СӨЖ

Тақырыбы: «Неврологиядағы функционалды зерттеу әдістері»

 

Жоспар:

  1. Ультрадыбыстық допплерография(УДДГ)
  2. Бас және мойын тамырларының УДДГ-сы мүмкіндіктері
  3. УДДГ жүргізілуі
  4. УДДГ артықшылығы және кемшілігі.

Ультрадыбыстық допплерография(УДДГ) 

Ультрадыбыстық допплерография(УДДГ) —  қан айналымының инвазивті емес зерттеу әдісі. Ол Допплер әдісіне негізделген.

УДДГ-ның 2 түрін ажыратады: бас миының(транскраниалды УДДГ) және мойын тамырларының УДДГ(брахицефалды тамырларының УДДГ). Бұл екі әдіс қатар жүргізіледі, сол арқылы, біз, бас миын қанмен қамтамасыз ететін қан тамырларының құрылымы туралы ақпарат аламыз. Бұл әдістің құрамына ұйқы артериясын, бұғана асты және омыртқа артерияларын, мойын веналарын және бас миының магистралды тамырларын зерттеу кіреді.

Сурет алуы УДЗ көмегімен, УД толқынға қан тамырларындағы қан клеткаларының(эритроцит) әртүрлі шағылысуына негізделген. Шағылысқан толқындарды  арнайы датчик көмегімен қабылдап, электрлік импульске айналдырып, экранға шығарады. Соның көмегімен нақты қазіргі уақыттағы ағымдағы қанды  арнайы график және түсті сурет ретінде көреміз. УДДГ қазіргі уақыттағы қан тамырларды ішінен қарауға, яғни тарылу, тромбоз немесе  спазммен байланысты қан ағымындағы өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

Доплерография кезінде тек бір ғана функция зерттеуге болады – тамыр өткізгіштігі. Сонымен қатар, дуплексті сканерлеу бар(УДДС), ол екі функцияны бағалауға мүмкіндік береді – тамыр анатомиясы және қан ағымының жылдамдығы, тағы триплексті зерттеу бар – тамыр анатомиясын, қан айналымына баға беру, түсті режимдегі тамыр өткіздігін нақты бағалауға болады. 

Бас және мойын тамырларының УДДГ-сы мүмкіндік береді:

Қандай жағдайларда бас және мойын УДДГ жүргізеді:

Бас миы және мойын тамырларының УДДГ дайындық.

Арнайы дайындықты қажет етпейді.

Зерттеу қалай жүргізіледі?

Зерттеу жүргізгенде науқас өзінен зерттелетін аймақтан киімді, әшекей бұйымдарды шешу керек. Науқас терісіне арнайы түссіз гельді жағады, ол датчик пен тері арасында тығыз контакт қамтамасыз етеді.  Датчик орнатқаннан кейін, мониторда  үздіксіз өзгеретін бейне көрінеді. Зерттеу кезінде УД аппараттан әдеттегідей емес дыбыс естілуі мүмкін, ол тамырдағы қан ағымының өзгеруіне байланысты.

Бас миы мен мойын тамырларының УДДГ-ның «ультрадыбыстық терезесі» беттік доғадан  2-3см жоғары. Самай сүйегі аз мөлшерде УД толқындарды сіңіреді, сондықтан алдыңғы, ортаңғы және артықы ми артерияларындаңы қан ағысты зерттеуге мүмкіндік береді.

Зерттеу жүргізілген соң гель сүртіледі.

Зерттеу ауырсынусыз жүреді және жүргізуі уақыты 45 минуттан аспайды. 

Бас миы және мойын тамырларының УДДГ артықшылығы:

 

Қарсы көрсетілімдері:

УЗДГ-ның қарсы көрсетілдері жоқ. 

Бас миы және мойын тамырларының УДДГ  жүргізгендегі шектеулер: