ӘР МАМАНҒА МИЛЛИОН

 

ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлім етті. Облыстың бас дәрігері жыл басынан бері денсаулық саөтау саласында атқарылған жұмыстарды баяндады. Облыстың бас дәрігері ауылды жерлерге тұрақты жұмыс істеуге баратын дәрігерлерге ендігі жерде бір миллион теңгеден берілетінін мәлім етті.

«Бұған дейін ауылды жерлерге барған дәрігерлерге 100 мың теңгеден бір реттік көмек беріліп келді. Алайда бұл мәселе облыс әкімі  Жансейіт Қансейітұлының қолдауымен қайта қаралып, облыстық мәслихаттың шешімімен ауылды жерлерде дәрігер тапшылығын төмендету мақсатында ауылды жерлерге жолданатын мамандардың әлеуметтік көмек пакетіне өзгерістер енгізілді. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап ауылдық жерге жолданатын жас мамандар бір реттік 1 миллион теңге көмек алатын болады», — деді Мұқан Кеңесбекұлы.

Спикердің айтуынша, 1 миллион теңге дәрігерлерге Оңтүстік Қазақстан облысында ғана беріледі. Бірақ, келісім бойынша ауылды жерлерге жұмысқа баратын мамандар бес жыл қызмет ету міндеттеледі. Бұған дейін бұл мерзім үш жыл болатын.

 

Related articles

Қазақстан фармацевтикалық нарығы: инвестициялық өсім, инновациялар және даму перспективалары

Алматыда өткен II Қазақстан фармацевтикалық форумы отандық денсаулық сақтау...

Қазақстанда бауыр обырын емдеуде жаңа мүмкіндіктер ашылды: «АстраЗенека» компаниясының инновациялық препараты тіркелді

2025 жылдың 7 ақпанында «АстраЗенека» халықаралық биофармацевтикалық компаниясы Қазақстанда...

Чемпиондардың денсаулығын қалпына келтіру құпиясы

ҚР ПІБ Медициналық орталығы жүйесінде чемпиондардың денсаулығын қалпына келтіру...

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

AlmaU Sharmanov School of Health Sciences ашылды

«Алматы Менеджмент Университеті» (AlmaU) «Денсаулық ғылымдары: әлемдік трендтер мен...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика