштық қызметі ( жарақат кезінде гуморалдық және жасушалық иммунитетпен қамтамасыз ету)
Бөлінулік қызметі (Бүйректердегі зат алмасу өнімдерін жою және тасымалдау.
Гомеостатикалық қызметі (ағзаның ішкі тұрақтылығын сақтау, әсіресе иммундық гомеостаз)
Сондай-ақ қан арқылы гормондар мен биологиялық белсенді заттар тасымалданады. Бұлардың барлығы қанның ағзадағы алатын маңызды орнын көрсетеді. Қан анализі клиникалық жұмыстарда негізгі диагноз коюдың тиімді әдістерінің бірі болып табылады.
Қан плазмасы
Қан плазмасы- коллойдтық сұйық клеткааралық зат болып табылады.Құрамында 90 су, 6,6-8,5 ақуыздар және органикалық, бір тіннен басқа тіндерге ауысып отыратын, зат алмасудың соңғы өнімдеріндегі минералдық заттар мен органикалық заттар.
Қанның негізгі ақуыздарына-альбуминдер, глобулиндер, фибриногендер жатады.
Альбуминдер плазма белоктарының тең жартысын алып жатыр және бауырда түзіледі. Олар қанның коллоиды-осмотикалық қысымын реттеп отырады, сонымен қатар альбуминдер транспорттық қызмет атқарып, гормондарды, майлы қышқылдарды, токсиндер мен дәрілерді тасымалдайды.
Глобулиндер– өздерінен альфа, бета, гамма фракцияларын бөлетін ақуыздардың тобы. Ағзаның иммундық жүйесі болып табылатын иммуноглобулиндер мен антиденелер де соған кіреді.
Фибриноген-қан плазмасының фибрилярлы ақуызы фибриннің ерітінді түріндегі формасы, қанның ұюы жоғарлағанда бағана түзеді. (мысалы тромб кезінде). Бауырда фибриноген түзіледі. Құрамында фибриноген жойылған қан плазмасы сарысу деп аталады.
Қанның формалық элементтері
Қанның формалық элементтеріне: эритроциттер(қанның қызыл түйіршіктері),
Лейкоциттер (қанның ақ түйіршіктері), тромбоциттер (қан пластинкалары). Адамның 1 литр қанында эритроциттер 5х10 12, лейкоциттер 6х10 9 (1000 есе аз), тромбоциттер-2,5 х 10 11 (эритроциттерге қарағанда 20 есе аз)
Эритроциттер
Адам мен сүтқоректілерде ядролары мен органеллаларының даму барысында (фило-онтогенезде) жоғалтқан, сондықтан жоғары дифференцияланған, бөлінбейтін постжасушалық құрылым. Эритроциттердің негізгі қызметі-тыныс алуға қатысып, оттегі мен көмір қышқылын тасымалдау. Осыған байланысты эритроциттердің құрамында тыныс алуға қатысатын күрделі белок құрамында темірі бар гемоглобин болады. Бұдан басқа эритроциттер аминқышқылдарын, антиденелерді, токсиндерді, дәрілік заттарды плазмолеммасы арқылы адсорбциялап, тасымалдау қызметін атқарады.
Эритроцитттердің формасы мен құрылымы
Эритроциттердің популяциясы формасы және мөлшері жағынан бірдей емес.Адамның қалыпты қан құрамында негізгі көлемді алып жататын екі бүйірі қысыңқы-дискоциттер(80-90%).Бұдан басқа жалпақ планоциттер(тегіс беткейлік) және эритроциттердің ескірген формасы-эхиноциттер,шар тәрізді-сфероциттер,күмбез тәрізді-стомациттер Эритроциттердің ескіруі екі жолмен өтеді:кренированияланған (плазмолеммада үшкір ұштардың болуы) және плазмолемма бөліктерінің инвагинациясы.
Ескірген эритроциттердің пайда болуының бір себебі,ол гемолиз жолымен гемоглобиннің жойылуы,сөйтіп эритроциттер «көлеңке» түріндегі тек қана қабықтары қанның құрамында қалып қояды.
Эритроциттердің ең жас түрлері (1-5) ретикулоциттер болып саналады.Бұларды арнайы бояулармен бояғанда цитоплазмасында рибосомалар мен эндоплазмалық торлар көрінеді де,эритроциттерге тор пішіндес түр береді.Азур ІІ эозин бояуымен бояғанда сұр-көк түске боялады.
Көптеген ауруларда эритроциттердің аномальды түрлері де байқалады.Мұндай жағдайларда эритроциттердің құрамындағы гемоглобині (Нв) өзгереді.Нв молекуласындағы бір аминқышқылының өзгеруі эритроциттердің формасының өзгеруіне себеп болады.Мысалы,эритроциттердің орақ тәрізді болып келуі анемияда байқалады.Эритроциттердің мұндай түрлерін пойкилоцитоз процесіне жатқызады.
Өзгерген формалық эритроциттер санының шамамен 15 жоғарылауы-физиологиялық пойкилоцитоз болып табылады.
Эритроциттердің мөлшері-қалыпты жағдайда құбылмалы,эритроциттердің д-7,5 мкм,бұларды нормоциттер дейді.Қалған эритроциттер микроциттер мен макроциттер.Микроциттер д-7,макроциттер-8 мкм.Эритроциттердің мөлшерінің өзгерулері анизоцитоз деп аталады.
Эритроциттердің плазмолеммасының құрамында шамамен тепе-тең болып келген билипидті қабаты мен белоктар бар сыртқы гликокаликс қабатында көмірсулар бар.Мембрананың сыртқы қабатында теріс заряд болады.
Эритроцимт плазмолеммасында 15 негізгі белок бар.Белоктардың 60% –тейі спектрин,ал қалғаны мембранадағы гликофорин мен жолақ -3 болады.
Спектрин белогы цитоқаңқаны түзеді де,эритроциттердің түрін құрауға қатысады (екі бүйірі қысыңқы дискоциттерді). Плазмолемманың ішкі жағымен байланысқан.Спектрин молекуласы таяқша тәрізді, цитоплазманың белсенді филаменттерімен байланысып, «түйінді кешен» түзеді. Цитокаңқалық ақуыз спектрин мен актинді байланыстырып, біруақытта гликофорин белогымен де байланысады.
Плазмолемманың ішкі цитоплазматикалық беткейінде иілгіш торлы құрылым пайда болады,ол эритроциттердің формасын сақтап тұрады және жіңішке капиллярлар арқылы өтетін қысымға төтеп бере алады.
Эритроциттер спектринінің тұқымқуалайтын аномалиялары сферикалық формаға ие болады. Анемия кезінде де спектрин жетіспеушілігінде сферикалық формаға ие болады.
Цитоқаңқаның спектрині мен плазмолемманың байланысуы жасушаішілік ақуыз анкеринмен қамтамасыз етіледі. Анкерин спектрин мен плазмолемманың трансмембраналық белогын (жолақ 3) байланыстырады.
Гликофорин-трансмембраналық белок,бір тізбекті спираль түрінде плазмолемманың өткізгіштігін арттырады,оның көп бөлігі эритроциттәі сыртқы беткейінде болады,15 бөлек олигасахаридтер тізбегі байланысқан жерінде теріс заряд болады.Гликофориндер мембрандық гликопротеиндер класына жатады және рецепторлық қызмет атқарады.Гликофориндер тек эритроциттерде табылады.
Жолақ 3-трансмембраналық гликопротеид, бұл полипептидті тізбек. Негізгі қызметі оттегі мен көмірқышқыл газының алмасуына қатысып гемоглобинді эритроциттің цитоплазмасындағы негізгі белокпен байланыстырады.
Гликолипидтердің және гликопротеидтердің олигосахаридтері гликокаликсті түзеді. Ол эритроциттердің антигендік құрамын анықтайды. Бұл антигендердің антиденелермен байланысуы кезінде агглютинация рекциясы жүреді. Эритроциттердің антигендері агглютиногендер, ал соған сәйкес келетін қан плазмасының антиденелері-агглютининдер. Қалыпты жағдайда қан плазмасында агглютининдер жоқ, бар болған жағдайда эритроциттердің аутоиммундық бұзылыстары дамиды.
Қазіргі кезде эритроциттердің антигендік құрамы бойынша 20-дан астам қан топтарын бөледі. Эритроциттердің плазмолеммасында «А»мен «В» агглютиногендердің бар екені анықталған. Бұлардың құрамындағы полисахаридтер эритроциттердің қан плазмасында болатын a,b-аглютининдермен жабысады. Агглютиногендер «А» және «В» және аглютининдердің (a.b,) қанда болуына байланысты қанның топтарын анықтайды. Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) дені сау ер адамдарда сағатына 4-8 мм,ал әйелдерде 7-10 мм. Бұл процесс қабыну кезеңінде аздап өзгеруі мүмкін. Эритроциттердің цитоплазмасының құрамында су -60%, құрғақ зат-40% болады. Құрғақ заттың қалғаны гемоглобин.
Эритроциттегі гемоглобиннің саны түсті көрсеткіштер арқылы анықталады. Электрондық микроскоппен көрген кезде гемоглобин эритроциттің гиалоплазмасында көптеген диаметрі 4-5 нм тығыз гранулалар түрінде көрінеді.
Гемоглобин-4 полипептидті глобин тізбектері мен гем-нен тұратын күрделі белок (құрамында темір бар), оттегімен (О2), көмірқышқыл газымен (СО2), улы иісті газбен (СО) байланысуға өте қабілетті. Гемоглобин оттегімен байланысып оксигемоглобинді, ал тіннен бөлінген СО2 эритроциттерде Нв байланысып немесе қосылып карбоксигемоглобинді түзеді.
Эритроциттердің бұзылуы немесе гемолизі құрамындағы гемоглобиннің жойылуынан байқалып отырады. Ескіріп,тіршілігін аяқтаған эритроциттер көк бауырдағы, бауырда, сүйек кемігіндегі макрофагтар арқылы ыдырап, гемі бар бөлігі темірлі жаңа эритроциттердің түзілуіне қатысады.
Эритроциттер аминқышқылдарды және полипептидтерді тасымалдайды, олардың қан плазмасындағы концентрациясын реттеп отырады, сонымен қатар буферлік жүйе қызметін атқарады. Аминқышқылдарының және полипептидтердің тұрақтылығы эритроциттердің көмегімен атқарылып, адсорбциялап, әртүрлі тіндер мен мүшелерге таратады. Қорыта айтқанда, эритроциттер аминқышқылдары мен полипептидтердің депосы болып саналады.
Эритроциттердің орташа тіршілік ету мерзімі шамамен 120 тәулік.Күнделікті ағзада 200 млн эритроциттер жойылып отырады.Ескірген эритроциттердің плазмолеммасында бірқатар өзгерістер байқалады;цитоқаңқаны түзетін белок спектрин өзгереді де,ол болса эритроциттердің пішінін өзгертеді.
Қан және лимфа
Лейкоциттер:нейтрофилдер,эозинофилдер,базофилдер,лимфоциттер,моно-цитер.
Лейкоциттер
Лейкоциттер немесе қанның ақ түйіршіктерінің адамның қанындағы орташа саны 4-9 х 10 9л,эритроциттерден 1000 есе аз.Лейкоциттер қан ағымы мен лимфа сұйығында қозғалмалы,қан тамырлар қабырғасы арқылы мүшелердің тіндеріне өтіп қорғаныс қызметін атқарады.Морфологиялық ерекшеліктеріне және биологиялық маңызына қарай лейкоциттер 2 топқа жіктеледі:түйіршікті немесе гранулоциттер және түйіршіксіз агранулоциттер болып бөлінеді.
Басқаша жіктелуін қарастырсақ лейкоциттердің ядросының формасына қарай домалақ және сопақ сегменттелмеген ядролары-мононуклерлық лейкоциттер,ал бірнеше сегменттелген ядролы-сегментоядролық лейкоциттер деп аталады.
Қанды Романовский-Гимза әдісімен(қышқыл эозин және негіздік азур ІІ)бояйды.Эозинмен ашық қызыл түске боялғандарды эозинофилдер немесе оксифилдер немесе ацидофилдер.Ал егер азур-ІІ көкшіл-қызыл түске боялса базофилдер немесе азурофилдер деп аталады.
Осыған байланысты гранулоциттердің нейтрофильді,эозинофильді және базофильді түрлерін ажыратады.Ал түйіршіксіз-агранулоциттер лимфоциттер мен моноциттерге жіктеледі.Аталған лейкоциттердің жалпы қандағы мөлшерін қанның лейкоцитарлы формуласы немесе лейкограмма дейді.Жалпы лейкоциттердің адам қанындағы саны мен проценттік қатынасы өте құбылмалы.Көптеген ауруларда,адамның ішкен тағамына,істеген жұмысына қарай саны өзгеріп отырады.Сондықтан қан анализін тексеру көптеген ауруларды емдеп және оларға диагноз қоюда маңызы зор.
Лейкоциттер белсенді түрде қозғалады.Қантамырлар қабырғасындағы эндотелиоциттердің арасынан өтіп,эпителийге одан базальды мембранаға,оны қоршаған негізгі зат арқылы дәнекер тініне өтіп отырады.
Лейкоциттер –хемотаксис химиялық қоздырғыш болып табылатын тін өнімдерінің қалдықтарына,бактерияларға қарай қозғалады.Лейкоциттердің ең негізгі қызметтеріне микробтарды фагоцитоз әдісімен жою,иммундық реакцияларға қатысуы жатады.
Гранулоциттер немесе түйіршікті лейкоциттер
Бұларға нейтрофилдер,эозинофилдер,базофилдер жатады.Олар сүйектің қызыл кемігінде түзіледі,цитоплазмасында арнайы бояумен боялатын көптеген түйіршіктер және сегменттелген ядролары бар.
Нейтрофильді гранулоциттер-саны көп,лейкоциттердің 48-78% құрайды.Ядросында 3-5 сегменттері болады.Нейтрофилдер пісіп жетілу мерзіміне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.Олар:жас,таяқша ядролы және сегментті ядролы түрлері.Лейкоциттердің жас түрі мен таяқша ядролары әлі пісіп жетілмеген жас жасушалар болып саналады.Жас түрінің мөлшері қанда 0,5%-тен аспайды,не болмауы да мүмкін,ал таяқша ядролысы 1-6% ,пішіні «S» әрібі тәрізді болып келген ядросы бар.Лейкоциттердің соңғы екі түрі көбінесе қанды көп жоғалтқанда және қабыну процесстерінде кездеседі.
Нейтрофилді лейкоциттердің цитоплазмасында екі түрлі:арнайы және азурофилді түйіршіктері болады.Арнайы түйіршіктері майда,ашық түсті,саны көп,құрамында бактериостатикалық және бактериоцидті заттары лизоцим,сілтілі фосфатаза мен лактофферині бар.Лизоцим бактерияның қабырғасын бұзатын фермент болып табылады.Лактоферрин темір ионымен байланысып бактерияларды өзіне жабыстыратын қасиетке ие.
Азурофильді түйіршіктері ірі,көгілдір-қызыл түске боялады.Бұларда біріншілік лизосомалар болып табылатын,құрамында лизосомальды ферменттері бар лейкоциттер. Жалпы нейтрофилдердің қызметі микроорганизмдерді фагоцитоз әдісімен жояды.Сондыықтан бұларды макрофагтар дейді.Сау адамда фагоцитоз процесіне қатысатын нейтрофилдердің мөлшері 69-99,бұл көрсеткішті нейтрофильдердің фагоцитарлы белсенділігі дейді.Нейтрофильдердің тіршілігі 5-9 тәулікке жақын.
Эозинофильді гранулоциттер-жалпы лейкоциттердің 0,5-5 д-12-14 мкм ядросы көбінесе 2 сегменттен тұратын,цитоплазмасында Гольджи аппараты,аздаған митохондриялары болады.Эозинофильдердің плазмалеммасының астында актин филоменттері орын алады.Цитоплазмасындағы түйіршіктері азурофильді(біріншілік),эозинофильді(екіншілік) болып бөлінеді.Бұл түйіршіктердің негізін лизосомалар түзеді де,құрамында электронды-тығыз гидролитикалық ферменттер болады.Ал,арнайы эозинофильді түйіршіктерінің д-0,6-1мкм болып келген ,кристаллоидты құрамында негізгі белоктар,оның ішінде аргинин және лизосомальді гидролитикалық ферменттер мен пероксидаза болады.Эозинофилдердегі кристаллоидты түйіршіктері антипаразиттік қызмет атқарады.Эозинофилдің цитолеммасында «Е» иммуноглобулинге қарсы Ғс-рецепторы болады да,бұл аллергиялық реакцияға қатысады.Эозинофильдер гистаминнің метаболизміне қатысып ,оның қандағы мөлшерін төмендетеді.Гистамин болса қантамырлар қабырғасының өткізгіштік қасиетін жоғарылатып,кейде тіндерде ісіктің болуына себепші болып,тіпті ағзаның тіршілігін жоюға дейін барады.Эозинофилдердің ең негізгі қызметтерінің бірі –антипаразиттік ішек құрттары (гельминтоз,шистосомоз) пайда болғанда саны көбейіп,құрттардың
Жұмыртқаларын жояды.Ағзада болатын стресс реакциялары кезінде саны азаяды.Эозинофильдер қан ағымында 12-сағаттай болып,сосын тіндерге өтіп кетеді.
Базофильді гранулоциттер.Жалпы лейкоциттердің 0-1 құрайды,д-11-12 мкм.Сегменттелеген ядросы(2-3) бар,цитоплазмасында жасуша органеллаларының бәрі де кездеседі,ал ерекшеліктеріне олардың өте ірі метахромды боялған түйіршіктерінің (0,5-1,2 мкм) болуы жатады.Базофильдердің түйіршіктерінің құрамында гепарин,вазоактивті гистамин,бейтарап протеазалар мен энзимдер болады.Базофильдердің астма,анафилакция,ьөртпе тері ауруларында дегрануляциясы байқалады.Базофильдер сүйек кемігінде түзіледі де,қан ағымында шамамен 1-2 тәуліктей болып,тіндерге өтеді.Базофильдер ағзада иммунды және аллергиялық реакцияларға қатысады.Сонымен бірге базофильдер қанның ұюы мен қан тамырлар қабырғасының өткізгіштігін де реттейді.
Агранулоциттер немесе түйіршікті лейкоциттерге лимфоциттер мен моноциттер жатады.Ерекшелігі цитоплазмасында түйіршіктер болмайды және ядросы сегменттелмеген.
Лимфоциттер.Жалпы лейкоциттердің ішінде ересек адамның қанында 20-30.Лимфоциттер көлеміне байланысты үш топқа:кіші,орташа,ірі болып жіктеледі.Ірі лейкоциттер жаңа туған сәбимен жас балалардың қанында кездеседі.Ересек адамдарда болмайды.Лимфоциттердің қай түрі болмасын оларға жақсы боялған ірі,әрі дөңгелек пішінді гетерохроматинді ядросымен оны қоршаған сақина тәрізді цитоплазмасы тән.Кейде цитоплазмасында азурофильді аздаған ғана түйіршіктер де кездеседі.
Кіші лимфоциттердің цитоплазмасында везикулалар,лизосомалар ,бос рибосомалар, полисомалар,Голджи аппараты т.б. болады.Бұлар:ашық және күңгірт түсті болып та жіктеледі.Кіші күңгірт түсті лимфоциттердің цитоплазмасы электронды тығыз базофильді боялған,цитоплазмасында өте көп рибосомалары болады.
Орташа лимфоциттер жалпы лимфоциттердің 10-12 құрайды,ядросы дөңгелек,кейде бұршақ тәрізді болып келеді.Ядродағы хроматині сирек орналасқан,ядрошығы жақсы көрінетін лимфоциттер.Құрамында жасушаларға тән органеллаларының барлығы бар.Жалпы лимфоциттердің ішінде адамға тән аздаған лимфоплазмоциттерде кездеседі.Ерекшелігі:ядро маңында концентрлі орналасқан түйіршікті эндоплазмалық тордың түтікшелері болады.Лимфоциттердің ең негізгі қызметі бұлар ағзада иммундық реакцияларға қатысады.
Лимфоциттердің арасынан үш түрлі функциональді топтарын ажыратуға болады.Оларға В және Т-лимфоциттері мен лимфоциттердің «нөлдік» түрлері жатады.Лимфоциттердің соңғы нөлдік түрінде,В және Т-лимфоциттерде болатын,плазмолеммасында маркерлері болмайды,сондықтан бұларды лимфоциттердің әлі дифференцияланбаған резервтік популяция қорына жатқызады.
Т-лимфоциттер,жалпы лейкоциттердің ішіндегі ең көбі -70,В-лимфоциттерден Т-лимфоциттердің ерекшелігі,бұлардың плазмолеммаларында иммуноглобулинді роецепторлы болады да,бұлар өте төмен болады.Керісінше,Т-лимфоциттерде өзіне тән антигендерді тани біліп,олармен байланысатын арнайы рецепторлары үнемі ағзадағы жасушалық иммунитетке қатысады.Т-лимфоциттері лимфокиндерді синтездеп В-лимфоциттердің қызметін реттеп отырады.Т-лимфоциттері Т-хелперлерге,Т-супрессорларға және Т-киллерге жіктеледі.
Қазіргі кезде клиникада адамның иммундық статусын бағалау,лимфоциттердің түрлерін анықтау,иммунологиялық және иммуноморфологиялық әдістері арқылы жүзеге асады.
Лимфоциттердің жалпы тіршілігі бірнеше аптадан бірнеше жылға дейін созылады.Әсіресе,Т-лимфоциттер «ұзақ тіршілік ететін» жасушалар тобына жатады,ал В-лимфоцитердің тіршілігі Т-лимфоциттеріне қарағанда «қысқа» А.А.Максимовтың айтуынша лимфоциттер «қозғалғыш мезенхимадан дамыған жасушалар қоры»,қанның бағаналы жасушаларынан дамыған.
Моноциттер қанда басқа лейкоциттерге қарағанда ірілеу д 9-12 мкм тіпті қан жағындыда д 18-20 мкм болады.Жалпы лейкоциттердің 6-8 құрайды.Ядросының пішіні әртүрлі(таға,бұршақ тәрізді),кейде бөлшектенген де болып келеді.Ядросында майда шашырап орналасқан гетерохроматиндері бар.Ядрошығы біреу,кейде бірнешеу.Цитоплазмасында әлсіз базофильді түйіршікті лизосомалары бар.Моноциттердің цитоплазмасында көптеген пиноцитозды везикулалары мен эндоплазмалық тордың өте қысқа түтікшелері болады.Ағза моноциттер макрофагтық немесе мононуклеарлы-фагоцитарлы жүйеге қатысады.Бұл жүйеге қатысатын жасушалар сүйек кемігіндегі промоноциттерден дамиды.Моноциттер қан ағымында 36 сағаттан 104 сағатқа дейін болады.Тіндерге қоныстанған моноциттер макрофагтарға айналады.макрофагтардың ерекшелігі құрамында көптеген лизосомалар,фагосомалар,фаголизосомаларының болуы жатады.
Қанның гемограммасы мен лейкограммасы
Медицинада қанның жасушаларын санау өте маңызды рөл атқарады.Клиникада қан анализін анықтау барысында қанның химиялық құрамын,эритроциттер мен лейкоциттердің санын,гемоглобинді және эритроциттердің тұну жылдамдығын,эритроциттердің резистенттілігін анықтаудың ауруларға диагноз қоюдағы маңызы зор.Дені сау адамдарда қан жасушаларының саны (бір-біріне қатынасы)тұрақты,мұны гемограмма дейді.Қан гемограммасында лейкоциттер мен олардың түрлерінің алатын орны ерекше.Мұны лейкоцитарлық формула деп те атайды.
Қан жасушаларының жасқа байланысты өзгеруі
Жаңа туған нәрестенің алғашқы сағаттарындағы қанында эритроциттердің саны 6,0-7,0*10 12/л,демек ересектердің эритроциттерден көп.Кейін 10-14
Тәуліктерде бұл көрсеткіш ересектердің эритроциттерінің санына теңеседі.Ал 3-6 айлық нәрестеде эритроциттердің саны қайтадан азаяды.Бұл физиологиялық анемия.Сәбидің жыныстың пісіп-жетілу кезінде эритроциттердің саны қайтадан ересектердің санымен теңеседі.Жалпы жаңа дүниеге келген нәрестеде анизоцитоз байқалады,оның ішінде эритроциттердің макроциттері мен ретикулоциттері көп болады.Жаңа туған нәресте қанындағы лейкоцитттер 10,0-30,0 х 9/л болса,ал екі аптадан кейін саны азаяды,9,0-15,0х10 9/л.Баланың 14-15 жасында лейкоциттерінің саны ересектердікіне тән.Жаңа туған сәбидегі нейтрофильдермен лимфоциттердің саны ересектердікіндей 4,5-9,0х10 9/л.Бұл әрі қарай лимфоциттердің саны өсіп,ал нейтрофильдерінің саны азаяды.Туғаннан кейінгі төртінші тәулікте бұл лейкоциттердің саны теңеседі.Мұны лейкоциттердің бірінші физиологиялық қиылысу дейді.Баланың 1-2 жасында лимфоциттері 65 ал нейтрофильдері 25,4-жастағы балада қайтадан лимфоциттер азайып,ал нейтрофильдер көбейіп,ересектермен теңеледі,мұны екінші физиологиялық қиылысу кезеңі дейді.
Біртіндеп лимфоциттердің санының азаюы,ал нейтрофильдің көбеюі баланың жыныстық-пісіп жетілуі кезінде,қалыпты жағдайдағы ересектердікімен теңеседі.
Лимфа
Лимфа табиғатынан сарғыш түсті,лимфа капиллярлары мен тамырларында жылжитын сұйықтық.Лимфа сұйығының құрамында лимфоплазма мен лимфоциттер болады.Лимфоплазма химиялық құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас,бірақ белоктары аз.Ең көп белогі альбулиндер.Белоктың құрамында диастаза,линаза және гликолитикалық ферменттерде бар.
Лимфоплазманың құрамында бейтарап майлар,қарапайым қанттар, әртүрлі қосындылармен кальций,магний,темірде болады.
Лимфаның формальды элементтерінің құрамында лимфоциттер мен моноциттер,лейкоциттердің кейбір түрлері,кейде эритроциттерде кездеседі.
Лимфа тіндегі,мүшелердегі лимфакапиллярда жиналып,көптеген факторлардың әсерінен (осмотикалық және гидростатикалық қысымнан)тіндерден лимфоплазмаға өтіп отырады.Лимфаның құрамы үнемі өзгеріп отырады.Шеткі лимфа(бұл лимфа түйініне дейінгі бөлігі),аралық(лимфа түйінінен өткеннен кейін) және орталық (көкірек ,оң жақтағы лимфа ағымы) болып бөлінеді.Лимфа сұйығының қалыптасуына қаннан жасуша аралық кеңістікке бөлінген су және басқа заттармен қоса тін аралық сұйықтық өте қажет.