ГИПОФИЗ ІСІГІН ХИРУРГИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ЕМДЕУ

Гипофиз ісігін емдеудің ең оңтайлы шешімі – ота болып табылады.

Оптимальным методом лечения опухоли гипофиза считается операция. Бұл әдіс ісікті жоюмен бірге, қосымша туындаған мәселелерді шешуге де көмектеседі. Мысалы, ісіктің кесірінен көру нервтері қысылған жағдайда көру қабілетін жақсарту және қалпына келтіруге қолданылады.

Ісікті қалай жояды?

Ісікті жоюда екі түрлі ота қолданылады:

 

Транссфеноидалды ота (мұрын арқылы).

Бұл мейлінше кең тараған ота түрі. Ол мұрын қуысының артқы жағынан шырышты қабығын кесе отырып, хирург сүйек арқылы ісікке жету арқылы іске асырылады. Кейде мұндай оталарды жасау үшін эндоскопиялық құрал-жабдықтар қолданылады. Ол сүйек құрылысы мен ісікті толық және анық көруге мүмкіндік береді.

Ісікті жойғаннан кейін мұрын қуысына дәкеден жасалған томпондар қойылады. Ол 3-4 күннен кейін алынады. Отаның әдеттегі ұзақтығы 2,5-4 сағат. Отадан кейін 6-12 күн аралығында науқас ауруханадан үйіне шығарылады.

Транссфеноидалды ота теріні жыртпай және хирургиялық құрал-саймандарды көп қолданбай, ісікті жоюға мүмкіндік береді.

Транскраниалды ота (маңдай сүйегі арқылы).

Бүгінгі таңда мұндай әдіспен жасалатын ота түрі сирек жасалады. Егер ісіктің көлемі үлкен және транссфеноидалды әдіспен ісікті жоя алмайтын жағдайда ғана қолданылады.

Бассүйегіне трепанация жасалады, сосын ісікті жойып, сүйекті бастапқы қалпына келтіреді. Заманауи әдістермен салыстырғанда бұл анағұрлым қауіпті және жарақаты көп әдіс болып табылады.

Терапия және ота нәтижесі

Хирургиялық іс-әрекеттер аяқталғаннан кейін бірқатар жағдайларда сәулелік терапия және гормоналдық терапия тағайындалады. Хирургиялық, сәулелік және гормоналдық емдерді бірге қолданған 90% жағдайда ауру жазылады.

 

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас...

Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы...

Панкреатит

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен...

Дальтонизм

Дальтонизм – бұл көздің тума (сирек жағдайда жүре келе)...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...