Гепатит немесе сары ауру – гепатит вирустары мен инфекциялардан болатын бауырдың өткір және созылмалы қабыну аурулары.

Гепатит көп жағдайларда симптомсыз өтеді, немесе басқа аурулардың симптомдарына ұқсас келетіндіктен, диагнозды дер кезінде қою қиын. Сонысымен гепатит қауіпті ауру саналады. Асқынуының салдарынан бауыр циррозы, бауыр ісігі, фиброз сияқты қауіпті ауруларға алып келеді.

Симптомдары:

Аурудың сипмтомдары оның даму кезеңіне қарай әртүрлі келеді.

І кезең (7-50 күн)

Гепатиттің І кезеңі 7 тәулікке созылатын инкубациялық кезең болып саналады. Бұл сатыда инфекция бүкіл ағзаға тарайды. Бұл кезең симптомсыз өтеді немесе білінер-білінбес сезіледі.

ІІ кезең (50-62 күн)

Екінші кезеңнің алғашқы белгілері:

Науқас өзін жабырқау, солғын сезінеді, тәбеті жоғалады. Науқастың іші, оң жақ қабырға асты ауырсынады. Ауырсыну оң жақ жауырынға және иыққа берілуі мүмкін. Дене қызуы 37-38°С көтеріледі. Бас ауру мазалайды. Кей жағдайларда науқас қышынуы мүмкін.

ІІІ кезең немесе асқынуы (62-98 күн)

Гепатиттің асқынуының белгісі – сары ауру немесе Госпела ауруы. Бұл бауырдың әлсіреуінен болады. Бауыр билирубинді қорыта алмайтындықтан, ол қанға түсіп, бүкіл ағзаға жайылады. Бұл адамның терісіне, кейде көздеріне де сары түс береді.

Сонымен қатар, үшінші кезеңде несеп қоңыр түсті , ал нәжіс түссіз болады.

Себептері:

Классификациясы

Түріне қарай өткір және созылмалы деп бөледі.

Өткір гепатит белсенді өтеді. Көп жағдайда асқыну болады. Тез пайда болып, тез қайтады.

Созылмалы гепатит симптомсыз өтеді. Асқынуы бауырдың созылмады бұзылуына әкеледі.

Этиологиясына қарай инфекциялық, уланған және т.б. жіктейді.

Диагностика

Диагностиканы дәрігер-инфекциолог жасайды.

Гепатитті анықтау үшін науқас келесі медициналық тексерулерден өтеді:

Емдеу

Аурудың симптомдары байқалған бойда дәрігерге қаралу керек. Ауру асқынғанда төмендегі емдеу шаралары қолданылады:

  1. Төсек режимін ұстау
  2. Ағзаны улы заттардан тазалау
  3. Диета
  4. Гепапротекторлар мен дәрумендер қабылдау
  5. Симптомдарды басатын ем

Гепатит кезінде тамақтануға үлкен мән беру керек. Қуырылған, кептірілген, қақталған, ащы, консервіленген, тұзды, қышқыл тағамдарды жемейді және газдалған сусынды ішуге болмайды.

Профилактика