Тұмаудан сақтаныңыз!

Күз келіп, күн суыта бастады. Таңертең суық, түсте жылы болатын құбылмалы күнде көп
адамдар алдамшы ауа-райына алданып, жеңіл киініп, суық тигізіп жатады. Сонымен
қатар, жылда мұндай мезгілде кішкентай балалардың тұмауы басталады. Басы ауырып,
әлсіреп, тамаққа тәбеті шаппай, төсек тартып жатып қалу ешкімге ұнай қоймасы анық.
Сондықтан ауырмай тұрып алдын алыңыз. Қажетті дәрумендер қабылдап, жатып
қалмаудың әрекетін жасаңыз. Ол үшін төмендегі әдістерді қолданып көріңіз.
Ең алдымен ұйқыңыз қанып, өзіңіз сергек жүріңіз. Себебі, ұйқының адам денсаулығынан
алатын орны ерекше. Тәулігіне 7 сағаттан кем ұйықтамауға тырысыңыз. Демалыс күндері
өзіңізге уақыт бөліп, «күйген дүние күйіп кетсе де» ұйықтап алыңыз. Бірақ ұйықтау керек
екен деп, өзіңізді қинап ұйықтату үшін дәріге жүгірмеңіз. Олар имунитетпен дос емес.
Ұйықтай алмай жатсаңыз таза ауада серуендеп, жақсы нәрсе ойлап, миыңызды
тынықтырыңыз.
Көңіл-күйі көтеріңкі, жүзінде күлкі табы бар адамға ауру да, адамдар да кері әсерін тигізе
алмайды. Егер сіз күйзелісте немесе көңіл-күйіңіз болмай жүрсе, суық тигізіп алу, тұмау
жұқтыру ықтималдығы жоғары. Сонымен қатар адам жұмысбасты болып, күндіз-түні
жұмысқа беріліп кетсе де тұмауды тез жұқтырады. Сондықтан тынығыңыз, бір-екі күн
өзіңізге демалыс жариялаңыз.
Өзіңізді аш қалдырмаңыз. Қыста организм суықтан қорғану үшін белгілі мөлшерде май
жинайды. Егер сіз сол майлардан арылсаңыз, бірінші кезекте иммунитет зардап шегеді.
Лимфоциттердің және макрофагтардың қабырғалары – біздің қорғаныш жасушаларымыз
– липидтерден, яғни майдан тұрғандықтан, майсыз диеталар зиян. Маусымдық тұмау
эпидемиясы кезінде азық-түліктердегі калория мөлшерін тіпті арттырып, дәрумен-
минералды кешендерді алу қажет. Әсіресе селен және мырыш пайдалы. Бұл
микроэлементтер иммунитетті нығайтады.
Есте сақтау қажет: Қыста тағам құрамында ақуыз көп болу керек. Егер арықтағыңыз
келсе, онда наурыз айының ортасынан бастап диета ұстаған жөн.
Май жинау керек екен деп артық тамақ ішуге де болмайды. Майдың артық мөлшерде
болуы иммуниттетті төмендетіп жібереді. Ақуыздың көп мөлшерде болуы бүйрек пен
асқазан-ішек жолдарына салмақ түсіреді. Қанттың көбеюі семіздікке әкеп соғады. Аса
семіздік пен аса арықтық иммунитетке өте зиян.
Денсаулығыңыз мықты болсын десеңіз, қысы-жазы дене шынықтыруды тоқтатпаңыз.
Салқын душ пен аяқты салқын не ыстық сумен жуу да өз пайдасын тигізеді. Таңертең
жүгіріңіз, көп қимылдаңыз. Десек те, суықпен қатты дос болмағаныңыз абзал. Маусымдық
тұмау кезінде ауыр жаттығулар иммунитетті төмендетеді.
Тазалықты сақтыңыз! Жеке бас гигиенасына аса мән беріңіз. Қолыңызды жиі жуыңыз.
Сонымен бірге, сарымсақ пен пияздың да тұмаумен күресуге ерекше белсенді екенін есте
сақтыңыз. Оларды күнделікті тамақ тізіміне қосыңыз.

Related articles

Жасөспірімдерге арналған скауттар лагері

Алматы облысы Туризм басқармасының бастамасымен облыс аумағында жасөспірімдерге арналған,...

Чемпиондардың денсаулығын қалпына келтіру құпиясы

ҚР ПІБ Медициналық орталығы жүйесінде чемпиондардың денсаулығын қалпына келтіру...

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

AlmaU Sharmanov School of Health Sciences ашылды

«Алматы Менеджмент Университеті» (AlmaU) «Денсаулық ғылымдары: әлемдік трендтер мен...

Сепсис туралы мағлұмат

Сепсис (латынша – sepsis – шіру), жергілікті инфекция ошағынан...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...