Астигматизм— көз рефракциясының бұзылуы. Бұл дегеніміз көздің анық көрмеуі.
Ол алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікпен бірге байланыса дамиды.
Сау көзде көздің жанары мен мүйізгек қабағы тегіс сфералық келеді. Ал астигматизмде көз жанарының сфералық тегістігі бұзылып, әр түрлі бағыттағы қисықтық пайда болады.
Себептері:
Астигматизмнің негізгі себебі- көз жанары мен шынайнасының деформациялануы. Көз жанары тегіс сфералық пішінді келмей, бір жаққа қарай қисайыңқы келеді. Мұндай қисық шынайнадан өткен сәулелер көз торында бір орынға жинақталмай, бірнеше нүктеге шашырап кетеді. Сол себепті көз көруі бұлдырланады.
Астигматизм белгілері
- Астигматизм тұқымқуалайды. Сол себепті астигматизмнің белгілерін бала кезден білуге болады. Балалар көздің нашар көргіштігіне, көздің шаршауына, көздің сығыраюына шағымданады.
- Егер ата-ананың біреуінде астигматизм ауруы бар болса, баланың көздерін кішкентайынан тексерткен жөн.
- Көздің бұлдырлауы, анық көрмеуі
- Аз ғана физикалық күштің өзінде көзде қосақтана көріну болады
- Бастың жиі ауруы
- Аз физикалық күште көзге салмақ түсуі
Астигматизмнің өршу кезеңі үшке бөлінеді: әлсіз, орташа, жоғары. Әлсіз даму кезеңінде көздің бұзылуы бір диоптрияға дейін барады. Мұндай жағдайда көздің көруі нашарламайды және емді қажет етпейді. Ал орташа және жоғары даму кезеңінде дәрігерлердің көмегі қажет болады.
Жақыннан көргіштік пен алыстан көргіштік – астигматизмнің «жолдастары». Әдетте астигматизммен бірге екі аурудың біреуі ере жүреді, алайда кейде екеуі де бірге кездеседі.
Астигматизмнің түрлері
Гиперметропиялық қарапайым. Бұл түрінде көздің негізгі бір меридианы алыстан көргіштікпен зақымданған, ал екіншісі қалыпты жағдайда.
Гиперметропиялық күрделі. Бұл жағдайда көздің қос меридианы да алыстан көргіштікпен зақымданған.
Миопиялық қарапайым. Бұл түрінде бір негізгі меридиан жақыннан көргіштікпен зақымданған, ал екіншісі қалыпты жағдайда.
Миопиялық күрделі. Бұл жағдайда қос меридиан да жақыннан көргіштікпен зақымданған.
Аралас. Астигматизмнің бұл түрінде негізгі меридиандарда жақыннан көргіштікпен де, алыстан көргіштікпен де зақымданған.
Профилактика
- Көзге көп салмақ түсірмеу
- Жұмыс орнында жарықты дұрыстандыру. Лампаны адамның алдына немесе сол жағына қою керек. Бөмедегі жарық 100 пайыз болуы керек.
Түзету (коррекция)
Астигматизмді көзілдірікпен түзету
Астигматизмді көзілдірікпен түзету үшін, мұқият диагностикадан өту керек. Арнайы «күрделі» көзілдіріктер таңдалады.
Астигматизмді жанаспалы (контактный) линзамен түзету
Ұзақ уақыт бойы астигматизмді тек қатты линзалармен түзетуге болады деп санайтын. Бірақ оны қолдану ыңғайсыздық тудырып, көз шынайнасына кері әсерін тигізді. Алайда, қазірті кезде астигматизмді түзейтін ыңғайлы және қауіпсіз линзалар бар.
Көзге арнайы жаттығулар жасау
Тіке отырып, басты тік ұстау керек. Көзбен алдымен оңға және солға қарау. Осылайша бірнеше уаұыт отыру. Кейін көзді солдан жоғарыға қарау керек. 5-6 рет қайталау.
Осы отырыста мұрынның ұшына көз кішкене шаршағанша қарап отыру керек. Кейін көзді оңнан солға бірнеше рет айналдыру керек. 5-6 рет қайталау.
Күнделікті көзге саусақтың ұшымен уқалау өте пайдалы