Аденоид деген не?

Аденоид дегеніміз – көмекей безінің шамадан тыс ұлғаюы.

Сіздің балаңыз суық тию ауруларымен немесе құлақтың қабынуы ауруымен жиі және ұзақ ауырады ма? Мәселе көмекей безінің аурумен байланысты болғандықтан, жоғарыдағы белгілер аденоид белгісі екендігін жоққа шығармайды.Аденоидты аспапсыз, көзбен көру мүмкін емес. Көмекей безін Лор дәрігері ғана арнайы айна-құралдың көмегімен көре алады. Балалардағы аденоид, немесе дұрысырағы – аденоидті даму (аденоидті өскін) – кең тараған ауру түрі. Ол 1 жастан 15-15 жасқа дейінгі балаларда дамиды. Аденоид 3 жастан бастап 7 жасқа дейінгі балаларда жиі көрінеді. Қазіргі таңда балаларда ерте жастан аденоид пайда болуы тіркеліп жатыр.

Балалардағы алденоид сипмптомдары (белгілері)

Аденоид несімен кері әсер етеді?

Бұл белгілер бала ағзасында аденоид бен көмекей безі ұлғаюының нәтижесінде пайда болатын ең көзге көрінетін және жиі байқалатын түрлері. Шындығына келгенде аденоидтен па  да болатын патологиялық өзгерістер шоғыры бұдан ауқымды. Оған қан құрамының өзгеруі, жүйке жүйесі дамуының бұзылысы, энурез, бүйрек қызметінің бұзылуы да жатады.

Жоғарыдағы аденоидтық белгілердің бірінің болғаны-ақ диагноз қойып, ем шараларын тағайындауға жеткілікті.

Аденоидті анықтау және емдеу

Аденоидті емдеудің қажеттігі көзге көрініп тұрады. Емдеу керек екені даусыз. Мұрыннан әрең тыныс алудың ұзаққа созылуы кеуде сүйегінің дұрыс дамымауына және қаназдық кеселіне ұшырауына әкеп соғады. Одан бөлек, баланың ұдайы аузымен дем алуы салдарынан оның жағы салбырап, мұрын-ерін қыртыстары тегістеліп кетеді, тіс құрылымы бұзылады (жоғары тістері төменгілерінен едәуір алға шығыңқы болады), бет әлпеті өзгереді.

Егер сіз балаңыздан жоғарыда аталған белгілердің бірін байқасаңыз, уақыт созбай міндетті түрде балалар аденоидін күмәнсіз емдей алатын Лор дәрігеріне қаралыңыз. Аденоидтің І сатысындағы науқастар, тыныс жолында бұзылыс жоқ балаларға консервативті ем тағайындалады. Дәрігер баланы емдеуге дәрілер, мысалы 2% протаргол ерітіндісін тамызып, С және Д витаминдерін, кальций препараттарын  қабылдауды тағайындауы мүмкін.

Балалардағы аденоидті операция (ота) арқылы емдеу – аденотомия деп аталады. Ота қатаң көрсеткіштер бойынша жасалады. Ереже бойынша, операция арқылы емдеу аденоидтің ІІ-ІІІ сатыларында, немесе күрделі асқынулар жағдайында – естудің нашарлауы, мұрынмен тыныс алудың бұзылуы, сөйлеу бұзілісі, жиі суықтап ауыру секілді жағдайларда жасалады.

Егер қалай болғанда да ота жасалынады деп шешкен жағдайда, отаны наркоз арқылы жасаған дұрыс па, әлде жергілікті жансыздандыру арқылы жасаған оңтайлы ма, қандай асқынулар болуы мүмкін, отадан кейін балаға қандай күтім жасау керек деген сұрақтар туындайды. Ол сұрақтарға сауатты Лор дәрігермен ақылдасып жауап алуға болады.