Атмосфералық ауа бірқатар газдардың қоспасы болып табылады: оттегі – 20,95%, азот – 78,08%, инертті газдар – 0,94 %, көмір қышқыл газы – 0,03%. Ауаны гигиеналық бағалағанда оның химиялық құрамы, физикалық константалары (температура. Ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, барометрлік қысым), механикалық қоспалары (шаң, микроорганизмдер). Жер бетіндегі ауа массасы – 5,13 х 1015 тонна, ал жер бетіндегі оттегі – 1,18 х 1015 т құрайды. Тыныштық күйде адам сағатына 12-17 литр оттегін пайдаланады. Адам организмінде қанның оттегімен қанығуы оның ауадағы көлеміне байланысты емес, оттегінің парциалды қысымына (яғни, атмосфералық қысымдағы оттегінің үлесіне). Теңіз деңгейінде ауадағы оттегінің мөлшері 20,9%, ал парциалды қысымы 158,84 с.б.б., теңіз бетінен 1000 м биіктікте барометрлік қысым 674 с.б.б. болса, оттегінің парциалды қысымы – 141 с.б.б. (3000 м биіктікте атм.қысым – 525,98, парц.қысым – 110 с.б.б). Оттегінің парциалды қысымы 140 с.б.б. болғанда гипоксия белгілері, 110 с.б.б. болғанда «биіктік ауруы» белгілері пайда болады, ал парциалды қысым 55,8-48,3 с.б.б. (8000-9000 м биіктік) өмірге қауіп төнеді.

 

ІІ. Негізгі бөлімі:

«Атмосферадағы көмірқышқыл газы және оның тірі организмдерге әсері»

Көмірқышқыл газы, көміртегінің қос тотығы – адамдар мен жануарлардың дем алу процессінде, отынның жануына және көптеген органикалық заттардың тотығуында пайда болады. Түнгі уақыттарда оны өсімдіктер шығарады. Көмір қышқыл газдың арты жауын-шашындармен шайылып және көк өсімдіктермен жұтылып, тұрақты деңгейде (0,03-0,04%) ұсталып тұрады.

Кейінгі жылдарда ірі өнеркәсіптік орталықтарының атмосферасында көмір қышқыл газдың жоғарғы концентрациясы байқалған (0,04-0,05 дейін). Экологиялық тұрғыдан оның одан әрі жоғарылауы жылу балансының өзгеруіне келуі мүмкін, өйткені көмір қышқыл газы күннің инфрақызыл сәулесінің біршама бөлімін жұтып, жерге қарай шағыстырылады (парник эффектісі). Дәммен шығатын ауадағы көмір қышқылдың концентрациясы, дәммен жұтатын ауадағыдан 100 есе көп. Тыныш тұрған ересек адам сағатына 22,6 л. көмір қышқыл газын шығарады.

Көмір қышқыл газының концентрациясы 1,0-1,5% ауаны ұзақ уақыт дем алуда көңіл-күйінің нашарлау белгілері байқалып, 2,0-2,5% концентрацияда айқын патологиялық ауытқулары көрінеді және 3-4% – өте айқын симптомдар пайда болады (бас ауруы, жалпы әлсіздік, демікпе, жүрек қағуы, іскерлігінің төмендеуі т.б.). Көмір қышқыл газ тыныс орталығының тітіркендіргіші болып келеді, оның жоғарғы концентрациясы наркотикалық әсер етеді. (9, 15, 16, 17, 18) Тұрғын бөлмелердің және қоғамдық ғимараттардың ауасындағы көмір қышқыл газдың шектеліп рұқсатталған концентрациясы 0,1% (1%). Көп адамды бөлме ішінде, тек көмір қышқыл газының мөлшері көбейіп қана қоймай, ауаның физикалық қасиеттері де нашарлайды: ауаның температурасы, ылғалдылығы, шаңдығы жоғарылайды. Жеңіл иондарының саны төмендейді. Сонымен адамдармен толған бөлмелердегі бақалатын кері ауытқулар (бас ауруы, іскерліктің төмендеуі т.б.) көмір қышқыл газдың әсерімен тудырылмай, олар ауаның санитарлық жағдайында болған кешенді өзгерістермен тудырылады. Көмір қышқыл газы бөлмедегі ауаның ластануын көрсететін жанама көрсеткіші ретінде саналады.

Озон – 1% оттегінің динамикалық изомері болып келеді. Молекуласында оттегінің үш атомы болып, ол оңай ыдырайды да, бір атомын бөліп, күшті тотықтырғыш ретінде әсер етеді. Табиғи жағдайда озон атмосферадағы электрлік разрядталу құбылысында пайда болады, яғни судың булану процесінде ультракүлгін сәулелердің әсерлерінен пайда болады. Оның ең жоғарғы концентрациясы найзағайдан кейін байқалады және таулар мен шыршалы ормандарда мүмкін шәйірлі заттардың әсерлерінен көп жиналады. Кейінгі жылдарға дейін озон тек ауаның табиғи құрамы болады деп, ол атмосфераның жер бетіндегі қабатына ол стратосферадан түседі, ал онда болса ол УК – радиациясының әсерінен оттегінің диссоциациялану нәтижесінде үздіксіз пайда болып тұрады деп саналған. Озонның үлкен тотықтырушы қабілетіне таза екендігін көрсететін көрсеткіш деп саналған. Қазіргі таңда, озон фотохимиялық реакциялардың аралық өнімі болып келетіндігі анықталған, сондықтан қазіргі қалалардың ауаларында оның табылуы, осындай реакциялардың өнімдерімен ауаның ластанғанын көрсетеді.

Азот – 73% физиологиялық индифирентті газ, басқа газдарды сұйылтқыш ролін атқарады. Атмосферадағы оның мөлшері тұрақты, оның дәммен жұтатын және дәммен шығатын ауадағы концентрациясы бірдей. Жоғарғы барометрлік қысым жағдайында азот наркотикалық әсер етіп, нерв-бұлшық координациясын бұзады, сондықтан сүңгуір жұмыстарында оны инертті газ-гелиймен ауыстырған дұрыс. Көпшілік өсімдіктер үшін азот қорек көзі болып келеді. Жер қыртысында азотты ұстаушы бактериялар бар.

Аргон, криптон және басқа инертті газдардың тікелей физиологиялық және гигиеналық маңызы жоқ.

«Ауаның гигиеналық маңызы және гигиеналық бағалау»

Жердегі барлық органикалық өмірлер сияқты, адамның өмірі де жер бетіне жанаса жатқан атмосфера ауасында өтіп дамиды. Ауа жердегі барлық өмірге қажетті қоршаған ортаның негізгі элементтернің бірі болып келеді. Адам тағамсыз бес апта, сусыз бес күн, ал ауасыз бес минут қана өмір сүре алады. Адамдардың қалыпты өміріне тек ауа ғана қажет емес, және де оның белгілі тазалығы қажет. Климаттық қолайсыз жағдайлары, ауаның химиялық құрамының маңызды өзгерулері шаңдар және тағы басқалары организм мен қоршаған ортаның арасында қалыптасқан өзара қатынасын бұзуы мүмкін.

Ұзақ уақыт бойы негізінен көңіл ауаның физикалық қасиеттерінің өзгерулеріне көңіл аударылып келген. Атмосфераның өнеркәсіптік кәсіпорындардың газтүстес және қатты шығарыстармен, автокөлік газдарымен т.б. ластанумен байланысты оның химиялық қасиеттерінің өзгеруі ерекшемаңыз алып отыр. Өнеркәсіптік қалалардағы атмосфераның күрт нашарлану нәтижесінде, былайша айтылатын, қаратұмандар пайда болады (ағылшын тілінде smoke – түтін және log – тұман), мұнда ауа жағымсыз иісті болып, мөлдірлігі төмендеп, зиянды химиялық заттардың және механикалық ұсақ бөлшектердің концентрациялары ұлғаяды. Бұл уақыттарда адамдардың көңіл-күйі нашарлап, жұтынуда ауыру сезімі, құрғақ жөтел, дем жетпеу, құсу, жас ағу сияқты ауытқулар пайда болады. Тұмандар, әсіресе отынды көп мөлшерде жағуда пайда болатын, күкірт ангидриді сияқты зиянды қоспалармен ластанғанда қатерлі әсер етеді. Атмосфераның жер бетіндегі қабатында зиянды заттардың шоғырлануы қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ықпал жасайды (желсіз ауа-райы мен температуралық инверсия қабаттасқан антициклондық климатта).

Сонымен қатар фотохимиялық қаратұмандарды ажыратады: олардың негізгі себептері-автокөлік газдары мен химиялық өнеркәсіптердің газдық шығарыстары. Осындай қаратұмандар адамдарда көздің, өңештің шырышты қабықтарын тітіркендіріп, дем жетпеуіне, өкпе ауруларының асқынуына, вегетативті невроздарға соқтырады. Атмосфераны қорғау ерекше проблема, өйткені ауа ортасының ластануы өз кезегі мен жердің, судың және тағам өнімдерінің ластануына келтірілетіні дәлелденген.

Бөлмелердегі ауаның да гигиеналық маңызы өте зор. Ауруханаларда, мектептерде және басқа да қоғамдық және тұрғын ғимараттарда адамдардың көп шоғырлануы нәтижесінде және жеткіліксіз ауа алмасуында ауаның физикалық және химиялық жағдайларында едәуір өзгерістер пайда болады. Олар организмде бірқатар жағымсыз реакцияларда тудыруы мүмкін. Өндірістерде технологиялық процес тізбектерінде пайда болған газдар мен шаңдар жұмыс бөлмелеріндегі ауаны ластауы, ал жылу бөлуші қуатты көздер оның температурасын жоғарылатуы мүмкін т.б.

Ауаны гигиеналық бағалауда төмендегілерді ескеру қажет:

  1. Ауаның физикалық қасиеттерін – температурасын, ылғалдылығын және жылдамдығын, барометрлік қысымын, электрлік жағдайын, радиобелсендігін, күн сәулесінің қарқындығын.
  2. Оның химиялық құрамын және бөтен газдардың шамасын.
  3. Механикалық қоспалардың, шаң мен түтіннің мөлшерлерін.
  4. Микроорганизмдердің-бактериялардың санын, олардың патогендігін.

Осы айтылған факторлардың әрқайсысы организмге жеке тікелей әсер ете алады,бірақ табиғатта олар бір уақытта кешенді әсер етеді. Адамның өмірі мен тіршілігі тропосфераның төменгі қабатында, яғни биіктігі 10-12 км. жерге жанасты ауа қабатында өтеді. 

«Ауаның физикалық қасиеттерінің гигиеналық маңызы»

Температура. Күн сәулелері жер бетіне жетіп біршамасы шағылысады да, көпшілігі жерге сіңіп жылу энергиясына айналады. Атмосфераның жылуы жердің жылу бөлу процесі арқылы өтеді. Жер бетінен жоғарылаған сайын ауаның температурасы төмендей түседі. Жер шарында жылудың таралуы ең алдымен оның шар бейнелі болуына байланысты. Экватордан полюстарға қарай күн сәулелері өткір бұрышпен түседі де, жерді аз жылытады. Теңіздерге және ірі су қойнауларына жақын жерлерде ауаның температурасы біршама жақсарады, өйткені судың едәуір жылу жинағыш қасиеті бар. Олар жылдың жылы уақыттарында жылудың біраз мөлшерлерін сіңіріп алып, айналасындағы жақын жерлерді салқындатады. Керісінше, Суық уақыттарда олар өзінің жылуын біртіндеп беріп, ауа мен жердің салқындауын азайтады. Ауаның температурасы теңіздердің жылы және суық ағындарына, жер рельефіне, тау және ормандармен қорғанғанына байланысты. Географиялық және басқа жағдайларына байланысты. Жыл бойындағы ауаның температурасы біркелкі болмайды. Мысалы, Түркістанда жазғы уақыттарда көлеңкедегі ауаның температурасы  +50 +58 гардусқа дейін жетеді, ал Оңтүстік Сібірде, Байкал төңірегінде қыс уақыттарында, ол кейде -50-60 градусқа дейін жетуі мүмкін. (29, 31, 32)

Орталық нерв жүйесінің бақылауында жүретін термореттеу механизмдердің жетілуі адамның әрқилы температуралық жағдайларға бейімделуіне және температураның әдеттегі қалыпты шамаларынан қысқа мерзімдік ауытқуларына шыдауына мүмкіндік береді. Мұнда сыртқы температураға сәйкес организмде өтетін жылу өндіру немесе жылу шығару механизмдері іске қосылады. Жылу өндіру процесінің төмендеуі немесе жоғарлауы термореттеу механизмінің химиялық жолымен жетіледі: ауаның жоғары температурасында тотықтыру процестері төмендейді де, жылу өндіруі азаяды, ал төменгі температурада бұл құбылыс керісінше жүреді. Термореттеу механизмінің физикалық жолы жылу беруді азайту немесе жоғарлату арқылы жүреді. Қоршаған ортаның жоғарғы температурасында терінің қан тамырлары кеңейіп, тері бездерінің тер шығаруы жоғарлап, терінің температурасы көтеріледі – осының нәтижесінде ден бетінің жылу беруі ұлғаяды. Ауаның төменгі температурасында терінің қан тамырлары кішірейіп, қан ішкі органдарға қарай ауысады да, тері салқындайды, осының нәтижесінде тері мен ауа температураларының аралығындағы айырмашылығы азайып, жылу беруі төмендейді.

Әдетті жағдайларда, тыныш тұрғанда тері беті арқылы жылудың 90-95%-і беріледі, ал қалғандары дем алатын ауаны, тамақты жылытуға жұмсалады және зәр-несептермен кетеді. Тері беттерінен жылу берудің үш түрін ажыратады: 1. Қоршаған суық беттерге (іргелерге, еденге т.б.) сәулелеу әдісімен, бұл жолмен шамамен жылудың 45%-і беріледі. 2. Жылу өткізумен немесе конвекциямен – ол әдетте аздаған қозғалыста болып тұратын жанасқан ауаны жылыту шамамен жылудың – 30% кетеді. 3. Теріден және тыныс жолдарының шырышты қабықтарынан булану жолымен жылудың – 25% жоғалады. Осы аталған жылу берудің қандай жолмен жүруі сыртқы температураға және денег түсетін күштің сипатына байланысты болады. Ауаның температурасы 30-32 градусқа сәулелеу және жылу өткізу жолдарымен жылу беруі азаяды да, булану жолымен беруі көбейеді. 37-38 градустан жоғары температурадан булану жолы жалғыз ғана жылу беру әдісі болып қалады. Жылудың аздаған шамасы жермен және басқа суық заттармен жанасуда жоғалады.

Термореттеу механизмінің мүмкіншілігі шексіз емес, сондықтан организмнің жылулық қалпының бұзылуы үлкен патологиялық ауытқулардың пайда болуына себепкер болуы мүмкін.

Өте ысыған ауада ұзақ уақыт болуда, жылу беру процесінің нашарлауына байланысты адамның дене қызуын көтертіп, қан тамырының соғуын жиілетіп, жүрек-тамыр, ішек-қарын жүйелерінің функцияларын төмендетеді. Жылу өндіру процесінің жоғарлауымен байланысты бастың ауруы, көңіл-күйдің нешерлануы байқалады. Адамның назары, іскерлігі төмендейді. Адамның іскерлегі ауаның +24 градуста 15%-ке, ал +28градуста 30%-ке төмендейді. Адамның организміне ыстық өтіп кетпеу үшін, ауаның температурасы дене температурасынан 5-10 градус төмен болу керек.

Ерекше қолайсыз жағдайларда (жоғары температура мен жоғары ылғалдылық, желсіз тынық ауа) ыстық соққысы тиюі мүмкін, ал күн сәулелерінің тікелей ашық басқа әсер етуінде – күн тиеді.Адамға ыстық өтіп кеткендігін көрсететін симптомдар: дене қызуының 1-1,5 градусқа көтерілуі, беті қызарып немесе бозарлануы, қатты терлеуі, теңселіп жүруі т.б. Бұл жедел көмек көрсетуді қажет етеді (көлеңкеде тыным беру, бетке суық су себу, жасанда дем беру, дәрілер беру).

Төмен температурада жылу беру процесінің өсу нәтижесінде организмнің күрт салқындау қауіптігі туады. Ұзақ және тіпті қысқа уақыт ішінде суықтың әсері организмде жалпы және жергілікті әрқилы рефлекторлық реакцияларды тудырады. Мысалы, аяқтың салқындауы, мұрын мен тамақтың шырышты қабықтарының температурасын төмендетеді, осының нәтижесінде жергілікті иммунитеті төмендеп, тұмау, жөтел, тамақ бездерінің ісуі пайда болады. Суықтың әсерінде тұла бойдың тоңып қалтырауы, үсуі (үсу қауіптігі) және дем алу органдарының ауруларының (ринит, бронхит, плеврит, пневмония), бұлшық-буын аппаратының және перифириялық нерв жүйесінің (миозит, миалгия, ревматизм, неврит, радикулит т.б.) ауруларының пайда болуы немесе олардың асқынуы мүмкін. Дененің көп уақыт бойы салқындауы организмнің инфекциялық ауруларға қарсыласуын төмендетеді. Температураның күрт ауытқуы ерекше зиянды, өйткені оған организм бейімделуге үлгере алмайды. Олар әсіресе жүрек, бүйрек ауруларымен, қан тамырларының склерозымен зардап шегуші адамдарға қауіпті. Нашар тамақтанушы және қажыған адамдар ауа температурасының өзгерістерін қиын көтереді. Бірақ ауа температурасының аз шамадағы өзгерулері зиянды болмайды, оны жағымды фактор ретінде қарау керек, ол организм мен оның термореттеуші механизмінің шынығуына ықпал жасайды.

Тұрғын бөлмелерде ауаның ең оңтайлы температурасы -18-20 градус, ал 24-25 градустан жоғары немесе 16-15 градустан төмен температулар жағымсыз деп сааналады, олар организмнің жылулық қалыптығын бұзады. Климаттық-географиялық жағдайлары ескеріліп, әрқилы бөлмелердің температуралық нормалары белгіленген. Пәтерлердегі температуралық жағдайларды гигиеналық бағалауда қабырғалардың температурасын ескеру қажет, өйткені қабырғалары дымқыл, суық бөлмелерде, сәулелеу жолымен жылу жоғалту нәтижесінде, әрқашанда тоғандық сезу кетпейді.

Ылғалдылық. Ауаның ылғалдылығы келесі көрсеткіштермен сипатталады.

Абсолютті ылғалдылық – сынап бағанасының миллиметрлерінде көрсетілген, осы уақыттағы ауадағы су буларының серпінділігі немесе басқаша айтқанда, 1 м. куб ауадағы су буларының мөлшері (гр.)

Максималды ылғалдылық – осы температурада ауаның ылғалмен толық қаныққандығы су буларының серпімділігі, немесе осы температурада 1 м. куб ауаны қанықтыруына қажетті су буларының мөлшері.

Салыстырмалы ылғалдылық – процентте көрсетілген абсолютті ылғалдылықтың максималды ылғалдылығына қатынасы, немесе бақылау сәтіндегі ауаның су буларымен қанығу проценті. Санитарлық тәжірибеде әдетте салыстырмалы ылғалдылықты анықтайды. Салыстырмалы ылғалдылық төмендеген сайын, дене бетінен тердің булану тезірек өтіп, жылу беруі жоғарылайды.

Абсолюттік ылғалдылық ауадағы су буларының абсолюттік мөлшері туралы түсінікті береді, бірақ оның қанығу дәрежесін көрсетпейді. Бір абсолюттік ылғаодылықта су буларымен қанығуы әрқилы болуы мүмкін – 5 градус температурасындағы 22,5 мм сын. бағ. ауа ылғалмен абсолютті қанығуына жақын (79%); ал +15 градус ол одан әлдеқайда төмен (19,5%), өйткені жылы ауа суық ауаға қарағанда буды көп мөлшерде сіңіре алады. Атмосферадағы су буларының мөлшері географиялық жағдайына байланысты. Теңіздерге жақын жерлердің ылғалдылығы жоғары (70-80%), олардан континентке терңдеген сайын ол төмендей түседі. Орта Азияда жазғы уақытта ауаның ылғалдылығы 10-15% жетеді, ал Сахарада 4-5% дейін төмендеуі мүмкін. Жиі жауындар, тұмандар атмосфераны ылғалды жағдайда ұстап тұрады. Жылына шамамен Санкт-Петербургте 200 жауынды күндер болады екен, ал Қазанда – 60. Адамның биік ылғалдылығы жоғарғы және төменгі температулардың жағымсыз әсерлерін күшейте түседі. Ауаның 25 градустан жоғарғы температурасында жоғарғы ылғалдылық организмнің қызуына ықпал етеді. Өйткені тері беттерінен судың булану жолымен жылу беруі қиындайды. Булану процесі біртіндеп өтеді. Тіпті көзге көрнекті терлеу болмаса да адам тәулігіне тері арқылы шамамен 0,4-0,6 л. шығарылатын ауамен 0,3-0,4 л. су жоғалтады; 1 гр. судың булану шамамен 2,5 кДЖ (0,6 ккал) жылу жоғалтуына сәйкесті организмнің қызып кетуі нәтижесінде адамның көңіл-күйі нашарлап, денесі ауырлап, іскерлігі төмендейді т.б. Төмендегі ылғалдылықта ауаның жоғарғы температурасын адам жеңілірек көтереді, ол булану процесінің жақсы жүруіне байланысты. Орта Азияда және Қырымда ылғалдылық аз болғандылықтан, Қара теңіздің Кавказдық жағаларына қарағанда, жаздағы ауаның ыстық температурасы жеңілірек көтеріледі. Жоғары ылғалдылық пен төмен температураның ұштасуы организмнің салқындауына соқтырады. Бұл су буларының жылу жинағыштығының ауаның жылу жинағыштығына қарағанда жоғары болуымен түсіндіріледі. Сондықтан суық дымқыл ауаны жылыту үшін жылу көбірек жұмсалады. Ауадағы ылғалды конденсациялау нәтижесінде тері мен киім дымқылданып, жылу өткізгіштігі ұлғаяды (судың жылу өткізгіштігі ауаның жылу өткізгіштігіне қарағанда 25 есе көп).

Адамдардың дымқыл, нашар жылынатын бөлмелерде ұзақ уақыт болуы, организмнің суық тиюіне және инфекциялық ауруларына қарсыласын төмендетеді. Бұл байланыс тағы ревматизм, туберкулез, бүйрек аурулары бойынша да айқын байқалады. Сонымен, дымқыл ауа организм үшін жоғарғы және төменгі температураларда да жағымсыз келеді. Сібірдегі және тау шыңдарындағы аздаған ылғалдылық ауаның төменгі температураларын жеңіл көтеруге көмектеседі. Балтық жерлеріндегі тіпті аздаған аяздығы ауаның ылғалдылығы жоғары болғандықтан одан да суық болып көрінеді. Құрғақ климатта температуралық ауытқулар, дымқыл климаттарға қарағанда жеңілірек көтеріледі.

Құрғақ ауаның жағымсыз әсерлері тек салыстырмалы ылғалдылығы 10%-тен төмен жағдайларда ғана білінеді: ауызды, мұрынды, тамақты кептіреді.Жалпы алғанда өте құрғақ ауаның физиологиялық процестеріне қауіптігі, ылғалды ауаға қарағанда төмен.

Тұрғын бөлмедегі салыстырмалы ылғалдылықтың нормасы ауаның температурасына байланысты 30-60% аралығында алынған. Ауаның температурасы 16-20 градуста тыныш тұрған адамдар үшін оңтайлы ылғалдылық 40-60% болып саналады, ал 20 градустан жоғары немесе 15 градустан төмен температураларда және дене жұмысында ол 30-40% аспау керек.

Бөлмелерде ауаның ылғалдылығы нормада ұстау үшін ауа алмастыру тәртібін аудандық пен ауалық куб нормаларын бұлжытпай орындалуы, ғимараттың іргелерін сулардан оқшаулау, бөлмелерде ылғалды жоғарылататын жұмыстарды жүргізілмеуі керек (ас дайындау, кір жуу). Табиға жағдайларда ылғалдылықты мелиоративтік шаралармен, жерлерді, батпақтарды құрғатумен төмендетеді. Ауаның қозғалысы. Экваторда және полюстерде жердің беті біркелкі жылынбау себебі, атмосфера әрқашанда қозғалыста болып тұрады. Жердің әрбір жарты шарында пайда болатын (тұрақты) ауа ағындарынан басқа (пассаттар), жергілікті қатты ысу немесе салқындау салдарынан жер бетінің жеке аймақтарында үлкен территорияны қапсыратын, күші бойынша шамалы немесе қатты қысқа мерзімдік құйындар пайда болады: олар жылы жерлерден суық жерлерге жылжитын циклондар және солтүстіктен қарама-қарсы бағытта жылжитын антициклондар. Циклондар әдетте бұлтты, жауын-шашынды ауа райын, ал антициклондар құрғақ, ашық ауа райын әкеледі. Азды-көпті шектелген жергілікті желдер де болады: 1) күндіз теңізден құрғаққа қарай, ал түнде құрғақтан теңізге есетін теңіз бриздері; 2) күндіз таудың етектерінен шыңдарына көтерілетін, түсетін тау-жазықтық ауа ағындары; 3) Фен-Альпі тауларындағы, Оңтүстік Кавказдағы құрғақ тау желдері; 4) Нордост- Кавказдың күшті және солтүстік желдері т. б.

Метеорологияда ауаның қозғалыс бағытымен және жылдамдығымен сипатталады. Желдің бағыты дүниенің 4 бағыты бойынша желдің қай жақтан есіп тұрған жағымен анықтап, румбалармен дүниенің 4 бағытының бас әріптерімен белгіленеді: С- солтүстік, О- оңтүстік, Ш- шығыс, Б- батыс. Төрт негізгі румбалардан басқа олардың араларында орналасқан аралық румбалар бар, сонымен горизонт 8 румбаға бөлінеді: С, СШ, Ш, ОШ, О, ОБ, Б, СБ. Жел бағытының өзгеруі ауа-райының өзгеріс көрсеткіштерінің бірі болып келеді. Осы жергіліктің ең жиі қайталанатын, басымды жел бағытын білу өте қажетті. Қалаларды жоспарлауда, оның территориясында ауруханаларды, мектептерді және басқа қоғамдық және тұрғын объектілерін орналастыруда оның үлкен маңызы бар. Ауаны түтін және газбен ластаушы өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша осы объектілер жел жағынан орналасу керек. Осы жерлікте, румбалар бойынша жыл бойында болған желдер жиілігінің (қайталануының) графикалақ бейнесі жел раушаны деп аталады. Ортасынан румбалардың сызықтарына осы бағыттағы желдің сандарына (қайталануына) сай белгілер қойылады да, олардың ұщтары түзу сызықтармен қосылады. 1 суреттегі жел раушаны осы жердің басымды жел бағыты – солтүстік-шығыс екендігін көрсетеді. Ауаның қозғалу жылдамдығы ауа массасының 1 сек. өтетін қашықтығымен (метрде) өлшенеді (кейде балда) жел екпінімен соғады, жер бетінен биіктігі жоғарылағын сайын, бөгеттер болмағандықтан (қыраттар, ормандар, ғимараттар т.б.) оның жылдамдығы ұлғаяды. Жел жылдамдығының маусымдық өзгерулері географиялық жағдайларына байланысты. Еуропада қатты желдер – қыста, ал Шығыс Сібірде – жазда байқалады. Ауаның 3м/с дейін қозғалу жылдамдығы самал жел ретінде, 15-18 м/с – өте қатты жел, 18-28 м/с – дауыл деп саналады. Ауаның қозғалысы үшінші метеорологиялық фактор болып келеді де температура мен ылғалдылық кешенінде адамның жылу алмасуына әсер етіп, жылу балансын өзгертуі мүмкін. Оның әсерінен конвекция және булану жолдарымен организмнің жылу шығындауы ұлғаяды. Жылдың ыстық уақыттарында жел организмнің жылу беруін күшейтіп, адамның көңіл-күйін жақсартады, ал суықта – денеден жылы ауаны әкетіп, организмнің салқындауына себепкер болады. Қыста жел адамның үсіп кету қаупін үлкейтеді, әсіресе дененің ашық жерлерін – 20-30 градус температурадағы желсіз күндегі аяз, -10 -15 градус қатты желді күннің аязына қарағанда, жеңілірек сезіледі. Ауаның қозғалу жылдамдығының 1 м/с көтерілуі, ауа температурасының шамамен 2 градусқа төмендеуіне теңбе-тең деп шартты түрде алынған.

Жел жылу беруге ғана ықпал жасап қана қоймай тері рецепторларын қоздырып, зат алмасу процесін рефлекторлы күшейтеді де, жылу өндіру процесін көтереді. Егер ауаның температурасы дене температурасынан жоғары болса, және де ол су буларымен қанықса, онда ауаның қозғалысы салқындатушы әсер бермейді. Қатты жел дем алуға кедергі жасап, оның қалыпты жұмыс ырғағын бұзып, тыныс алу бұлшық еттеріне салмақ түсіреді. Бұл жағымсыз рефлекторлық реакцияларды тудырып, жүрек жұмысына әсер етеді т.б. Қарсы желде өкпеден шығарылатын ауаға, желдің күшінен асушы жылдамдық беругетура келеді. Арқадан соққан желде тыныс алу аймағында ауаның біршама разрядталу нәтижесінде, ауа жұтуына кедергі жасалады: адам ауа жетпегеннен кейін ауаны ұстау үшін терең дем алуға мәжбүр болады. Жел адамның денесіне қысым көрсетіп, оның жүруіне, жұмыс жасауына механикалық кедергі жасайды, және осының нәтижесінде энергиялық жұмсалуы ұлғаяды. Қарсы қатты жел адамның жүру жылдамдығына 20-25% төмендетеді. Самал жел адамды ширатып, оның дәрменін көтереді, әсіресе нерв және жүрек-тамыр жүйелерінің сырқаттарымен ауырушылардың көңіл-күйін нашарлатып, тітіркендіріп, ауруларын асқындырады. Қатты жел өзінің шуымен адамның психикасынада жағымсыз әсер тудырады.

Желдің гигиеналық маңызы зор қала көшелерінің, аулаларының аэрациялануына ықпал жасайды, бөлмелердің табиғи ауа алмасуын күшейтеді. Жазғы уақытта желдің ең жағымды жылдамдығы – 1-4 м/с. Желдің қолайсыз әсерлері 6-7 м/с жоғары жылдамдығында көріне бастайды. Тұрғын бөлмелердегі ауаның қозғалу жылдамдығы 0,2-0,4 м/с оңтайлы деп саналады; одан жоғары жылдамдық жел өтін тудырады, ал одан төменгі жылдамдық бөлмедегі ауа мен сыртқы ауаның алмасуының жеткіліксіз екендігін көрсетеді. Қозғалмайтын ауа сергіту әсерін бермейді, ол 0,1 м/с төмен жылдамдықтан бастап білінеді.

«Организмге метеорологиялық факторлардың кешенді әсерлерін бағалау»

Температура, ылғалдылық, ауаның қозғалысы, жылу радиациясы, адам денесінің жылу беруін төмендететін немесе жоғарлататын, оған кешенді әсер етеді.

Температураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалысының әрқилы комбинацияларымен, адам оларда бірдей жылу сезетін параметрлерін таңдап алуға болады. Мысалы, мынадай жағдайларда адам жылуды бірдей сезетін болады.

Температура

(градус)

 

Салыстырмалы ылғалдылық

(%)

Ауаның қозғалу жылдамдығы

(м/с)

17,7 100 0,0
22,4 70 0,5
25 20 2,5

Әрқилы метеорологиялық факторларда бірдей жылу сезуді 100% салыстырмалы ылғалдылықта қозғалмайтын ауаның температурасы көрсетеді. Осы мысалда бұл температурада 17,7 градусқа тең.

Әдетте киімде, тыныш жағдайда тұрған немесе жеңіл жұмыс жасаушы адамдарға жылу комфортын сезу 17,2-21,7 градус аралығында болатыны анықталған.

Организмнің жылулық қалыпты жағдайын қамтамасыз етуші температураның, ылғалдылықтың және ауаның қозғалыс жылдамдығының ең қолайлы ұштасуын комфорт аймағы деп атайды.

Ауа ортасының жағдайын гигиеналық бағалауда термометриядан, салыстырмалы ылғалдылықты және ауаның қозғалу жылдамдығын анықтаудан басқа, организмнің жүрек-тамыр реакцияларын, газ алмасу жағдайларын т.б. ескеру керек.

Метеорологиялық жағдайдың комфорттығы туралы сұрақты шешкенде субъективті сезу шкаласы бойынша адамның жылу сезуін анықтау керек. Осы шкаланың мынадай градациялары бар: суық, салқын, жақсы, ыстық, жылы.

 

ІІІ. Қорытынды:

Атмосфералық немесе барометрлік қысымның организмге әсері

Ол қысым жер шарында біркелкі және тұрақты болмайды. Оның шамасы географиялық жағдайына, жыл, тәулік уақытында және әртүрлі атмосфералық құбылыстарына байланысты болады. Жер бетінен биіктеген сайын, атмосфералық қысым төмендей түседі де жер астына тереңдеген сайын – жоғарылайды. 0 градус температурада, 45 градус ендікте, биіктігі 760 мм. сынап бағанасын тепе-теңдейтін 1 атм. қысымды қалыпты деп санайды. 1980 ж. бастап метеорологиялық станцияларда жаңа халықаралық қысым өлшеу бірлігі-паскаль (Па) енгізілген. 750 мм. сын. бағ. атмосфераның қысымы 100000 Па сай келеді. Атмосфералық қысым туралы мәліметтерді гектопаскальда хабарлау алынған: гектопаскаль паскальдан 100 есе үлкен. Сонда 750 мм. сын. бағ. 100гПа келеді.

Қалыпты жағдайларда гемоглабиннің оттегімен қанығуы 94-97% жетеді, 2 км. биіктікте ол – 92% тең, 4 км – 82-ден 85% дейінгі шамада, ал 6 км – 70%-ке дейін төмендейді де, тотығу процестері нашарлайды. Шамалы биіктіктерде 1,5-3,5 км) оттегінің жеткіліксіздігі өкпелердің аэрациялануының жиіленуі, жүрек жұмысының, қан айналуының күшеюі, эритроциттердің көбеюі арқылы толтырылады. 4 км. жоғары биіктіктегі сиреген атмосфера жағдайында компенсация жеткіліксіз болып, тау (биіктік) ауруының пайда болуына қауіп туады. Оған белгілі симптомдар тән. Атмосфера қысымы мен организм ішіндегі қысымның арасында едәуір айырмашылық болғандықтан асқазан мен ішектегі газдар кеңейеді де, кеуде-құрсақ көк етіне қысым түсіреді, соның нәтижесінде тыныс алу қиындайды және іште ауру сезімі пайда болады. Тері мен шырышты қабықтардың қан атмырлары кеңейіп, соңынан мұрыннан қан кетеді. Құлақтың ішіндегі дыбыс жарғағының сыртқа қарай иілу әсерінен құлақтарда ауру сезімі пайда болады, оған есінеу, жұтыну дем береді, себебі евстахиев түтігі арқылы ортаңғы құлақ пен сыртқы ауаның қатынасына жағдай жасалады. Оттегінің жеткіліксіз болуына байланысты демікпе, бас айналу, жүрек қағу, цианоз, тері мен шырышты қабықтардың боздануы, бұлшық еттердің әлсізденуі, лоқсу, құсу сияқты симптомдар пайда болады.

Тау ауруын алдын алу табиғи жағдайларда немесе барокамераларда алдын ала жаттығу қажет және биікке көтерілу алдында сүтті және клетчаткаға бай тағамдарды ішпеу керек. Ең дұрысы оттегілік құралдарды пайдалану.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика