Жалпы, буын ауруларының екі негізгі тобы бар, олар: артрит және артроз. Артрит – көп жағдайда мүгедектікке әкеліп соғатын, әртүрлі ревматикалық аурулармен анықталатын созылмалы қабыну, ал артроз – алмасу-дистрофиялық процестері. Бұл аурулар жеңіл жарақат алғаннан, ашық буын зақымдануы мен физикалық жүктеме көп түскеннен және суық тигеннен пайда болады.

Артроз асқынғанда буындардың қозғалмай қалуы мүмкін. Онымен адамдардың 10-15 пайызы ауырады. 35-40 жастан бастап-ақ буынаралық майлам азаяды да, шеміршек кеуіп, бұзыла бастайды, сүйектен кальций шайылып кетеді, сүйек сынғыш болады.

Ал артритте ісінген буынның терісі қызарып, қызады, қозғалу қиындап, қол тигізбей ауырады, әлсіздік байқалады. Артрозға тән белгілер: көп қозғала алмау, буынның сықырлауы, буын маңайындағы бұлшық еттің қысылып, жиі-жиі ісіп кетуі, сүйектің ауа райына байланысты сырқырауы, бірте-бірте деформацияға ұшырау.

Буын ауруларының алдын алу үшін тамақтану тәртібін дұрыс сақтап, белсенді өмір салтын ұстану қажет, суық тиюден, жарақатқа әкеліп соғатындай ауыр жұмыстардан сақтану керек.

Маман-ревматолог қана емдейтін артритте ұзақ, үзбей емдеу терапиясы қажет болса, артрозда дәрігердің басшылығымен емдік дене шынықтыру жаттығуларын қолданып, жиі қозғалу керек.

Заманауи медицина буын ауруларын тежеп, адамның жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалуға қауқарлы.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика