ҚЫШЫМА ҚОТЫР

2
1251

Қышыма қотыр (чесотка) терінің жұқпалы ауруы. Оны тарататын қоздырғыш қышыма қотыр кенесі. Ол адамның терісіне жұққан бойда, өзіне орын «қаза» бастайды. Ұрғашысы сол өзі «мекендеген» тұсқа жұмыртқа салады. Үш-төрт күннен кейін онысы құртқа (личинка) айналады.

Қалай жұғады?

Қышыма қотыры бар адаммен қарым-қатынас жасағанда, онымен төсек орынды, киім кешекті, орамалды сүлгіні, ысқыны (мочалка) т.б. заттарды бірге пайдаланғанда жұғады. Тиісті санитарлық тәртіп сақталмаса моншада, душта, жатақхана мен мейманханада да кышыма қотырға ұшырап қалуыңыз мүмкін.

Қайтіп байқалады?

Дененің кей тұсы бой бермей дуылдап кышиды, үстін түрлі түйіншектер, көпіршіктер, қанды қабыршақтар, тырнақ ізі басады. Мұндай жағдай аяқ-қолдың буын бүгілістерінен де, саусақ аралықтарынан да, тұла-бойдан да байқалады. Не істеу керек? Осындай белгі сезілді дегенше, уақыт оздырмай дәрігерге көріну керек. Қышыма қотырмен күресте дәрігерге уақытында көріну де, дер кезінде тыңғылықты емделу де, науқастың тұтынған заттарындағы паразиттің көзін жою да маңызды.

Сақтану шаралары

Қышыма қотырдан аман болудың басты жолы — тазалық. Апта сайын суға түсіп, іш киімді жетісіне бір ауыстырып түру шарт. Әсіресе біреудің іш киімін, қолғабын киюден аулақ болыңыз. Қышыма қотырға шалдыққан адам ауруханаға жатпай, үйде емделсе, оның төсек-орыны, тұтынатын заттары басқалардікіне араластырылмайды. Кірлеген іш киімдері бөлек калтаға салынады. Оларды 1-2% сода ертіндісі немесе кез-келген ұнтак сабын қосылған, сақылдап қайнап тұрған суда 10 минуттай қайнатып жуу керек. Дезинфекциялық заттар болған жағдайда олар дәрігер айтқан ертіндіге ғана салынады. Сырт киім тек үтіктеліп қана киіледі. Науқас жатқан бөлме 2 пайыздық сабын-сода ертіндісімен күн сайын сүртіледі. Ауру кісіге күтім жасап, әйтпесе жатқан жерін жинап болғаннан кейін қол мұкият түрде сабындалып жуылады. Моншаға, душқа түскенде легенді, орындық пен сөрелерді ыстық сумен ыждағаттап шаюды ұмытпаңыз. Басқаның ысқысын, сыпыртқысын (веник) пайдаланбаңыз. Қышыма қотырдан дәрігерге уақыт оздырмай көрініп, жеке бастық және қоғамдық тазалық талаптарын сақтаған адамның тез айығатыны жадыңызда жүрсін. Денсаулығын сактағысы келмейтін адам жоқ. Көп жағдайда бұл кісінің өзіне, денесін шынықтырып, саулығын қорғай білуіне байланысты.

2 ПІКІРЛЕР

  1. Керемет макала осындай ой салгандарынызга рахмет кышымага кандай дари дәрмек көмектеседі

  2. Билесиздер ма билсениздер жазып жиберниздерши менин үйімде әкем кышыма мен ауырып жүр емдик жолын жазыныздаршы отинем

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз