Диета ұстау қиын болса

0
410

Егер сіз бұл жазбаға қызықсаңыз, демек сіз мың түрлі диетаны, салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды зерттеп, жілігін шағып, майын ішкен жансыз. Бірақ қанша тырысқаныңызбен диетаңыз 3-4 күннен артық уақытқа созылмай жүр. Ендеше, сіздерге мен бір қулық айтайын. Осылайша біз өз нəпсімізді жеңуді үйренеміз.

1. Ең алдымен қандай диета ұстайтыныңызды, неге тиым салып, неге рұқсат ететініңізді ойша саралап шешіп алыңыз.

2. Кейіннен осының бəрін диетаға арналған күнделік бастап, ойыңызды қағазға түсіріңіз.

3. Күнделігіңіздің бірінші бетіне күнтізбе жасап, қарсы бетке » Мен неге арықтаймын?» деген сұраққа өз нұсқаңыздағы жауаптарды тізіп шығыңыз.

4. Тиісінше, «Мен неге тамақ жеймін?» деген сұраққа да жауап беруді ұмытпағайсыз. (3,4 пунктегі жауаптар сіздің басты мотивацияңыз болуы тиіс)

5. Аталған этаптардан кейін, сізде диета процесі басталады. Яғни күнтізбеңіздегі бірінші күнді қоршауға алып қойыңыз.

6. Дəл осылай сіз екі апталық немесе бір- екі айға созылған диетаңызды дұрыс сақталуын қадағалайсыз.

7. Өз диетаңыз жайлы ешкімге айтпағаныңыз жөн. Əйтпесе, айналаңыздан сіздің өзгеруге деген мотивацияңызды құртатын адамдар табылады. Себебі олар сіздің бұның алдында да, талай рет диета ұстап, шыдай алмай қойғаныңызды біледі.

8. Ешқандай жағдайда диета ұстамайтын құрбыларыңызға қызықпаңыз. «Қандай рахат, қалаған нəрсесін жейді » деген ой сізді маңайламағаны да жөн болар. Тамақ деген жақсы, бірақ айнаның алдында өзіңнің сұлу сымбатыңа қарап, көпшілік ортада қадамыңды сеніммен нық басып жүрген одан да күшті.

9. Мүмкіндігіңіз болса таразыға жиі өлшеніп тұрған өте дұрыс. Себебі денеңізден арылған əрбір грамм , мотивация болып,  диетаңызды ары қарай жалғастыруға көмектеседі.

10. Күнде таңертең күнделігіңіздегі » Мен неге арықтаймын?» деген сұраққа жазған жауабыңызды оқып жүріңіз.

11. Смартфоныңыздың алғашқы бетіне өзіңіз қызығатын арық қыздың суретін қойып қойсаңыз да артық болмайды.

12. Тағы бір қулық. Егер диетаңызды байқаусызда бұзып қойсаңыз,ЕШТЕҢЕ ЕТПЕЙДІ. Тек ойыңызға алып, «Болды, бітті» деп бəрін тастай салуға болмайды. Бірақ, бұзбасаңыз тіпті жақсы!

13. Спорт. Спортшы болып кетпесеңіз де күніне 5-10 минут секіртпемен (скакалка) секіріп тұрсаңыз болғаны.

14. Ең бастысы, арықтап, арманыңыздағы ару бола алатыныңызға шынайы сеніңіз. Міне, осы кеңестерді пайдалансаңыз, диетаңыз  бұзылмайды. Сұлулық- əлемді қүтқаратын бірден бір күш. Ендеше сіз де əлемді құтқаруға асығыңыз! Сəттілік! БƏРІ ӨЗ ҚОЛЫҢДА!

Дереккөз: massaget.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз