Алкоголизм деген не?

Алголизмді ішімдіктерді жиі ішу мен ішімдікке деген құштарлық деп білеміз. Алкоголь жүйке жүйесіне есірткі сияқты әсер еткендіктен, оны наркоманияның бір түрі деп есептейді. Ішімдікті ұзақ және қарқынды ішу ағзаның ішкі органдарын бұзуына әкеледі, бұл да алкоголизмнің бір сипаты деп есептеледі.

Алкоголизмді психиатор-нарколог емдейді.

Көп жағдайда алкоголизммен жалғыз күресу мүмкін емес, әсіресе екінші және үшінші кезеңдерде. Уақытылы маманға қаралу ішімдікке тәуелділікті жойып, ағзаны қалпына келтіреді.

Алкоголизмнің себептері:

  1. Физиологиялық факторлар
  2. Психологиялық факторлар
  3. Әлеуметтік факторлар

Ең маңызды себептердің бірі- адамның генетикалық тұрғыда ішімдікке бейімділігі. Бірақ мұндай себеп алкоголизмнің дамуына міндетті емес, өйткені тәрбие мен әлеуметтік мәртебе үлкен маңызға ие.

Генетикалық бейімділіктен бөлек, физиологиялық фактор да бар. Бұған адамның денсаулығының жағдайын жатқызуға болады. Жүйке жүйесіне, заттың алмасуына және бауырға қатысты кейбір ауруларда алкоголизм тезірек дамиды. Ішімдік ішкен адам өте жиі депрессияға ұшырайды, үрейлік, мазасыздық мазалайды. Алкоголизмнің салдары психологиялық тұрғыдан қарағанда өте нашар көрініс береді, адам қатты деградацияға ұшырайды. Біреулер ішімдікті шарасыздықтан ішсе, енді біреулер жұмыстан соң демалу деп ішеді, солай ішімдікке құмарлық пайда болады.

Әлеуметтік-экономикалық фактор. Бұл адамның қоршаған ортасына байланысты ішімдікке құмарлығын не жоқтығын айқындайды. Тәрбие, дәстүр және отбасылық құндылықтар адамның өз проблемаларын қалай шешуге үйретеді. Егер отбасыда алкоголизмнің көрінісі орын алса, онда ішімдікке құмарлық арта бастайды. Бұл ішімдік пентемекі шегу алдындағы қорқынышты жояды. Солай бала тәрбиесінде әке-шешеме болады, маған да рұқсат деген түсінік қалыптасады.

Алкоголизмнің даму кезеңдері

 

Ішімдікке тәуелділіктің екі түрі бар- психологиялық және физикалық.

Біріншісі алкогольдің жүйкеге әсер етуінен туындайды, ал екіншісі этанолдың зат алмасу процесіне қосылуынан туындайды.

Патологиялық тәуелдіклікті дәрігер келесі төрт белгі арқылы анықтайды:

  1. Ішімдікке құмарлығының деңгейін
  2. Алкогольге деген шыдамдылықтың өзгерісін
  3. Алкогольді абстинетті синдром (барлық нашақорларда есірткіні тоқтатқан соң пайда болатын синдром)
  4. Ішкі органдардық алкогольді бұзылуы

Сонымен қатар алкоголизмнің үш даму деңгейі бар:

  • Бірінші кезең. Ішімдікке құмарту басталады. Аптасына бір рет болсын ішімдік ішкісі келу- қорқатын симптом. Бұл кезеңде адам алкоголизммен емделуді ойламайды. Қатты масайғанша іше береді. Адам бұл кезеңде агрессивті және мазасыз. Келесі күні мастықтың салдары (похмелье) байқалады. Құсу жоқ.
  • Екінші кезең. Ішімдікке деген шыдамдылық пайда болады. Енді адам мас болғанша іше бастайды. Тәуелділік күшейеді. Бірінші кезең мен екінші кезеңнің айырмасы – адамда абстинетті синдром пайда болады. Құмарды ішімдікпен баспаса адамның психологиялық және физиологиялық жағдайды нашарлайды. Осылайша ағза ішімдіктің келесі порциясын сұрайды. Адамда ашушаңдық, жоғары артериалды қысым, қол-аяқтың қалтырауы, жүрек соғысының жиілеуі, ұйқысыздық, тамақ, судан кейін құсу байқалады. Физикалық белгілерден бөлек галлюцинациялы психоз пайда болады. Соларды болдырмас үщін адам одан сайын ішімдік іше береді, бұл ішімдікті салынып ішуге әкеліп соғады. Бұл кезеңде адам ұзақ жүреді, тіпті кейде өмірінің соңына дейін.
  • Үшінші кезең. Алкогольге деген төзімділік бітеді. Ішімдіктің аз ғана ұрттамы масайтады. Абстинетті синдром өте анық, алкогольді күнделікті ішуге әкеліп соғады. Адамның тұлғалық қасиеті жаман жаққа өзгереді, ойлау қабылеті мен интелектісі толықтай жоғалады.

Созылмалы алкоголизм ішкі ағзаларды қайта орнына келместей бұзады!

Алкоголизді емдеу және оның салдары

Алкоголизмде ең маңызды ем- ішімдіктен түбегейлі бас тарту. Оны ұрттау бұрынғы қалыпқа түсіреді. Емдеу барысында ең бастысы абстинетті синдромды жою және ішімдікке тәуелділікті азайту. Алкогольді улануды қайтару үшін зат алмасуды күшейтіп, этанолды азғадан шығаратын дәрі-дәрмек пайдаланады. Алкоголизмді тек дәрі-дәрмекпен емдеу аздық етеді. Қосымша қарқынды психотерапиямен емдеуді қажет етеді.

Созымалы алкоголизмнің салдарының қаншалықты үлкен екенін көру үшін, оның түбі неге әкеліп соғатынын ойлау керек. Ішімдікке деген құмарлықтан отбасылар ажырап жатыр, ауру балалар дүниеге келеді және олар болашақта ішкіштерге айналады. Мастықтан болған және ішімдік алу үшін жасалған қылмыстар жыл өткен сайын өсуде. Алкоголизмнің өсуі қоғамның интелектуалды даму деңгейіін төмендетіп, мәдени құндылықтардың жойылуына әкеп соғып жатыр. Денсаулықтың нашарлығынан қоғамда жұмысқа жарамсыздық көбеюде. Алкоголизмнің салдары тек қана адамның өзіне кері әсер етпей, қоғам мен ұлт генотипінің жойылуына әсерін тигізуде. Сол үшін оны емдеуден бұрын, профилактикасына үлкен мән берейік!

More To Explore

Share This Class:

Яндекс.Метрика