Биологиялық тіндер: тері, бұлшықет, қантамырлар, тыныс алу жүйесі, жүрек клапандарының жапырақшасы және ішкі органдардың (өкпенің, мидың, сіңірдің) және т.б. өздерінің механикалық қасиеттері қатты тіндермен (сүйектер) салыстырғанда ерекше болады. Жұмсақ биологиялық тіндердің басты қасиеті- олардың аса үлкен шамада деформациялануы болады. Сонымен қатар олардың механикалық бастапқы және соңғы күйі, сығылғыштығы және анизотропиялығы бір біріне өте ұқсас келеді.

Жұмсақ биологиялық тіндердің құрылысына мынадай компоненттер кіреді: 1- каллогендік талшықтар, 2- эластинді талшықтар, 3- негізгі құрылым және жасушалар. Әр компоненттің механикалық, биологиялық және иммунологиялық қасиеттері олардың өздеріне тән ультра құрылымдарына тәуелді болады.

Байлам тіндерінің ішіндегі ең негізгісі –коллаген, оның құрылымдық пішіні әр түрлі. Коллагеннің ерекшелігі- ол спиральды полипептидті тізбектен спиралдық талшыққа дейінгі барлық деңгейдегі спираль құрайды. Механикалықжүктеме көп болатын тіндердің негізгі функциясы үшін осындай құрылыс элементтердің бір-бірінің бетімен салыстырмалы сырғанауын шектейді. Коллаген элементтері- тропоколлаген молекулаларынан құралады. Олардың бастары мен ұштары қосылып диаметрі 20-40 нм коллагендік фибриллаларды құрайды. Фибриллалардың диаметрлері тін мен сүтқоректілердің түрлеріне байланысты болады. Фибрилл шоқтары диаметрі 0,2- 12мкм арасындағы талшықтар түзейді. Созылған кезде коллагендік талшықтар және олардың талшықтық құрылымдар шоғы, аз да болса деформацияланады. Кернеу мен деформация бір бірімен сызықтық емес байланыста болады. Коллагендік тіндердің созылғандағы берітігі 50-100 МПа болса, серпімділік модулі 1000МПа болады. Бұл коллагендік тіндердің аса берік болатындығын көрсетеді. Эластиннің табиғаты-ол гидрофобты және белгілі бір аралықта қатаң химиялық қосылыстағы аминқышқылдарының тізбегінен тұрады. Созылған кезде сызықтық қасиеті байқалады. Жұмсақ биологиялық тіндерде эластикалық құрылым талшықты және мембранадан тұратын екі түрлі морфологиялық пішінді болады.

Талшықтық эластинде бір бірімен байланыстағы екі жіптен есілген арқан секілді компоненттер бар. Эластиннің осындай құрылымы олардың талшықтарының созылу деформациясына төзімді етеді. Сонда эластиннің серпімділік модулі небәрі 0,6 МПа болады.

Эластин мен коллаген талшықтарының өзара әсерлесуі жұмсақ биологиялық тіндердің беріктігін және деформациялық қасиетін анықтайды. Мысалы: артерия және өкпе паренхима тіндерде эластин серпімділік қасиет береді. Коллагенді талшықтар бұл тіндерде хаосты және толқын тәріздес болып созылып, содан кейін ғана түзіледі.Негізгі затта коллагендік талшықтар жасушалармен және жасушалар ішіндегі затпен біртұтас болады.

Негізгі бөлім:

Байлам тығыз тіндердің негізінде фибробластан тұратын жасушалардан құралады.Жасуша ішіндегі затта коллаген талшығы эластин ,ретикулинжәне гидрофильді гель болады.Глюкоза аминогликандар мен тін сұйықтары жасушаның негізгі құраушылары болып табылады.

Механикалық тұрғыдан қарағанда төменгі модульді негізгі зат мынадай үш функцияны атқарады:бір талшықтан екінші талшыққа таралатын күшті реттеу,бір талшықтан екінші талшыққа күш таралғанда олардың үзіліп кетпеуін қамтамасыз ету,талшықтар босаған кезде олардың арасындағы үйкеліс күшін азайту.

Жұмсақ механикалық ұлпалардың механикалық қасиеттері тіндердің құрамындағы талшықтың,жасушаның және негізгі заттың өзара әсерімен анықталады.Коллагендік талшық тұрғысынан қарағанда талшықтары бағыттас сіңірлер мен байлам құрылымдары ең қарапайым құрылымдар болады.Бұл құрылымдар күшті бір бағытта –бұлшық еттен сүйекке ,немесе бір сүйектен екінші сүйекке таратады.Коллаген талшықтары босаған кезде сіңір талшықтары толқын тәріздес болады.Күш бұлшық еттен сүйекке өткенде коллаген талшықтары түзу болады.

Қан тамырларының коллагендік талшықтары эластин талшықтарымен тегіс бұлшық еттердің жасушаларымен байланысты күрделі құрылым.Кезеңі өзгеретін күштің әсерінен қолқа қақпақшаларының жапырақшаларының құрылысы ерекше болады.

Жұмсақ тіндерге қарағанда бұлшық еттер адамның қозғалысын тыныс жолындағы ауаның қозғалысын,қанның қан тамырлар бойымен қозғалысын және т.б. қозғалыстарды қамтамасыз ету үшін жұмыс атқарады.Бұлшық еттер екі топқа бөлінеді:

1)қаңқаның әртүрлі бөліктеріне бекітіліп ұлпаның негізін құрайтын көлденең жолақ бұлшық еттер-бұларды қаңқа бұлшық еттері дейді және жүрек бұлшық еттері.

2)қан тамырларының,лимфа тамырларының және ішкі ағзалардың қабырғаларының тегіс бұлшық еттері.

Бұлшық еттер формалары қысқа,жалпақ,ұзын және жіңішке т.с.с. әр түрлі болады.Қысқа бұлшық ет омыртқалар арасында тереңде жатады.Олар көлденең бұлшық еттерден аз ғана ұзын болады.Жалпақ бұлшық еттер адамның кеудесінде болады,олардың ұзындығы мен ені қалыңдығынан үлкен болады.Бұлшық еттердің екі басында,басқа ағзалармен жалғастырып тұратын сіңірлер болады.Жалпақ бұлшық еттердің сіңірлері жұқа пластина тәріздес,ал ұзын бұлшық еттердің сіңірлері цилиндр тәріздес болады.Сіңірлер аса берік болады және аз созылады.Бұлшық еттер фасция деп аталатын байлам ұлпаларымен тығыз қапталған.Егер бұлшық ет бірнеше қабаттан тұрса,онда фасция ішкі,ортаңғы және сыртқы пластиналарға жіктеледі.

Жоғарғы қабаттағы пластиналар бұлшық ет аралық фиброздың әсурінен ішкі қабаттағы фасциямен қосылып,бұлшық еттерді әр топқа бөліп,тереңге өтіп сүйек бетімен жабысады.

Бұлшық еттер қысқарғанда олор қалыңдап,бекітілген нүктелері жақындап күш туғызады.Бұлшық еттердің жеке-жеке қысқаруы өте сирек болады,аз ғана қимылдың өзі бірнеше бұлшық ет топтарын қимылға келтіреді.

Бұлшық еттердің құрылысын ,олардың қысқару механизмін түсіну үшін көлденең –жолақ бұлшық еттерді қарастырсақ жеткілікті болады.Ол бұлшық ет диаметрі 10-100мкм,ұзындығы 10-15см болатын паралель талшықтар жиынтығынан тұрады.1000-2000  паралель орналасқан жіңішке тарамдардан тұратын талшықтар миофибрилла деп аталады.Миофибриллалардың  ішінде қатарлап орналасқан митохондрийлер бар.Әр миофибрилла Z-мембрмнамен саркомерлерінің ұзындығы 2,5-3 мкм бірнеше учаскілерге бөлінеді.Z-мембрананың арасында актинді жұқа және миозинді қалың талшықтардан тұратын торлар орналасқан.Механохимиялық реакция тудыратын миофибрилді зат түскеннен кейін талшықтар жиырыла бастайды.

Қаңқа бұлшық еттерінің жиырылу теориясының кең тараған моделі.Осы теория бойынша саркомердің белсенділігі артқанда белсенді және миозинді талшықтар көлденең орналасқан көпірлер арқылы жабысады.

Талшықтар торы бір-бірінің ішіне қарай сырғанай қозғалады,соның нәтижесінде бұлшық ет талшықтары қысқарады.Саркомердің қысқару процесінде көпіршелер бірнеше рет бекіп,иіледі,талшықты талшық бойымен қозғайды және босап шығады.Көпіршелер жұмысына энергияны АТФ-тен алады.

Қысқарғанда бұлшық еттер көлденең қимасына,бастапқы ұзындығына және т.б. факторларға байланысты үлкен күш тудырады.Көлденең қимасы 1 см² бұлшық еттің жиырылу күшін абсолютті бұлшық ет күші дейді.Әрбір бұлшық еттің жиырылу күші және қуатты адамның жасына,жынысына,шынығуына және т.б. физиологиялық шарттарға тәуелді болады.Тегіс бұлшық еттер өздерінің қасиеттеріне қарай қаңқа бұлшық еттерінен ерекше болады.Тегіс бұлшық еттерде ақуыздар ретпен орналаспайды және талшықтарының өлшемдері де кіші болады.Олардың жасушалары өзара протоплазмалық көпіршелермен және миофибрилалармен жалғасады.Тегіс бұлшық еттердің қозуы көлденең бұлшық еттермен салыстырғанда көп төмен болады,ал қысқару периоды үлкен болады.

Жұмсақ бұлшық еттердің автоматты жиырылуы қасиеті аса зор.Автоматты жиырылуды тудыратын тітіркендіргіштер ретінде бұлшық еттің өз ішіндегі зат алмасу процесі немесе қанмен келген энергия болуы мүмкін.

Бұлшық еттер әсер ету органына және қоздырғышы сигнал әсеріне жауап беру жылдамдығына байланысты болып бірнеше түрге бөлінеді.Солай болса да олардың химиялық құрамдары бірдей:су-75%,ақуыздар-20%-ға дейін,АТФ-0,4%-ға дейін болады.

Бұлшық еттің ұзындығын өзгермейді деп санап,оған әсер етсе,онда оның жиырылу күші артады,ал оған тұрақты жүктемемен –қысқарады.Сондықтан бұлшық еттердің ұзындығы өзгермейтін болса,онда оларды изомерлік деп,ал тұрақты жүкпен әсер еткенде бұлшық еттердің қысқаруын изотондық деп атайды.Изометрлік әсер өте тез болады да өзінің максималды 170 мс уақытта жетеді де,200мс-тен бастап сондай жылдамдықпен баяулайды.

әсер етуші күшпен бұлшық ет жиырылуы теңескенде изотондық жекеленген қысқару процесі өтеді.Сондықтан жүктеме өскен сайын жеке жиырылу кешігеді.Жүктеме өскен сайын бұлшық еттердің жиырылуы бастапқы сәтте максималды мәніне тез жетіп,сызықты байланыста болады.Одан кейін бұлшық еттердің босаңсу жылдамдығы артып,жүктеме белгілі бір шамаға жеткенде тез тоқтайды.Егер жүктеменің шамасы изотермиялық әсермен теңессе,онда бұлшық еттердің жиырылу жылдамдығы максималды болады.

Бұлшық еттердің биофизикасына көз жеткізу үшін олардың құрылысын,энергиясын және бұлшық ет механикасын бірге қарастыратын математикалық модель құру қажет.Ол үшін,көпшілік жағдайда,қалың бұлшық еттердің модельдерін құрады.

Хаксли-Дещеровский моделі сырғанамалы талшықтар теориясына сүйенген.Бұл модельде актин мен миозиннің жіңішке және жуан талшықтары көлденең көпіршелер арқылы өзара әсерлесуін және актин миозин көпіршесінің үш күйін ескереді:1)тұйықталған,созылатын және біртіндеп артатын күш;2)тұйықталған,сырғанамалы тежейтін күш;3) ажыратылған көпіршелер.

Бұл теория бойынша жиырылған кезде көпіршелер тұйықталады да талшықтарды тартып белсенді жиырылу тудырады. Одан кейін ығысудың белгілі бір мәніне жеткенге дейін тежейді де, ақырында үзіледі.

Микроскопиялық модельдің кемшілігі ретінде мыналарды айтуға болады:1)модель тек қана сырғымалы қаңқа бұлшық еттерінің жиырылу процесін сырғанамалы талшықтар теориясы арқылы түсіндіреді;2)модель титанустың ғана күйін түсіндіре алады.

Бұлшық еттердің жиырылуын толық түсіндіретін модельдерге мынандай талаптар қойылады:белсенді бұлшық еттердің құрылысы мен қасиеттерін қарапайым әдістермен түсіндіру;саркомердің құрылысы туралы ұғымдарды қолданбау керек;физиканың,химияның жетістіктерін қолдану;үшөлшемдік тензорлық –инварианттық түрде тұжырымдалуыкерек;мүмкін болғанша қосымша гипотезалар аз болуы керек.

Модельдің алғы шарттары мыналар:

а) механохимиялық реакциялар кезінде босаған энергияны бұлшық еттің бірден жұмысқа қосуы;

б) механохимиялық реакциялар бұлшық еттердің барлық көлемінде өтуі;

с) бастапқы химиялық реагенттер де бұлшық еттердің барлық көлеміне таралуы;

д) бұлшық ет ұлпалары анизотропты,тұтқырлық және серпімділік қасиеттері бар.

Бұлшық еттердің тұтқырлығы негізінен миофибриллаға тәуелді болса,серпімділігі байлам тіндерінің басқа құрылымдарының әсерінен болады.

Бұлшық еттер,сіңірлер,қан тамырлар,өкпе тіндері және т.б. биологиялық құрылымдар тұтқыр серпімді немесе серпімді тұтқыр болып келеді.Сыртқы күш әсер еткенде биологиялық тіндерде өтетін механикалық процестерді идеал серпімді және тұтқыр элементтердің жиынтығы түрінде қарастырайық.

Серпімді элементтің мысалы ретінде серпімді серіппені қарастырайық.Гук заңы бойынша серіппеде деформация бірден тарайды,бірден өзгеріп одан кейін тұрақты болады.Жүйенің серпімді және тұтқыр қасиеттерін ескеретін ең қарапайым модель Максвель моделі.Осы модельдің ерекшелігі мынада:сыртқы күшпен әсер еткенде серіппе Гук заңы бойынша,бірден ұзарады,ал поршень тұрақты жылдамдықпен біртіндеп қозғалады.Бірақ бұл модель де бұлшық ет жиырылуын толық түсіндіре алмайды.

Атқаратын функциясына және құрылыс жағынан қарағанда жұмсақ биологиялық тіндердің ішінде жүрек құлақшалары мен қан тамырларының алатын орны ерекше. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда қан тамырларын эластикалық, аралас және бұлшықеттік болып үшке бөлінеді.

Үлкен артериялық тамырлардың қабырғалары үш қабатты болады. 1- ішкі, 2- орта және 3- сыртқы қабаттар. Ішкі қабат құрамына эндотелий, астыңғы эндотелий және ішкі эластикалық мембраналар кіреді. Тамырдың ішкі бетн жауып тұрған эндотелиальді жасушаның гемодинамикалық маңызы аса зор: олардың бүтіндігінің бұзылуы  тромбалардың пайда болуына әкеп соқырады. Астыңғы эндотелий- жіңішке эластикалық және коллагендік талшықтардан, байламдық- ұлпалық жасушадан және негізгі заттан тұрады. Ішкі эластикалық мембрана коллагендік талшықтармен оралған элостинді талшықтан тұрады. Ортаңғы қабат жиырылу бағыттары басқарылатын көптеген эластикалық мембраналардың құрылымынан тұрады. Тегіс бұлшықет талшықтары эластикалық мембранаға бекітілген.

Ішкі және сыртқы қабатқа жабысқан, көлденең коллаген әсерінен бір құрылымды орналасқан шеңбер бойымен коллагендік фибриллалардан және тізбек бойымен бағытталғанжуан эласикалық  талшықтардан тұратын сыртқы эластикалық мембрана бар.

Веналардың құрылысы- артериялардың құрылысына ұқсас. Бірақ веналар қабырғаларының ішкі, ортаңғы және сыртқы қабаттарға бөлу өте қиын, тіпті кейде бөлуге мүмкіншілік болмайды.

Артериялық тамырларға қарағанда вена тамырларының ішінде қан қысымының өзгеруі үлкен болады. Артерия тамырына қарағанда вена тамырларының қабырғалары жұқа және эластикалық ұлпалары аз болады, вена тамырларының сыртқы қабаты қалың және коллагендері көп болады. Мысалы, венада коллаген эластиннен үш есе көп боса, кеуде жасушасында екі есе ғана көп болады.

Пульстік қысымның әсерінен қан тамырларының қабырғаларына кезеңі өзгермелі жүктеме әсер етеді. Қан тамырлар қабырғалары сызықты- тұтқыр- серпімді болғандықтан, қорытынды деформация  фазасы бойынша Δφ бұрышына кейін қалады. Ол бұрыштың мәні зерттелінетін материлдық қасиетіне байлынысты болады.

Артерия тамырлары қабырғаларының жарылу мүмкіншілігі әсер етуші ішкі қысымға және деформацияға тәуелді болады. Деформациялаушы күштің жылдамдығы артқан сайын тамырлардың жарылу мүмкіншілігі де артады. Артериялық тамырлардың созылғыштық қасиеті адамның жасына байланысты болады. Мысалы, алпыс жасқа келген адамның артериялық қан тамырларының жарылу мүмкіншілігі жиырма жастағы адамға қарағанда 2-3 есе  көп болады.

Сұйықтың ішіне бір молекуланы ойша бөліп алайық  та, бұл молекулаға басқа молекулалардың тигізетін әсерін ескерусіз қалдырайық. Оны жан- жағынан көптеген молекулалар қоршап тұр. Бұл молекуланың басқа молекулалармен әсерлесу күші бірін бірі жояды, қорытқы күш нөлге тең болады.

Сұйықтың молекулаларының орналасу тығыздығы оны қоршаған газ молекулваларының тығыздығынан әлде қайда көп болады. Сондықтан сұйық бетіндегі молекулалар оның ішіндегі  молекулаларымен  әсерлеседі.

Қорытқы күш сұйық бетіне перпендиуляр бағытталады. Сұйық бетіндендгі молекулалардың барлығының да әсер күші осындай болады.  Олай болса сұйық бетіндегі мономолекулалық бағыттағы молекулалардың әсер күштерінің жиынтығы сұйыққа төмен бағытталған қысым түсіреді.  Бұл  қысымды сұйықтың ішкі қысымы немесе ішкі қысым дейді.

Сұйық бетіндегі бір молекулаға әсер етуші барлық молекукулалардың өзара әсер күші бір бірін теңестіреді,яғни күш нөлге тең болады.Бірақ сұйық бетіне жанама бойымен және сыртқа батталған ƒ күштері бар,олар сұйық бетін тартып тұрады,сондықтан оны сұйықтың беттік керілу күші дейді.Ол сұйық бетінің периметріне перпендикуляр болады.Сұйық бетінің периметрінің бірлігіне І келетін беттік керілу күшін беттік керілу коэффиценті дейді.

Сұйықтардың беттік керілу коэффицентіне оның ішіндегі ерітінділердің ықпалы зор.Молекулалық теория тұрғысынан қарағанда беттік белсенді заттардың ықпалын былай түсіндіруге болады.Беттік белсенді заттардың молекулалары мен сұйықтардың молекулаларының өзара тартылыс күші сұйықтардың молекулаларының өзара тартылыс күшінен кем болады.Сондықтан сұйық бетіндегі молекулалар ішке қарай топтасып,ал қоспаның молекулалары оның бетіне жайылады.

Қорытынды:

Биологиялық тіндер : бұлшық ет,қан тамырлар,тыныс алу жүйесі ,жүрек клапандарының жапырақшасы және ішкі органдардың және т.б. өздерінің механикалық қасиеттері қатты тіндермен салыстырғанда ерекше болады.Жұмсақ биологиялық тіндердің басты қасиеті-олардың аса үлкен шамада деформациялануы болады.Сонымен қатар олардың механикалық бастапқы және соңғы күйі ,сығылғыштығы және анизотропиялығы бір біріне өте ұқсас келеді.

Атқаратын функциясына және құрылыс жағынан қарағанда жұмсақ биологиялық тіндердің ішінде жүрек құлақшалары мен  қан тамырларының алатын орны ерекше.Морфологиялық тұрғыдан қарағанда қан тамырларын эластикалық ,аралас және бұлшық еттік болып үшке бөлінеді.Үлкен артериалық тамырлардың қабырғалары үш қабатты болады:1-ішкі,2-орта және 3-сыртқы қабаттар.

Жұмсақ тіндерге қарағанда бұлшық еттер адамның қозғалысын тыныс жолындағы ауаның қозғалысын , қанның қантамырлар бойымен қозғалысын және т.б. қозғалыстарды қамтамасыз ету үшін жұмыс атқарады.Бұлшық еттер екі топқа бөлінеді.

  • Қаңқаның әр түрлі бөліктеріне бекітіліп ұлпаның негізін құрайтын көлденең жолақ бұлшық еттер-бұларды қаңқа бұлшық еттері дейді және жүрек бұлшық еттері;
  • Қан тамырларының , лимфа тамырларының және ішкі ағзалардың қабырғаларының тегіс бұлшық еттері.

Бұлшық еттер формалары қысқа,жалпақ,ұзын және жіңішке т.с.с.әр түрлі болады.Қысқа бұлшық ет омыртқалар арасында тереңде жатады.Олар көлденең бұлшық еттерден аз ғана ұзын болады.Жалпақ бұлшық еттер адамның кеудесінде болады,олардың ұзындығы мен ені қалыңдығынан үлкен болады.Бұлшық еттердің екі басында,басқа ағзалармен жалғастырып тұратын сіңірлер болады.Жалпақ бұлшық еттердің сіңірлері жұқа пластина тәріздес,ал ұзын бұлшық еттердің сіңірлері цилиндр тәріздес болады.Сіңірлер аса берік болады және өте аз созылады.

Халық және тұрақтылық
Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:

– СПИД-пен күреске жұмылдыру;

– туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес;

– бала өлімін кеміту;

– халық денсаулығын бақылайтын тиіcn3

– еркектер мен әйелдердің өздерінің балалрының саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету;

– халықты ауыз  су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;

– балалардың денсаулығын қорғау;

– қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан тазарту және оның алдын алу.

Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация) 2000жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық малу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің  60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.
Атмосфераны қорғау Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.
Ормандарды жоюмен күрес Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман  шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.
Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен  азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен  шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.
Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.
Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:

– қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету;

– өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру;

– барлық ауылдық аудандардың  тұрғындарын  экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.

Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің  95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.
Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою. Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады.  2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.
Радиоактивті қалдықтарды жою Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру  мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің  жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м  жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.
Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы  елдерде    – жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.
Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.

Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция

– климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.

Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.

БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.

Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:

  • бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
  • суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;
  • жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау

Share This Class:

Яндекс.Метрика