Денешынықтыру, спорт және денсаулық бір-бірімен тығыз байланысты. Экологиялық факторлардың әсері, заманауи өмір ырғағы, үнемі агрессивті, ашушаң адамдардың ортасында жүру адам ағзасын әлсіретеді. Сондықтан да ағзаның қорғаныш күшін нығайту өте маңызды. Оны дұрыс тамақтанып, түрлі мазасыздықтарды уақытында емдеп, алдын алу шараларын жүргізіп, иммунитетті нығайтатын іс-әрекеттер жасап, сонымен бірге физикалық белсенділікті сақтау арқылы іске асыра аламыз.

 

Физикалық белсенділіктің маңызы

Компьютердің, смартфондардың және басқа да құрылғылардың пайда болуымен техникалық прогрестің орын алуы салдарынан, адамнің күнделікті өмірі мен жұмысы жеңілдеп,  соңғы он жылмен салыстырғанда физикалық белсенділігі немесе қимыл-қозғалысы бірден қысқарды.

Бұл өз кезегінде уақыт өте келе адамның функционалдық қабілетінің төмендеуіне, қаңқа-бұлшықет аппаратының әлсіреуіне, ішкі ағзалардың жұмысының нашар жағына өзгеруіне әкеп соғады. Қимыл-қозғалыстың жеткіліксіздігі мен энергияжұмсау барлық жүйелердің (бұлшықет, қантамыр, жүрек, тыныс алу) жұмысын нашарлатып, түрлі ауруларға бейім етіп қояды.

Міне сондықтан да спорттың адам денсаулығына әсері ұшан-теңіз. Денешынықтыру мен спорт кей кезде адам ағзасы табиғи түрде қажет ететін қимыл-қозғалыс пен күшті іске асырудың қолжетімді түрі болып табылады.

Қимыл-қозғалыстың жүйелер мен ағзаларға әсері

Спорттың адам денсаулығына қандай әсері бар екендігі қаншама мақалада, зерттеу жұмыстарында, тіпті диссертация жұмыфстарында жазылып та, айтылып та жүр. Ондағы жазылған мәліметтерді қысқаша және қолжетімді түрде топтастырып көрейік. Сонымен, спорт адам ағзасы үшін келесідей себептермен пайдалы:

Жетілуші ағзаға спорттың әсері

Спорт пен баланың денсаулығы қаншалықты байланысты екендігін медициналық статистика көрсетеді. Дәрігерлердің статистикасына сүйенсек, жиі ауыратын балалар мен жасөспірімдердің 70 пайызы спортпен шұғылданбайды және денешынықтыру сабағына қатыспайды. Мектепте миға түсетін салмақ, үйде үнемі компьютердің немесе теледидардың алдында телміріп отыру ағзаның физикалық қуат алмауына әкеп соғады.

Бұл функционалды бұзылыстарға соқтырып, оқушылар мен студенттерді «жас қарияға» айналуына әсер етіп, үлкен жастағы кісілерде кездесетін түрлі аурулардың дамуына себеп болады.

Оқушылар мен студенттер үшін денешынықтыру сабақтары мен спортпен шұғылданудың маңызын айтып жеткізу мүмкін емес, жас ағзаға және жетіліп келе жатқан денеге үнемі қозғалыста жүру қажет. Қазіргі балалардың қимылы аз өмір салты дәрігерлер мен педагогтардың алаңдаушылығын туғызып отыр.

Спортты насихаттау

Физикалық белсенділіктің адамға пайдалы екендігін медициналық зерттеулер, практикалық бақылаулар мен фактілер, тіпті халық даналығы да дәлелдейді.

Замануи медицина және педагогика спортты насихаттауа және қоғамның дене тәрбиесіне деген оң көзқарасын туғызуға барынша тырысып келеді. Мектептерде және жоғары оқу орындарында денсаулық және спорт күні өткізіліп тұрады. Оқушыларға бассейндер мен жаттығу залдарына баруға тегін абонемент беріледі. Дегенмен, дене тәрбиесінің денсаулыққа әсеріне немқұрайлы қарайтындардың саны әлі де көп.

Спортпен шұғылданғанда қауіпсіздік шараларын ұмытпаған да жөн!