Диарея  – іштің өтуі немесе тәулігіне үш реттен артық сұйық нәжіс ретінде пайда болатын синдром. Көп жағдайда іш ауруы, жоғары дене қызуы, құсу сияқты симптомдармен бірге пайда болады.

Диарея кезінде ағза қатты құрғайды, сол себепті бұл ауру балалар және егде жастағы адамдар үшін қауіпті. Дер кезінде емдеу шарт.

Диареның түрлері:

Медицина диареяны екі түрге бөледі: өткір және созылмады. Екеуінің айырмасы аурудың ұзақтығында ғана, симптомдары ұқсас.

Өткір диарея:

Диареяның бұл түрінің ұзақтысы 1-14 тәулікті құрайды. Себептері әртүрлі болуы мүмкін: дәрі-дәрмекке деген реакция, астан улану, сонымен қатар әртүрлі инфекциялар (вирустар, бактериялар).

 

Созылмалы диарея:

Созымалы диарея ұзақ уақытқа созылады, кей-кейде асқынып тұрады. Бұл түрі ағзаны әлсіретіп, құрғақтыққа алып келеді. Және де бұл түрі жасырылған басқа аурудың симптомы болуы мүмкін.

Симптомдары:

Дереу дәрігерге қаралу керек жағдайлар:

-Егер сәбиде диарея 2 тәуліктен артық, ал егде жастағы адамда 5 тәуліктен артық созылса:

-Дененің қызуының жоғары болуы

-Қою түсті нәжіс, қан аралас

-Құсу және жүрек айну

-Диарея Африка, Азия және т.б. экзотикалық елдерге барғаннан соң басталса;

-Азғаның құрғауы сезілгенде

Себептері

Өткір диареяның себептері:

Созылмалы диареның себептері:

Диагностика:

-қан талдауы

-рентгенді тексеру

-эндоскопия

-биопсия

-сутекті тыныс алу тесті

-қандағы гормондардың деңгейін тексеру

-нәжіс талдауы

Емдеу:

Көп жағдайда 2 тәуліктің ішінде диарея қайтады. Сол екі тәуліктің ішінде дұрыс тамақтанып, ағзаны құрғатып алмау керек.

Егер диарея ұзаққа созылса, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

Диареның негізгі ем-домы мыналар:

-Диета ұстау;

-Ағзадағы су балансын ұстау;

-Үй жағдайында дәрі-ләрмекпен емделу;

-Ауруханада емделу (егер де ауру созылса немесе басқа да күдіктер болса);

 

Диарея кезіндегі диета:

-Диарея кезінде көп су пайдалану.

-Егер де тамаққа тәбетіңіз тартпаса, ішіңіз ауырса тамақтанудан бас тарта тұрған жөн.

-Асты аз-аздан ішу.

-Егер еметін бала диареямен ауырса оны емізуді жалғастыра беру. Егер қолдан тамақтанатын болса, сиыр сүтіп сумен алмастырған дұрыс.

Іш өткенде мына тағамдардан бас тарту қажет:

Диареяда жеу керек тамақтар:

.

Дәрі-дәрмектер:

Дәрі-дәрмекті дәрігердің қабылдауында болған соң мұқият анықтама бойынша қолдану керек.

Диареяға қарсы дәрілер тобы: «Энтерол», «Эубикор», «Мезим Форте», «Смекта», «Энтеросгель», «Имодиум», «Хилак Форте», «Лоперамид Акри», «Панзинорм Форте», «Лопедиум», «Регидрон», «Полисорб МП», «Линекс», «Полифепан», «Диосмектит», «Коапектат», «Энтеросорб».

Ағзаның құрғанып кетуіне қарсы дәрілер: «Регидрон», «Гидровит».

Ішек антисептиктері: Нифуроксазид («Энтерофурил», «Эрсефурил», «Стопдиар»), Рифаксимин («Альфа нормикс»), «Интетрикс».

Инфекциялы диареяда: «Галавит»

Колитте іш өтуді суыққа қарсы дәрілермен емдейді.

Диарея кезінде антибиотикті тек дәрігер тағайындайды, және де ол диареяның инфекциядан пайда болғаны анықталған жағдайда беріледі.

Профилактика

Іш өтуді болдырмау үшін келесі ережелерді ұстау керек:

One Response