Кокаиномания– құрамында кокаины бар заттарды шамадан тыс пайдалану.

Кокаин ұнтақ түрінде сатылады. Крэк және спидболдың құрамында кездеседі.

Қолдану әдістері: мұрын арқылы деммен тарту, ауызға салу, тамырға, тері астына және бұлшықетке инъекйия арқылы қабылдау, шегу, тілдің астына салу, тік ішек және қынап арқылы  пайдалану.

Қабылдағаннан кейін масайрау байқалады, адам өзін белсенді, жігерлі және төзімді сезінеді. Тамақтану және ұйқыға қажеттілік жоғалады. Жүрек соғысы жиілеп, ентігу пайда болады. Артериялық қысым жоғарлайды, дене қызуы көтеріледі. Кокаиноманияның созылмалы түрінде психоэмоциялық және соматикалық бұзылыстар орын алады.

Симптомдар

Кокаиннен болатын әсерді екі топқа бөледі: орталық және перифериялық жүйке жүйелеріне әсер етуіне қарай, орталық және перифиялық деп екіге бөледі.

Орталық тобындағы әсерге масаттану, мастық сезімі болады. Науқас өзін батыл, сергек, шыдамды, өзіне сенімді сезінеді. Интеллектуалдық қабілеттердің артқанын байқайды, сөзшең келеді, аз ұйықтап және аз тамақтанады.

Перифериялық тобындағы әсерлерге көздің қарашығының ұлғаюы, жүрек соғысының жиілеуі, ентігу, артериялық қысысның жоғарлауы, дене қызуының көтерілуі жатады, сонымен қатар қарқынды тершеңдік болады. Кокаиноманияда жеңсікқұмарлық күшейеді.

Кокаиннің күші кеткен соң, адамның көңіл-күйі түсіп, жаңа дозасын қабылдау қажеттілігі пайда болады. Арығарай есірткіні бірқалыпты дозада қабылдауы мүмкін, немесе дозаны аз ғана көбейтуі мүмкін.

Кокаиноманияның созылмалы түрінде ағзада нейромедиаторлардың алмасуының бұзылуынан бірнеше өзгерістер пайда болады. Науқастарды ұйқының бұзылуы, бас ауру және жүрек айну мазалайды. Тез шаршайды, есте сақтау қабілеті төмендейді, ойын жинақтау қиындайды. Кокаиноманияда мұрын қуысының шырышы зақымданады. Кеңсіріктің зақымдануы да байқалады.

Адамның тұлғалық қасиеттері өзгереді. Науқаста агрессия және ашуланшақтық байқалады. Сыртқы келбеті нашарлайды, өз жасынан үлкен көрінеді. Сандырақтау көбейеді, галлюцинация пайда болады. Кокаиноманияның әдеттегі белгісі- түйсіну галлюциянасының орын алуы, яғни, науқаста терісінің астында жәндік жүрген сияқты сезімнің пайда болуы. Суицидтік ойлар мен пиғылдар пайда болуы мүмкін.

Кокаиноманияның соңғы кезеңінде дене салмағының төмендейді, беттің ісінуі байқалады және терінің түсі сұрғылт болады. «Жәндіктің» орнын қасуынан денеде тыртықтар байқалады. Иммунитеттің төмендеуін іріңдеген жерлер пайда болады. Ішкі ағза органдарынан ентігу, стенокардия пайда болып, жүрек соғысы бұзылуы мүмкін. Мұндай науқастарда инсульт, миокард инфарктісі болуы мүмкін.

Дозадан артық пайдалану симптомдары тамырға салғанда бірнеше минуттан соң, ал шеккенде 30-60 минуттың ішінде пайда болады. Ауыр жағдайда қозу күйінен жүйке жүйесінің басылуына өтеді. Орталық жүйке жүйесіне әсерінен тыныс алу және жүрек жұмысы бұзылады. Тыныс алудың тоқтауынан науқас өледі, ал жүрек-қантамыр патологиясында инфаркті мен жүрек ритмінің бұзылу пайда болады.

Тырысу (судорога), өкпенің ісуі, аритмияның ауыр түрі, инфарткі және инсульт болуы мүмкін. Уланудың ауыр түрінде науқас комаға түседі. Өлімнің себебі қан ұйығыштығының бұзылуынан, бүйрек және көп ағзалық жетіспеушілігінен болады.

 

Диагностика және ем

Кокаиномания диагнозын нарколог дәрігер қояды.

Алдымен хроматография, поляризациялық флуороиммуноталдау, иммуноферментті және  иммунохроматографиялық талдаулар жасайды.

Психотериялық ем қолданады. Кейін стационарлық ем мен реабилитация жасалады.

Көп нәрсе науқастың өзіне, сауығуға деген ықыластың болуына байланысты.

Науқас психиатр мен психотеравттің бақылауынада болуы тиіс.

Share This Class:

Яндекс.Метрика