Шамамен сағат 6-7-нің кезінде жұмыстан үйге қайтып келе жатырсыз делік. Жұмыс күні өте ауыр өтті. Кенеттен өз-өзіңізді біртүрлі жайсыз сезінесіз. Алайда жақын арада емхана да, дәріхана да жоқ. Адамдардың көбісі инфарктқа жалғыз қалғанда, жанында ешкім болмағанда ұшырайды. Есінен айырылып қалуға 10 секунд қана уақыты қалады. Не істеу керек? Жауабы: Байбалам салмай, жылдам әрі қатты жөтеле бастаңыз. Әр жөтеліңіздің алдында терең демалыңыз. Ұзақ, қақырынып жөтелу керек. Демді ішке тарту мен жөтел дамылсыз әр 2 секунд сайын қайталанып тұрса, жүрегіңіздің қайтадан орнына келгенін сезесіз. Терең тыныс алу өкпеге оттегі бөліп, жөтел жүрегіңізді жеңілдетіп, қанайналымыңызды жақсартады. Осындай жолмен сіз ауруханаға дейін жетіп ала аласыз. Достарыңызға айта жүріңіздер. Бұл олардың өмірін аман алып қалуы мүмкін.