Геморройдың жұмсақ шешімі

Геморрой — тік ішектің геморроидті тамырларының кеңеюі. Ол жайсыздық, ауыру, қызу, геморроидті түйіннің түсіп кетуімен, қан кетумен сипатталады. Жағымсыз сезімдерінен бөлек бұл ауру тромбоз, анемия секілді аурулардың туындауына себеп болуымен қауіпті.

Геморрой деген не?

«Геморрой» сөзін көп адамдар аузына да алғысы келмейді. Бұл өзге түгіл, өз жақыныңмен бөлісуге жағымсыз кесел.

Геморрой — тік ішектің геморроидті тамырларының кеңеюі. Ол жайсыздық, ауыру, қызу, геморроидті түйіннің түсіп кетуімен, қан кетумен сипатталады. Жағымсыз сезімдерінен бөлек бұл ауру тромбоз, анемия секілді аурулардың туындауына себеп болуымен қауіпті.

Проктологтардың есептеуінше, адамдардың 80% ертелі-кеш бұл аурумен бетпе-бет келеді.

Геморройдың пайда болу себебі

  • Тұқымқуалаушылық, туабітті пайда болған кесел
  • Іш қату
  • Тамақтанудың дұрыс болмауы (жеміс-жидек пен көкөнісі аз, ащы тағамдары көп тамақ раионы; шай мен кофені шектен тыс көп қолдану).
  • Кәсіпке байланысты қимыл-қозғалыс, ауыр көтеру, отырып немесе тік тұрып жасайтын жұмыс
  • Кейбір спорт түрлері: ауыр атлетика, велоспорт, мотоциклмен жүру
  • Жүктілік пен босану
  • Гигиена ережелерінің сақталмауы
  • әдеттегіден өзге төсек қатынасы

Геморройды қалай емдейді?

Геморройды емдеуде оның қай сатыда екеніне байланысты, дәрілік препараттардан бастап ота жасауға дейінгі барлық емдеу шарасы жүргізіледі. Оның методикасы жан-жақты қарастырылған, сондықтан тәуекелге бару жағдайлары аз көрсеткіште.

 

Share This Class:

Яндекс.Метрика