Барлық адамдар таңертен оянғанда беттері аздап ісіп тұрады. Бұл қатты
білінбейді және бір сағаттың көлемінде қайтады. Бұл қалыпты жағдай. Ал егер
бет шар сияқты ісіп, көздеріңіз сызылып қалатындай жағдайға жетсе,
қауіптенуге болады. Беттің ісігін қайтару үшін алдымен себептерін анықтау
керек. Беттің ісуіне әртүрлі факторлар, ішкі ағза аурулары себепші бола алады.
1) Төмендегі ішкі ағза аурулары бет ісігін туғызады:
 Жүрек қан-тамырлары аурулары (қосымша беттің түсі көгеріңкіреп не қызғыш
тартады)
 Жүрек жұмысының бұзылуы (әдетте қосымша ентігу симптомы байқалады)
 Бүйрек ауырса (бұл жағдайда су көздің айналасына жиналады)
 Бауырдың қызметі бұзылса
 Ағзада зат алмасуының бұзылуы, қалқанша без аурулары және эндокриндік
жүйенің бұзылуы
 Авитоминоз, әсіресе В тобы дәрумендерінің жетіспеушілігі
 Аллергиялық реакция косметика, дәрі-дәрумендерге, үй жануарларына, шаң-тозаң
және т.б.)
 Нерв талшықтарының зақымдануы
 Майбасу (семіру)
 Беттегі әртүрлі жарақаттар мен жаралар
 Бет-жақ тұстардағы қатерлі ісік аурулары
 Бет-жақ, көз инфекциялық аурулары
2) Өмір салтын дұрыс ұстанбауы
 Аз ұйқы, ұйқықанбаушылық
 Дұрыс тамақтанбау (диета, майлы және ащы тағамдарды көп пайдалану, суды
көп мөлшерде ішу, көшеден тамақтану, жатар алдында тамақ жеу және т.б.)
 Ыстық ауа
 Ұйықтар алдында жылау
 Зиянды әдеттер (темекі, ішімдік)
3) Жүктілік
Жоғарыда жазылған себептермен танысып, талдау жасап көріңіз. Дәрігерге
қаралып, кеңесін міндетті түрде алыңыз. Егер талдау нәтижсінде қауіпті ешнәрсе
таппасаңыз, бет ісігін үй жағдайында қайтаруға әрекет жасаңыз.
 Контрасты шаю. Жылы және суық сумен бетті кезек-кезек шаю. Су қатты
ыстық болмасын. Алдымен жылы су, сосын салқын сумен шаю керек.
 Бетке компресс жасау. Коспресс жасаудық әртүрі бар:

Салқын компрес. Мұздай суға дәкені саламыз да, қатты сықпай, бетке 1-2
минут (дәке жылығанша) ұстаймыз. Процедураны қайталаймыз. Судың
орнына пайдалы шөптерден дайындалған тұнбаны қолданса тіпті пайдалы
болмақ.

Ыстық компресс. Суық компресстегі процедураны қайталаймыз.
 Бетке массаж жасау. Бетіңізге саусақтарыңыздың ұшымен уқалап шықсаңыз ісіну
қайтады.
 Сүт қосылған көк шай. Бұл қосынды бүйректен артық зәрді алып шығады.
 Бетке маскалар. Картопты езіп, бетке жақсаңыз бет ісігі тез қайтады. Аскөк пен
қаймақ араласқан маска бетті ағартып қана қоймай, ісінуін де алады.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика