1. Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газыжәне т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдайТараз,Теміртау,

Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.

  1. Біздің республикамызда 22 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналған және оның мөлшері жыл сайын 1 миллиард тоннаға артып отыр. Оның ішінде 150 миллион тоннасы улы және 20 миллион кубометр тұтыну қалдықтары. Бұл қалдықтар елімізге, халықтық денсаулығына өте зиян келтіріп отыр.
  2. Ғылыми-техникалықпрогресс– ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады.

 Кезеңдері:

1–XVIII аяғы–XIXғ басы. Машиналық өндіріске көшу.

2-XIXаяғы-XXғ басы. Техниканың дамуы, өндірістік автоматизациялау.

3-XXғ басы–ғылыми техникалық революция.

4-Электроника,комплексті автоматтандыру,энергияның жаңа түрі, жаңа материалдар шығару.

  1. Өндіріс орындарының күрт артуы кезеңінде, ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі проблемаларының бірі болып отыр. Бұл мәселелерге түсініксіздікпен селсоқ қарау мен техникалық экологиялық қате саясаттар, қоршаған ортаның ластануына және жер бетіндегі организмдердің қалыптасқан жағдайларына негативті әсерін тигізеді. Қордаланған негізгі проблемаларды шешуде, табиғат пен адамзат қоғамының арасындағы қарым-қатынастардың орны ерекше. Бұл қарым-қатынастардың дұрыс дамумауы адамзатқа үлкен қауіптер туғызуы мүмкін.

Адамдар және олардың шаруашылық әрекеттері жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал әсерін тигізіп келеді. Егерде жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд. т деңгейінде антропогендік заттар (СО2-ні есептемегенде), гидросфераға шамамен 15 млрд. т ластағыштар енгізіліп отырса, топыраққа түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд. т. жетеді. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ-шы ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында топырақта жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд. тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығы антропогендік ландшафтқа айналған. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзі шөлдерінің барлығының шығу тегі де антропогендік.

Топырақты зиянды ластағыштардан қорғау адамның негізгі мақсаты, өйткені оның құрамындағы зиянды қоректік қосылыстар қоректік тізбек арқылы адам ағзасына түседі. Біріншіден, ластағыш заттар сумен шайылып ашық су көздері мен ыза суларына қосылады, ал ол суларды адам ауыз су ретінде және әр түрлі қажеттілігіне пайдаланады. Екіншіден, бұл ластағыштар топырақ ылғалы, грунт сулары мен ашық су көздерінен өсімдіктер мен жануарлардың ағзаларына түседі. Үшіншіден, зиянды қосылыстардың көбісі адам ұлпасы мен сүйегінде шоғырлану қауіпіне ие.

Зерттеулер көрсеткендей биосфераға жыл сайын 20 – 30 млрд. тонна қатты қалдықтар және 1 млрд. тоннаға жуық газды, аэрозольді ластағыштар түсуде. Сонымен қатар топырақты ластаушы негізгі көздер автркөліктер болып табылады. Бір автокөлік жүргенде атмосфераға, орташа есеппен, СО – 200 кг, NO – 60 кг, СН – 40 кг, SO2 – 2 кг,  Pb – 0,5 кг, бензопирен – 2 кг шығарылады, сондықтан да автокөлік атмосфера мен топырақтың айтарлықтай бөлігінің ластануына себепші болады.

Қала – адамның колымен жасалған жасанды экожүйе болып табылады. Қала экожүйесінің ерекшелігі – халықтың бұрын болып көрмеген тығыздығы. Мұндағы адамды қоршаған ортаға шамадан тыс экологиялық салмақ түседі, себебі мұнда организмге әсер етуші факторлардың бәрі жасанды түрде өзгертілген – климат, ауа, су, микроклимат, құрылыстар және т.б. әсерінен ауаға шығарылатын әр түрлі ластықтар және жылу, су булары әсерінен үлкен өзгерістерге ұшырайды. Ірі ғимараттар ауаның табиғи түрде алмасуын қиындатады, бұл әсіресе жазғы түндерде қаланың салқындауын баяулатады, әрі атмосфера тазалығын нашарлатады. Қалаларда орташа жылдық температура айналадағы қоршаған ортадан ең кем дегенде 1 градусқа артық болып келеді.

Қалаларда ауылдық жерге қарағанда тұмандар да жиірек кездеседі, ал тұман – ауаның қатты ластануының көрсеткіші. Қала ауасының улы газдар және т. б. заттармен өте жоғары дәрежеде ластануы себебінен қала тұрғындары арасында өкпе және жоғарғы тыныс жолдары ауруларымен ауыратын адамдар көбірек кездеседі. Қала ауасы күн сәулелерін нашар өткізеді, көбінесе УК сәулелерді ұстап қалады. Сондықтан қалада рахит /мешел/ ауруы да жиі кездеседі. Жаңбыр суы қалада жинақталмай тез ағып кеткенімен, топыраққа көп сіңе алмайды, себебі оған асфальт, бетон, тас құрылымдар бөгет жасайды. Сондықтан қала ішінде ағатын өзендер жиі тасып, грунт суларының деңгейі төмендейді. Канализациялық және өндірістік сулар қала өзендерін ластайды. Қала көшелерінен өзендерге ағып қосылатын жаңбыр, қар сулары NaCl – ас тұзымен ластанған болуы мүмкін, себебі қыста қала көшелеріне көптеп тұз себіледі; ал жанар, жағар майлар асфальттан жаңбыр суларымен жуылып, өзенді одан әрі ластайды.

  1. Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі – Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесіндеатмосфераға,гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.

6 .Бұдан 25 жыл бұрын, яғни 1989 жылдың ақпанында Семейдегі сынақ полигонын жабу үшін басталған ұлы күрестің алғашқы қадамы жасалды. Белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаттығына кандидат Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды. Полигонның 40 жылдық тарихында 459 жарылыс жасалды. 1949-1962 жылдары ашық ауада 88 сынақ, жер қойнауында 3 рет бомба жарылды. 1953 жылдың 12 тамызында әлем тарихында алғаш рет термоядролық құрылғы ашық аспан астында сынақтан өтсе, 1955 жылдын 22 қарашасында жер үстінде жарылған сутегі бомбасы жанталаса қаруланған дүниежүзінің державаларын Кеңес Одағының алдында тізе бүгуге мәжбүр етті. Өйткені, бұл сынақ адамзат тарихында бұрын сонды болмаған еді. Сондай-ақ, Кеңес елі осы уақыт аралығында ядролық заряды бар 6 құрылғыны жеті қат көкке жуық жоғары биіктікте сынақтан өткізіп үлгерді. Ал, жер қабатындағы тік ұнғымалар мен көлбеу туннельдерде 340-тан астам сынақ жүзеге асырылды. Одан 1.5 миллион адам зардап шекті.1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 40 жыл ажал отын шашқан полигонның жабылуы, әрісі Қазақстан халқы үшін, берісі Ертістің Семей өңірінің тұрғындары үшін тендесі жоқ қуаныш, үлкен бақыт әкелді. Осы 1991 жылдын шілде айында Қарауылда өткен «Невада – Семей» қозғалысына Франция, АҚШ, Италия, Жапон елдерінің делегаттары қатысып, атом сынағын тоқтатуға өз ұсыныстарын білдірді.

7 . Қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. ҚР-да “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Экологиялық Құқықтың негізгі көздері: ҚР Конституциясы (1995), ҚР Азаматтық кодексі (1999), ҚР Жер кодексі (2003), ҚР Су кодексі (2003), ҚР Орман кодексі (2003), ҚР  “Жануарлар дүниесін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы” (1993) , “

8 .Табиғатты қорғау халықаралық және қоғамдық жоспарлы жүйесі есептеледі. Ол табиғат ресурстарын жіктеу, қоршаған ортаны ластанудан бұзылудан қорғау, табиғи ресурстардан тиімді пайдалануға бағытталған, сонымен бірге қазіргі жасап жатқан адамдарға және келешек ұрпақтардың материалды және моральды талаптарын қанағаттандыруға бағытталған.Қазіргі заман табиғатты қорғаудың міндеті болған табиғат ресурстарын тиімді пайдалану сырт ортаны түрлі ластанудан сақтау, табиғи байлықтарды сақтау мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау комитетіне жүктелген.

Табиғат ресурстары – адамзаттың жасауы үшін табиғат қойнынан алып пайдаланатын түрлі заттар. Оларға: топырақ құнарлығы, өсімдіктер түрлері, су, кен, орман, көмір, мұнай.Сарқылмайтын табиғат ресурстарына климаттық факторлар: күн радиациясы, жауын шашын, энергия, жел жатады. Сарқылатын табиғи ресурстар қайта тіктелетін және қайта тіктелмейтін болып бөлінеді. Қайта тіктелмейтін ресурстарға қазылма байлықтар кіріп, олардан немқұрайлы пайдалану бұл ресурстардың сарылуына келіп соғады.

9.ҚР-ның экологиялық құқығы — айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.

Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:

  1. кешенді;2. ресурстық;3. әлеуметтік — экологиялық.

Экология құқықтарының кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы» , «Экологиялық сараптама туралы» заңдарды жатқызуға болады.

Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.

Экология құқықтарының әлеуметтік –экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады.

1) Экология құқықтарының ең негізгі қайнар көзіне ҚР Конституциясы жатады.

2) Экология құқықтарының қайнар көзіне «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» ҚР заңы жатады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына бағытталған.

3) Экология құқықтарының қайнар көздеріне министрліктер мен ведомстволардың нормативтік – құқықтық актілері жатады. Министрліктер мен ведомстволардың актілері салалық басқаруды жүзеге асырады.

10 .Әрбір азаматтық және ҚР-ң аумағында тұратыназаматтығы жоқ адамдардың сондай-ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған орта,оның жай-күйітуралы дұрыс ақпарат алуға,қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтіретін залалдың өтеуін алуға құқығы бар.2.Азаматтардың белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға,оларды қорғауға және молықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға,қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатысуға.Қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құруға,қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға митингілерге,пикеттерге,шерулер мен демонстрацияларға,референдумдарға қатысуға.Қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хаттар,шағымдар,арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды талап етуге міндетті.Қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап оған қатысуға,кәсіпорындарды құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де обьектілерді орналастыру,салу,қайта құру және пайдалануға беру туралы және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық қызметін шектеу,тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібі үшін жоюға талап ету.

  1. Қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік ұйымдар

Мемлекеттік және халықаралық ұйымдар

  • Халықаралық ұйым дербес зияткерлік, техникалық, қаржы көздері бар, және мемлекеттерден саяси тҽуелсіздігі бар тұрақты құрылым болғаннан кейін, экологиялық ынтымақтасу кезінде пайда болатын мәселелерді ең тиімді шеше алатын құрал болып есептеледі.
  • 1928 ж. Брюссельде Табиғатты қорғау халықаралық бюросы ашылады, алайда бұл ұйымның міндеттері табиғатты қорғау заңнамаларды құрастыру жҽне ұлттық парктер туралы мҽліметтер жинаумен шектелді.
  • 1948 ж. ЮНЕСКО- ның қолдауымен Брюссель бюросының негізінде Табиғатты қорғау халықаралық одағы құрылды (1956 ж. атауы өзгерді Табиғатты жҽне табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақ (МСОП)).
  • 1992 жылы да БҰҰ ның саммитінде Арал теңізінің проблемалары туралы қозғап, әлемнің назарын аудартқан еді. Оның тағдыры жайында қозғалған мәселе қолдау тауып, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасы дүниеге келді.

Мемлкеттік емес жергілікті ұйымдар

Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бастама болған. Рим клубының мүшелері таяу болашақты болжауды және әлемдік қауымдастықты ғаламдық экологиялық-экономикалық қауіптің алдын алу қажеттігін мойындатуды өздеріне мақсат тұтты. Сонымен қатар әлеуметтік экологияның ғылым ретінде қалыптасуы орын алды.

  • Қоршаған ортаны қорғау мәселесімен айналасатын үкіметтік емес ұйымдар да көп. Олардың ішінде ең ірі жҽне анағұрлым танымалысы Гринпис ұйымы 1971 ж.  15  қыркүйекте    Ванкуверде  (Канада) құрылған.
  • 1971 жылы  экологтардың  қарсылық көрсетуі АҚШ үкіметін Амчитка аумағындағы ядролық сынақтарын тоқтатуға мәжбүрледі. Амчитка аралы құстар қорығына айналды.
  • Келесі қарсылық көрсету акциясы 1975ж. Тынық мұхитының оңтүстік бҿлігінде Франция атмосфералық ядролық сынақтар өткізіп жатқан жерде болды. Гринпистың әрекеттері арқасында Франция да өз сынақтарын тоқтатты

12, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдары

  1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарының мiндеттерi қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту мақсатымен қоғам мен табиғаттың өзара iс-қимылы саласындағы қатынастарды реттеу болып табылады.
    2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану туралы заңдардан, сондай-ақ басқа да заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
    Осы Заң мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де акт арасында қайшылық болған жағдайда соңғылары осы Заңға тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылады.
    Жердi, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандар мен өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және пайдалану мәселелерi осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тиiстi заң актiлерiмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi..
  2. Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг

Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған.Экологиялық мониторинг – антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:

  1. қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрдебақылау.
  2. табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістердіболжау.
  3. қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларынбасқару.

Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады, Мысалы:

Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:

  • биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);
  • дистанционды (авиациялық және космостық);
  • аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).

Бақылау обьектілері бойынша:

  • қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа);
  • биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).

Мониторингтің негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегі кестеде көрсетілген.

  1. 46-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау

Қоршаған ортаға әсерді бағалау және шаруашылық шешімдерінің қабылданатын нұсқаларының экологиялық және өзге де зардаптарын анықтау, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, азып-тозуын, бүлінуін және сарқылуын болдырмау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізіледі.

Қоршаған ортаға теріс әсер ететін кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді қайта бейімдеу, уақытша тоқтатып қою, меншігін ауыстыру және тарату қоршаған ортаны қорғау жөнінде арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша не олардың қоршаған ортаға жасалатын әсерді бағалау жөнінде жүргізген тексерулерінен, анықталған жолсыздықтар жойылғаннан және келтірілген зиянның орны белгіленген тәртіппен толықтырылғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.

Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу тәртібі экологиялық сараптама туралы заңдармен анықталады.

47-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

Жерді, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандарды және өсімдіктерді, жануарлары ерекше құнды қоршаған ортаны қорғау объектілерін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар заңдармен және өзге де нормативтік-құқықтық актілермен белгіленеді.

59-бал. Қоршаған ортаны зиянды физикалық әсерден қорғау

Ұйымдар мен азаматтар қалалар мен басқа да елді мекендердің өндірістік, қоғамдық және әлеуметтік тұрғыдан үй-жануарларына, көшелерде, аулаларда, алаңдарда, халық демалатын өңірлерде жабайы хайуанатгар мекендейтін жерлерде шудың, тербелістің, магнит өрігінің зиянды ықпалы мен өзге де зиянды физикалық әсерлердің алдын алу мен жою жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.

62-бап. Климатты және Жердің озон қабатын қорғау

Климатты және Жердің озон қабатын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралык шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

15.Экологиялық сараптама, экологиялық экспертиза (лат. expertus – тәжірибелі) – адам іс әрекеттерінің табиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардың орындалуына қатаң бақылау жасау.Экологиялық сараптама мемлекеттік немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі қағидалары – оның өкілеттілігі, медицина-биология тұрғыдан қауіпсіздігі, халық шаруашылығының барлық салаларыныңмүддесін қорғайтындығы, ешкімге тәуелді болмауы және іс-әрекеттерді кешенді түрде жүргізу. Экологиялық сараптама міндетті түрде ұзақ уақыт дамуға арналған бағдарламалы құжаттармен және сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, Экологиялық сараптама жүргізу үшін техкика-экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады

  1. Экологиялық аудит– экономикалық субъектілер қызметінен келетінэкологиялық тәуекелдің ауқымын айқындау жоне оларды төмендету, болдырмау мақсатымен олардың қызметінің ұлттық табиғат қорғау заңдарының талаптарына, таңдаулы экологиялық іс-тәжірибеге немесе компанияда қабылданған саясатқа сай келуін тәуелсіз бағалаудың арнаулы рәсімі. Ішкі және сыртқы Экологиялық аудит түрлеріне бөлінеді

Экологиялық аудиттың мақсаттары аудит жүргізілетін субъектінің қызметінің қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігінің әділ бағасын алу; экологиялық тәуекелдіктерді анықтау және экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстамалар әзірлеу болып табылады.
Экологиялық аудитты (міндетті және бастамашылық аудитты) ҚҚАЭ тапсырыскермен және аудит жүргізілетін субъектімен алдын ала өзара келісілетін экологиялық аудит жүргізу жоспарына сәйкес жүргізеді.

Экологиялық аудитты ҚҚАЭ аудит жүргізілетін субъектінің қоршаған ортаға ықпал бойынша есептілігін талдау жолымен жүргізеді.
Экологиялық аудитті жүргізген кезде, қажет болған жағдайда, ҚҚАЭ төмендегідей мақсаттарда арнайы зерттеулер мен өлшеулерді орындауы мүмкін:

  • қоршаған ортаға келтірілетін ықпал туралы есептіліктің дәйектілігін талдау;
  • өндірістік-технологиялық үдерістің экологиялық талаптарға сәйкестігін бағалау;
  • өндірістік экологиялық бақылау (соның ішінде өндірістік мониторинг) жүйесінің экологиялық талаптарға сәйкестігін бағалау;
  • аудит жүргізілетін субъектінің қызметкерлерінің біліктілік деңгейін бағалау.

аудит жүргізген кезде ҚҚАЭ ұстанатын негізгі қағидалар:

  • нысанның (кәсіпорынның) қызметінің экологиялық проблемаларын қарастырудың, кәсіпорынның табиғат қорғау заңнамасының талаптарын орындауының жан-жақтылығы;
  • зкологиялық тәуекелдіктерді айқындау;
  • экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Келісімшартпен көзделген мерзімдерде экологиялық аудиторлық есепхатты құрастыру;
  • аудитті орындаушының жұмыстың орындалу сапасы үшін жауапкершілігі.

17.Стандарттау дегеніміз тұтынушыға ең жақсы өнімді жеткілікті мөлшерде және анағұрлым қолайлы бағамен ұсыну үшін өнімнің ең жақсы сапасы мен өндірістің ең жақсы тәсілінің үйлесуі болып табылады. Сонымен қатар стандарттау барлық сұраныс жасайтын жақтарына пайда келтіретін белгілі саладағы іс-әрекеттерді ретке келтіру мақсатында белгіленіп қолданылатын ережелер жинағы болып табылады.
Стандарттау бәсекелестік, жаңалық енгізу, сауда тосқауылдарын жою, сауданы кеңейту, тұтынушылардың мүддесін қорғау, қоршаған ортаны қорғау және т.б. сияқты мемлекеттік саясат бағыттарын түйінді қуаттау факторы болып табылады. .

  1. Экологиялық апат—табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Экологиялық апат кезінде төтенше жағдайлартуып,табиғи экожүйелер мен әлеуметтік жағдайлар күрт өзгереді, жалпы тіршілікке, соның ішінде адамның қалыпты өмірсүруіне қауіпті жағдай төнеді. Экологиялық апатқа ұшыраған аумақтардағы табиғат өзгерістерін бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмайды. Сондықтан Экологиялық апат қайтымсыз құбылыс болып саналады. Экологиялық апаттың таралу деңгейіне қарай: ғаламдық, аймақтық және аумақтық (жергілікті) деп бөлінеді. абиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі зиян келтірілген Арал және Семей өңірлері экологиялық апат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі қауіпсіздігіне нақтылы қатер болып табылады.Қазіргі уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елді мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердің және ерте қартаю көрінісінің жоғары деңгейі байқалуда.Арал өңірі экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елді мекен) әсіресе әйелдер және балалар арасында асқазан-ішек аурулары мен қан аздығы, балалардың шетінеуі мен туа біткен патологияның жоғары деңгейі байқалуда.
  1. ТАБИҒИ ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІ

Табиғи ортаны қорғаудың кұқықтық механизмі — табиғат корғаудағы құқықтық қатынас нормалары талаптарынын орындалуының қамтамасыз етілуіне бағытталған қоршаған орта сапасына әсер ететін ұйымдық-құқықтық шаралар жүйесі болып табылады. Механизм мақсаты: экология — құқықтық нормалардың материалдандырылуын қамтамасыз ету. Бұл механизмнің барлық бөлігінің жұмысымен жүзеге асырылады. Оның құрылымы 4 буыннан тұрады.

Экология — құқық механизмінің бірінші буыны — табиғат қорғау нормалары. Олардың басты функциясы экологиялық императивтің базасын бекіту болып табылады. Механизмнің екінші буынына — экологиялық құкық нормалары мен нормативтер кіреді. Олардың басты функциясы экологиялық императивтерді нақтылау және табиғи ортаға әсер ететін белгілі бір шаруашылық және өзге қызметпен айналысуға бағыттау. Механизмнің үшінші буыны базалық және экологиялық нормалар мен нормативтердің орындалуын қамтамасыз ететін кепілдіктерден тұрады. Механизмнің төртінші буыны — өзін құқықтық катынаста жүзеге асыратын, нормалар қозғалысының қорытынды кезеңі. Қоршаған ортаны қорғауға қатысты, ол экологиялық, яғни қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын керсетеді немесе егер қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын бұзса, экологияға зиянды болуы мүмкін.

ҚОРШАҒАН ТАБИҒИ ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

МЕХАНИЗМІ

Экономика мен экологияның қарама-қайшылығы — қоршаған табиғи ортаны қорғаудың негізгі проблемалары. Осы уақытқа дейін бұл проблемаларды әкімшілік-құқықтық әдістермен әсер ету тыйым салу, шектеулер қылмыстық және әкімшілік жаза шараларын қолдану арқылы шешуге тырысқан. Егер әкімшілік-құқықтық әдісі билік және бағыну қатынастарынан туындаса, онда экономикалық механизм атқарушының нақты мақсатқа жетудің материалдык кызығушылығына негізделеді.

Экономикалык механизмнің кұрамына тұрақты әрекет ететін институттармен қатар нарық қатынастарына көшу катынастары негізіңде туындаған жаңа институттар кіреді.

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда «қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмі» деген тарау бар. Бұл тарауда қоршаған ортаны қорғаудың барлық экономикалық әдістері көрсетілген.

  1. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру. Коршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар болжамдық және бағдарламалық нысаналы құжаттар мен материалдарда ескеріледі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын индикативті жоспарлаудың жобаларына, табиғат пайдаланудың әртүрлі бағыттары жөніндегі ұлттық бағдарламалар мен тұжырымдамаларға енгізіледі. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру: республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер; қоршаған ортаны корғау қорларының қаражаты; экологиялық сақтандыру қаражаты; табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты; заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырылымдықтары есебінен жүргізіледі.
  2. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу. Табиғи  ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін ақы табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлері үшін көзделген жалпы мемлекеттік салықтар, жергілікті салықтар мен алымдар, арнаулы төлемдер мен салықтар түрінде табиғат пайдаланушылардан алынады.

3.Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы төлеу. Қоршаған ортаны ластанғаны үшін төленетін ақы ластайтын заттарды шығарғаны және тастағаны, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін ұйымдар мен азаматтардан алынады. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің ставкаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы
органмен келісе отырып, облыстардың әкімдері бекітеді.

4.Табиғи ресурстарды қорғау және толықтыру үшін ақы төлеу. Табиғи ресурстарды қорғау мен толықтыру үшін ақы табиғат пайдаланушылардан аталған қызметті жүзеге асыруға жұмсалған бюджеттік шығыстардың орнын толтыру өтемі ретінде алынады.

5.Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру қоршаған ортаны қорғауды тиімді жүзеге асыратын занды тұлғаларға — табиғат пайдаланушыларға субсидиялар берудің экологиялық жағынан бағдарланған саясаты мен ынталандыратын сипаттағы өзге де шаралар арқылы жүзеге асырылады.

6.Экологиялық сақтандыру. Экологиялық сақтандыру коршаған ортаны ластаудың, және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланбаудың салдарынан белгілі бір сақтандыру оқдғалары болған жағдайда сақтанушылар өздеріне сактандырушылар төлейтін сақтандыру төлемдерінен кұралатын ақша қорлары есебінен, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де көздерден сақтандыру өтемдерін төлеу арқылы занды тұлғалар мен азаматтарды (сақтандырылған) мүліктік жағынан қорғау жөніңдегі қатынас болып табылады. Шаруашылық және өзге де кызметтін экологиялық жағынан қауіпті түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар міндетті түрде экологиялық сақтаңдырылуға тиіс. Міндетті сақтаңдыру шарты сақтандырудың осы түріне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін. Ерікті экологиялық сақтандыру заңды тұлғалар мен азаматтардың өз еркін білдіруі бойынша жүзеге асырылады. Ерікті экологаялық сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі сақтанушылар мен сақтандырушылардың арасындағы келісімдер мен белгіленеді.

  1. Қоршаған ортаны қорғау қорлары. Қоршаған ортаны қорғау қорлары қоршаған ортаны қорғаудың шұғыл міндеттеін шешуді, қоршаған ортадағы шығынды қалпына келтіруді, келтірілген зияңды өтеуді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да шараларды қаржыландыру үшін құрылады. Қоршаған ортаны қорғау қорлары занды түлғалар болып табылады, әрі мемлекеттік және қоғамдық қорлар болуы мүмкін. Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік қорлары реслубликалық және жергілікті қорлар болып бөлінеді.

Қоршаған ортаны қорғаудың республикалық қоры жергілікті қорлардың аударған қаражаты есебінен құрылады. Қоршаған ортаны қорғаудың жергілікті қорлары қоршаған орта­ны ластағаны үшін ақы түрінде табиғат пайдаланушылардан түсетін, залалды өтеу туралы талап-арыздар бойынша алынған қаражаттан, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін салынған айыппұлдардан, аң мен балық аулаудын тәркіленген құралдарын, заңсыз алынған өнімді сатудан түскеи қаражаттан, соңдай-ақ Қазақстан Республикасының зандарына кайшы келмейтін өзге де түсімдерден құралады.

Мемлекеттік қорлар қызметі, олардың қаражатын пайдалану тәртібі қоршаған ортаны қорғау қорлары туралы ережелермен белгіленеді.

  1.   Экологиялық нормалау қоршаған ортаға ықпал етудің экологиялық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығын сақтауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануын болдырмауды, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін, ғылыми негізделіп жол берілетін шекті нормаларын белгілеу мақсатын көздейді.
    Экологиялық нормалаудың негiзгi мiндеттерiне:
    Экологиялық нормаларды белгiлеу және олардың адам денсаулығына, табиғи ресурстарды қорғауға, молықтыруға және ұтымды пайдалануға ықпалын анықтау;
    қоршаған ортаға зиянды әсердiң жол берiлетiн шектi шамалары мен деңгейлерiн белгiлеу кiредi.
    Қоршаған орта сапасының белгiленген нормативтерiн асыра көрсетуге немесе оларды уақытша және төмендетiлген нормалармен алмастыруға жол берiлмейдi.
    Нормативтер шамаларын аумақтардың нақты экологиялық жағдайларына байланысты қатаңдату жағына қарай өзгертуге жол берiледi.
21. Гигиеналық норматив — зиянды факторлар үшін бекітілетін максималды физиологиялық тұрғыдан қауіпсіз мөлшерлік деңгей және салыстырмалы деңгей (минималды,максималды,оңтайлы).Г.н.жалпыалғанда,жекелеген тұлғалардыңда,адамдар популяциясының да генетикалық, репродуктивті қызметтерін ескереотырып, денсаулықты сақтауға кепілдік береді.

ШРЕК(шектеулі рұқсат етілген концен.) – бейімделген физиолог.реак. шегінен шығатын денсаулық күйіндегі жасырын өзгерістерді туындатпайтын конц.

ШРЕД(шектеулі рұқсат етілген деңгей.)- Кері әсер ететін қоршаған ортаны физикалық факторларын (шу, діріл, ЭМӨ, иондаушы радиация, т.б.)

22. 1. Нормативтер биологиялық жауаптың бiрiншi төрт деңгейiн (өлiм-жітімді, аурушандықты, аурудың физиологиялық белгiлерiн, ағзадағы, табигаты белгiсiз, өзгерiстердi) болдырмауы қажет. Биологиялық. жауаптың бесiншi деңгейiн болдырмауға (заттың ағзада жиналуын) бүгiнгi күнi мүмкiншiлiк жоқ.

2. Нормативтер халықтың ең сезiмтал топтарын ескеруi қажет.

23. Экологиялық нормативтер – адамның өзін қоршаған табиғи ортаға рұқсат етілген шекті әсер етуінің ғылыми негізделіп, заңнамалық тұрғыда белгіленген шамасы. Қоршаған орта сапасы нормативтерінің мазмұнына қойылатын жалпы талаптар халықтың экология тұрғыдан қауіпсіздігі; тірі табиғаттың да, адамның өзінің де зәузаттық қорын сақтау; тұрғын халықтың қалыпты тіршілік етуінің табиғи жағдайларын ұдайы жаңғыртып отыру және орнықты экономика дамыту.

Санитарлық-экологиялық нормативтер- қоршаған ортаның санитарлық-гигиенасының сапсын көрсетеді, адамның өмір сүруәне қолайлы жағдай жасайды.

24.Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады.

Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар регламентациясы. Қоршаған ортаны ластаушы заттар шектеліп жіберілген қалдықтар (ШЖҚ) және шығарылған (ШЖШ) туралы түсініктеме.

25. Табиғатты қорғау – қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.ҚР Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар – қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары – 10.

26 . Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен Теміртауда, басқа да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар көптеп құрыла бастады.
Өскеменнің корғасын-мырыш комбинатында 35,1 млн сомға, Шымкенттің қорғасын заводында 28 млн сомға ауаны таза ұстау мақсатында ірі құрылыстар жүріп жатыр. Қазірдің өзінде осы заводтарда жоғары температураға шыдамды фильтр-сүзгіш «Нитрон» іске қосылып ауаның құрамын тазалауда үлкен үлес косуда. Шығыс машина жасау заводында мазут пешін электр күшімен қыздыру арқылы, ауаға шыратын лас зиянды газдардың көлемін 1,5—2 есе азайтуға мүмкіншілк туды. Сол сияқты Ертіс мыс балқыту заводында өндірістеіі шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын құрылыстар салынды.
Республикамыздың ірі қалаларында жылуды бір ірі орталықтан жіберу арқылы көптеген ұсақ пештерден құтылды. Мысалы, Алматыда 600 кішкентай пеш жойыл-са, оныц 155-і 1970—1973 ж. ж. келеді. Қарағандыда 107 пеш, 84 жанатын террикондаржойылды. Павлодарда -50, Шымкентте — 7 пеш газбен жағылуға көшті. Бір сөз-бен айтқанда, Алматы каласын қоспағанда республикамызда 1970—1973 жылдары 276 пеш сөндірілді, 12 ТЭЦ пен 65 пеш газға көшті.
Қазіргі жағдайда ауада улы заттардың мөлшерін азайту мақсатында, автомобильдерден бөлініп шығатын газдарды азайту барысында көптеген тиянақты жұмыстар жасалынды. 1973—1975 жылдары облыс орталықтарында «Қазақавтотехникалық қызмет көрсету» ауаға шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын 157 бақылау-реттегіштердің кондырмаларын жасау жобаланды.
Қазір Алматыда 40 пункт жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы да 50 болуы керек. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиянын тигізетін газдардың мөлшері азайды.

27 .Суды қорғаудың міндеттері — барлық судың табиғат жүйелерінің экологиялық тұрақтылығын бұзуы, халықтың денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ балық қорларының азаюына, судың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің өзгеруі, олардың табиғи толығу, тазару қабілетінің төмендеуі, судың гидрологиялық және гидрогеологиялық режімінің бұзылуы салдарынан сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауына және басқа қолайсыз құбылыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғалуға тиістілігі. Суды қорғау судың ластануын, былғануын және сарқылуын болдырмауға бағытталған ұйымдық, экономикалық, құқылық және басқа шаралар жүйесін қамтиды.

Суды май, сүрек ағаш, химия, мұнай және басқа өнімдер ысыраптарымен ластану мен былғанудан қорғау —су көлігі құралдарын, құбыр желілерін, сутоғандарындағы жүзбелі және басқа құрылыстарды иеленушілер, ағаш ағызушы ұйымдар, сондай-ақ басқа заңды ұйымдар мен азаматтардың май, сүрек ағаш, химия, мұнай және өзге де өнімдер ысыраптарының салдарынан судың ластануы мен былғануына жол бермеу міндеттері.[

28 .Топырақ күйіне мониторинг жүргізгенде, ең маңызды әрекетті факторларды , қоршаған орта ластану көрсеткіштерін дұрыстап толық көрсететін байқау торабын ұйымдастыру қажет. Ең әуелі қоршаған ортада ең салмақты, ұзақ уақыттық өзгерістерге әкелетін факторларды ескеруқажет. Қорғау шаралар жүйесіне мынадай негізгі қызмет бағыттары кіреді:

– бақылау нысандарын бөліп шығару ( анықтау)

– топырақ ластану нысанын зерттеу-тексеру

– бақылау нысаны үшін ақпараттық модель құрастыру

– топырақ сапасын зерттеулерді жоспарлау

– топырақ күйін бағалау

– топырақ сапасын болжамдау

– ақпаратты қолдануға ыңғайлы түрде көрсетіп ұсыну және оны тұтынушыға жеткізу

Литосфераны қорғау шаралары:

1) өзгеріске экологиялық қауіпсіз технологияларды ынталандыру

2) жел және су эрозиясынан қорғау үшін орман шаруашылығын дамыту

3) жерді тиімді пайдаланудың экологиялық нормативтерін енгізу.

29 . Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды

  1. Ерекше қорғайтын алаңдар. ҚР заңы 15.07.97 «Ерекше қорғау алаңдары туралы»

Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттыңбастапқытабиғиқалпысақталғаннемесеантропогендікфакторлардыңықпалыоншабайқалакоймағанэкожүйелердіңбіразбөлігінтабиғи эталон ретіндесақтапқалудыңмаңызызор. Өйткенімұндайаумақтарантропогендікфакторларкөбірекықпалеткенаймақтарменсалыстыруүшінқажет. Халықаралыққабылданғанережелергесәйкесәрбірмемлекеттіңжалпыжераумағының 10%-ы ерекшеқорғалатынтабиғиаумақтармәртебесіналуықажет.

Ерекшекорғалатынтабиғиаумақтарғабиосфералыққорықтар, мемлекеттіктабиғиқорықтар, мемлекеттікұлттықтабиғисаябақтар, қорықтықаймақтар, корықшаларжәнет.б. табиғинысандаржатады. Соңғыдеректербойыншадүниежүзінің 100-ден астамірімемлекеттерінде 1000-нан астамерекшеқорғалатынтабиғиаумақтарұйымдастырылған. Мұндайаумақтардыңжалпыкөлемі 230 млн га жердіалыпжатыр. Бұлжербетіндегіқұрлықтың 1,6%-на тең.

  • Мемлекеттікұлттыққорықтар.
  • Мемлекеттікұлттықтабиғисаябақтар.
  • Мемлекеттіктабиғирезерваттар.
  • Мемлекеттіккорықтыңаймақтар.
  • Мемлекеттіктабиғиқорықшалар.
  • Мемлекеттіктабиғатескерткіштері.
  • Мемлекеттікзоологиялықбақтар.
  • Мемлекеттікботаникалықбақтар.
  • Мемлекеттікдендрологиялықбақтаржәнет.б.

Биосфералыққорықтар

Ерекшеқорғалатынтабиғиаумақтардыңсоңғыкездеұйымдастырылыпжүргентүріне — биосфералыққорықтаржатады. Биосфералыққорықтардүниежүзіндегікейбірауқымдыаймақтардыңтабиғатынқорғаужәнесақтапқалумақсатындаұйымдастырылады. Ондатабиғатқорғаушараларыхалықаралықдеңгейдежүргізіледі. Мұндайқорықтартабиғатыоншаөзгеріскеұшырамағанэкожүйелердеұйымдастырылып, табиғаттаүздіксізболыпжататынөзгерістергебақылаужасалыныпталданады. Биосфералыққорықтардыңаумағыбірнешебелдемдерге (ішкі, шекаралықжәнешаруашылық) бөлініп, ғылымизерттеужұмыстарыжүргізіледі. Қазірдүниежүзінде 350-ге жуықбиосфералыққорықұйымдастырылғанҚазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарынабиосфералыққорықмәртебесіберілген.Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтарытаулыалқаптыңтабиғатбайлығынқорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылықорығындасарыбауыраяқсызкесіртке, үндіжайрасы, Алматы қорығындаорақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөлқорығындақарамойнақшағала, т.б. қорғауғаалынған.

Мемлекеттіктабиғиқорықтар

Біздіңеліміздеерекшекорғалатынтабиғиаумақтардыңнегізгітүрі — мемлекеттіктабиғи қорықтар. Қорықтарғылымимекемелерқатарынажатады. Қорықаумағындаешқандайшаруашылықжұмыстарыжүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеужұмыстарығанажүргізіледі. Сондықтанқорықаумағындажоғарыбілімі бар арнайымамандарғылымизерттеужұмыстарыменайналысады. ҚазірҚазақстанда 10 мемлекеттіктабиғиқорық бар. Қорықаумағындағыбарлықтабиғатбайлықтарытүгелдейкатаңтүрдеқорғалады. Соныменбіргеқорықтарбелгілібірэкожүйелердіқорғаумақсатындаарнайыландшафтыльщаумақтардаұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақтыжәнет.б. экожүйелердіңқорықтарыдепбөлінеді. Далалы аймақта ұйымдастырылған Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған. Бұлқорықта 1953 жылыТүрікменстаннанәкелініпқұланжерсіндірілді. Алтынемелұлттықтабиғисаябағында да жерсіндірілген. Ал Қорғалжынқорығы сулы-батпақтыалкаптыңтабиғатбайлығынқорғайды. КелешектеТорғай, СарықопажәнөТарбағатайқорықтарынұйымдастырукөзделуде.

  1. Экологиялық дағдарыс–қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарда қарама-қайшылықтыңкүрт шиеленісуі. Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі халықаралық конференциялар(Стокгольм, 1972, Рио-де-Женайро, 1992) Экологиялық дағдарысты қазіргі заманның ғалами мәселелерінің бірі деп ресми түрде таныған. Экологиялық дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан (ғылыми-технология революцияның болжап білуге болмайтын зардаптары, энергияны тұтынудың көбейе түсуі, қазба отынды жағу, демографиялық дүмпу, қарулы қақтығыстар) пайда болды.

Экологиялық дағдарыстан экология апатты ажырата білу керек: дағдарыс адамның белсенді әрекетінен болатын қайтымды күй, апат – қайтымсыз құбылыс, адам мәжбүрлі түрде енжар, зардап шегуші тарап (мысалы, ұзаққа созылған қуаңшылық, малдың жаппай қырылуы). Қоршаған ортаның ластануы адамның, әсіресе өндірістің әсері нәтижесінде түрлі нысандарда көрініс табады. Олар: контоматация (ортаның инертті материалдарға қанығуы), уыттану (хим. активті субстанциялармен қанығу, радиациямен ластану, ұзақ жасайтын радионуклидтермен ластану), электро-магниттікдетериорация, деструкция (табиғи құрылымдардың бұзылуы), пейоризация (ландшафт әсемдігінің бұзылуы), т.б. Бұл нысандар көбінесе кешенді түрде әрекет етіп, табиғи үдерістерді қатерлі түрде бұзады, сөйтіп, сайып келгенде, биосфераның түгел азып, өркениеттің опат болуына апарып соқтырады. Қазіргі жағдайда ғалами қауіпті үш үрдіс байқалып отыр. Олар: атмосфера құрамының өзгеруі; осының салдарынан “парникті әсердің” күшеюі және климаттың жыли бастауы, мұның өзі мұздың еріп, мұхит деңгейінің апатты түрде көтерілуіне апарып соқтыруы мүмкін; жер төңірегінің ғарыштық аппараттардың қалдықтарымен ластануы. Бұдан басқа қосалқы ғалами ауқымдағы төрт үрдіс те қатерлі. Олар: әлемдік мұхиттың мұнай қабыршағымен ластануы, мұның өзі гидросфера менатмосфера арасындағы энергия алмасу мен масса алмасуды бұзады; жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесінің түрлік құрамының және олардың зәузаттық қорының қысқаруы; Жер бетіндегі тіршілікті Күннің қатал ультракүлгін сәулесінен қорғайтын озон қабаттың қысқаруы; оттектің басты “фабрикасы” орманды шабу, кесу (дамушы трофикалық елдерде) салдарынан да, қышқыл қалдықтарынан зақымдануы салдарынан да оның азып-тозуы. Кейбір аймақтарда Экологиялық дағдарыс экология қасірет деңгейіне жетті (Арал өңірі,Семей полигоны аймағы, Чернобыль, Гималай аймағы, Амазония, көптеген индустриялық агломерациялар). Қазіргі кезде Экологиялық дағдарыстың жай-күйі ұғынылды, тиісті ғылыми орталықтар, әлемдік ауқымдағы институттық, ұлттық деңгейдегі органдар – министрліктер дәрежесіндегі органдар құрылды. Тиімді экология саясаттың ғылыми негіздері тұжырымдалды, Экологиялық дағдарысты шиеленістіретін бірқатар әрекеттерге жол бермеу (қазба отынды тұтыну көлемін қысқарту, энергияның экология қауіпсіз көздерін пайдалануға көшу, озон қабатын бұзатын заттардың шығарылуын қысқарту, кит тәрізді жануарлар мен басқа да жануарлардың түрлерін аулау кәсіпшілігіне тыйым салу, т.б.) жөніндегі халықаралық уағдаластыққа қол жеткізілді. Табиғатты қорғау жолындағы, қауіптітехнологияларға қарсы халықаралық қоғамдық қозғалыстар кең ауқымды сипат алды. Экологиялық дағдарысты еңсеру шараларының жүйесіне елеулі нышан ретінде халыққа экология тәрбие беру енгізілді

32.Қазіргі экологиялық дағдарыс және оның ерекшеліктері

Экология мәселесі бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты – қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік һәм техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі – экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды.
Экономикалық дамудың кешенді стратегиялық бағытын таңдауға мәжбүр болған көптеген мемлекеттердің жоспарлы әрекеттері – әсіресе табиғат ресурстарының байлықтарын ысырапсыз игеру үрдістерін қалыптастырды. Соңғы жылдары шаруашылық-өндірістік нысандарында экологиялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерге қарамастан, антропогендік-техногендік ықпалдар — глобальді масштабты қамтып, Жер планетасының табиғи балансының ауытқуына қауіп төндіруде.
Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен өткен Ү Халықаралық экологиялық конгресс (Жапония, 1990), Қоршаған ортаны қоғау жөніндегі конференция (Бразилия, 1992), ХХҮІІ Халықаралық географиялық конгресс (АҚШ, 1992) және Йоханнесбург (ОАР, 2003) қаласында өткен бүкілдүниежүзілік экологиялық форум – аталмыш мәселенің өзектілігін көрсетіп отыр
Экономикалық қажеттіліктерден туындаған адамзат перзентінің ғылыми техникалық жетістіктерге сүйене отырып, жер қойнауындағы байлықтарды молынша игеруге күш салуы – экологиялық сауатсыздықтың белгісі екені анық. Аталмыш үрдістер, қазба байлықтарды ысырапсыз пайдаланумен шектелмей, ғарыш кеңістігін игеруде, атомдық станциялар мен электр желісі жүйелері өнеркәсібін дамытуда, шикізат қорларын өңдейтін химиялық өндірістік орындардың ашылып, қарқынды түрде жүргізілуін жеделдетті. Адамзаттың ғарыш айлағын зерттеп, атомдық кешенді қондырғыларды іске қосуы — ғылыми-техникалық прогрестің бұрынғыдан гөрі қарыштап дамуын жеделдеткенімен – ол жетістіктер экологиялық проблемаларды шешудің басты алғышарттары бола алмады.адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетiн қалыптастыру үшiн кейбiр әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi шешу қажеттiгi экологиялық бiлiм берудiң басты мiндеттерi болып табылатындығы нақты танылған.
Оларға:
1) экологиялықжәнетабиғатқорғаузаңдарынжетiлдiружәнеолардыбұлжытпайорындау;
2) табиғиресурстардытиiмдiпайдаланудажауапкершiлiктiкүшейту;
3) қоршағанортаныңтазалығы мен адамденсаулығыныңүйлестiгiнсәйкестендiрудi;
4) үздiксiзэкологиялықбiлiмберудiұйымдастырудытездетудi;
5) елдегiэкологиялықжағдайлармәлiметтерiнiңкөпшiлiккежетуiнқамтамасызетудiжатқызуғаболады
Әлемдiктәжiрибекөрсеткенiндей, экологиялықпроблемалардытабыстышешу мен экологиялықапаттардыңалдын-алудыңнегiзiкез-келгенмемлекеттiңәлеуметтiк-экономикалықжүйесiнэкологияландыруболыптабылатынынаңғартса да, жаңағасырдыңэкологиялықдағдарыс пен табиғидүлейапаттарменбасталуыбүгiнгiқоғамүшiнэкологиялыққұқықтықсананыңжетiлутолғағындаойланарлықжағдайдықалыптастырыпотыр.
Бұлбағыттаелiмiзкелешектеэкологиялыққауiпсiздiкмүддесiнеүмiтартып, “Қазақстан-2030” даму стратегиясыныңбасымдықтарынескереотырып, ҚазақстанРеспубликасыдамуының 2010 жылғадейiнгiстратегиялықжоспарынасәйкесжәне ХХI — ғасырдағыкүнтәртiбiнiңнегiзгiережелерi мен Қоршаған орта және даму жөнiндегi 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясыныңқағидаларын, сондай-ақИоханнесбургтеөткен (2002 жылы) тұрақты даму жөнiндегiдүниежүзiлiксаммиттiңшешiмдерiнескереотырып, ҚазақстанРеспубликасының 2004-2015 жылдарғаарналғанЭкологиялыққауiпсiздiгiТұжырымдамасынбекiтуі.

  1. Орнықты даму» термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында пайда болған. Бұл термин оны пайдалану кезінде табиғи ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейіуі мүмкіншілігіне ие болатын табиғи ресрурстарды пайдалану жүйесін білдіретін.

Орнықты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының баяндамасы болып табылады. Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бастама болған.1992 жылдың маусым айында Рио – де – Женейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты конференциясы «Тұрақты даму» конференциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде негізгі мәселелеріне тоқтала кетсек    Кедейлікпен күрес.  Еңбек ақыны қамтамасыз етуі, кедейлердің өзін-өзі қамтасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту. Еңбекке жарамды халықтың санын арттыру. Табиғат ресурстарын сақтау және тұрақты даму. Білім беру жүйесін жетілдіру. Отбасын жоспарлау Тұтынудың құрылымын өзгерту: Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыды  Халық және тұрақтылық: 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 миллиард астам болды. Ғалымдардың болжауынша 2020 жылы 8 млрд.-қа жетеді.        Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту: Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты Тұрақты тұрғын жерлер (Урбанизация Атмосфераны қорғау: Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- энергияны өндіру мен тұтыну;

  1. Қазақстан БҰҰ-ның толық құқылы мүшесі ретінде өзі қол қойған, атап айтқанда, «айналадағы ортасы мейлінше шетін елдердің» санаты бөліп көрсетілген (6 принцип) БҰҰ-ның Айналадағы орта мен даму жөніндегі Бүкіл дүниежүзілік Рио-92 конференциясы принциптерінің, БҰҰ-ның 21 ғасырға арналған Күн Тәртібі басымдықтарының, сондай-ақ шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі, биологиялық әр алуандылығы туралы, климаттың өзгеруі туралы халықаралық конвенциялардың еліміз үшін аса өзектілігін ескереді және оларды әлемдік қауымдастық мүшелерінің сақтауының кең ауқымдық, аймақтық және ұлттық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және осы заманғы өркениет пен әсіресе, нарықтық экономикаға көшу сатысын басынан өткеріп отырған елдердің тұрақты дамуы үшін айрықша маңызы бар деп санайды.экологиялық тұрғыдан мейлінше шегін әрі дағдарысты аудандардың халқы мен айналадағы ортасын сауықтыру қажеттігі; халықтың экологиялық хабардарлығы, әлеуметтік әріптестік және азаматтардың осы салада басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы; халықаралық заңдық және құқықтық нормаларды тану әрі Қазақстанның интеграциялық процестердегі ұлттық мүдделері мен экологиялық қауіпсіздігінің қорғалуын қамтамасыз ететін әрі басқа елдердің экологиялық мүдделеріне қысым жасау мүмкіндігін жоққа шығаратын құрылымдарды дамыту;                                                                                                                                                                                                                   елдің экологиялық қауіпсіздігінің оның тұрақты дамуы мен жалпы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі іргелі ролі мен орнын тану ескеріледі.                                                                                                                                                                  Тұжырымдамада экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ірге қалаушы принциптері, стратегиялық мақсаты, міндеттері мен басым бағыттары қамтылды. Табиғат қорғау құрылымдарының елдің жалпы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, егеменді мүдделерін қорғаудағы тиісті роліне, функциялары мен мәртебесіне, стратегиялық мақсаттарға жетуге, Қазақстанның ауқымдық және аймақтық интреграциялық процестердегі басым міндеттерін шешуге баса назар аударылды. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.

37.

Тұрақты даму табиғи қорларды олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Ол адам дамуы мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмысбастылық, пен тағы да басқа мәселелердің бірқатарын ескере  отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді. Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызамыз:  Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру;  Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру;  Табиғи қорларды теңестірілген пайдалану негіздерін қалау. Экологиялық мәселелерге байланысты осы міндеттерді іске асыру, тұрақты даму мәселесін шешу жолдары болып табылады.
1987жылы БҰҰ-ның  Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді.

  1. Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің негізгі  міндеттеріне мыналарды жатқызамыз:

Қоршаған  ортаның сапасын тұрақтандыру;

Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру;

Табиғи қорларды теңестірілген  пайдалану негіздерін қалау

40  Қазақстан экологиясы үшін, Семейдегі полигон әкелген зардап-қасірет орны толмас өкініштерге ұрындырып отыр. Осы өңірде жарылған 500-ге жуық бомбаның сойқаны, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы  осьінен тайдырын  жібере  жаздады.   Егер  жарылыс тоқтамағанда, әр сынақ табиғатқа өлшеусіз зиян әкеліп, улы тозаң мен аждаһа ошағы жарты әлемді ойрандап, Орта Азияны ядролық тозаңға тұншықтырып, ондағы халықттың түбіне жететін еді. Өйікені, осы полигон маңындағы қазақтардын көбі, дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Жарты ғасырға жуық жалғасқан атом от-жалын жер-суды ойрандап, неше түрлі аурулардың шығуына жол ашты. Осы залалды аймақта тұратын 1,5 миллионға жуық адам жазылмайтын дертке шалдығып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын кеселге душар болғаны жасырын емес.

Экологиялық апат аймағында отырған ел, ең алдымен, ауыз су тапшылғынм   көріп  отыр.   Теңізбен   қоса,   Арал төңірегіндегі жергілікті тұрғындарды да құтқару керек. Өйткені, елді мекендердің тек 15-20 пайызы ғана таза су ішіп отыр, ал қалған тұрғындар мемлекеттік стандартқа мүлдем қайшы келетін ауыз суды пайдалануда. Соның өзінде, ауылдық жерде, су бір адамға бір шелектен келеді. Ал, өркениетті елдерде, оның шамасы 200-400 литрге жетіп отыр. Мұның өзі түрлі жұқпалы аурулардың өршуіне, өңір халқының денсаулығына кері әсерін тигізуде. Олар, бір жағынан Арал теңізінен көтерілген тұзды тозаңның астыңда жатса, екінші жағынан Байқоңыр ғарыш аймағының қасіретін бастан өткізуде. Соның салдарынан, тұрғындар арасында жүрек, өкпе, қан қысымы, бүйрек, бауыр және басқа қауіпті аурулардың көрсеткіші республикадан да жоғары болып тұр. Мысалы, Арал аймағы орналасқан Қызылорда облысы көлемінде бір ғана туберкулез ауруымен науқастанған адамардың жалпы саны 19,5 мың. Осыған байланысты, кейінге ысыруға болмайтын нақты шара – осы өңірдің тұрғындарының хал-ахуалын жақсарту, жер асты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауыз су жіберу, су құбырлары құрылысын жүргізу, «Көкарал» бөгеті құрылысын аяқтап, Кіші Аралды сумен толтыру.

40.Ғаламдық проблемалар – әлемді тұтас қамтитын табиғитабиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесіжаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:Ресурстар проблемасы;

  • Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
  • Энергетикалық проблема;
  • Демографиялық проблема;
  • Климаттың өзгеруі;
  • Экологиялық проблемалар;
  • «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;
  • Қауіпті ауруларды жою;
  • Әлемдік мұхит пен космосты игеру;
  • Қылмыспен және терроризммен күрес;
  • Наркобизнеспен күрес.

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы – глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа – өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

More To Explore

Share This Class:

Яндекс.Метрика