Балалар мен емізулі балаларлағы ұйқы бұзылуы

Балалардағы ұйқы бұзылушылық шамадан тыс эмоциялық күйге түсінуіне байланысты. Ең алғашқы себептер – тамақтану режиімінің бұзылуы, ұйқы режимінің бұзылуы немесе ортаның ауысуы. Бұл жиі кездесетін себептер және ата-аналар үшін білінбейді. Мұндай жағдайда ата-ананың және психологтың көмегі қажет. Өзгерістерге бала үйренгеннен кейін, ұйқы дұрысталады.

Ұйқының бұзылуына әсер ететеін басқа себептер:

Емізулі балада ұйқы бұзылушылық физиолониялық өзгерістер мен ерекшеліктерден болады:

Кейде ұйқының бұзылуына ішкі патологиялық аурулар мен психикалық аурулар әсер етеді. Түнде шошып ояну, тұншығып ояну,  энурез, айкезбе, бруксизм (тісті қытырлатып үйкеу) сияқты симптомдарды байқасаңыз педиатрға қаралыңыздар.

Егде кісілердегі ұйқының бұзылуы

Егде кісілердегі ұйқының бұзылуы әдетте миға қанның толық бармауына байланысты болады. Яғни, ағзада оттегінің эетіспеушілігінен туады. Ұйқының бұзылуына келесі ағза жүйелерінің аурулары әсер етеді:

Осы аурулардың салдарынан келесі ұйқы бұзылушылықтың асқынуы болады:

Транзиторлы ұйқысыздық— адам стрессті жағдайда жүргенде болатын ұйқысыздық.

Созылмалы ұйқысыздық— кәріліктің себебінен болатын мидағы және жүйкені ұлпаларындағы өзгерістерден болатын ұйқысыздық
«Мазасыз аяқтар» синдромы- ұйықтайтын кездесі аяқтардың түршігу сезімі.

«Бармақ ұштарының қимылы» синдромы –бұл синдромда бас бармақ бүгіледі, жарым-жартылай немесе толықтай тізе мен санда бүгілу пайда болады.

Мұндай жағдайларда, тудырушы патологиялық себептерді емдеу керек, және егде кісілерге дұрыс ұйқыға баулитын пайдалы әдеттерге үйрету керек. Олар:

Халық емі

Жастықты раушан гүлінің күлтелерімен, жалбыз, лавр жапырақтарымен, қарағай қылқандарымен, қырыққұлақ және қазтамақпен толтыру керек.

Ұйықтар алдында 1 шай қасық бал қосылған бір стақан жылы су немесе сүт ішу

Тамақтанудан 20 минут бұрын құлмақ түйінінен жасалған тұнбадан жарты стақаннан үш мезгіл ішу керек. Дайындалуы былай: 2 шай қасық ұнтақталған құмақ түйініне 50 мл қайнаған су құямыз да, 1 сағатқа тұндырамыз. Дайын болғаннан соң сүзіп аламыз.