Анальді жарық (жарылу)

Бұл өте кең тараған проктологиялық аурулардың бірі. Дәстүрлі емес тқсек қатынасын қолданатын еркектерде көп кездеседі.

Ол не?

Анальді жарық (артқы өтістің жарылуы) – тік ішек қысқыштарының шырышты қабығының зақымдануы.  90% жағдайда жарық артқы өтіс өзегінде пайда болады.

Ол неден болады?

Анальді жарық артқы өтіс өзегінің шырышты қабатының  іш қату, іш өту, геморрой, проктит, сонымен бірге анальді төсек қатынасы салдарынан ішек жақтауларының  жарақаттануынан, нәжістің әдеттен тыс заттармен (мысалы, сүйек) шығуынан жарақаттануы нәтижесінде пайда болады.

 

Анальді жарықтың негізгі белгілері:

Ауырсыну сезімі дәреттен кейін бірнеше сағатқа созылады. Ол ашуланшақтық, күйгелектік, ұйқының бұзылуына әсер етеді. Анальді жарығы бар науқастар әжетханаға барудан қорқып, нәжісті сақтап жүре береді. Ал ондай жағдайда нәжістің жиналып қалуы дәретке отыру кезінде артқы өтістің одан да қатты жарақаттануына себеп болады.

Ем-дом жасалмаған жағдайда жарақат өзінен-өзі жазылмайды. Жарықтың көлемі үлкейіп, нәтижесінде толық жазылмайтын ойық жара (созылмалы анальді жарық) пайда болып, іш қату мен қатты ауырсыну сезімін туғызады.

Диагностика

Анальді жарықты тексеріп, диагноз қою ісімен проктолог-дәрігер айналысады. Ауру түрі мен дәрежесі науқасты тексеріп қарап, сұрақтарға жауап алынғаннан кейін болады. Айқын көрініп тұрған ауру арнайы құрал-сайманның көмегінсіз анықталады.

Емдеу

Емдеу тәсілін проктолог науқасты тексеріп болғаннан кейін оның жағдайы мен ауру уақытына қарай белгілейді.

Емдеудің терапевттік түріне мыналар кіреді:

Хирургиялық жолмен емдеу созылмалы анальді жарық кезінде, терапевттік әдіспен емдеу мүмкін болмаған жағдайда іске асырылады.

Хирургиялық жолмен емдеу бірнеше түрге бөлінеді:

Емнің негізгі бөлігін диета құрайды. Пайдалы тағамдар, өсімдік талшықтарына бай – көкөністер мен жемістер (қара алқоры, өрік, інжір, кептірілген өрік), ішектің жұмысын қалпына келтіретін тағамдарды пайдаланған жөн.

Ащы, тұзды, қышқыл тамақтарды, алкогольді ішімдіктерді тұтынбаған абзал.

Емдеу кезінде физикалық қысым, әсіресе ауыр көтеруге, ыстық су процедураларын қабылдауға болмайды.

Уақытылы ем жасалмаса немесе мүлде ем жасалмаса соңы ауыр асқынуларға соқтырады.