Өткір (жедел) соқырішек – соқыр ішектің құрт тәрізді өскінінің қабынуы. Бұл адамдарда ең  жиі кездесетін патологиялық ауру.

Себептері:

  • Құрт тәрізді өскіннің (аппендикс) тамақ қалдықтарының, нәжіс тастарының тұрып қалуы
  • Аппендикстің қабырғасына шартты патогенді және ішек бактериялараның түсіп кетуі
  • Ішектің инфекциялық және паразиттік аурулары
  • Құрамында ақуызы көп тағамдарды пайдалану
  • Іштің қатуы.
  • Аппедикстің анатомиялық ерекшілігі
  • Артерия тромбозы, атеросклероз және жүрек соғысының бұзылуынан туатын аурулар
  • Тұқымқуалаушылық
  • Зиянды әдеттер, стрессті жағдайдар

Белгілері:

Соқырішек ауруы түнде немесе таңға жуық асқынады. Ең бірінші белгісі – ауырсыну. Ол асқазан тұсында, немесе бүкіл іште немесе кіндік айналасында болады. Керіп, мазасыздандырып ауырады.

3-4 сағаттан кейін ауырсыну оң жақ мықын тұсқа келіп тоқтайды. Ауырсыну өршиді, үздіксіз ауырады, жүргенде, бүйірмен жатқанда ауырады.

Ауырсыну басталған соң жүрек айну мен құсу пайда болады. Көп құсық шықпайды, әдетте жеңілдік әкелмейтін бірреттік құсулар мазалайды. Ішек жұмысы бұзылады, іш қату немесе сұйық нәжіс байқалады. Дене қызыуы көтеріліп, қалтырау бастайды.

Алғашқы көмек

Ауырсыну басталғанда спазмолитик дәрілерді қабылдауға болады.

Стероидты емес топтағы ауру басатын дәрілерді ішпеу керек.

Ауырған жерге жылытқы қою, компресс жасау дұрыс емес. Қабынуды асқындырады.

Үй жағдайында емделу, халық емімен емделмеу керек.

Жоғарыдағы симптомдар мазаған бойда жедел жәрдем шақыру керек.

Емдеу

Алдымен науқасты тиісті медициналық тексерулерден өтізеді. Хирургтың кеңесі өте маңызды.

Соқырішекке күдік пайда болса, науқасты хирургиялық бөлімге жатқызады. Егер соқырішекке толық сенімділік болмаса, қосымша лапароскопия арқылы тексеруден өткізеді.

Соқырішекке еш күмән қалмаған жағдайда, науқасқа аппендэктомия (соқырішекті алып тастайтын) отасы жасалады. Бұл соқырішектің жалғыз емі.

Отадан кейінгі күтім

Ота жасалғаннан кейін 12 сағатқа төсек режимі көрсетіледі. Бұл уақытта тамақ ішпейді.

Келесі 12 сағаттың көлемінде отыруға, бұрылуға, әр екі сағат сайын лимон қосылған су ішуге(жүрек айну болмаса) рұқсат етіледі. Екінші тәулікте дәрігердің рұқсатымен тұрып, жүруге болады.

Отадан кейінгі екінші тәулікте аз порциядан сұйық тамақтар ішіледі. Үшінші тәулікте қайнатылған тауық еті, майсыз сорпа, буға пісірілген котлеттер жеуге болады.

Жіпті отадан кейін 7-8 тәуліктен соң алады.

Отадан кейін 1,5-3 айдан соң спорттың жеңіл түрлерімен айналысуға болады. Ауыр физикалық күштерден 6 айдай шектеле тұрған дұрыс.

Аурудың салдары

Соқырішектің асқынуына жол бермеу керек. Асқынған жағдайда өлімге әкеп соғуы мүмкін. Асқыну салдарынан төмендегі ауруларға асқынады:

  • Периаппенликулярлы абцесс немесе қуық қуысындағы абцесс.
  • Перитонит
  • Аппендикулярлы инфильтрат
  • Пилефлебит. Бұл соқырішектің асқынуынан болатын ең күрделі ауру.

 

Профилактика

Соқырішектің жалғыз профилактикасы – симптомдарды (яғни, ауырсынуды) байқаған бойда жедел (6-12 сағаттың ішінде) хирургқа асығу. Бұл жоғарыда аталған іріңді аурулардың алдын алады. Өлім қауіпі азаяды.

More To Explore

Share This Class:

Яндекс.Метрика