Дефлорация (қыздық перденің жыртылуы)

Қыздықтан айырылу мәселесінде ең маңызды да зәрі сұрақтардың бірі – ол іске баруға ең қолайлы жас қандай деген сұрақ.

Қашан болуы керек?

Ерте де, сонымен қоса кеш те болмауы керек? Бұл сұрақтың қатып қалған бір нұсқасы жоқ. Қыздың өзі қашан физикалық және моральдық түрде дайын болса, қыздықтан сол кезде айырылу керек.

Ресми түрде рұқсат беру

Қазіргі әлемдік статистикаға қарағанда, жыныстық өмірді бастаудың орташа жасы 18 жасты көрсетіп отыр. Кәмелетке толмағандарды төсек қатынасына тарту заңмен жазаланады. Одан бөлек, ерте жастан жыныстық қатынас бастау жыныс мүшелерінде созылмалы аурулардың басталуымен қауіпті. Сақтану, ол мақсатта лажы барынша мүшеқап қолдану, оған арнайы жақпаларды жағу – оның мүшеге оңай енуін және бактерияға қарсы қасиетін көтеруге себеп болады.

Кейін не істеу керек?

Дефлорациядан кейін гинекологқа барып, ешқандай зақымдану болмағынына көз жеткізген дұрыс болар еді.

Қыз үшін алғашқы түн — бұл тек алғашқы жыныстық өмірді сезіну емес, сонымен бірге әйелге тән сезімталдықтың пайда болуы. Егер еркек нәзіктік көрсетпесе, онда әйелде ұзаққа дейін жыныстық қатынасқа жек көрушілік сезімі тууы немесе жыныстық салқындық сақталуы мүмкін.

Ауру және қорқыныш

Дефлорация жайлы қорқыныш пен мифтің бәрі ол процедура кезіндегі адам сенгісіз ауыру сезімімен байланысты. Шынайы жағдаймен ортақ тұсы аз. Жыныстық қатынас кезінде қыздар «қатты ауырады» деген ойды миларына сіңіріп алады да, ол өз кезегінде қынап бұлшық етін тырыстырып алуға себеп болады. Ал ол ер адамның мүшесі қыздың жыныс мүшесіне енуге кедергі келтіреді.  Содан тұйыққа тірелу пайда болады.

Әрине, дефлорация құбылысы мүлде ауырсынусыз болады десек өтірік айтқандық болар еді. Дегенмен, барынша босаңсып, барынша беріліп, іс-әрекетті асықтырмай жағымсыз сезімді төмендетуге болады.

Аймалап, еркелектенде қыз бала сезімге беріліп, қозған кезде қынаптан май секілді сұйықтық бөлінеді, ол дефлорацияның қатты ауырмай іске асуына көмектеседі. Егер табиғи түрде бөлінген сұйықтық жеткіліксіз болса, арнайы дүкендерде сататын «жасанды» жақпаны қолдануға болады. Бірақ, бастысы – бірінші ретте қатты ауырады және қорқынышты деген ойды мидан шығарып тастау керек.

 

Қан ағу

Дефлорация уақытында көкейтесті сұрақтың бірі қан ағу. Бұл да әр адамда әртүрлі: бірінде бар, бірінде жоқ.

Қан бір басталғаннан 5-7 күнге дейін ағуы мүмкін. Ал өмірлік драма қынаптан қан ақпаған кезде басталады.

Ер адамдардың көпшілігі дефлорация кезінде қыздық перденің жыртылу сәтін сезбейді. Сондықтан кейбірі жыныстық қатынас аяқталғаннан кейін қанның ізін көрмеген соң қыздан бұрын төсекте болған деп күмәнмен қарай бастайды. Дегенмен ол күдіктің бәрі ешқандай негізі жоқ, себебі көбісі қыздың алғашқы төсек қатынасы ауырсынуды да сезбейтінін, қан да ақпай іске асатынын білмейді.

Себебі көп болуы мүмкін – қыздық перденің қатты керілуі, туғаннан болмауы, о бастан пердеде үлкен саңылау болуы, қан тамырларының орналасу ерекшелігі және т.б.

Осылайша, бірінші төсек қатынасынан кейін қанның болуы немесе болмауы қыздың пәктігін айғақтай алмайды.

Қыздарды «алғашқы төсек қатынасында рахатты сезіне аламын б»а деген сұрақ аз мазаламайды. Көпшілігі оргазмға жетпсе де төсек қатынасының ләззатын сезінетін жай жиі кездеседі. Бірақ ләззатты сезіне алмаған жағдайда мұңаюдың қажеті жоқ. Көптеген әйелдер төсек рахатын алғашқы төсек қатынасынан көп ұзамай-ақ сезіне бастайды.

Қыздық пердені қалпына келтіру

Қазір бүгінгі күнде қыздық пердені қалпына келтіру оңай болып қалғаны ешкімге құпия емес. Қаптаған клиникалар мен медицина орталықтары гименопластика, яғни қыздық пердені қалпына келтіруге арналған пластикалық операция жасау қызметін ұсынуда. Сондықтан, егер қыз өзінің жұбайы пәктігіне күмәнданады деп ойласа немесе өткенін жасырғысы келсе, жоғарыдағы қызметпен оңай іске асыратын болды. Аталмыш операцияны пациенттің қалауымен жасайды.

Қыздық пердені қалпына келтірудің әдістері көп. Дегенмен олардың ішіндегі ең сенімдісі қынаптың аузын тарылтып тігу немесе үшқабатты гименопластика деп есептеледі.

Мұндай операциядан кейін қыздықтың шынайылығына ешкім күмәнданбайды. «қыздықтан айырылу» кезінде қан алғашқы дефлорация кезінен де қатты ағуы мүмкін.

 

 

More To Explore

Share This Class:

Яндекс.Метрика