ЭНДОКРИНДІК БЕДЕУЛІК

Эндокриндік бедеулік – әйелдегі овуляция құбылысының тұрақсыздығы немесе мүлде болмауы және ерлердегі ұрықтың сапасыздығына апаратын гормондар бұзылысы. Гормондар жұмысының бұзылуы қалқанша безі жұмысының нашарлауы, эндокриндік бездердің сырқаты әсерінен болуы мүмкін. Эндокриндік бедеулікті емдеу оның себебін анықтап, гормондар жұмысын реттеуден басталады. Гормондар бұзылысын қалпына келтірген 70-80 пайыз жағдайдың нәтижесі жүктілікке алып келеді. Қалған жағдайда заманауи медицина эндокриндік бедеулікті  ЭКО жасаумен емдеуді ұсынады.

Эндокриндік бедеуліктің белгілері.

Бұл бедеуліктің басты белгілері – әйелдердің аяғы ауыр болмауы және айлық етеккір циклының тұрақсыздығы. Етеккір әртүрлі уақыт аралығында кешігіп келеді (бір аптадан жарты жылға дейінгі айырмамен), екі етеккір аралығында қынаптан қан секілді сұйықтық келуі, ауырсыну байқалуы мүмкін.

Эндокриндік бедеулікпен ауыратын әйелдердің 30 пайызында етеккір уақытылы әрі тұрақты циклде келеді (21-36 күн). Мұндай жағдайда сөз етеккір жайында емес, етеккір уақытында келетін қан жайлы болады. Науқастарда ішінің төменгі жағында немесе белінде ауырсыну,диспареуния, цистит байқалады, сүт бездерінен сұйықтық бөлініп, ауыруы да кездеседі. Науқастың қан қсымы өзгеріп, семіріп немесе азып кетуі, терісінде дақтар пайда болуы мүмкін.

Ауруда диагностикалау кезінде етеккірдің келу уақыты, аурулары, науқастың анасының жыныстық жетілу жағдайы, бұрын жүкті болса, жүктілік кезіндегі жай-күйі толық есепке алынады. Сонымен қатар, бұрын-соңды жатырға ота жасалған-жасалмағанының маңызы зор.

Мұндай бедеулікті емдеу барысында ең алдымен науқастың қалқанша безі мен гормондарының жұмысын бір қалыпқа түсіретін ем тағайындалады. Одан кейін овуляцияға жауап беретін гормондар емделеді.

Бұл аурудың алдын алу үшін әрбір балаға кішкентай кезінен мән беру керек. Түрлі инфекциялық аурулардан толық емделіп, ревматизм, зоб, қант диабеті секілді аурулармен ауыруына жол бермеу керек. Түрлі потологиямен туылған балаларға да тиісті назар аударылып отыруы тиіс.

 

 

 

 

 

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас...

Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы...

Панкреатит

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен...

Дальтонизм

Дальтонизм – бұл көздің тума (сирек жағдайда жүре келе)...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика