Ларингит– суық тию, немесе қызылша, қызамық, көкжөтел сияқты инфекциялы аурулардың салдарынан болатын көмейдің қабынуы.

Аурудың асқынуына салқындап қалу, ауызбен демалу, шаңды ауа, көмейге күш түскенде, темекі және ішімдік ішу әсер етеді.

Ларингиттің екі түрі бар: өткір және созылмалы.

Симптомикаларына байланысты бұл екі түрі бірнеше түрге бөлінеді.

Атрофиялық ларингит: Ларингиттің бұл түрінде науқастар ауыз құрғақтығына, жөтелге, дауыстың қарлығуына шағымданады. Қатты жөтелгенде қан аралас қабыршақтар жөтелуі мүмкін. Ларингиттің бұл түрі балаларда мүлдем кезпесдейді. Үлкендерде кездесуінің себебі ащы тамақ пен әртүрлі дәмдеуіштер қосылған тағамды пайдаланғаннан деп түсіндіреді.

Кәсіптік ларингит. Бүл ларингиттің түрімен мұғалімдер, ұстаздар және тағы басқа «дауысты күшейтетін» кәсіп иелері ауырады. Уақыт өте келе қауыс қарлығып қалады.

Геморрагиялық ларингит. Тұмауратқанда көмейдің шырышты қабатына қанқұйылады.

Гипертрофиялық ларингит. Дауыстың қатты қарлығуы, жөтел, тамақтың жыбырлауы байқалады. Дауыс желбезегінде кішкентай өскіндер (әнші түйіні) пайда болады. Өскіндер дауысқа қырыл береді.

Дифтериялық ларингит. Дифтерияда ларингитті көмекей бездердегі инфекциялар қоздырады. Шырышты қабықшаны ақ жарғақша қаптап, дауыс желбезегі тұсындағы тыныс жолдарының бітелуіне әкеледі.

Катаралды ларингит – ларингиттің ең жеңіл түрі.

Ларинготрахеит. Көмей мен кеңірдекдің қабынуы.

Мерезді(сифилистический) ларингиті. Мерез (сифилис) ауруы асқынғанда пайда болатын ларингиттің түрі.

Турберкулезді ларингит. Туберкулез ауруның салдарынан болатын түрі.

 

Симптомдары:

  • Жөтел (алғашында құрғақ, кейін ылғалды жөтелге ұласады)
  • Тамақтың ауруы
  • Тамақтың жыбырлау
  • Бас ауру
  • Тамақтың (дауыстың) қарлығуы

Себептері:

Өткір ларингиттің пайда болу себептері:

  • Тұмау, суық тию, аденовирусты инфекция, вирустар, бактериялардың салдарынан
  • Ащы тағамдардан
  • Ішімдік пен темекіні көп пайдалану
  • Дауысқа күш салу( мысалы, әнші, мұғалімдер)
  • Шаң-тозаң, газдың әсерінен
  • гастроэзофегальді рефлюксті ауру

Созылмалы бронхиттің себептері;

  • өткір ларингиттің қайталана беруі
  • Құлақ, мұрын, тамақ ауруларының созылмалы түрі
  • Синусит
  • Вазомоторлы ринит
  • Тамаққа ұзақ және қатты салмақ түсіру
  • Темекі шегу
  • Ішімдіктер ішу

Диагностика

  • Анализ және медициналық тексеруден өту.

Егер дәрігер дауыстағы проблема ларингиттан ауырлау деп шешсе, қосымша анализдардан өткізеді. Олар:

  • Ларингоскопия
  • Ларингостробоскопия видеосы.

Емдеу:

Ларингитті Лор дәрігер емдейді. Өткір ларингитте ауруханаға жату міндеттелмейді. Аурудың алғашқы сатысында төсек режимі көрсетілген.

Науқас ларингитпен ауырғанда «дауыс режимін» ұстанған дұрыс, яғни мүлдем сөйлемеу. Тамаққа, дауыс желбезектеріне салмақ түсірмеу.

Ларингитті емдеу барысында ыстық, суық және ащы тағамдарды, газлы сусындарды, ішімдіктерді, темекіні мүлдем пайдаланбау керек. Сонымен қатар, суық ауаға шықпаған дұрыс.

Емдеуде  суықтауға қарсы, жөтелге қарсы және антибиотиктер пайдаланылады.

Сұйықтық көп ішу керек.

Ларингит гастроэзофегальді рефлюксті ауруынан да пайда болады деп айттық. Мұндайда асқазанды емдеген дұрыс. Асқазанда бөлінетін қышқыл сөлді азайтатын, кекірікті басатын дәрі-дәрмек ішкен жөн.

Профилактика

Ларингиттің алдын алу үшін. Алдымен тұмау, суық тию ауруларының алдын алу керек.

  • Қолды жуып жүру,
  • бір реттік майлық пайдалану,
  • жуылмаған қолмен мұрын, ауызды ұстамау
  • ӨРВА ауыратын адамдармен тығыз қатынас жасамау
  • Ұйқыны қандыру
  • Салқындап қалудан сақтану
  • Мойынды жылы шарфпен орап жүру
  • Үйдегі ауаның таза болуын қамтамасыз ету

Share This Class:

Яндекс.Метрика