Көп аурулардың адамның өміріне тікелей қауып туғызатын бұл қатерлі ісік аурулары.

Қатерлі ісік тез өсіп, дененің бір жеріне ғана тоқтамай белгілі бір мерзім аралығында қан және лимфа тамырла¬ры арқылы басқа мүшелерге тез тарайды. Қатерлі ісіктің қауіптілігі алғашқы кезде ау¬ырып білінбейтіндігінде, ал білінген кезінде басқа мүшелерге қанмен тарап кеткендігінде. Қатерлі ісік ауруларының, екінші бір атауы Рак аурулары деп аталады. Бұл науқастың Рак аталу себебі аяқтары жан-жағына жайылып жатқан теңіз шаянына ұқсас болғандықтан. Сол себепті, атақты ғалым Гиппократ оны Рак деп атаған. Әлемде жыл сайын 12 миллионға жуық адам қатерлі ісік ауруларына шалдығады, олардың 7 миллионы осы дерттен көз жұмады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2000 жылы қатерлі ісік ауруымен ауырып, одан қайтыс болу көрсеткіші екі есе ұлғаяды деп жобалауда. Қатерлі ісіктің бастапқы кезеңде анықтау өте маңызды. Соған орай, елімізде 3-ші ақпаннан бастап 10 күн бойы қатерлі ісік ауруларын анықтау бойынша профилактика декадасы өтті. Қазіргі уақытта біздің республикамыз бойынша қатерлі ісік аурулармен ауыратын 124927 адам дәрігердің диспансерлік есебінде тұрады, ал жыл сайын скринингтік тексерудің нәтижесінде 27000 адам осы аурумен есеп¬ке алынды. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша, 2012 жылы республикада қатерлі ісік ауруына шалдыққандар саны 100 адамға шаққанда 190,6 құрады, қатерлі ісік аурула¬рынан болатын өлім-жітім саны 100 адамға шаққанда 103,9 құрады.

Өңеш қатерлі ісігі. Өңеш қатерлі ісігін халқымыз қылтамақ деп атаған. Бұл аурудың пайда болуына бір емес, бірнеше себептер әсер етіп, оларды үш топқа бөлуге болады.

1. Тағамды, шайды, кофені, майлы сорпаны өте ыстық түрінде ішу, қуырған, көп тұздалған ащы және қатты тамақтарға әуес болу, тамақты әбден шайнамай жұту, витаминдердің жетіспеуі, насыбай ату, темекі тарту, градусы жоғары спиртті ішімдіктерге са¬лыну, күйдірген майды бірнеше рет қолдану.

2. Өңештің кілегей қабаттарының қабынуы, оның әртүрлі қышқылдармен және негіздерімен күйіп жарақаттануы, тыртықтаныуы және басқа өңештік аурулары, яғни қатерлі ісік алдында кездесетін дерттер.

3. Тұқым қуалаған дене құбылыстарының ерешектіліктері.

Осы жоғарғыдағы айтылған себептердің әсерінен өңештің кілегей қабаты қызарып, бозарып, қабынып, желініп, жараланып, тыртықтанып, келе-келе өңештің қатерлі ісігіне айналады. Осы созылмалы қабыну дерт рак ісігінің пайда болуына себеп бо¬латынын көптеген ғалымдар дәлелдеп жүр. Бұл ауру өмірбойы зиянды әдеттерге үйір болғандардың арасында көбірек кездеседі. Өйткені зиянды әдет-ғұрыптар(темекі шегу, на¬сыбай ату, маскүнемдікке салыну) организмнің қорғаныс күшін азайтып, ауруға шалдығуға септігін тигізеді. Арақтың градусы мен ішкендегі мөлшері көбейген сайын қылтамақтың пайда болу қаупі арта түседі.

Өңеш қатерлі ісігінің белгілері: Өңеш қатерлі ісігі уақыт өткен сайын, өсе келе ас жүретін жолды тарылтып, өңештің тамақты өткізу қызметін нашарлатады.

Сол себепті ауырған адамдарға төмендегідей белгілер пайда болады:

– қою тағамдардың анда-санда түйіліп өтуі.

– тамақ жұтқанда тырнап ауруы.

– кекірік, сілекей шұбыру.

– уақыт өте келе қою тағамдардың жиі түйіліп, тіптен сұйық тағамдардың өтуініңде нашарлауы.

– тамақ ішкеннен кейін қайта құсып тастау

Өңештің қатерлі ісігінен сақтану жол¬дары. Өңештің қатерлі ісігінен сақтану үшін жоғарыда айтқан үш топтағы себептерден құтылу керек, темекі шекпей, маскүнемдікке салынбай, тағамды өте ыстық ішпей, жеміс- жидектерді көп пайдаланып, өңештің кілегей қабатының ауруларын алдын ала емдеп жүрген адамдарға өңештің қатерлі ісігі бол¬майды, болса аз кездеседі. Осы орайда, халқымыз «Сұңқарға талшық тағам болады, тағамды аздап-талғап жесең, денің сау бола¬ды» деген даналығының жалпы дерттердің ал¬дын алуда маңызы зор екенін атап өту қажет. Әр уақытта өз денсаулығыңыз өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз! Әр адам өзінің денсаулығын сақтау жолында жоғарғыдағы зиянды әдет- ғырыптардан арылып, айтылған алдын-алу шараларын жасаса, онда өңеш қатерлі ісігін болдырмаудың жолы ашылады. Ал өңеш дертінің белгілері пайда бола бастаған кезде, дереу дәрігерге көрініп, түрлі тексеруден өту керек. Осы салада арнаулы рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеулерді қолдану ісік ауруларының диагнозын анықтауға жағдай жасайды. Ал мұндай аурулардың басталған кезеңін анықтаудың өзі де адамға дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетуге мүмкіндік берді. Егерде, сіз аяқ астынан жоғарыдағы айтылған белгілерді өзіңізден байқасаңыз, уақытты оздырмай дәрігерге қаралыңыз!!! Рақтан сақтаныңыз.

Автор:
Ж.Б. ЖИДЕБАЕВ СӨСҚ кабинетінің дәрігері. Жамбыл ауданы

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика