Қалай жылдам салмақ тастауға болады?,- деген сұраққа жауап беретін бірден – бір әдіс осы. Бұны диета деп айтуға болмайды, тек жылдам әсер етіп жәрдем ететін (экстренный) жедел диета деп айтар едім. Себебі, кеше киген көйлегіңіз бүгін аздап тар болса, ертесі күні бір жерге кию керек болғанда қолданатын жылдам әдіс.
Күні бойы 1,5 литр 2,5 пайыз майлы қайнатылған сүтке 2 ас қасық қара үнді шайын қосып, 45 минут тұндырып қойыңз. Сосын оны сүзіп алып, бір күн бойына тек соны ішіп жүріңіз. Басқа тамақ не болмаса тіске басарлар жеп қоймаңыз. Асқазан ішінде «қайнап» туып біраз мазасыздық тудырса да төзу керек.
Ертеңіне – бір килограмм кей кездері тіпті екі килограм артық салмақ тастағаныңызды байқайсыз. Әрине, тек бір күн ғана жасау керек, әйтпесе естен талып қаласыз. Егер біз айтқандай дұрыс істесеңіз ішті кетіруге көмек етеді. Ішті қалай кетіруге болады дейтіндерге де көмектеседі.
Негізі қатты аш болмайсыз. Қара шай ішпейтіндер көк шай салып дайындауларына болады.