Жоғары дамыған елдерде экономиканың төрт деңгейлi салалық бөлуi қалыптасқан, атап айтқанда:
— шикiзатты өндiру және бастапқы қайта өңдеу салалары;
— дәстүрлi өнеркәсiп салалары;
-материалды және еңбектi салыстырмалы төмен қажетсiнетiндiгiмен, бiрақ қосымша құндағы ғылыми-зерттеулер және тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелерге (бұдан әрi — ҒЗТКӘ) арналған шығындардың өте жоғары үлесiмен сипатталатын жоғары технологиялық салалар (high tесh);
-бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу, жүйелiк ықпалдасу, консалтинг, бiлiм беру және т.б. сол сияқты «жұмсақ» (soft) технологиялар (қызметтер)саласы.
Экономиканың дәстүрлi салаларындағы қосымша құнның негiзгi бөлiгi шикiзатты өндiру және бастапқы қайта өңдеу процесiнде не өнiмдi өндiру процесiнде (салалардың екiншi тобы) құралады.
Инновациялық процесс тұтастай алғанда экономика мен қоғамды жаңғырту процесiнiң негiзгi мазмұны болып табылады, ең алдымен зияткерлiк еңбек нәтижелерiн кеңiнен пайдалануға негiзделедi.
Қазiргi уақытта әлемнiң жетекшi елдерiнiң экономикасының дәстүрлi индустриялықтан ұлттық индустриядан кейiнгi, яғни бiлiм мен жоғары технологияларға негiзделген экономикаға ауысу тенденциясы айқын байқалады.
Қазақстан экономикасының салалық құрылымын жоғары технологиялық, ғылыми салалардың үлесiнiң елеулi ұлғаю жағына өзгерту қажеттiлiгi туралы айғақтайды. Бұл республикада жүргiзiлген жүйелi реформалардың, сондай-ақ әлемдiк рыноктағы қалыптасқан мұнайдың жоғары конъюнктурасының алғашқы тиiмдiлiгi екенiн есте ұстауымыз керек. Экономиканың шикiзаттық бағыты республиканың тұрақты өсу аймағына шығуына мүмкiндiк бермейдi. Тұрақтандырылған экономиканы құру үшiн оны индустрияландыру қажет, ал тұрақты өсу аймағын қалыптастыру және тиiмдi экономиканы құру үшiн жоғары технологияларды қолданатын ғылыми инновация енгiзiлуi тиiс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi — Тұжырымдама) «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығының» дамуы негiзiнде (бұдан әрi — ҰБО) Қазақстандағы биотехнология саласының дамуына бағытталған.
Биотехнологияның осы заманғы жай-күйiн талдау
Биотехнология ғылыми-техникалық прогрестiң маңызды бағыттарының бiрi болып табылады. Биологиялық және техникалық ғылымдар саласындағы генетикалық және клеткалық инженериядағы осы заманғы жетiстiктерiнiң негiзiнде адамдардың өмiр сүру деңгейiн көтеру үшiн мақсатты түрде жасалған тiрi жүйелердiң (ең алдымен микроорганизмдер) әлеуеттi мүмкiндiктерiн пайдалануға болады. Биотехнологиялық өнiмнiң көмегiмен жақын перспективада да және стратегиялық тұрғыда да өндiрiстiк-технологиялық, экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық проблемалар шешiлуде.
Әр елдер, соның iшiнде Қазақстан үшiн де ұлттың салауаттылығы, экономикалық ауқаттылық немесе қорғаныс қабiлеттiлiгi болса да болашағының даму мәселелерi маңызды болып табылады. Бұл мәселелердi шешуде биотехнология маңызды роль атқарады, ол ғылымды барынша қажетсiнетiн салалардың жетiстiктерiн жинақтайды, сол арқылы олардың дамуын ынталандыра отырып, жеткен нәтиженi барлық қалған салаларға таратып, оларға мүлдем басқаша сапалық деңгейге серпiндi көтерiлуiне мүмкiндiк бередi.
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының сарапшыларының қорытындысы бойынша ХХI ғасырда биотехнология оның барлық қызмет салаларында және ең бiрiншi кезекте азық-түлiк өнiмдерiн, медициналық препараттарды алуда, ауыл шаруашылығында, экология, энергетика салаларында адамзаттың дамуын анықтайтын болады.
Соңғы онжылдықта биологияда болған өзгерiстер биотехнологияның дамуында қағидалы жаңа перспективаларды ашты, өндiрiсте биологиялық процестердi қолдану шектерiн кеңейттi және «осы заманғы биотехнология» деген жалпы атауымен бiрiктiрiлген жаңа бағыттардың пайда болуына әкелiп соқты.
Әлемдiк биотехнологияның жай-күйi және даму беталысы.
Осы заманғы биотехнологияның әдiстерiн дамыту биотехнологиялық өнiмдердiң тауар рыногының өз бетiнше қалыптасуына әкелдi. Биотехнология макроэкономикалық маңызы бар өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығын дамыту бағыттарының бiрi болып табылады. Сондықтан, экономика үшiн тиiмдiлiк жағынан елеулi маңызы ескерiле отырып, биотехнология бойынша әлемнiң барлық жетекшi елдерiнде мемлекеттiк және жеке капиталмен қаржыландырылатын ұлттық және халықаралық бағдарламалар әзiрленген және қолданылуда.
Осылайша, әлемдегi биотехнологиялық өнеркәсiп рыногының жыл сайынғы өсiмi шамамен 7% құрайды.
Әлемде биотехнологиялық препараттарды сатудың жылдық көлемi:
-тамақ өнеркәсiбi мен ауыл шаруашылығында — $46 млрд.;
-гендiк-модификацияланған өсiмдiктердiң тұқымдық материалы — $30 млрд.;
-фармацевтикалық препараттар — $27 млрд.;
-жуу құралдарын өндiру үшiн ферменттер — $21 млрд.;
-өсiмдiк және жануарлар шикiзатынан алынған емдеу-косметикалық құралдары — шамамен $40 млрд. құрайды.
2010 жылға биотехнологиялар рыногының жалпы көлемiнiң өсуi $2 трлн. Болжанып отыр.
Осы заманғы әлемдiк биоиндустрия айналымының жартысынан көбi АҚШ үлесiне тиедi. Салыстыру үшiн, биотехнологияны қаржыландыру көлемi бiр жылда АҚШ-та — $100 млрд., Қытайда — $1 млрд., Ресейде — $0,04 млрд. құрайды, ал сол уақытта Қазақстанда республиканың 2005 жылға арналған бюджетiнде биотехнология саласында мақсатты зерттемелер мен әзiрлемелерге $1 млн. (0,001 млрд.) сома жоспарланған.
Жапония биотехнология дамуының деңгейi бойынша АҚШ-тан кейiн екiншi орын алып отыр. Бұл саланың дәстүрлi салаларында, атап айтқанда ферменттер, антибиотиктер және аминоқышқылдар өндiруде күштi ұстанымдарға ие бола отырып, ең жаңа биотехнологияның әдiстерiн қолдануда АҚШ-тан едәуiр артта қалып отыр. Қазiргi уақытта Жапонияның фармацевтикалық өнеркәсiбiнiң ҒЗТКӘ-ге арналған тек 5 % жуық шығындар гендiк инженериясы саласындағы зерттемелерге келедi және 120 жуық фирмалардың ең жаңа биотехнологияның әдiстерiн пайдаланумен дәрi-дәрмек құралдарын алу тәсiлдерiн әзiрлеу бойынша өз бағдарламалары бар. Жапонияда биотехнологияны дамыту үшiн мемлекеттiк және жеке секторлар арасындағы тығыз ынтымақтастықтың елеулi маңызы бар, жекелеген биотехнологиялық бағдарламаларды iске асыруға елдiң үкiметi қатысады.
Биотехнология АҚШ және Жапониямен бiрге Батыс Еуропа елдерiнде жылдам қарқынмен дамуда. Өз қызметiн үйлестiрiп алып, болашақта бұл елдер биотехнологиялық өнiмдер рыногының конъюнктурасына елеулi әсерiн тигiзуi мүмкiн. Батыс Еуропада биотехнологиялық фирмалар, негiзiнде бұрында iргелi ғылыми зерттемелер жүргiзген зертханалар базасында пайда болды. Қазiргi уақытта олардың көбiсi өнеркәсiптiк корпорациялар және қаржылық мекемелермен қаржыландырылады, немесе үкiмет тарапынан қаржылық көмектi пайдаланады.
Батыс Еуропалық елдерiнiң үкiметтерi қаржыландыратын биотехнологияны дамытудың бағдарламалары мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыруға немесе нақты коммерциялық мақсаттарға жетуге бағытталған (АҚШ-тан айырмашылығы, мемлекеттiң күш-жiгерi көбiнесе iргелi зерттемелердi қолдауға бағытталған, ал жеке сектордың кәсіпорындары мен ұйымдары мемлекеттiң қаржылық қолдауынсыз дамиды).
Гендiк инженериясы және биотехнологиялардың халықаралық орталығы (IСGЕВ) ЮНЕСКО басшылығымен құрылған және Еуропаның, Азияның, Африканың, Латын Америкасының 45 елдерiн бiрiктiредi. Ұйым мүшелерi денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп және экология салаларында биотехнологиялық өнiмдердiң ғылыми зерттеулерi және әзiрлемелерiмен айналысады.
IСGЕВ мақсаттары: бейбiт мақсатта гендiк инженериясы мен биотехнологияны қолдану және дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу; дамушы елдерге гендiк инженериясы мен биотехнология саласында олардың ғылыми-технологиялық әлеуетiн нығайтуға көмек көрсету; мүше елдердiң ғылым мен техника саласындағы мамандар арасында ақпарат, тәжiрибе, ноу-хау алмасуды дамыту болып табылады.
Тұтастай алғанда биотехнологиялық өнеркәсiптi 3000 астам биотехнологиялық компаниялар, академиялық мекемелер, мемлекеттiк биотехнологиялық орталықтар және әлемнiң басқа да ұйымдары ұсынады.
АҚШ-тағы биоиндустрия
Биотехнологияның отаны АҚШ деп санауға болады.
1980 жылдан 1983 жылға дейiнгi кезеңде Америкада 200 жуық ұсақ биотехнологиялық компаниялар құрылған болатын. Бұған салық жеңiлдiктерiн енгiзу, құнды қағаздармен операциялардан түсетiн жоғары пайда және жеке салымшылардың мүдделiлiгi әсер еттi. Genentech биотехнологиялық фирмасының вице-президентi болған Сан-Францискодағы Калифорниялық университеттiң ғылыми қызметкерi Герберт Бойердiң соңынан көптеген университеттiк профессорлар өз компанияларын ашты.
1985 жылға қарай АҚШ-та 400-ден аса биотехнологиялық фирмалар қызмет еткен; олардың көбiсi гендiк-инженерлiк цехқа жататынын көрсету үшiн өз атауына «ген» сөзiн енгiзген: Biogen, Amgen, Calgene, Engenics, Genex, Cangene. Бүгiнгi күнi елде 1500-ден аса биотехнологиялық компаниялар бар. Сонымен қатар, молекулалық биотехнологияның дамуына барлық iрi халықаралық химиялық және фармацевтикалық компаниялар, соның iшiнде Мonsanto, DuPont, Upjohn, American Cyanamid, Еli Lilly, SmithKline Beecham, Merck, Novartis, Hoffman-LaRoche зор үлес қосты.
80-шi жылдары биотехнологиялық бизнестiң қарқынды дамуы кезеңiнде ұсақ компаниялар бiрлескен кәсiпорындар пайда болды. Мысалы, 1991 жылы Genentech компаниясының акцияларының 60 % Нoffmann-LaRoche фирмасына 2,1 млрд. долларға сатылған. Сол уақытта көптеген компаниялар банкротқа ұшыраған. Осында жылжымалылық-биотехнологиялық индустрияның ерекшелiк сипаты.
Молекулалық-биотехнологиялық индустрияның табысы 1986 жылы 6 млн. доллардан 30 млрд. долларға артты, 1996 жылғы және бүгiнгi күнi бiр жылға 160 млрд. доллар құрайды.
Алайда, тұтастай алғанда биотехнологиялық бизнестiң табысы жоғары болмады, бiз күткендей инвесторлардың ынта-ықыласы азаймады және бұл молекулалық биотехнология үлкен перспективаларға ие болғанын айғақтайды.
Мысалы, гендердi клондаумен айналысатын компаниялардан кейiн АҚШ-та жұқпалы ауруларды, қатерлi iсiктi және адамның басқа да ауруларын емдеуге арналған гендiк-инженерлiк әдiстер арқылы алынатын антиденелердi шығаратын компаниялар пайда болды: Immunex, ImmuLogic, ImmunoGen, Immunomedics, Medlmmune, Immune Response.
Қазiргi уақытта биотехнологиялық кластерлер сияқты инновациялық құрылымдар өте маңызды болып отыр. АҚШ-тағы ең дамыған кластерлердiң бiрi Массачусетс штатында орналасқан. Онда дәрi-дәрмек препараттардан бастап ГМ-өсiмдiктерге дейiн әртүрлi өнiмдердi шығаратын бiрнеше ондаған биотехнологиялық фирмалар бар. Кластер үшiн зертханалық зерттеулер атақты ғылыми орталықтарда, соның iшiнде Массачусетс технологиялық институтында, Гарвард және Бостон университеттерiнде жүргiзiледi. Клиникалық зерттеулердi Бостон ауданындағы ауруханалар өзiне алады.
Еуропадағы биотехнологиялық сала
Еуропалық биотехнологиялық индустрия да үздiксiз дамуда. 1995 жылға қарай Еуропа елдерiнде 600 астам биотехнологиялық компаниялар құрылды. АҚШ-тан басқа биотехнологиялық дәуiрге кеш көшкен елдерде ұлттық молекулалық-биотехнологиялық индустрияны дамытудағы басты ролдi мемлекет алды. Мұнда «ХХ ғасырдың барлық технологияларының ең үздiк революциялық технологиясы» молекулалық биотехнология деген сенiм стимул болды.
Еуропада сала үшiн едәуiр пайдалы рыноктық конъюнктура қалыптасты. Биотехнология саласында қызметшiлерiнiң еңбек ақысы 30% жоғары АҚШ-қа қарағанда Еуропа елдерiнiң еңбек ақысы төмен деңгейi болып табылады. Еуропада бiлiм берудiң дамуының жоғары деңгейiне байланысты бiлiктi қызметкерлердi iрiктеу кезiнде қиындықтар туындамайды. Еуропада негiзгi айырмашылық көбiне заңмен жазылады, ал Америкада рынокпен анықталады.
Жапония мен Қытайдағы биоиндустрия
Жоғарыда айтылғандай, молекулалық биотехнология саласындағы коммерциялық әзiрлемелердiң үлкен бөлiгi Құрама Штаттардың үлесiне тиедi. Инвестициялық ахуалы сонша қолайлы емес және бизнес белсендiлiгi төмен басқа елдерде молекулалық-биотехнологиялық кәсiпорындарды құруда iрi корпорациялар және мемлекет басты роль атқарады. Мәселен, Жапонияның үкiметi биотехнологияны «стратегиялық индустрия» және ұлттық басымдылық деп жарияланды. Iрi жапондық корпорациялар iске кiрiстi. Басында оларға өз кадрлары жетiспедi және алғашқы зерттеулер американдық университеттермен және компаниялармен ынтымақтастықта жүргiзiлдi. Қазiр бұл корпорациялар қажеттi тәжiрибенi жинақтаған, өздерi молекулалық-биотехнологиялық әзiрлемелердi жүргiзедi және гендiк-инженерлiк өнiмдердi жасайды.
2002 жылы Жапонияның үкiметi қабылдаған 2010 жылға дейiн жаңарған жоғары технологиялық салаларды дамытудың бағдарламасына сәйкес негiзгi бағыттардың бiрi биотехнологияның тәжiрибелiк қосымшасын дамыту деп танылған. Осы салада мамандандырылған компаниялар iшкi және сыртқы рынокқа өз өнiмдерiн жаппай жылжытуды жүзеге асыруда. Бұған мынадай факторлар әсер етедi:
ҒЗТКӘ жүргiзу үшiн қажеттi техникалық жабдықталуы;
Жапонияның мемлекеттiк органдарының тарапынан қолдауы. Қытайда биотехнологияның дамуының қарқыны жоғары. Қытайдың зерттеу институттары генетикалық модификацияланған өсiмдiктердiң 141 түрiн әзiрлеген, олардың 65 түрi өсiруге шешiм қабылданған.
Солтүстiк Америкадан тыс кез келген басқа елдерге қарағанда, Қытайда өсiмдiк өнiмдерiнiң көп түрi биотехнологиялық жолмен жасалады. Қытайдың осы саладағы жетiстiктерi бiрiншi кезекте биотехнологиялық өнiмдердi алуға мүдделi дамушы елдер батыстың технологияларын пайдалана алмайды деген ұғымды жоққа шығарды.
Қытайда генетикалық модификацияланған өсiмдiктердi жасау толығымен мемлекеттiк қаржыландыруда болады. Өкiметтiң трансгендiк азық-түлiк өнiмдерiнiң өндiрiсiн дамытуда мүдделi екенi түсiнiктi, өйткенi дәстүрлi ауыл шаруашылығы әлемнiң ең қыруар ұлтының тез өсiп келе жатқан халқын тамақтандыра алмайды.
Ресейдегi биоиндустрия
Ресейлiк биотехнологиялық өнеркәсiптiң дамуы ССРО Министрлер Кеңесiнiң жанындағы Микробиологиялық өнеркәсiптiң бас басқармасының құрылуынан басталды. Алғаш рет әртүрлi қол жетiмдi және жеткiлiктi арзан шикiзаттан жасалған өнiмдердiң ең кең ассортиментiнiң микробтық синтезге негiзделген өнеркәсiбi құрылды. Қазiргi уақытта биотехнологиялық өнеркәсiптiң құрамына қырықтан астам кәсiпорындар мен ұйымдар кiредi.
1990 жылдардағы экономикалық дағдарыс елдiң биотехнологиялық өнеркәсiбiне де әсерiн тигiздi. Егер ССРО АҚШ-қа ғана жол берiп, биотехнологиялық саланың әлемдiк өнiмiнiң 3-5% шығарып, микробиологиялық өнеркәсiптi дамыту бойынша әлемде екiншi орын алса, қазiрде Ресей Федерациясы ондай өнiмнiң әлемдiк көлемiнiң 1% кем өндiредi. Мұндағы негiзгi өнiмдердiң қатарының: антибиотиктердiң, витаминдердiң өндiрiсi iс жүзiнде тоқтатылды, ферменттердi өндiру 6 есеге,, антибиотиктер — 12 есеге, жем белогы — 25 есеге азайды. Медицина үшiн Ресейдiң үлесiне гендiк-инженерлiк препараттардың әлемдiк өндiрiсiнiң 0,02% келедi. Биотехнологиялық өнiм түрлерiнiң маңыздылығы бойынша Ресейдiң импорттан тәуелдiлiгi өте зор: мысалы, инсулин бойынша ол 100%, антибиотиктер бойынша — 90% астам құрайды.
2003 жылы Ресейде биотехнологиялық рыноктың көлемi $510,6 млн. жеттi. Бұл цифр, мысалы, шамамен $2,5 млрд. ресейлiк IТ рыногының көлемiмен салыстырғанда өте аз боп көрiнедi.
Гендік инженерияның жұмыс кезеңдері
Генетикалық инженерия туындау кезінен бастап ғалымдар қоғамда кейбір зерттеулердің қауіптілігіне назар аудартты. Мұндай қорқыныштын туындаған қауіпсіздік пікір 1974 жылы айтылған болатын. Кейін бірнеше сәтті эксперименттен соң in vitro әдісі арқылы рекомбинантты молекуланың ДНҚ алынды. П.Берг бастаған әйгілі молекулярлы биологтар тобы гендік инженерия эксперименттерін жүргізуді шектеуге шақырды. Айтылған пікір екі жақты болды. Алдымен рекомбинантты ДНҚ молекулаларының зертхана сыртында немесе өнеркәсіп орнында шынымен жасушалардың «жоғалып» кетуі ескертілсе, сонымен қатар адам және жануарлар ағзасына келтірілетін зиян бақылаусыз концентрацияда өте жоғары екендігі айтылды. Екіншіден клондалған ДНҚ фрагментіндегі құрылымы мен қызметі туралы білімнің жетіспеушілігі, оларды реципиентті жасушаға енгізгенде олар қалаған затымызды ғана емес, одан да басқа қауіпті (токсиндер, онкоген) өнімдерді синтездеу ықтимал.
Қазақстанда гендік-инженерия өнімдері мен препараттарын маркілеу жөніндегі келісім шартқа қол қойды.
Генетикалық модифицирленген микроорганизмдерді қолдануға байланысты қатерді бағалау. Барлық микроорганизмдар адам үшін патогендік көзқарас тұрғысынан төрт қатерлі топқа бөлінеді:
- қауіп тобы: адам ауруын қоздырмайтындар
- қауіп тобы: олар мен кім жұмыс жасап отырғандарда ауру тудырады. Алайда микробтра жалпы алғанда азконтагиозды (мысалы, E. coli, Mycoplasma pneumoniae, адам папилома вирусы).
- қауіп тобы: адамда ауру тудырады және олармен жұмыс жасушаларға да қауіп тудырады. Қоғамда тарап кету қауіпі бар, бірақ алдын алу шаралары да бар.(Bacillus anthracis, Mycobacterium leprae, АИВ)
- қауіп тобы: олармен жұмыс жасушаларда ауру тударады, қоғамда тарап кету қауіпі бар, алдын алу шаралары жоқ. (мысалы – геморрагиялық безгек вирусы). 2-4 топтары патогендік микроорганизмдар біріктіреді. Топтың нөмірі қауіп түрін анықтайды және қорғаныс шараларын да қамтамасыз етеді. Бұл деңгей үшін GLP ( Good Laboratory Practice) ережелер міндетті. Мщдифицирленген генетикалық микроорганизмдерді ұстау деңгейін анықтау үшін « Генетикалық модификацияны халықаралық бақылау камитетінің ережелері» (1993) бар.
Биотехнология және қоршаған орта.
Қазақстандағы экология мәселелерi.
Қазақстанда табиғи орта өте осал. Республиканың аумағын негiзiнен далалар, жартылай шөлдер және шөлдер құрайды. Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл секiлдi бiрегей iшкi құрлықтық теңiздер мен көлдер бар.
Антропогендiк жүктемелер нәтижесiнде Қазақстанның iс жүзiнде барлық аумағында табиғи ортаның елдiң болашақ экономикалық және әлеуметтiк дамуын қамтамасыз ету қабiлеттiлiгi бұзылған.
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң экстенсивтi дамуы жер азуы мен ландшафттың азаюы түрiнде iз қалдырған, елдiң аумағының 60% артығы қатаң шөлдеуге ұшыраған, бұл топырақ құнарлығының төмендеуiне және мал шаруашылығы мен өсiмдiк шаруашылығының өнiмдiлiгiнiң азаюына әкелiп соғады. Бiр ұрпақтық көзiнше Арал теңiзiнiң көлемi екi есеге жуық азайған. Балқаш көлiн де ұқсас тағдыр күтедi. Республиканың су қажеттiлiгi бiр жылға 100 км3 кезiнде iс жүзiндегi қамтамасыз ету 34,6 км3 құрайды. Жан басына шаққанда сумен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан ТМД елдерiнiң арасында соңғы орында.
Жыл сайын республиканың сыртқы су қоймаларына 200 млн. м3 артық ластанған сарқынды сулар төгiледi. Көлемдерi бiрнешеден жүздеген текше километрге дейiн ластанған жер асты суларының 3 мыңнан артық көзi айқындалған.
Өңдеу және энергетикалық кешендердiң көптеген кәсiпорындарында жетiлмеген технологияларының, негiзгi өндiрiстiк қорларының табиғи тозуы бұл зиянды қалдықтардың санының артуына ықпал етедi. Ауаны, суды және топырақты қарқынды ластау, жануарлар мен өсiмдiктер әлемiнiң азуы, табиғи ресурстардың азаюы экожүйелердiң құлдырауына, шөлдеуге және биологиялық және ландшафттық түрлiлiгiнiң жоғалуына, халықтың ауру және өлiм-жiтiмiнiң өсуiне әкелiп соқты. Мұндай өзгерiстердiң салдары халықтың өмiр сүру сапасының төмендеуi және республиканың дамуының тұрақсыздығы болып табылады. Сонымен бiрге қоршаған ортаны қорғауға бөлiнген мемлекеттiк шығындар Еуразия елдерi арасында ең төменгi болып отыр. Олар жылына бiр адамға шаққанда 0,5 АҚШ долл. құрайды.
Биотехнология қоршаған ортаны — бактериядан папортникке дейiн (папортниктiң күшәндық қосылыстарды жинау қабiлеттiлiгi), адамға қажет емес сияқты папортниктен жоғары өсiмдiктерге дейiн және барлығын қорғауды да адамға қызмет етуге мәжбүр етедi.
Егер қоршаған ортаны қорғау үшiн әлемдiк технологиялар рыногы қазiргi уақытта 235 миллиард долларға бағаланса, кейбiр бағалар бойынша 25-тен 40%-ға дейiн биотехнологиялар үлесiне тиедi.
Топырақтардың, Су қоймаларының, Полигондардың санация, Фиторемедиация, биоремедиациясы
Бүгiнгi таңда ауыр металдармен және басқа да элементтермен ластанған топырақтарды тазарту мәселесi ашық қалуда. Металдарды өсiмдiктер жинау есебiнен топырақтардан алып тастау үшiн фиторемедиация тәсiлi iс жүзiндегi әдiстердiң (экскавация, жуу) альтернативасы, атап айтқанда аз шығындар салдарынан болып табылады.
Бұл әсiресе өсiмдiктерi кедей таулы өңiрлер үшiн ерекше маңызды, яғни ол жағдайда ландшафт жақсарады. Топырақтағы Рd Zn және Cd орташа концентрациясы 4431, 4920 және 37 мг\кг кезiнде тиiсiнше өсiмдiк нұсқауларындағы концентрация салыстырмалы жоғары болған (23-кесте). Осылайша, табиғи жағдайларда өсетiн Сhеnopodium album L., құрғақ сабақтарында Рb 557 мг\кг дейiн жинаған. Отырғызылған Аtriplex leucoclada сәйкесiнше Zn және Сd құрғақ сабақтардың 3165 және 14 мг\кг. ең көп санын енгiзген.
Өсiмдiктер есебiнен жел эрозиясы, нөсерлiк сулармен шығару және инфильтрация әсерiнен ауыр металдардың таралуы азаяды. Өсiрiлген өсiмдiктер әдеттегi әдiстермен өңделуi немесе шағын көлемдерде орналасуы мүмкiн.
Өсiмдiктермен металдарды жинау үшiн фотобарлау мен кен орындарын әзiрлеу, фитоархеология мен ризосүзу сияқты басқа да қолданулар табылды.
Адамзат алдында тұрған ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі топырақтар санациясы, әскери полигондардың аумақтарын тазарту және химиялық қаруды жою мәселелері болып табылады.
Өсімдіктердің металдарды жинау
Өсімдіктер нұсқаулары | Сабақтары | Тамырлары | ||||
Pd | Zn | Cd | Pd | Zn | Cd | |
Atriplex leucoclada | 400.8 | 3165.0 | 13.9 | 189.4 | 590.0 | 1.4 |
Chenopodium album L | 557.7 | 2186.7 | 9.6 | 194.0 | 680.0 | 3.1 |
Eleagnus angustifolia L | 428.1 | 1372.5 | 8.5 | |||
Haloxylon articulatum | 186.4 | 1495.0 | 9.4 | 250.2 | 800.0 | 1.6 |
Polygonum arenas trum | 136.2 | 1590.0 | 5.6 | 271.8 | 890.0 | 2.9 |
Salsola volkenssi | 223.7 | 1468.0 | 6.4 | 136.7 | 598.0 | 3.9 |
Tamarix sp. | 497.6 | 2120.0 | 9.2 |
Химиялық қаруды жою және әскери полигондардың аумақтарын тазарту мәселелерiне қатысты АҚШ-та топырақ, су қоймалары және ауаның биоремедиациясы әдiсiмен таныстыруды енгiзетiн әскери қызметкерлердi университеттiк деңгейде даярлаудың арнайы бағдарлама бар. АҚШ Қорғаныс департаментiнiң үш үлкен полигоны 2001 жылы жарылғыш заттармен ластанған топырақтарды өңдеу үшiн W.R.Grace & Со фирмасының DARAMEND@ микробтық биоремедиация технологиясын сатып алды, өйткенi бұл технология екi алғашқы өңдеу кезеңiнде топырақты тазартудың 99% көрсеттi.
Ресейде ғылыми-зерттеу ұйымдары, соның iшiнде қорғаныс, топырақтар ремедиациясы және химиялық қарудың детоксикациясы кезiнде пайда болатын реакциялық массалар мен сұйық қалдықтарды өңдеудiң биотехнологиялық әдiстердiң (микроорганизмдер мен өсiмдiктердi пайдалана отырып) әзiрлеуде. Сонымен қатар ауаны органикалық қосылыстардан тазартудың биотехнологиялық жүйесi әзiрленген және оны пайдалануға арналған лицензиялар Ұлыбритания мен Финляндия кәсiпорындары сатып алған тәжiрибе қондырғысында жасалған.
Соңғы онжылдықтар қоршаған ортаға тiрi организмдер үшiн жиi улы болатын құрылымы жағынан әртүрлi синтетикалық органикалық қосылыстардың (ксенобиотиктердiң) елеулi санының келiп түсуiмен сипатталады. Кейбiр ксенобиотиктер қоршаған ортада катаболизмге, яғни осы қосылыстардың деградациясына қабiлеттiлiктiң пайда болуына бағытталған микроорганизмдердiң эволюциялық процестердiң белгiлi бiр артта қалуынан жиналады. Қазiр әртүрлi ксенобиотиктердiң деструкция реакцияларын жүзеге асыратын ферменттердiң көптеген түрi бар микроорганизмдердiң әлеуетiн барынша пайдалану мiндетi тұр. Бұл әлеуеттi пайдалану «биоремедиация» болып табылады.
Бүгін өнеркәсіптік өндірістің 30 және одан да көп пайызын тазартушы құрылыстар салуға арналған шығыстар құрайды. Ағынды суларды тазартудың iс жүзiндегi әдiстерi үнемi жетiлдiрiлуде, бiрақ олардың тиiмдiлiгi кейде экологиялық талаптарға сай келмейдi. Ондай жағдайдан шығу жабық сұйық ағындарды пайдалану циклiмен қалдықсыз өндiрiстердi жасау мақсатында дәстүрлi өнеркәсiптiк технологияларды қайта қарау болып табылады. Осы мәселедегi қажеттi нормаларға дейiн тазартылған технологиялық циклiне қайтарумен немесе ағынды сулардан пайдалы биоөнiмдердi алумен жергiлiктi биотазарту технологиялары басты роль атқарады.
Физика-химиялық әдiстермен салыстырғанда биотехнологиялық әдiстердiң бiрнеше артықшылықтары: өңдеудiң экологиялық қауiпсiздiгi, пайдаға асырудың соңғы өнiмдерiнiң қоршаған орта үшiн зиянсыздығы, әртүрлi ластауыштарға қатысты жоғары бейiмдiлiк пен ерекшелiк, оңтайлы еңбек көлемi және жұмыстар құны, қайта өңделетiн топырақтардың табиғи қалпы мен құнарлығын сақтау.
Өңдеу өнеркәсiбiндегi биотехнология
Микроорганизмдердiң әртүрлi топтарын пайдалануға негiзделген биотехнологиялар мұнай өндiру кезде және қоршаған ортаның объектiлерiн мұнай ластауынан тазарту кезiнде қолданыс табады.
Биотехнологиялық зерттеулердiң маңызды бағыты қоршаған ортаны әртүрлi өнеркәсiптiк өндiрiстердiң қалдықтарымен ластаудан қорғау және ластанған аумақтарды тазартудың жаңа технологияларын әзiрлеу болып табылады.
Тау-кен өндiрiсi өнеркәсiбi
Алтын және басқа да асыл және жерде сирек кездесетiн металдарды өндiру және өңдеудiң биотехнологиялық әдiстерiнiң артықшылығы, осы жағдайда даусыз, тек экологиялық және экономикалық аспектiлерде ғана емес, сондай-ақ өзiнде жүздеген миллион валютаны сақтайтын олардың төзiмдi концентранттарын, қалдықтарды сақтау қоймалар және теңгерiмнен артық кендердi өңдеуге бағытталғанында.
Әртүрлi кен орындары алтын-күшәлә концентраттарын өңдеудегi биотехнологиялық тәсiлдi әзiрлеуде Кеңес Одағы жетекшi болған, бiрақ бiрiншi биотехнологиялық қондырғы 1986 жылы ОАР-да құрылған.
Әлемдiк практикадағы бiрiншi жартылай өнеркәсiптiк қондырғыларды сынақтан өткiзген кезде алтынды өндiру пайызының орташа 60% өсуiн көрсеттi. Бүгiнде дүние жүзiнде дәл осы әдiстiң көмегiмен бiр жылға 32 тоннадан артық алтын алынады.
Шетелде алтын өндiрудiң биотехнологиялық өнеркәсiптiк қондырғыларын пайдаланудың үлкен практикалық тәжiрибесi алтын өндiрудi және экологиялылығы арту кезiнде капиталдық шығындарды төмендету мен пайдалану шығыстарын азайту есебiнен жоғары экономикалық тиiмдiлiгiн көрсеттi.
2002 жылдың сәуiрде «Алтын және Аймақ» ЖАҚ (Өскемен) дәстүрлi технологияларға берiлмейтiн төзiмдi кендерден бактериялық байыту әдiсiмен бiрiншi қазақстандық алтын құймасын алды. Қазақстанның жер қойнаулары жүздеген миллион долларға алтын, платина және жерде сирек кездесетiн металдарды сақтайды, бiрақ оларға өңдеудiң дәстүрлi әдiстерiмен қол жеткiзудiң мүмкiн еместiгiн ескерсек, дәстүрлi емес инновациялық әдiстер мен технологияларға назар аударуға дәлелдi барлық негiз бар. Әсiресе, бұл технологиялар тек уақыт талаптарына ғана емес, Мемлекеттiң стратегиясына — инновация, экономика, экология, энергетика және т.б. саясатына сай.
Мұнай өндiру өнеркәсiбi
Мұнай берудi арттыруға жаңа тәсiлдердi әзiрлеудiң биотехнологиялық әдiстерi мұнай орындарын өңдеудiң iс жүзiндегi тәсiлдерi жер қойнауынан тек 50% артық емес мұнайды алуға мүмкiндiк беретiнi нақты белгiлi кезде өзектi мiндет болып табылады. Осы мұнай берудi арттырудың әдiстерi шағын капиталды қажетсiну, тиiмдiлiк және экологиялық қауiпсiздiкпен өзiне назар аударады.
Биотехнологиялар қабатқа енгiзiлетiн микроорганизмдердiң физиологиялық-биохимиялық ерекшелiктерiне негiзделген: температуралар, қысым, тұздылықтың кең диапазонында, аэробтық және анаэробтық жағдайларда, өмiр сүру үшiн мұнайдан жасалған қорек көздерiн пайдалана отырып олардың өсу қабiлеттiлiгi. Сонымен қатар микроорганизмдер әртүрлi метаболиттердi жасайды: тiкелей қабатта микробиологиялық синтез нәтижесiнде алынатын газдар, қышқылдар, сыртқы белсендi заттар, бұл тазалықты шарттасады және мұнай берудi 40% дейiн арттырады.
Биотехнологияны қолдану әзiрлеуге тартылатын қорларды 5-7%-ға арттыруға, ұңғымалардың өнiмдiлiгiн 1,5-2 есеге көтеруге, ал ағындағы мұнай өндiрудi 15-25% есеге жоғарылатуға мүмкiндiк бередi. Энергия тасушыларға бағалардың өсуi ескерiле отырып, биотехнологиялық әдiстер 1,5-2 жыл iшiнде өтеледi.
Мұнай өндiруге байланысты ең өзектi тақырып кәсiптердегi сияқты шегiнен тыс құрғақта да, су алаптарының акваторияларында да шикi мұнайдың төгiлуiн жою болып табылады. Қазiргi уақытта қоршаған ортаның химиялық ластануы, осы энергия тасушыларын өндiру тасымалдау және өңдеудiң орасан ауқымына байланысты, соның iшiнде мұнаймен және одан өндiрiлген өнiмдерiмен ерекше қауiп төндiредi.
Жаппай ластану қаупi мұнайлық ластанумен күрес әдiстерiн әзiрлеудi ынталандырады.
Соңғы уақытта микробиологиялық әдiске көп көңiл бөлiнуде.
Бұл әдiстiң сөзсiз артықшылығы тиiмдiлiк, үнемдiлiк, экологиялық қауiпсiздiк, технологиялық бейiмдiлiк және екiншi рет ластанбауы болып табылады.
Өсімдiктер сорбенттерiн қолданудың экономикалық бағалауы көрсеткендей сорбенттiң өзiндiк құны 0.75 долл./кг құрайды, ал су қабатының 1 текше метрiн тазалау 0.16-0.33 доллар құрайды, бұл бар аналогтардан арзан, бiрақ барлық аналогтар, бiз жасаған есептеулер сияқты шетелде шығарылғанын ескеру қажет.
Бүгiнгi күнде су қабатынан да, құрғақ жер қабатынан да мұнаймен ластануды толық жоюдың бiр де бiр тәсiлi жоқ. Химиялық нейтралды материалдар негiзiндегi сорбциялық тәсiлдер мұнайды экологиялық таза әдiстермен жою мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi. Мұнай сiңiретiн сорбенттер ағынды суларды тазартқан кезде де, мұнай төгiлулерiмен күрестiң барлық кезеңдерiнде де пайдалануы мүмкiн.
Мұнай өңдеудiң қалдықтарын пайдаға асырудың жаңа бағыты Массачусетс университетiнiң ғалымдарының электрдi бактериялар өндiретiн энергетикалық қондырғыны әзiрлеуi болып табылады. Отын ретiнде кез келген органикалық қалдықтарды, соның iшiнде мұнай өңдеудiң қалдықтарын пайдалануға болады. Құрылғының конструкциясы қарапайым, жақында тiршiлiк етуi туралы белгiлi болған бактерияның түрi ғана дағдылы емес. Оттегiнi талап етпей, көмiрсутектердi толық ыдыратып, олар электрондарды тiршiлiк етуiнiң жанама өнiмi ретiнде бередi. Мұндай экологиялық қондырғыда электр энергиясын алумен мұнай өңдеудiң қалдықтарын пайдаға асыру пештерде өртегеннен едәуiр перспективтi болып көрiнедi.
Каспий шельфiн игеру жоспарларына қатысты, Қазақстан планетаның мұнай державаларының элитасына оқыс кiрiп қалды. Каспий теңiзiнiң шельфiнде мұнай кен орындарын өндiру және алдағы мұнай өндiру көлемдерiнiң артуы Қазақстан секторының жағалауындағы суларда мұнайдың көлемiнiң артуына әкелiп соғады, бұл өз кезегiнде экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәселелерге әкеледi.
Мұнай және газ өнеркәсiбi инвестициялар көлемi бойынша өнеркәсiп салалары арасында бiрiншi орын алады. Осыған қарамастан мұнайгаз өндiру және мұнай өңдеудiң негiзгi аудандары — Атырау мен Маңғыстау мен мұнайдың төгiлуiне әкелiп соғады.
Мамандардың есептеуiнше, өндiру, тасымалдау және өңдеу кезiнде мұнайды жоғалту 1,5%-дан 15%-ға дейiн құрайды, ендi шығарылатын Қашаған мұнайының облыстарында жұмыстар артта қалған технологияларды, ескiрген жабдықтарды қолданумен жүргiзiлуде, бұл авариялар болжанған қорларын ескерсек, мұнаймен ластану болжамдары үрей туғызады. Жанама газды факелдерде өртеу практикасы елеулi экологиялық және экономикалық залал келтiруде. Газдың өрттенуi кезiнде кен орындарының айналасындағы жоғары жылылық аясының және қоршаған ортаның құрамдас бөлiктерiнiң қышқылдануы мұнайлық кешендер айналасындағы топыраққа, өсiмдiкке, жануарлар әлемiне терiс әсерiн тигiзедi. Қайтарымсыз газдың ысыраптары бiр жылға 740 млн. м3 құрайды. Теңгiз мұнайгаз кен орнының аймағында атмосфералық ауаның күкiрт және азот диоксидтерiмен ластануынан халықтың ауруының жоғары болуы (облыстық көрсеткiштерден 6-дан артық есе жоғары) айқындалып отыр.
Бүгiнгi таңда мұнай өнеркәсiбiндегi өндiрiс қалдықтарының мәселесi өткiр тұр. Мұнай өндiрудiң өсуiмен жаңа мәселе пайда болды, ол күкiрттiң үлкен көлемдерiнiң жиналуы. Күкiрттiң қоршаған ортаға әсерiне баға беру әлi жүргiзiлген жоқ.
Каспийдiң деңгейiнiң көтерiлуi нәтижесiнде 200 артық мұнай кен орындары мен ұңғымалары судың астында қалды, оның iшiндегi iрiлерi — Қаламқас және Қаражанбас, бұл тек биологиялық әр алуандығына (Каспийде бекiре балықтардың әлемдiк қорларының 90%, орнитофауна түрлерiнiң үлкен саны, эндемик — каспий итбалығы шоғырланған) ғана емес, Каспий теңiзiнiң бүкiл экожүйесiне де қауiптi болып отыр.
Мұнайдың төгiлуi және оны жою бойынша жұмыстар жүргiзу арасында уақытқа байланысты шаралардың барлық кешенi не оның жекелеген блоктары жүзеге асырылады. Алайда, iс жүзiнде барлық кезеңдерде мұнай сорғыш сорбенттердi қолдану орынды. Көптеген елдер мұнай сорғыш сорбенттердi әзiрлеумен айналысуда, бiрақ мамандардың көбi өсiмдiк қалдықтарынан сорбенттердi әзiрлеу бағытына көңiл аударады.
Тау-металлургия кешенi кәсiпорындарының қызметi нәтижесiнде Қазақстан аумағында жыл сайынғы 1 млрд. т. жуық түсiмiмен 20 млрд.т. артық өнеркәсiптiк қалдықтар жиналды, соның iшiнде 230 млн. т. радиоактивтi. Өндiрiлетiн кеннiң жалпы көлемiнiң 95% қалдыққа түседi, өте улы және сақтау үшiн бейiмделмеген орындарда орналасқан. Соңғы төрт жыл iшiнде олардың жыл сайынғы пайда болуы 2002 жыл 92-ден 150150 млн. тоннаға дейiн, немесе 1,6 есеге өскен. Олар Қарағанды — 29,4%, Шығыс Қазақстан — 25,7%, Қостанай — 17% және Павлодар — 14,6% облыстарында басым шоғырланған. Ауыр металдармен және мұнай өнiмдерiмен Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының жерлерi ластанған. Осында тасталған және көмiлген бұрғылау шөгiндiсiн, мазут сiңген және төмен радиоактивтi сулардың көлемдерiне, жойылған жерлердiң алаңдарына баға беру өте қиын.
Ақтау және Каспий теңiзiне экологиялық апат қауiпi төнуде. Өнеркәсiптiк алып Каспий жағалауындағы тау-металлургия комбинатының (КТМК) зауыттары ағынды суларды Ақтау қаласынан бiрнеше ғана километрде орналасқан қазаншұңқырға тастаған, онда Қошқар ата жасанды көлi пайда болды. Бұл зауыттар негiзiнде уранды байытумен айналысқан. Уақыт өте келе Қошқар ата су қоймасында Менделеев кестесiнiң iс жүзiнде барлық элементтерi жиналған.
Қошқар ата көлi мен Каспий теңiзi арасының ұзындығы 8 км аспайтын тар жағалау сызығы бөледi, сондықтан Қошқар ата қоймасының суларымен Каспийдiң ластану қауiпi тұр.
Каспийдi ластаудан басқа Маңғышлақ атом энергокомбинаты (МАЭК) Ақтау үшiн су бөлiгiн алатын Құйылыс техникалық су кең орнының жер асты суларын ластау қауiпi төндi.
Грунт суларын улы және радиоактивтi заттармен ластаудан басқа, Қошқар ата қоймасына байланысты тағы бiр мәселе бар. Қазiргi кезде көл кеуiп бара жатыр, өйткенi бұрынғы ПГМК зауыттары тоқтап тұр. Көлдiң кепкен жағалауында улы шаң пайда болады, оны жел айналаға жаяды.
Маңғыстау экологтарының алдында күрделi мәселе тұр. Егер көлде бұрынғы су деңгейiн сақтаса, улы қалдықтардың Каспийге тасталуы мүмкiн. Егер көл кепсе, Ақтау және Ақшұқыр ауылының жанында барлық жерлер мен жайылымдар шаңмен ластанады.
Өнеркәсiптiк өндiрiстiң үнемi өсiп отыратын қалдықтарының көлемдерi жаңа техногендiк ландшафттарды қалыптастырады, ал биiктiктiң өсуiмен үйiндiлер мен террикондар қарқынды шаң шығуының көздерi болады.
Тау-кен өнеркәсiбiнен кейiн, өндiрiс қалдықтарының көлемдерi бойынша металлургия өнеркәсiбi және энергетика екiншi орын алады. 1,5 млрд. тоннадан артық қалдықтар тек Павлодар облысының Екiбастұз ГРЭС қазба қалдықтарының қоймасында жиналған. Согриндiк ГРЭС қазба қалдықтарының қоймасы Ертiс өзенiне түсетiн қауiпi бар.
«Испатқармет» және «Қазақмыс» ААҚ iрi корпорациялары Қарағанды облысында 350 артық қалдықтарды сақтау полигондарын жасаған. Балқаш тау-металлургия комбинатының көп жылдық қалдықтары Балқаш жағалауының және суларының ластануына әкелiп соққан.
Нұра өзенi өз металл сынаптың түптiк шөгiндiлерiмен белгiлi. 20 жыл бойы «Карбид» өндiрiстiк бiрлестiктiң және Темiртау қаласының басқа да зауыттарының сарқынды сулары, сондай-ақ Қарағанда ГРЭС-1 қазба қалдықтары тасталады. Қазба қалдықтары сарқынды сулардан сынапты абсорбцияланған және бүгiнде ұзындығы 25 км Нұра өзенiнiң арнасы мен жайылмасында құрамында сынап бар тұнба шөгiндiлерi пайда болған. Мұның нәтижесiнде Қорғалжын мемлекеттiк қорығы көлдерiнiң жүйесiне қауiп төнуде.
Қазақстанның орасан зор аумақтары әскери полигондардың қызметiнен және ғарыштық техниканы ұшыруынан зардап шектi. 1949 және 1991 жылдары аралығында Семей сынақ ядролық полигонында 470 ядролық жарылыс жүргiзiлген. Қаза тапқандардың санын нақты есептеу мүмкiн емес; сәулеленгендердiң саны жарты миллионға жеткен.
Бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағындағы радиоактивтi уланған ауыл шаруашылығы мекендерiнiң саны 2 млн. га жуық.
Арал және Семей өңiрлерi экологиялық апат аймақтары деп жарияланған, онда табиғи экологиялық жүйелердiң жойылуы, флора мен фаунаның деградациясы болған және қолайлы емес экологиялық жағдай салдарынан халықтың денсаулығына елеулi залал келтiрiлген. Экологиялық апат аймақтары елдiң iшкi қауiпсiздiгiне iс жүзiндегi қауiп болып табылады.
Қазiргi уақытта бұрынғы Семей полигонының жанындағы аудандарда (71,9 мың адам халықтың санымен 85 елдi мекендер) онкологиялық аурулар және халық өлiмi, қан айналымы жүйесiнiң аурулары, жаңа туған сәбилер дамуындағы ақаулар және мезгiлсiз қартаю әсерiнiң жоғары деңгейi байқалып отыр.
Арал өңiрiндегi экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқымен 178 елдi мекен) әсiресе әйелдер мен балалар арасында асқазан-iшек аурулары және анемия, балалар өлiмi және туа бiткен патологиялардың жоғары деңгейi байқалады.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының аумағында төрт әскери-сынақ полигон және «Байқоңыр» кешенi жұмыс iстейдi. Құлаған және құлап жатқан зымыранның үзiктерi, қоршаған ортаға және тiкелей жақын тұратын халыққа терiс әсерiн тигiзетiн жоғары улы жанармайдың жайылуы iс жүзiнде қауiп төндiруде. «Байқоңыр» ғарышжайынан зымыран тасығыштарын ұшыру жалпы көлемi 12,24 млн. гектар бөлiнетiн бөлiктер құлау аудандарымен қамтамасыз етiлген.
Мұндай жағдайда қоршаған ортаның қалпына баға беру ғарыштық құралдар, әскери техника және әскери объектiлердi өндiру, сынау, сақтау және пайдалану орындарында, сондай-ақ өнеркәсiптiк ұйымдардың орналасу, зымырандық-ғарыштық қызметтi жүзеге асыратын әскери бөлiмдер мен бiрлестiктер дислокациясы орындарында техногендiк әсерiнiң алдын алу және жою мәселесiн шешуде маңызды орын алады.
Қазiргi уақытта «Зымырандық-ғарыштық қызметтiң әсер етуiнен зақымданған Қазақстан Республикасының аумағының учаскелерiнiң экологиялық жағдайының мониторингi» бюджеттiк бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргiзiлуде. Сонымен бiрге Елдiң минералдық-шикiзаттық кешенiнiң ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде әскери-сынақ полигондарының аумақтарында кешендiк гидрогеологиялық және геоэкологиялық зерттеулер басталған.
Атомдық және химиялық әлемде өмiр сүру қолайлы болып келедi, алайда сәулелерге, улы қосылыстармен ластануға, химиялық қарудың әлеуеттi қаупiне байланысты қатердiң қосымша элементтерi пайда болды.
Қоршаған ортаның қалпына байланысты көптеген мәселелер табиғаты мен мәнi бойынша экологиялық болып табылады. Осыған байланысты осы заманғы биологияның мiндеттерiне табиғи экологиялық жүйелердегi жүйке жұқаруды анықтау және айқындау, оларды жандандыру және тұрақты экологиялық жүйелердiң жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасау кiредi. Сондықтан соңғы он жылда ғалымдар әртүрлi экологиялық мiндеттердi шешуге мүмкiндiк беретiн жылдам дамитын биотехнология әдiстерiне назар аударуда.
Биотехнология жетiстiктерi тек қоршаған ортаны қорғау мақсатында ғана кеңiнен қолданылмай, биотехнологиямен байланысты бiрiншi кезекте адам денсаулығын қорғауға және қоршаған ортаның оң ахуалына бағытталған.
Қорытынды
Қазақстан өз биотехнологияларының дамыта ма, дамытпай ма, ғаламдану жағдайында республика әлемдiк биотехнология өнiмiн тұтынуға тартылады. Қазақстан дамыған елдердiң тәжiрибелiк зертханасына айналмауы керек.
Жағымсыз салдарларға жол бермеу үшiн мықты қорғаныс қою қажет, сол үшiн Қазақстанға биотехнологияның импорттық және отандық өнiмдерiн пайдалануды бақылау мен мониторингiнiң жоғары бiлiктi қызметтерiн болуы қажет.
Қазақстанға биотехнология саласында дамудың басымдылығын белгiлеген кезде экономиканың қалыптасқан ерекшелiктерi мен даму перспективаларын ескеру қажет
— агроөнеркәсiптiк кешеннiң және тау-кен өндiрiсiнiң жоғары үлесiн;
-табиғи байлықтардың болуын және табиғатта экологиялық байланысты сақтауды ескере отырып, Каспий шельфiн игеру жоспарларын;
-экономиканың өсуiнiң сақталатын жоғары қарқындарын, мұнайхимия, құрылыс, көлiктiк-телекоммуникациялық кешен, ақпараттық технологиялар, тоқыма өнеркәсiбi, туризм және спорттың даму перспективаларын;
-жылдам өсетiн және перспективтi сату рыноктарымен көршiлестiктi (Орталық Азия елдерi, Қытай, Үндiстан, Ресей);
-ядролық физика (Ядролық Физика институты, Курчатов қаласы),
-ғарышкерлiк (Байқоңыр ғарышжайы, Приозерск қаласы) саласында дамыған инфрақұрылымның болуы;
-кеңестiк ғылым мұрасының болуы (Республикалық микроорганизмдер коллекциясы, «Прогресс» ҒӨБ Технопаркi, биологиялық институттар және басқалар).
Қоршаған ортаның қалпына байланысты көптеген мәселелер табиғаты мен мәнi бойынша экологиялық болып табылады. Осыған байланысты осы заманғы биологияның мiндеттерiне табиғи экологиялық жүйелердегi жүйке жұқаруды анықтау және айқындау, оларды жандандыру және тұрақты экологиялық жүйелердiң жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасау кiредi. Сондықтан соңғы он жылда ғалымдар әртүрлi экологиялық мiндеттердi шешуге мүмкiндiк беретiн жылдам дамитын биотехнология әдiстерiне назар аударуда.
Биотехнология жетiстiктерi тек қоршаған ортаны қорғау мақсатында ғана кеңiнен қолданылмай, биотехнологиямен байланысты бiрiншi кезекте адам денсаулығын қорғауға және қоршаған ортаның оң ахуалына бағытталған.