Күйеуге шығар алдында көп қыздар міндетті түрде сымбатты ретке келтіру керек деп санайды. Ең бірінші сұрақ әрине, қалай тез салмақ тастаймын? Салмақ тастауға шешім қабылдау әрине өте дұрыс. Себебі, өзіңізге ұнаған әдемі ақ көйлекте армандағаныңыздай болу үшін диета сізге қажет-ақ. Бірақ, өзіңіз онсыз да арық болсаңыз бұл бөлім сізге арналмаған

Бастысы бүгінгі салмағыңызды жазып қою керек, апта соңында өзгерісті салыстырып қанша азайғанын тіркеп отырасыз. Сонымен:
1. Су ішіңіз. Қайнатылмаған таза табиғи су ішіңіз ең кем дегенді 1,5 -2 литр су ішіңіз. Шай, сок, кофені қоспағанда 2 литр шығуы керек. Өз қолданысыңызға қарай уақытқа бөліп алып ішіңіз.

2. Жаттығу залына баруға дәл қазір қаражат пен уақыт жоқ болса, диетаға көмек ретінде ең оңай жаттығу түрлерін жасаңыз. 15 минут секіртеден секіріңіз және 15 минут қатты әндерге билеңіз. Өзіңізге ұнайды деген 5 әннен әр күнге дайындап алыңыз, әрине әндер көбіне қатты қозғалысқа алып келетін әндер болғаны жақсы және өзіңізге ұнамайтын дене бөлігін қимылға келтіретін жаттығу түрінде билеңіз.

3. Өзіңіздің жасыңызға сәйкес таңертең, кеште отырып тұрыңыз. Мысалы, жасыңыз 25 те болса таңертең 25 рет+ кешке 25 рет. Күніне көп жаяу жүріңіз. Көбірек далада жүруге тырысыңыз.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика